Желілік компьютерлер (желілік адаптермен қосылған)


Пайдаланудың тиімді жақтары:[өңдеу]



бет11/12
Дата21.01.2020
өлшемі1,05 Mb.
#56261
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
смарт

Пайдаланудың тиімді жақтары:[өңдеу]


  • Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;

  • Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды;

  • Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта ғаламторға қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады;

  • Тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;

  • Жеке компьютердегі программалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін немесе бағалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;

  • Кейбір жобаларды "бұлтқа шығарудың" әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы- аппараттық және программалық қамтамасыз етулерді басқаруға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;

  • Сонымен қоса сол программаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны "бұлтқа шығару" арқылы шеше алады.


41. Интернеттегі сенсорлар (датчиктер) мен контроллерлердің жұмысын түсіндіріңіз.

Сенсорлар (датчиктер)
- қоршаған орта жағдайлары туралы ақпарат алатын құрылғылар

Контроллер (HUB)
- барлық элементтері жүйесін бір-бірімен қосатын және оларды сыртқы әлеммен байланыстыратын бақылау құрылғысы

Контроллер (Controller)

  • компьютердің жеке құрылғыларының жұмысын басқаратын электрондық схема;

  • бір немесе бірнеше құрылғыны басқаруды, ал кейбір жағдайларда компьютерге қосылған интерфейстердің сәйкес болуын орындайтын дербес компьютер блогы;

  • оган қосылған құрылғылардың жұмысын басқаратын бағыныңқы жүйе, бірақ әдеттегідей одан өтетін ақпаратгар ағынып өзгертпейді;

  • компьютерге қосылған құрылғыларды басқару қызметін атқаратын бағдарламаланатын аралық құрылғы.[1]



Датчиктер және оларға қойылатын негізгі талаптар

Датчик-өлшеу параметрлерін қабылдайтын және сигналды келесі қолданушыға беру мақсатында өңдейді және сәйкесінше тіркейтін құрылғы. Датчиктердің түрлері өте көп және бірнеше белгілері бойынша классификацияланады.Жалпы датчиктер үш кластарға бөлінеді

- аналогты датчиктер, яғни аналогты сигнал тудыратын датчиктер;

- сандық датчиктер, екілік сөздер немесе импульстердің тізбегін басқарады;

- бинарлық (екіліке) датчиктер, бұлар екі деңгейдің ғана сигналын тудырады: «қосылулы/өшірілген» (0 немесе 1).

Кіріс шамасының түріне байланысты:мех.орын ауыстыру датчигі,пневматикалық д, электрлік д,шығын өлшегіштер, жылдамдық д, температура д, қысым д және т.б. Кіріс шамасына түрленетін шығыс шамасының түріне байланысты:электрлі және эл.емес д, тұрақты тоқ д, айнымалы ток амплитуда д, айнымалы ток жиілік д, кедергі д және т.б. Көбіне датчиктер электрлі болады, себебі электрлік шаманы алыс қашықтыққа жіберуге ыңғайлы және жылдамдығы жоғары болады. Сондықтан электрлік шама универсал, себебі кез келген шаманы электрлік шамаға және керісінше түрленеді. Сонымен қатар эл.шама нақты сандық кодқа түрленеді, оның дәлдігі, сезімталдығы, жылдамдығы жоғары болады. Әрекет ету принципі бойынша датчиктер:генераторлы(кіріс шаманы эл.сигналына түрлендіреді) және параметрлік(кіріс шаманы эл.параметрге R.L.C .түрлендіреді). Сонымен қоса әрекет ету принципі бойынша датчиктер реостатты, фотоэлектрлі,индуктивті, сыйымдылықты және т.б деп бөлінеді. Жалпы датчиктер 3 класска: аналогты д (кіріс шамасының өзгерісін пропорционал түрде аналогтысигналға өңдейді), цифрлы д(импульстер тізбегін немесе екілік санды құрайды), бинарлы д (екілік) ол сигналды тек екі деңгейде өңдейді қосу/өшу 0/1. Датчиктерге қойылатын негізгі талаптар:

-жұмысқа деген сенімділігі;



-шығыс шамасының кіріс шамаға бірмәнді тәуелділігі

- уақыт бойынша тұрақтылығы;

- жоғары сезімталдығы;

- көлемі мен массасының аздығы;

- бақыланатын процесске немесе параметрлерге кері әсерінің жоқтығы;

-параметрді өлшеудің қажетті диапазоны;

-инерциялылығының аздыығ;

-әртүрлі пайдалану шарттарында жұмыс істеуі және монтаждауының ыңғайлылығы.



Датчиктердің негізгі сипаттамалары

Датчиктердің динамикалық, статикалық және эксплуатациялық сипаттамалары ажыратылады. Датчиктің негізгі көрсеткіші, оның статикалық дәлдігін сипаттаитын сезімталдылығы болып табылады. Датчиктің сезімталдылығы оның статикалық сипаттамасының түріне тәуелді болады, яғни шығыс шамасының кіріс шамасына тіуелділігі аналитикалық немесе графикалық бейнеленуіне тәуелді. Датчиктің динамикалық сипаттамасы - шығыс сигналының кіріс сигналына уакыт аралығындағы тәуелділігі, әсіресе ол тұрақсыз жағдайды өлшеу кезінде болады. Датчиктің инерциялылығы - динамикалық тұрақты Т және кешігу уақытын т(тау) қарастыратын маңызды динамикалық сипаттама болып табылады. Датчиктер динатмикалық сипаттамасы бойынша жылулықтехникалық процесстерде апериодты және тербелмелі үзбеге(1-ші және одан жоғары ретті) жатады. Датчиктердің маңызды эксплуатациялық сипаттамасына оның күрлделі еместігі, сенімділігі, бағасының қолжетімді қымбат еместігі және ыңғайлы құрылымы, обьектімен немесе ортамен нақты байланысы, обьектке кері әсерінің болмауы жатады.




41. Интернеттегі сенсорлар (датчиктер) мен контроллерлердің жұмысын түсіндіріңіз.

Датчик-өлшеу параметрлерін қабылдайтын және сигналды келесі қолданушыға беру мақсатында өңдейді және сәйкесінше тіркейтін құрылғы. Датчиктердің түрлері өте көп және бірнеше белгілері бойынша классификацияланады.Жалпы датчиктер үш кластарға бөлінеді:

- аналогты датчиктер, яғни аналогты сигнал тудыратын датчиктер;

- сандық датчиктер, екілік сөздер немесе импульстердің тізбегін басқарады;

- бинарлық (екіліке) датчиктер, бұлар екі деңгейдің ғана сигналын тудырады: «қосылулы/өшірілген» (0 немесе 1).
42. Бұлттар қалай көрінеді? Олардың әрқайсысын сипаттаңыз.

Бұлт есептеулері (ағылш. cloud computing, сондай-ақ «деректерді бұлттық (шашыраңқы) өңдеу» деген термин қолданылады) – пайдаланушыға интернет-сервис түрінде компьютерлік ресурстар мен қуаттарды ұсыну.

Осылайша есептеу ресурстары пайдаланушыға «таза» күйінде беріледі, пайдаланушы қандай компьютерлер оның сұраныстарын өңдейді, оны қандай операциялық жүйе басқарады, т. б. білмеуі мүмкін.



​Бұлтқа негізделген технологиялар қосымшаларды өз құрылғыңа орнатпай-ақ, пайдаланушының деректерге қол жеткізу мүмкіндігін білдіреді, өйткені барлық қамтамасыз етілім серверлерді ұсынады. Мұндай қызметтер тегін де, ақылы де болуы мүмкін екенін естен шығармаңдар, бәрі сұраныстарға байланысты.

1.1.1-сурет. Бұлт құрылымы



“Инфрақұрылым” пирамидасының негізі – бұл физикалық құрылғылар жиынтығы (серверлер, қатты дискілер және т. б.), оның үстіне қызметтер жиынтығы болып табылатын «платформа» орнатылады, пирамиданың жоғарғы бөлігінде – пайдаланушылардың сұранысы бойынша қолжетімді бағдарламалық қамтамасыз етілім тұрады. ​Бұлт есептеулері — бұл түрлі технологиялар мен тәсілдерді біріктірген тұтас жүйе (1.1.2-сурет).

1.1.2-сурет. Бұлт технологияларының жүйесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет