Жеке тұлға психологиясы пәнінен 1-7 апта аралығынан Глоссарий



бет7/8
Дата15.03.2023
өлшемі31,53 Kb.
#172576
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Æåêå ò?ë?à ïñèõîëîãèÿñû ï?í³íåí 1-7 àïòà àðàëû?ûíàí Ãëîññàðèé

63.Байқау әдісі- адамның мінез-құлқын, жүріс –тұрысын кейіннен талдап, түсіндіру үшін арнайы ұйымдастырып, мақсат -бағдарлы жоспар түрде біраз уақыт жүйелі түрде қадағалау.
64.Сұрақтама – зерттелушіге қойылатын сұрақтардан немесе зерттелуші құптап, келісетіні, я болмаса, құптамай, келіспейтіні бойынша психологиялық қорытынды жасауға арналған пікірлерден құралатын әдістеме.
65.Сауалнама арқылы психологияда зерттелуші жайлы өмірбаяндық, әлеуметтік, географиялық-демографиялық, зерттелушінің бір жайттарға, заттарға, құбылыстарға деген қатынасы бойынша мәліметтер алынады.
66.Сұхбат зерттелетін мәселеге қатысты нақты жоспар бойынша әңгімелесу барысында зерттелушіден ауызша жауап алу әдісі. Сұхбат стандартты және стандартты емес деп ажыратылады.
67.Стандартты сұхбат барысында қойылатын сұрақтардың реті, мазмұны әрқашан өзгеріссіз, қатаң сақталып, зерттелушілердің баршасына бірдей болады.
68.Стандартты емес сұхбат барысында жалпы жоспар негізінде сұрақтарды нақты жағдайға, зерттелушінің ерекшеліктеріне орай ыңғайлап, қолдануға болады.
69.Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы.
70.Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы.
71.Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады.
72.Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні.
73.Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
74.Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет