Жетісу мен Шығыс Қазақстан



Дата05.03.2023
өлшемі15,96 Kb.
#171133
Байланысты:
БӨЖ 6 тарих
Педагогика.БӨж тапсрмалары, Педагогика.БӨж тапсрмалары, Онгарбек Бекарыс 707 группа, 875, Соц презентация Арай

.«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгіліҚазақ хандығының құрылуы мен күшеюінде ерекше дамыған екі өңір: Түркістан мен Жетісу аумағының саяси маңызы ерекше болды. Жетісу мен Шығыс Қазақстан; Оңтүстік Қазақстан мен Сырдарияның орта және төменгі ағысының бойындағы қалалар және Орталық Қазақстан өңірлері Қазақ этногенезінің үш үлкен торабы. ХVI ғасырдың тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарих-и Рашиди» деген еңбегінде: «870 (1465) жылдары. Дешті Қыпшақта түгелдей Әбілқайыр билік жүргізді. Жошының ұрпақтары Жәнібек пен Керей хан Әбілқайырдың жүргізіп отырған саясатына қарсы жорық жасап, одан қашып Моғолстанға кетіп қалған еді. Моғолстан ханы Есенбұға оларды құрметпен қарсы алып, Моғолстанның Батыс жағындағы Шу өзені алқабында Қозыбасы деген жерді береді. Олар бұл аймақта тыныш өмір сүрді. Әбілқайыр хан қайтыс болған соң Өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасып, араларында үлкен келіспеушілік туды. Жұрттың көпшілігі Керей мен Жәнібек ханның жанына кетіп қалды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 870 (1465-1466) жылдан басталады... » деп жазған болатын. Осы жылдары Қазақ хандығының халық саны 200 мың адамға жетіп, алғашқы қазақ ханы Керейден кейін ел билеген Жәнібек, Бұрындық хандар кезінде мемлекет шек­арасы Сыр бойына, Арал теңізіне дейін созылды. 
1.XV-XVI ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының көкейтестілігін анықтаңыз. Рулық-тайпалық құрам.Қазақ халқының рулық–тайпалық құрамына келсек, ол үш жүзден және төмендегідей тайпалардан тұрды. Ұлы жүздің тайпалық құрамы: Жалайыр, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Шапырашты, Сары үйсін, Ошақты, Ысты. Орта жүздің тайпалық құрамы: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Керей. Кіші жүздің тайпалық құрамы: Жетіру, алты ата Әлімұлы, он екі ата Байұлы. Сонымен қатар Қазақ халқының құрамына төрелер мен қожалар кіреді.Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты.Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды.Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады.Этникалық сана - бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы.Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орнына ру-тайпалық сана басым болды 
. ХV ғасырдың 60-жылдарында өзбек хандығына Әбiлқайыр билiк жүргiзген кезде билiк басындағы топтардың жағында ұлық таластарына орай өзара қырқысқан соғыс туылып, қалың малшы қауымдарды торғайдай тоздырды.1456 Жылы Керей мен Жәнiбек сұлтандар Әбiлқайыр ханның тiзе батыруына төзе алмай елiн бастап Моғолстанға, яғни кейiнгi Шыңжиянға қашып келдi. Ол кезде Шыңжияң ауданына Шыңғыс ханның екiншi ұлы – Шағатайдың ұрпағы Есенбұға үстемдiк ететiн. Ол өзбек ханымен жау едi. Ол Керей мен Жәнiбектi шығысына әкеп қоныстандырып, қарсы жақты дәрменсiз етпек болды. Сол себептi ол өзiне қарасты жердiң шығыс бөлiгiн, яғни Шу, Талас, Жетiсу өңiрiн оларға бердi. Өзбек хандығынан қол үзген осы малшы халық "қазақтар" деп аталды. 14-15 ғасырларда шаруашылықтың басым түрі мал шаруашылығы болды. Материалдық игіліктер мал басынан алынатын шикізат көзіне байланысты жасалып отырды. Отырықшы аудандарда жер өңдеуге темір соқажерді тегістейтін мала, орақ, шалғы, кетпен, ағаш күрек пайдаланылған. Ұн тартатын су және қол диірмендер, бидай және тары түйетін келі-келсаптар болған. ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды. Фольклордың ертедегі үлгілері мифологиялық сюжеттерден тұрады. Ғарыш пен Жердің Ғайыптан пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы түрлі аңыздар сақталған. 6-8 ғасырлардан бастау алған батырлық жырлар толықтырылып, 14-15 ғасырларда эпостық жырға айнала бастады. Авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері дами бастады. Ауызша поэзияның өкілдері: Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан Қайғы. Ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиет те дами бастады. Олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар: “Жошы ханның жортуы”, “Ақсақ құлан”, “Ел айырылған”, “Сағыныш”. Өзбек пен Тоғылық-Темір хандардың билігі кезінде исламның таралуына қатты көңіл бөлінген. Қазақстанда исламның суфизм тармағы таралған. Суфизмнің кейбір идеялары мен әдет-ғұрыптары шаманизмнің наным-сенімдеріне жақын болған. Ислам діні мен шаманизмнің кейбір наным-сенімдері қатар өмір сүрген
XV – XVI Қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуының ұзаққа созылған процессі негізінен аяқталды. Қазақ халқының этникалық құрамын Орта Азияның басқа да түркі тілдес 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет