Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі



бет1/4
Дата05.02.2020
өлшемі247,54 Kb.
#57195
  1   2   3   4
Байланысты:
ОШ СОр Қазақ тілі Т1 7кл
діни мереке, діни мереке, !12 ОШ ҚБ Дүниежүзі тарихы 7-сын қаз
Жиынтық бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі

(оқыту қазақ тілінде)
7-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тіліі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

 

 



 

 

Мазмұны


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 4

Бөлім «Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика» 4

Бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика» 7

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 10

Бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология» 10

Бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология» 13

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 17

Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология» 17

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 18

Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология» 20

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 23

Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология» 23

Бөлім «Ғылыми фантастика. Пунктуация» 26



1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар




Бөлім «Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика»





Оқу мақсаты

7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау

7.4.2.1 сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Негізгі ойды мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы анықтайды

  • Интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданады


Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут



Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, сөйлеушінің дауыс ырғағы арқылы негізгі ойды анықтаңыз. Интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданыңыз.
Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика, негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.




Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Негізгі ойды мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы анықтайды


1

сөйлеушінің дауыс ырғағын ажыратады;

негізгі ойды анықтайды;




1

1


Интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданады

интонацияны қолданады;
кідірісті қолданады;
логикалық екпінді қолданады.



1

1

1



1

1

1



Барлығы

8




«Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Негізгі ойды мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы анықтайды


Сөйлеушінің дауыс ырғағын ажыратуда,

негізгі ойды анықтауда қиналады




Сөйлеушінің дауыс ырғағын ажыратуда,

негізгі ойды анықтауда қателеседі




Сөйлеушінің дауыс ырғағын ажыратады,

негізгі ойды анықтайды




Интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданады

Интонацияны, кідірісті,

логикалық екпінді қолдануда қиналады



Интонацияны, кідірісті,

логикалық екпінді қолдануда қателеседі


Интонацияны, кідірісті,

логикалық екпінді қолданады



Бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика»





Оқу мақсаты

7.2.3.1 хроника құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

7.4.1.1 жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу


Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Білу және түсіну

Қолдану
15-20 минут




Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, төменде берілген кестені үлгі ретінде пайдаланып, өзіндік талдау жасаңыз.





Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері

Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия даласында скиф-сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер  елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар  деп атады. Бірақ та осы екі атау да Еуразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз, сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер. Кезінде осы тайпалар бірлестіктері Қазақстан территориясын жайлаған, қазақ халқының арғы ата-бабалары болып табылады. Бұлардың ішінде, әсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі. Ал  аландар туралы көне қытай жылнамаларында дәйекті де айшықты жазылған. Ең бір көне деректер ежелгі парсылардың діни кітабы – Авестада көрініс береді.

Сонымен бірге дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкен көшпелі тайпа «тұрларды» да атап өтеді. Ал осы «тұрларды» ежелгі гректер массагеттер деп атағанын айтсақ, кітаптан түркі тектес халықтардың, дәлірек негіздесек, қазақ халқының арғы ата-бабаларының географиялық жайлап жатқан аймағын танып білеміз. Массагеттер мен тұрлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған Геродот та жазып кеткен.

Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі массагеттер, аландар болды. Олар әрдайым көрші патшалықтармен қарым-қатынаста болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды. Көшпенді де еркін, ержүрек халықты табанына таптау үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей, қайта өздеріне айықпас соққы беріп отырған. Скифтердің әйелдері де батыр, қайсарлықтарымен тарихта өз аттарын қалдырып отырды.

Соның бірі, әйгілі әйел патша – Томирис. Массагеттер патшасы Томирис өз кезегінде ешкім тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қатты соққы беріп, әскерін талқандап, өзін қолға түсіріп басын алады. Уақиға туралы Геродот өзінің әйгілі «Тарих» шығармасында (б.э.д. 440-430ж.ж.) мынадай дәйекті келтіреді: «Парсыларды жеңгеннен кейін массагеттер  падишасы Томирис торсыққа толтырып қан құйғызып: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» - деп, оған Кирдің басын салдырған.




Хроника құрылымы

Оқиғаның хронологиялық реттілігі мен ерекшелігі қандай?



«Адамның денсаулығы – қоғам байлығы» тақырыбында кеңес бере отырып, шағын мақала жазыңыз. Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазыңыз.


















Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Хроника құрылымы мен ресімделуі ерекшеліктерін ажыратады


1

хронологиялық реттілікті анықтайды;

ерекшелігіне тоқталады;



1

1


Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазады




2

жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазады


1

1

1



Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады.

оқырманға кеңес береді;

шағын мақала жазады;




1

1


Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады.

3 көркемдегіш құралдарды қолданады.

1

1

1



Барлығы

10

«Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық – зор байлық. Лексика» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Орта

Төмен

Хроника құрылымы мен ресімделуі ерекшеліктерін ажыратады


Хронологиялық реттілікті анықтауда,

ерекшелігіне тоқталуда қиналады



Хронологиялық реттілікті анықтауда,

ерекшелігіне тоқталуда қателеседі



Хронологиялық реттілікті анықтайды,

ерекшелігіне тоқталады



Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазады


Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазуда қиналады


Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазуда қателеседі



Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазады


Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады

Мақала жазуда оқырманға кеңес беруге қиналады


Мақала жазуда оқырманға кеңес беруде қателеседі


Оқырманға кеңес береді, шағын мақала жазады


Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады

Көркемдегіш құралдарды қолдану қиындық туғызады





Көркемдегіш құралдарды қолдануда қателеседі


Көркемдегіш құралдарды қолданады



Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет