Жеке кәсіпкер болу үшін не істеу керек?



бет3/7
Дата03.02.2017
өлшемі1,52 Mb.
#8666
1   2   3   4   5   6   7

Аударма ісі

Егер сіз кем дегенде екі тілді меңгерген болсаңыз, бұл бизнес түрі сізге әбден лайық.

Жеке аударма бюросын ашатын болсаңыз, арнайы лицензия мен түрлі рұқсат қағаздар қажет емес. Тек заңды тұлға не жеке кәсіпкер ретінде тіркелу  керек.

Ғимарат. Аталған бизнес түрін жүзеге асыру үшін арнайы кеңсе жалдаудың қажеті жоқ. Сіз бизнестің бұл түрін үйіңізде отырып-ақ жүзеге асыра аласыз.

Құрал-жабдықтар. Аударма бюросын ұйымдастыру үшін  мынадай техника мен жиһаз керек: компьютер, принтер, сканер, факс, ксерокс, жазу үстелі, орындық. Сонымен қатар, интернетке шығу мүмкіндігі болуы тиіс.

Қызметкерлер. Аталған істе қосымша қызметкерлер қажет емес. Клиенттер іздеу, тапсырыстар алу, аудару және басқа да жұмыстарды сіз өзіңіз де жасай аласыз.

Болашақта өзіңіз тек аудармамен айналысу үшін қалған жұмыстарды (тапсырыстар алу, клиенттерді іздеу) отбасы мүшелеріне бөліп бере аласыз. Атқарылған жұмыс үшін оларға тиесілі ақысын бересіз.



Технология. Аударма бюросы үшін ең маңызды мәселе – баға белгілеу. Атап өтерлігі, сирек кездесетін тілдерге аудару неміс не ағылшын тіліне қарағанда едәуір қымбатқа түседі. Мысалы, бір бетті вьетнам немесе жапон тіліне аудару бағасы 4 500-5 000 теңгені құрайды. Бірақ мұндай аудармалар аз кездеседі, сондықтан олар тек негізгі жұмысыңызға қосымша ретінде болуы керек.

Ауызша, синхронды және ілеспе аудармалар бағалы болып есептеледі. Ауызша аударма сөз тіркестерін бірден аударудан тұрады, ал екіншісінде біркелкі аударылады. Мұндай аудармалар түрлі конференцияларда жасалады. Аударманың ең жоғары деңгейі болып синхронды аударма есептеледі. Синхронды аудармада екі аудармашы қажет, сәйкесінше төленетін ақының да екі есе өсетінін ескеру керек.

Аударма ісінің жеке бір түрі – аударылған құжаттарды наториалды куәландыру, яғни апостиль. Мұндай қызмет шетелде жазылып, Әділет министрлігі мен консулдықтарда рәсімделген құжаттарды заңдастыру үшін қажет.

Клиенттерді іздеу. Даму үшін тағы бір маңызды нәрсе – клиенттерді табу. Ең жеңіл және арзан түрі – көрсетілетін қызмет туралы тегін басылымдарға хабарландырулар беру, өз бетіңізбен жарнамалар жапсырып, парақшалар тарату. Ал ірі клиенттерді жарнама берсеңіз де табу оңай емес. Ірі клиенттер танымал емес, кішігірім фирмалармен жұмыс жасағысы келмейді. Сондықтан да ең қарапайым жол адамдардың басқа адамдарға жақсы аудармашы жөнінде хабарлауы болып табылады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:
- 1 компьютер – 60 000-70 000 теңге.
- принтер, сканер, көшіру құрылғысы (үш қызметті бірден атқаратын құрал) – 45 000 теңге.
- факс – 20 000 теңге.
- интернетке қосылу (лимитсіз «Мегалайн») – 10 000 теңге.
- жазу үстелі – 15 000 теңге
Барлығы: 150 000 теңге.

Табыс (қызмет бағасы):

Жазбаша аударма (ағылшын/орыс) – А4 форматты 1 бет, 1 800 таңба–    1 000-1 500 теңге.

Ілеспе аударма (ағылшын/орыс) – сағаты 6 000-7 000 теңге, басқа тілдерге қымбатырақ (аймаққа байланысты).

Синхронды аударма (ағылшын/орыс) – сағаты 12 000-13 000 теңге (аймаққа байланысты).



Репетиторлық орталық


Қазіргі балалар болашақ мамандығы жайында ерте ойлана бастайды. Негізінде, балалардың болашақ мамандығын таңдауда үлкендер үлкен әсер етеді, алайда бұл мамандықты дұрыс таңдаудың кепілі емес.

Көп жағдайда адамдар мамандықты таңдауда қателеседі. Ол түрлі себептерге байланысты: баланың мінезі мен мүмкіндігі ескерілмейді, таңдау эмоциялық қызығушылық не сән бойынша жасалады, туысқандар отбасында қалыптасқан дәстүрді үзбеуге кеңес береді, т.б. Өкінішке қарай, қатені түсіну кеш болып жатады.

Аталған бизнес түрін қолға алу үшін лицензия мен түрлі рұқсат қағаздардың ешқандай қажеті жоқ.

Ғимарат. Сізге жалпы көлемі 50-60 м² құрайтын, мүмкіндігінше үш жеке бөлмеден тұратын кеңсені жалға алуға болады. Кеңсенің қолжетімді ауданда, орталыққа және аялдамаға жақын жерде орналасқаны дұрыс. Репетиторлықпен клиенттің өз үйінде де айналысуға болады.

Алғашқы кезеңде қажетті құрал-жабдықтар:
1 компьютер – 70 000 теңге.
1 принтер – 20 000 теңге.
Факс – 20 000 теңге.
Интернетке қосылу – 25 000 теңге.
Модем – 10 000 теңге.
25 орындық – 25 х 2 000 = 50 000 теңге.
10 үстел – 10 х 8 000 = 80 000 теңге.
2 оқу тақтасы –2 х 15 000 = 30 000 теңге.
Телевизор – 30 000 теңге.
DVD-қондырғысы – 15 000 теңге.

Технология.  Жеткіншектерге мамандық таңдау үшін үш көмектесу сатысынан тұратын тренинг орталығы құрылады.

Біріншіден, танысу бөлімі. Бүгінде мамандықтар өте көп және олардың саны күннен күнге өсіп келеді. Көп жағдайда өздерін жетістікке жеткізетін мамандықтар туралы түлектер біле бермейді, не болмаса белгілі бір мамандық жөнінде олардың түсінігі бұлыңғыр болады. Бұл кезеңде мамандықтардың атын тізіп қана шықпай, оларға деген сұраныс, жұмыс шарттары, жалақысы, осы салада танымал болған адамдардың мысалдарын түсіндіріп кету маңызды.

Екіншіден, ең негізгі кезең – психологпен кеңесу. Мамандық таңдау барысында адамның мінез-құлқы, қабілеті, басқа да қасиеттері психологтың көмегімен анықталуы керек. Бұл кезеңде аталған және басқа да бала бойындағы қасиеттерді психолог анықтап қана қоймай, балаға өзін көрсете алатын және өз жұмысынан ләззат алатын бірнеше мамандықты ұсынады.

Аталған бизнес идеяның үшінші кезеңі – клиентке екі кезең нәтижесінде таңдаған мамандығы бойынша біраз жұмыс жасауға мүмкіндік беру. Сіздің орталығыңыз клиенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі бойынша түрлі фирмалармен келісім-шартқа тұра алады. Тәжірибеден өту кезінде адам жұмыстың артықшылығы мен кемшілігін өз көзімен көре алады. Бұл баланың өз мақсатына жету үшін қай бағытта жұмыс жасау керектігін, қай ЖОО түсу қажеттігін анықтауға үлкен септігін тигізеді.



Қызметкерлер. Сіздің орталығыңызға еңбек шарты бойынша жұмысқа тұратын білікті мамандар қажет. Мамандарды таңдау көрсетілетін қызмет түрлеріне байланысты.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:
- кеңсені жалға алу – 90 000-100 000 теңге.
- құрал-жабдықтар, коммуникациялар – 350 000 теңге.
- кеңсе заттары  – 30 000 теңге.
- оқытушыларға төленетін жалақы, пайданың 35%-ы (аталған есеп-қисап бойынша) – 264 600 теңге.
Барлығы: 704 000 теңге.

Табыс. 9.00-ден 21.00-ге дейінгі жұмыс күнінің қоры 12 сағатты құрайды.  Бір сабаққа 2 сағат бөлінсе, күніне 6 сабақтан өткізуге болады. 30 күнде 6 х 30 = 180 сабақ өте алады. Айына 2 топқа 8 сабақ бөлінсе, сіз  11 пән бойынша сабақ жүргізе аласыз. (180/8 х 2). 30% жеке дара өтсе, қалғандары топтарға арналсын.

Осылайша, әр адамнан сағатына 500 теңге алсаңыз, онда 2 сағат үшін   1 000 теңге аласыз. Бір топта 5 адам болса,  1000 х 5 = 5 000 теңге, оның ішінде 35%-ын оқытушыларға бересіз, яғни 1 750 теңгесі. Жеке сабақтар сағатына 2 000 теңге болса, 2 сағатта 4 000 теңге аласыз. Жеке сабақ үшін оқытушыға 50%, яғни  2 000 теңге бересіз.

Егер орталықта айына кішігірім топтарға арналған 126 сабақ өтетін болса, онда 126 х 1 000 х 5 = 630 000 теңге табуға болады. Ал жеке сабақтардан  54 х 4 000 х 1 = 216 000 теңге табыс табуға болады.

Осылайша, жалпы табыс  756 000 теңгені құрайды.



Үй жануарлары мен құстарын асырау

1. Жалпы ақпарат. Ауылдық жердегі ең маңызды мамандық – мал бағушы. Алайда жыл сайын осы мамандықты иеленушілер сиреп барады. Сондықтан да үй жануарлары мен құстарын асырауды табысты бизнес көзіне айналдыруға болады.

2. Технология. Қазақстанда жайылымдық кезең мамыр айында басталады. Жайылымдық кезең 207 күннен бастап,  243 күнге дейін жалғасуы мүмкін. Жайылымдарды таңдау кезінде топырақтың құнарлылығы мен рельеф сапасын, сонымен қатар жақын маңда судың бар-жоқтығын ескеру керек. Топырақ тозуын болдырмай, жайылымдағы шөппен қоректену белгілі бір уақытқа созылуы керек, шөп бетінің желінуіне байланысты жайылым жерлерді ауыстырып отыру керек.

Мал бағу барысында шөптің сапасына да үлкен мән беру керек. Шөп түбірімен жұлынатын, қызыл түсті, дәмді болса, құнарлы болып есептеледі.   Жайылымда қалған жылқы тезегіне қарап шөптің сапасын анықтауға болады. Егер ол қара түсті, үлкен, тұтас, бірақ қатты емес болса, онда жайылымдағы шөптің сапасы жақсы. Орманды жерлердегі шөп нашар, ал биік жерлердегі шөп жақсы болып есептеледі.

Мал бағудың екі негізгі әдісі бар: жүйесіз (реттелмеген), жүйелі (реттелген).

Реттелмеген мал бағу. Мал үшін жайылым кеңістігі шектелмейді. Олар тек жас шөпті жейді, сондықтан шөп тез арада таусылып отырады. Жаздың екінші жартысында мал ескі шөпте бағылуы тиіс, өйткені жас шөп болмай қалады. Ескі шөптің құнарлылығы аз болады, жайылым өз сапасын жоғалтады, бір жағында гүлдеп, бір жағында шөп өсіп, ала болып жатады, сондықтан малға қосымша азық береді.

Реттелген мал бағу. Мұндай жағдайда өнім мен шөп азайып қалмау мақсатында мал бағатын учаскелер алмастырылып отырады. Шөп бір рет қана қолданыста болуы керек (яғни шөп екінші мәрте шыққанда мал жайылымда болмау керек). Көктемде жайылымнан кейін шөп ұзындығы 5-6 см болғанда, шөп тәулігіне 1-1,5 см өседі, сондықтан малды 10 күннен кейін, ал жаздың екінші жартысында 15 күннен кейін ғана жайылымға жіберу керек. Жануарларды жайылымда 6 күннен артық ұстамау керек.

Жайылымды дұрыс ұйымдастыру үшін,1 гажерге қанша малды бағуға болатынын анықтау керек. Жайылымның көлемін анықтау үшін ондағы өнім көлемін, малдың тәуліктік азығын, жайылым уақытын білу керек.

Үй құстарын, мысалы, қаздарды асыраған кезде олардың қоректенуді жақсы көретінін ескеру керек. Егер қазға жасыл азық қана жем етіп берілсе, оның2 кгжеп қаз толықтай тояды. Сонымен қатар қаз еркін жайылғанды ұнатады. Оларды жаю үшін су жайылған және кебу жайылымдарды, астық жиналғаннан кейінгі жерлерді, шөп отырғызылған учаскелерді таңдау керек. Жасыл астық тұқымдас өсімдіктер ішінен қаздар шалғындық мятлигін, өрмелеуші пырлерді, қара бидай мен сұлыны, түрлі шөптер ішінен – мыңжапырақты, бұршақ дақылдылар ішінен – жоңышқа мен люцернді жақсы көреді. Құсты жаю барысында оны сумен міндетті түрде қамтамасыз етіп отыру керек. Сондықтан қаздар үшін суға жақын жайылымдар ең жақсы жайылымдар болып табылады. Қаздар су айдындарында да жақсы қоректенуі мүмкін. Олардың дене сезгіштігі жақсы дамыған, сондықтан судағы азықты олар көру қабілетінің арқасында емес, тұмсығы арқылы сезеді.

3. Қызметкерлер. Бір ғана қажетті маман ол – бағушы.

Бағушы, біріншіден, жануарларды қорғап, оларға жағдай жасау үшін керек. Екіншіден, табын өте үлкен болған кезде оны дұрыс ұйымдастыра білу үшін қажет. Ауылшарушылық малдары мен құстарды қалалық саяжайларда, көшелер мен аула ішіндегі аймақтарда, адамдардың демалу және суға түсу орындарында жаюға тыйым салынған.



4. Болжамды есептеулер.

4.1. Шығындар:
Малшының күні бойғы су мен тамағына кететін шығын.

4.2. Табыс:
* Бір сиырдан айына 200 теңге және одан да көбірек пайда табуға болады.  Егер табында 100 бас болса, онда 100 бас x 200 теңге = айына 20 000 теңге болады.

* Бір жылқы үшін айына 500 теңге не одан да көбірек пайда табуға болады. Егер табында 50 бас болса, онда 50 бас x 500 теңге = айына 25 000 теңге болады.

* Бір қой үшін айына 100 теңге не одан да көбірек пайда табуға болады. Егер табында 100 бас болса, 100 бас x 100 теңге = айына 10 000 теңге болады.

* Бір қаз үшін айына 50 теңге, ал егер 100 қаз болса, онда 100 бас x 50 теңге = айына 5 000 теңге пайда табуға болады.



Шалғам өсіру

1. Жалпы ақпарат. Шалғам – қыстың күні ағза үшін таптырмас пайдалы заттардың қайнар көзі. Шырынды, кіртілдек шалғам көптеген өзектерден, пектинді заттардан және минералды тұздардан тұрады. Құрамында темірі жоғары, оның үстіне оңай сіңетін болғандықтан шалғам гемоглобинді арттырып, қан түзілуіне жәрдемдеседі. Онда құнды дәрумендер мол: С, В1, В2, РР. Әрине,  аталған дәрумендер апельсинде, қырыққабатта және қарақатта айтарлықтай көбірек, бірақ шалғам түйінінің құрамындағы С витамині жарты лимонды, үш қызанақты немесе оншақты қараөрікті алмастыра алады. Ал бұл осы дәруменге деген тәуліктік адам қажеттілігінің жартысы деген сөз. Шалғамның ащы дәмі мен жұпар исі көбінесе оның құрамындағы органикалық қышқылдарды және эфир майы – сульфорафенді білдіреді.

Шалғамнан жасалған тағам, әсіресе жеңіл салаттар, бірқалыпты өт айдайтын және ісікке қарсы қасиетке ие, сонымен қатар тәбетті де ашады. Шалғамның құрамындағы ферменттер ақуызды тағамдардың жақсы сіңуіне септігін тигізеді, зат алмасуды күшейтеді. Ал бұл семіздіктен, сусамыр (қант диабеті) және тұз байлану ауруларынан зардап шегетіндер үшін маңызды.  Осы ауруларға шалдыққандар үшін шалғам шырыны өте пайдалы.



2. Шалғам сорттары. Шалғамның еуропалық сорттары тез пісетін (20-25 күн)  және гүлденуге орнықты болып келеді.  Олар: Ерте қызыл, Дека, Заря, Жара, Сакса, Мұзды сүңгі, Француз таңғы асы де. Қытай шалғамының сорты біраз кешірек (40-50 күн) піседі, оларды жазғы уақытта егіп, өсірген дұрыс, тамыр жемістері тауарлық сапасын 2-3 айға дейін сақтайды, бұлар: Қызыл Алып, Дарози сурх, Эртапишар.

3. Шалғамды өсірудің әдісі мен технологиясы. Жазда шалғамды бау‑бақшаларда және бақша маңы учаскелерінде өсіреді. Өсіру технологиясы сәбіз бен қияр және т.б. ұқсас болып келеді.

Шалғамды қыстың күні үй жағдайында  өсіруге болады, әрі ол мұндай жағдайда тәттірек және ірірек болады. Қапырық та, жаңбыр да, жел де үйде өсірілетін шалғамға кедергі келтірмейтіндіктен ол әрбір үшінші аптада тұрақты түрде өнім береді. Бір апта оны сатуға кетеді және жаңа ай басталғанда жаңа партиясын өсіруге болады.

Өсірілетін жер кең, жарық, мәселен үйдегі бөлмелердің бірі, жақсы гараж немесе абаттанған жертөле болуы керек. Шалғамды қыстың күні өсіру үшін топырақ,  жәшіктер және оның тұқымы керек. Топырақтың кез келгені жарайды, тіпті бақшадан да алуға болады, ең бастысы онда арамшөп болмауы үшін оны електен өткізіп алу керек. Жәшіктерді оргалиттен жасауға, ал тұқымды дүкеннен сатып алуға болады – олар жыл бойы сатылады. Бөлмелерде  барлық қабырғаларға сөре жасап, ортасына стеллаждар қойған жөн. Содан кейін жәшіктерді електен өткен топырақпен толтырып шалғамның тұқымын отырғызу керек. Бірақ өсімдіктердің аз уақыт ішінде бір-біріне кедергі келтіруіне алып келетін тығыздап отырғызудан сақтану үшін,  тұқым егудің алдында қатарларды маркермен өлшеп белгілеу қажет, содан соң ғана белгіленген ұяшықтарға 1 тұқымнан сепкен дұрыс. Алайда, тұқымның өнгіштігін тексеруді ұмытып кетпеңіз, ол 85%-дан төмен болмауы керек. Ерте сорттылар үшін өсімдіктердің арақашықтығы 5х5 см. Жазғы сорттылар үшін қатарлап егу кезінде – 7х7 см сақтаған, маркерсіз жоғарыда көрсетілген қашықтықта жиектеу қажет.

Жаңадан бастап жүрген көпшілік бақшашылар өсімдік арасын уақытылы сиректетпеген үшін шалғамнан мол өнім ала алмайды. Өсімнің алғашқы кезеңінде көп суғарудың қажеті болмайды, бірақ тамыр жемісі қалыптаса бастаған кезден ұдайы суғарған тиімді. Су жетіспеген жағдайда тамыр жемісі ұсақ, ағаш сияқты, ұзын кедірлі түбірге айналып шығады. Суғарудан бөлек аптасына бір рет минералдармен тыңайту қажет. Ал үш апта өткен соң өнімді жинап, сатуға шығаруға болады.



4. Өткізу нарығы. Шалғамды сататын уақыт келгенде оны кез келген көкөніс дүкендеріне, базарларға  өткізуге болады. Бәлкім, сіз үнемі барлық өнімді бірден сатып алатын, Сізбен келісім жасайтын саудагерді тауып аларсыз. Ондай жағдайда, өзіңіз өсірген өнімнің барлығын бірден нақты ақшаға өткізесіз және табысды есептеп, сатып алушыны іздеп шаршамайсыз. Орнықтылық үшін газетке жарнама беріп қоюға да болады, оны мынадай мазмұнда жазса орынды сияқты: «Шалғамды көтерме бағада сатамын» ары қарай оның дәмділігі мен ағза үшін маңыздылығы туралы бір-екі ауыз сөз қосқан артық болмас. Барлық жақын маңдағы мейрамхана, дәмханаларға өзіңіздің ұсынысыңызды айтып, қоңырау шалып шығыңыз, мүмкін олар шалғамды үнемі алып тұру үшін сізбен келісімшарт жасағысы келер.

5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:
* Тұқымы – 10 қорапша (10 данадан) х 350 теңге (1 қорапшаның құны) = 3500 теңге.

* Минералды тыңайтқыштар (1 қорапша) = 250 теңге.

* Жәшіктер -10 дана х 100 теңге = 1000 теңге.

Барлығы: 4 750 теңге



5.2. Табыс:

Жазда шалғам сату 1 байламы (5 шалғам) – 150 теңге,  20 байлам үшін барлығы = 3 000 теңге.



Қыста 1 байлам үшін  – 400 теңге, 20 байлам үшін барлығы  = 8 000 теңге.

Hand-made сөмкелерін жасау

Саудада жақсы жетістікке жету үшін жаңашыл болу керек. Нарық көптеген тауарларға лық толы: ыдыс, киім, жөндеуге арналған материалдар, түрлі керекті құрал-саймандар. Дүкендерден кез келген затты тауып ала алатын сияқтысың.

Егер сіз фантазияға бай, қолынан бал тамған адам болсаңыз, онда hand-made («hand made» – қолмен жасалған) сөмкелерін жасаумен айналысып көріңіз! Батыстың бұл жаңалығы елімізге енді ғана келуде, сондықтан алғашқылардың бірі болып жақсы табыстарға қол жеткізуге әбден болады.

Хэнд-мэйд – өз хоббиіңізді табыс әкелетін бизнеске айналдырудың тамаша мүмкіндігі. Егер тіге алсаңыз, жаңа нәрселер ойлап табуға құштар болсаңыз, онда бұл сала сізге арналған.


Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет