Үйге тапсырма беру, тексеру, бағалау, рефлексия



Дата22.06.2023
өлшемі2,43 Mb.
#179084
Байланысты:
25 билет
БЖБ 1 9 сынып Информатика, Кәсіби стандарт МІ-1, Күйістілер М,Т.А

Билет№25
Үйге тапсырма беру, тексеру, бағалау, рефлексия



Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. 1. Сенсорлық\сезімдік рефлексия. Көңіл – күй мен эмоциялық бағалауды білдіру (ұнады\ұанмады, жайлы\жайсыз, қажет\қажет емес) сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады. Сабақтың басында және аяғында.


2. Әрекет рефлексиясы: өз әрекеттеріне баға беру (жасадым\жасамадым, үлгердім\үлгермедім),оқу материалын игеру тәсілдері мен құралдарын сараптау, ең тиімді шешімдерді іздестіру. Әрекет рефлексиясын сабақ соңында қолдану әр оқушының белсенділік деңгейін көрсетеді.
3.Зияткерлік рефлексия: танымдық ұғымдар тұрғысынан сабаққа немесе өз түсінігіне баға беру (білдім\білмедім, түсіндім\ түсінбедім, оңай болды\қиындық тұғызды)
4.Ішкі әлем рефлексиясы: рухани мәселелер ауқымында өзін бағалау (өзгердім\өзгермедім, жақсардым\ нашарладым, мен үшін құнды болды\ болмады)
Критериалды бағалау— оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін білм беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс , ұжым талқысынан өткен , нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау— оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар күнделікті сабақта орындатуға арналған. Әр тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру үшін әр оқушыға кері байланыс жасайды. Қалыптастырушы бағалауда түрлі әдістерді қолдануға болады. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағалау ағашы», «Бағдаршам», «Смайликтер». Бұл әдістерді тапсырманы орындау және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалау оқушы бойындағы үрейленуді басады, өз ісіне баға беруге жетелейді. Сабақта қалыптастыру шы бағалауды жүйелі өткізу – жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуы.
Жиынтық бағалау— оқу бағдарламасындағы бөлімдер (ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады. Бағалау барлық пән бойынша өткізіледі. Бағалау жолдары мазмұны мен түрлеріне сай әртүрлі болады. Оқу мақсатына жету дәрежелерін анықтау үшін Б.Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері реттеліп қарастырылады. Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны бағалайды. Мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторын белгілейді. Бір ерекшелігі күнделікті оқушыларға баға қойылмайды. Бағалау критерийіне сүйеніп, білім алушының оқу жетістіктерін бағалайды. Бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою кестесіне сүйенеді.

2.Деңгейлік тапсырмалар бойынша сабақ фрагментін дайындаңыз.



10- сынып. Талап Сұлтанбеков «Көшпелі алтын».
«Үңгірдегі сыр» бөлімі.
Деңгейлік тапсырмалар
ІV деңгей
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

  1. Найзағайлардың жарқылдауынан Сәмен мен Қажытай өздерінен қандай құбылыс байқады?

  2. Шайтантау Қажытай мен Сәменді қалай қарсы алды?

  3. Шайтантауға сапарының алдында қандай дайындықтар жүргізілді?

ІІІ деңгей

ІІ деңгей
Оқушылар «Үңгірдегі сыр» бөлімінің негізгі идеясын, мақсатын анықтап, сюжеттік-композициялық құрылысына талдайды.

І деңгей
Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет