Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия 8-сынып


А «Атомдағы электрондардың қозғалысы»



бет2/27
Дата28.12.2023
өлшемі1,37 Mb.
#199807
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
!26-ОШ БЖБ Химия 8-сын қаз
2 тоқсан ТЖБ анықтамасы, анықтама пед-1
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

8.1А «Атомдағы электрондардың қозғалысы»


бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаты

8.1.3.2 Әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну
8.1.3.3 s және р орбиталдарының пішінін білу
8.1.3.4 Алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жаза білу
8.1.3.5 Атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну
8.1.3.6 «Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әрбір қабатта электрон саны нақты максимал мәнге тең болатынын анықтайды

  • s және р орбиталдарының пішінін ажыратады

  • Қосып алатын немесе беретін электрондар саны мен атом арасындағы сәйкестікті анықтайды

  • Атомдар мен иондардың электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жазады

  • «Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастырады


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындалу уақыты
Тапсырма

20 минут

  1. Екінші энергетикалық деңгейде орналасатын электрондардың максимал саны: A) 1

    1. 2

    2. 8

    3. 18


  1. Электрондар өздерінің энергияларына сай ядроны белгілігі бір ара қашықтықта айналып жүреді, мұны электрондық бұлт немесе орбиталь деп атайды. Кеңістікте ядроны айналатын электрондардың белгілі бір пішіні болады. Орбиталдардың тұсына кеңістіктегі пішінін және белгіленуін жазыңыз.


Орбиталдардың кеңістіктегі пішіні

Белгіленуі

1. _____________тәрізді


2. _____________ тәрізді



  1. Сыртқы электрондық қабатын аяқтауға қажетті қосып алатын немесе беріп жіберетін электрондар саны мен атом арасындағы сәйкестікті табыңыз.


Атом

Электрон береді / қосып алады

А) Алюминий
В) Оттегі

1) 2 электрон беріп жібереді

2) 3 электрон беріп жібереді

3) 2 электрон қосып алады

4) 3 электрон қосып алады

А_________ В________

  1. Берілген атомдар мен иондардың электрондық конфигурациясы мен электронды – графикалық формуласын жазып кестені толтырыңыз.


Химиялық элемент атомы
/ ионы

Электрондық конфигурациясы

Электронды –

графикалық формуласы

Na+






О






AI3+






5(а) Алюминий және күкірт атомдарынан түзілетін иондардың түзілу схемасын жазыңыз.
+13Al )2e)8e)3e
+16S )2e)8e)6e
(b) 5(а) тапсырмасында түзілген иондар бойынша «Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстың формуласын жазыңыз.
_____________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әрбір қабатта электрон саны нақты максимал мәнге тең болатынын анықтайды

1

екінші энергетикалық деңгейде орналасатын максимал электрондар санын анықтайды;

1

s және р орбиталдарының пішінін ажыратады

2

s орбиталдарының кеңістіктегі пішіні мен белгіленуін жазады;

1

р орбиталдарының кеңістіктегі пішіні мен белгіленуін жазады;

1

Қосып алатын немесе беретін электрондардың саны мен атом арасындағы сәйкестікті анықтайды

3

Оатомы және электрондар арасындағы сәйкестікті анықтайды;

1

AI атомы және электрондар арасындағы сәйкестікті анықтайды;

1

Атомдар мен иондардың электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жазады

4

Na+ ионының электрондық конфигурациясын жазады;

1

Na+ ионының электронды – графикалық формуласын сызады;

1

О атомының электрондық конфигурациясын жазады;

1

О атомының электронды – графикалық формуласын сызады;

1

AI3+ ионының электрондық конфигурациясын жазады;

1

AI 3+ионының электронды – графикалық формуласын сызады;

1

«Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастырады

5

Алюминий мен күкірт атомынан түзілетін иондар схемасын жазады;

1

«Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстың формуласын құрастырады.

1

Барлығы

13

«Атомдағы электрондардың қозғалысы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні___________________________________________



Бағалау критерийі




Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Әрбір қабатта электрон саны нақты максимал мәнге тең болатынын анықтайды

Екінші энергетикалық деңгейде орналасатын электрондар санын анықтауда қиналады.

Екінші энергетикалық деңгейде орналасалатын электрондар санын анықтауда қателіктер жібереді.

Екінші энергетикалық деңгейде орналасатын электрондар санын анықтайды










s және р орбиталдарының пішінін ажыратады

s және р орбиталдарының кеңістіктегі пішіні мен белгіленуін

s / р орбиталдарының кеңістіктегі пішінін / белгіленуін ажыратуда қателіктер жібереді.

s және р орбиталдарының кеңістіктегі пішіні мен белгіленуін ажыратады

ажыратуда қиналады.







Қосып алатын немесе беретін электрондардың саны мен атом арасындағы сәйкестікті анықтайды

О, AI атомы мен электрондарының арасындағы сәйкестікті анықтауда қиналады.

О / AI атомы мен электрондарының арасындағы сәйкестікті анықтауда қателіктер жібереді.

О, AI атомы мен
электрондарының арасындағы сәйкестікті анықтайды

























Атомдар мен иондардың электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жазады

Na+ , О , AI3+ атомы және иондарының электрондық конфигурациясын, графикалық формуласын жазуда қиналады

Na+ / О/ AI3+ атомы / иондарының электрондық конфигурациясын, графикалық формуласын жазуда қателіктер жібереді


Na+ , О , AI3+ атомы және иондарының электрондық конфигурациясын, графикалық формуласын жазады











«Нөльдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастырады

Алюминий және күкірт атомдарынан иондардың схемасын жазуда және «нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстың формуласын құрастыруда

Алюминий және күкірт атомдарынан иондардың схемасын жазуда / нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстың формуласын құрастыруда қателіктер жібереді

Алюминий және күкірт атомдарынан иондардың схемасын жазады және «нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстың формуласын құрастырады

қиналады






















7

8.1B «Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері»



бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

8.2.3.1 Заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару
8.2.3.3 Реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың
формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру
8.2.3.4 Заттар массасының сақталу заңын білу
8.2.2.1 Бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Күрделі заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептейді, массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формуласын анықтайды

  • Химиялық реакция теңдеулерін құрастырады

  • Зат массасының сақталу заңының анықтамасын жазады

  • Химиялық реакцияларды реагенттердің саны және құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктейді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет