Жылдамдық және оның футболдағы орны


ОРТА МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ



бет7/43
Дата01.03.2022
өлшемі99,85 Kb.
#133851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Байланысты:
dip -oqu-zhattyqtyru-sabagynda-zhas-futbolshylardyn-zhyldamdyq-qacietin-damytu-2015-42 3

ОРТА МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Жылдамдық қасиеттерінің даму деңгейі футболшылардың арнайы дене дайындығының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Жылдамдық қасиеттерінің қалыптасуы түрлі техникалық және тактикалық әдістерді жылдам орындауға көмектеседі және футболдағы маңызды міндеттерді тиімді шешу үшін қосымша уақытпен қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, әлемнің белді футболшыларының өзі жылдамдық қабілеттерінің жоғары деңгейін игермеген. Тек қана жеке футболшылар (Д.Джаич, О.Блохин, Пеле, Г.Еврюжихин) 100 метрлік қашықтыққа 11 секундтан бұрын жүгіріп шыққан. Спортшының физикалық қасиеттерін сипаттайтын және оның жылдамдық қабілеттерін анықтайтын жалпы негізгі термин ретінде «жылдамдық» қолданылды. Жылдамдық–бұл қозғалыстың жылдамдық қасиеттерін және сонымен қатар қозғалыс әрекетінің уақытын анықтайтын адамның функционалды қасиеттерінің кешені [5,182 б.].


Соңғы он жылда «жылдамдық қабілеті» деген терминді жиі қолданатын болды. Жылдамдық қабілеттері дегеніміз белгілі шарттардың қысқа уақыты аралығында қозғалыс қимылдарын орындауды қамтамасыз ететін адамның мүмкіндіктері. Жылдамдық қабілеттерін көрсетудің қарапайым және кешенді түрін бөліп көрсетеді. Қарапайым жылдамдық түріне жылдамдық әрекеті, қозғалыс жылдамдығы, қозғалыс жиілігі (қарқыны) жатады [6,211б.].
Адамдар жүзеге асыратын барлық қозғалыс әрекеттері екі топқа бөлінеді: қарапайым және күрделі. Алдын-ала белгілі сигналдарға (көру, есту) қарапайым әрекет болып саналады. Қарапайым әрекет жылдамдығы жасырын (құпия) әрекет кезеңіне қарай анықталады. Ересектердің жасырын уақыты ережеге сай 0.3 с. аспайды.
Күрделі қозғалыс әрекеті – таңдау әрекеті, бірнеше мүмкін әрекеттерден біреуін таңдау. Дене шынықтыру мен спорттағы күрделі қозғалыс әрекетінің көбісі–бұл «таңдау» әрекеті. Біркісілік қозғалысты орындауға кеткен уақытша аралық (мысалы, допты ұру) та жылдамдық қабілеттерін сипаттайды. Жиілік немесе қарқын–бұл уақыт бірлігіне қарай қозғалыс саны. Жылдамдық қабілеттерін кешенді көрсету: тұтас қозғалыс қимылдарын жылдам орындау, ең жоғары жылдамдықты мейлінше игере алу мүмкіндігі және ұзақ уақыт оны сақтап тұра алу мүмкіндігі. Жылдамдық мүмкіншіліктерін дамыту жағдайына қолайлы жас жасөспірім ұл балаларда – 12-13 жас [6,32б.].
8-10 жастағы балаларда негізінен қарапайым қозғалыс жылдамдығы, дербес қимыл жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтан да оларға аз уақытта тез жылжып, орын ауыстыратын жергілікті қимылдары бар әр түрлі жаттығулар беріледі. Бұл қысқа немесе ұзын секіртпелермен жаттығулар (айналып тұрған секіртпе ішіне жүгіре кіру, секіру, жүгіре шығу), эстафеталар, қозғалмалы ойындар, доп лақтыру, оны қағып алу жаттығулары т.б. Жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жүктемелер ретінде жүгіру және секіру жаттығулары қолданылады. Жас футболшылардың бастапқы дайындығы кезеңінде міндетті түрде жан-жақты дене дайындығын игеруге, денсаулықты жақсартуға және түрлі қабілет-дағдыларды игеруге бағытталған құралдарды және футболдың техникасы мен тактикасы үйретуге бағытталған әдістерді қолдану керек.
Жылдамдықты дамытудағы тағы бір маңызды бөлік ол ептілік болатын. Адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу қабілеттілігін ептілік деп атаймыз.
Жас футболшылардың жылдамдығын дамытудың әдістемесі жас футболшылардың жас ерекшелігін және жаттығу жүктемелерін есепке алғанда тиімді болады. Жаттықтырушы педагогикалық жұмысын бастағанда ең алдымен балаға табиғаттан не берілгендігін және оның күнделікті сабақтан не алатындығын ой елегінен өткізіп алуы керек. Әрине, кейбір көрсеткіштер–аяқтың күші, жылдамдық, жеке ерекшеліктері көбінесе қаннан беріледі. Алайда, ойыншының арнайы дайындық кезінде меңгеретін басқа да қабілеттерін дамыту керек. Ал қабілетінің жетпеуі жаттықтыру сабағында ұдайы жұмыс істеумен толықтырылады.
Әрбір жас футболшы техниканы үйренумен алға жылжып отырады. Балаларға футболды үйретуде ақпарат көлемі соншалықты маңызды емес, ең маңыздысы жаттықтырушы мен оның жұмыс жасау әдісі. Әрбір жаттықтырушы бала жасының кейбір ерекшеліктерін естен шығармауы керек. Орта мектеп жасындағы балалардың жаттықтырушысы бала ағзасының қалыптасуын, өсу заңдылықтарын білуі керек. Себебі, ересек әрі мамандандырылған футболшылар мен жас футболшылардың дайындығы өз міндеттеріне, сондай-ақ оқу-жаттықтыру сабағын ұйымдастыруына қарай ерекшеленеді.
Балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс қабілетін дамытудың кезеңдері шамамен төмендегідей болады:
10-11 жас–ептілік, жылдамдық;
12-13 жас–ептілік, жылдамдық, күш;
14-15 жас–күш, жылдамдық күші, ептілік;
16-17 жас–жалпы төзімділік, жалпы күш дайындығы;
18-19 жас–арнайы төзімділік, арнайы күш дайындығы.
Жаттықтырушы спортшының жас ерекшелігін біліп, асығыс шешім қабылдамай, бала дамуының тез немесе кеш болатындығын ескеруі керек. Егер дене қасиеттерін жеке қарастыратын болсақ, онда олардың дамуының өзіндік кезеңі бар екендігін айта кеткен жөн. Жылдамдықтың дамуы 10 жастан бастап 11 жасқа дейін қарқынды дамиды, ал 12 жастан бастап 14 жасқа дейін жылдамдық аз қарқындылықпен дамиды.
Жылдамдық, төзімділік, күш, ептілік және икемділік футболшыға қажетті ең негізгі дене қасиеттері. Дәл осы қасиеттер футболшының жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетеді. Олардың даму деңгейіне тек қана бір матч нәтижесі ғана емес, барлық жарыс кезеңдеріндегі нәтиженің жүзеге асырылуы байланысты болып келеді. Жылдамдық дайындығының құралдарына спортшының жоғары деңгейдегі жылдамдық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін жаттығулар жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет