Үйге тапсырмалар: 1-тапсырма



бет2/3
Дата24.05.2020
өлшемі64,77 Kb.
#70943
1   2   3
Байланысты:
мемл іс

2-тапсырма

Ілеспе аудармадағы жазу техникасы

Ілеспе аударма синхронды аударма тәрізді ауызша аудару түрі саналумен бірге тыңдау нәтижесінде жасалады. Синхронды аударма ерекшелігі белгілі уақыт аралығында шешенннің сөзін сөйлегеннен соңғы мәлеметтерді зердеде сақтап, оймен тиянақтап жеткізу уақыттың айтарлықтай кезеңімен бір-бірінен бөлінеді. Ілеспе аударма уақытқа сәйкес екі кезеңге бөлінеді: 1) сөз сөйлеп жатқан кезде аудармашы адам ақпаратты қабылдап алып, оның жазбасын жүргізуге әзірленеді. Мұндағы жоғарыда аталған барлық бөліктер қатысады. 2) бұл кезеңде аудармашы жазбаны пайдаланып сөзді тиісті адамға жеткізеді. Көбінесе сөзді толық тыңдау нәтижесінде ауызша қайта мазмұндау жасалады. Ә. Тәжібаев естелігінде москвалық атақты режисерлер Г. Рошаль белгілі әдебиетші В. Шкловский, жазушы Л.Л. Вайтоловская үйінде қонақта болғанда В.П. Строева (Рошальдың әйелі) Иса Байзақовтың суырып салмалылығын сынап, А.С. Пушкиннің Египет түндеріндегі әйгілі Клеопатра патша туралы оқиғаны жырлап беруін өтінген. Ақын домбырасымен жиырма бес шумақтай жырды табанда айтып шыққан. Оны қонақтарға М. Әуезов ауызша, сол мезетте аударып берген. Ә.Тәжібаев естелігінде былай жазады: Иса өзінің бұрыннан естіп, осыны жазсам деп ойланып, толғанып жүрген жырындай төкті. Әншейінде кібіртіктеп,ыңылдап бастайтын Мұхан да бұл жолы ағыл – тегіл орысшалады: ол жырдағы ақын суреттеген адам мүсіндерін айнытпай айтады. Сөздердің екпін-лептерін аңғартады. Әлдеқандай нәзік елестейтін бояу, дыбыстарды, ишараттарды жеткізуге тырысады. Бәріміз бір кісідей тұрып, Исаға да, оның жырын осыншалық әсем аударған Мұхтарға да қошемет көрсеттік (243 б). Міне бұл М. Әуезовтың әрі поэзиялық, әрі ауызша (ілеспе) аудармаға шеберлігінің жарқын үлгісі. Ілеспе аудармадағы жазу техникасы Ілеспе аудармада аударма мәтіні бастапқы айтылған мәтіннің бөліктеріне сәйкес туындайды. Бұл оны ауызша аударманың тағы бір түрі мәтін тұстай бір тілден екінші тілге бір мезгілде түпнұсқамен қосарласа, қатарласа туындайтын синхронды аударма түрінен ерекшелейді. Ілеспе аударманың ерекшеліктері оның жасалу шарттарынан анықталады: - ақпараттың бір реттік қана түсуінен (қайталап жасап шығу техникалық немесе этикалық себептер бойынша мүмкін емес); - ақпараттың түсу жылдамдығынан (белгіленген қалыпқа сай болуы немесе шешеннің сөйлеген сөзінің шапшандылығына қатысты); - аудармашылық шешім іздестіру кезінде сөздіктерді немесе басқа да анықтамалық материалдарын пайдалану мүмкіндігінің болмауынан; комуникацияның дыбыстық арналарын пайдаланудан. Басқаша айтқанда, ауызша аудармашы ешқандай қосалқы құралдарсыз бірақ рет тыңдап алып, дұрыс түсіну нәтижесінде ауызша түрде аударма тілін,де ақпаратты қайта жеткізеді. Психологтар зерттеуінше, ауызша аудармашы қобалжу, толқу, жағдайында жұмыс істейді. Олар қойылған талап деңгейінен шығуы тиіс, қажетті жағдайда сабыр сақтап, жүйке және ақыл-ой қуатын үнемді жұмсай білуі қажет. Ілеспе аудармашы бастапқы мәліметтердің (толығымен немесе жекелеген бөліктерімен) түсінуінен бастап, оны қайта жеткізу барысында өзінің есте сақтау қабілетіне, кейде сол сәтте жасаған жазбасына сүйенеді. Жазбаны аудару кезінде ғана емес, сөзді жалғастыру аралығындағы ұзақ бөлікте жүргізген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет