Жеке тұлға психологиясы пәнінен 1-7 апта аралығынан Глоссарий



бет5/8
Дата15.03.2023
өлшемі31,53 Kb.
#172576
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Æåêå ò?ë?à ïñèõîëîãèÿñû ï?í³íåí 1-7 àïòà àðàëû?ûíàí Ãëîññàðèé

44.Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және 
оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін, қылмыскерлер, айыптаушылар, куәләр психологиясын зертеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда пайда болғанын, оның не себептен жасалғанын зерттеп отырады.
45.Зоологиялық психология – жануарлардың психологиялық әрекеттерін 
қарастырады. Олардың психикасның даму сатысын, инстинктін, интеллектісін зерттейді. 
46.Салыстырмалы психология – адамдар мен жануарлардың психикасының 
айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді.
47.Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін
яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға
білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді.
Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді:
48.а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін,балалардың ақылойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; 
49.ә)тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие 
мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады. 
50.Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың
арасындағы қарым-қатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. 
51.Әскери психологиясы – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі, әскери дәрежесі жоғарыларға сөзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен, әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың 
қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру және т.б. мәселелерді зерттейді. 
52.Спорт психологиясы - спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің негіздерін 
зерттеп, олардың іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін
қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың ӛзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күшқуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, ӛткізу мәселелерінің факторларын, спорттық жарыстарда жеңіске жету үшін қажетті рухани және моральдық қасиеттердің қалыптасу заңдылықтарын ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет