Жеке даму биологиясы



бет14/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Бақылау сұрақтары:
1. Моно- және полициклды түрлер
2. Жыныс циклының гормондары арқылы реттелуі
3. Жануарлардың биологиясына байланысты жыныс циклының ерекшеліктері
4. Суперовуляция кезеңі
5. Жыныстық цикл қандай кезеңдерге бөлінеді?


ҰРЫҚТАНУ ПРОЦЕСІ

Соңғы уақытта эмбриологтар ұрықтану процесінен ұрық шашу процесін ажырататын болған. Ұрықтану ол екі гаметалардың қосылуы болса, ал ұрық шашу ол тек қана екі гаметаларды бір-біріне жақындататын жағдай туғызу. Су жануарларының көбісінде ұрықтану сыртқы ортада өтеді: жұмыртқалар мен спермиялар тікелей суға шашылады да ұрықтану сонда өтеді. Әрине, сперма жұмыртқаларға өте жақын және белгілі уақытта шашылуы керек. Қозғалмайтын және аз қозғалатын жануарларда екі жыныс өкілдері үлкен топтар құрайды да жыныстық заттарды суға бір уақытта шашады, жұмыртқалардыңжаппай ұрықтануы сонда өтеді.


Сыртқы ұрық шашуда жұмыртқалар мен спермиялар жақын болуы өте маңызды, өйткені су ішінде олар ұрықтану қабілетін тез жоғалтады-теңіз суында бірнеше сағаттан кейін, ал тұщы суда бірнеше минут өткен соң. Спермиялардың өзбетінше қозғалу қабілеті өте төмен, мысалы, теңіз кірпісінің спермиясы 1 минутта 10 мм жүзеді, ал шортан спермиясы одан да кем-6мм. Ішке ұрық шашатын су жануарларында, мысалы еркек акула сперманы ұрғашы акуланың жыныс жолына өзі енгізеді, гаметтердің кездесу мүмкіндігі өте жоғары, сондықтан олардың аса көп саны қажетсіз. Іштей ұрықтану құрлықтағы тіршілікке қалыптасудың бір түрі ретінде пайда болуы мүмкін, өйткені ауада ұрық сұйықтығы тез кебеді. Ішке ұрық шашуда спермиялар арнайы копулятивтік мүшелер көмегімен ұрғашының жыныс жолына тікелей жеткізіледі.
Академик М.С.Гиляров көрсеткендей, сыртқа және ішке ұрық шашу арасында кейбір топырақтық төменгі буынаяқтыларда кездесетін сыртқы-ішкі ұрық шашу әдісі бар. Сонда бунақденелілердің еркегі сыртқы ортаға қабықпен қоршалған спермия жиынтығын - сперматофор түрінде шығарады. Сперматофорды жыныстық қуысқа еркек немесе ұрғашының өзі жеткізеді. Кейбір құйрықты амфибияларда осыған ұқсас ұрықтану түрі кездеседі.
Барлық айтылып отырған жағдайларда, спермиялардың саны жұмыртқалардың санынан көп есе артық, өйткені ұрықтану жеріне жеткізілгенше олар көп шығынға ұшырайды. Мысалы, адам шәуетінде шамамен 100 млн. спермиядан, жұмыртқа жолындағы ұрықтану жеріне дейін бірнеше мыңы ғана жетеді. Олардың біреуі ғана овуляцияланған жұмыртқаны ұрықтандырады. Ұрықтану дегеніміз аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Осының нәтижесінде хромосомалардың диплоидтық жиынтығы қалпына келеді. Жұмыртқа жасушасының метаболизмі үдейді және зигота деп аталатын сапа жағынан жаңа жасуша пайда болады. Осы кезде ядроның массасы екі есеартады, ал цитоплазманың көлемі солкүйінде қалады. Зигота бөлініп, көп жасушалы ұрық пайда олады. Ұрықтану процесінде ядролар мен ооплазманың әр түрлі компоненттерінің көшетіні байқалады. Бұл процес қатаң тәртіппен, заңдылықпен өтеді және әр түрдің жұмыртқасы ооплазмасының гетерогендік қасиетін көрсетеді.
Әдетте жануарлардың жұмыртқа ооплазмасыныңгетерогендік құрылымы аналық безде өтетін даму процесінде пайда болады. Мысалы, амфибия жұмыртқалары анималдық және вегетативтік бөліктерінде дифференциалданып, морфологиясы бойынша поляризацияланған. Анималдық полюске таяу пигменттік және гликогендік түйіршіктердің, рибосомдардың концентрациясы жоғары болады, жұмыртқаның ядросы да осы жаққа ауысады. Осыған қарсы вегетативтік полюсіне қарай сарыуыз пластинкаларының концентрациясы жоғарылайды. Құйрықты амфибияларда болашақ ұрықтың краниокаудалдық (бас-құйрық) білік анималдық және вегетативтік полюстерді қосатын сызықпен тура келеді. Жұмыртқа полюстерін анықтауда ұрықтану кезекті кезең болып саналады. Сперматозоидпен түйіскеннен соң бірнеше секундтан кейін - ақ, ооплазмада биохимиялық өзгерістер: кортикалдық түйіршіктердің ыдырауы және цитоплазма компоненттерінің көшуі басталады. Соңғы құбылыс пигмент түйіршіктердің көшуімен көзге түседі. Амфибиялар жұмыртқаларында, сперматозоид енген жердің қарама – қарсы жағында экватор маңайында пигментация өзгереді: пигмент ішке қарай жылжиды, соның әсерінен осы беттің түсі ашылады да (қара пигмент болса сұрланады, қоңыр пигмент жағдайында сарғыштанады) сұр орақ пайда болады. Сұр орақтың орта жері дене арқасының ортасына сәйкестігі экспериментпен дәлелденген және ол болашақ ұрықтың дорзовентралды (арқа-құйрық) бөлігін айқындайды. Дорзовентралды біліктің бұрыннан қалыптасқан краниокаудалды білікпенқиылысуы үшінші медиолатералды біліктің орнын таза геометрия бойынша айқындайды. Сонымен болашақ ұрықтың негізгі симметрия өзектері зиготада белгіленеді.
Пісіп-жетілгеннен кейін аталық және аналық жыныс жасушаларының онан әрі бөлінетін және дамитын қабілеті болмайды. Ұрықтанбаса сперматозоидтар тез активтігінен, тіршілік қабілетінен айырылады. Ал жұмыртқа жасушасы көп ұзамай өліп қалады. Сондықтан жыныс жасушалары ұрықтану үшін тез кездесуі керек. Ұрықтану процесінде үш фазаны ажыратады. Сперматозоид енгеннен кейін ооплазманың шет жағының цитоплазмасы тығыздалып ұрықтану қабықшасы пайда болады. Үшінші фаза – аталық және аналық пронуклеустардың түзілуі және кейін олардың қосылуы. Сперматозоид жұмыртқа жасушасына енгеннен кейін жұмыртқа жасушасындағы мейоз процесі аяқталғанға дейін және оған бағыттаушы денешіктермен хромосомалардың бір жиыны шығып кеткенге дейін оның ядросы өзгермейді.
Мейоз аяқталған соң сперматозоидтің ядросы ісіне бастайды және хромосомалардың жарты жиыны бар ядроның өз пішініне ие болады. Осындай өзгерістер жұмыртқа жасушасының ядросында да жүреді және аналық пронуклеус пайда болады. Кейін екі пронуклеус жұмыртқа жасушасының центріне қарай жылжып, бір-біріне жақындап келеді. Сперматозоидтың центриольдары екі еселеніп, жұмыртқа жасушасының бөліну полюстеріне ажырайды, олардың арасында митоздық ұршық пайда болады, пронуклеустардың мембраналары жеке көпіршіктерге бөлінеді, ал аталық және аналық пронуклеустардың хромосомалары жұмыртқа жасушасының центріне жиналады.
Осыдан кейін әкесі мен анасынан келген хромосомалар экваторға жиналып, жұмыртқа жасушасының бірінші бөлінуі жүреді. Егер ұрықтану кезінде сперматозоидтың Х-хромосомасы жұмыртқа жасушасына түссе, онда болашақ организм ұрғашы жынысты, ал егер У-хромосома енсе – еркек жынысты болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет