Жылдың басты оқИҒалары



бет7/12
Дата22.08.2017
өлшемі7,56 Mb.
#23856
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан халқы 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке ретінде атап өтеді. Осыған орай, С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Менің Президентім» атты қалалық жас ақындар байқауы өтті. Байқауға қаламыздың жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері белсене қатысып, Елбасына арнаған жыр шумақтарын тарту етті.

Елбасының өмір жолы, ерекше қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі қасиеттерін алға тарта отырып, жырына қосқан ақын жастарымыз аз болмады. Байқау талабы бойынша қатысушылар тақырыпқа сай өз өлеңін видео, слайд көрсету арқылы жатқа айтуы керек. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ж.Башар, ақын-журналист Қ.Сәденов және А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі қатысушылардың өнерін бағалап, әділ қазылық жасады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды Бекарысов Әбдімәлік (Балқаш көпсалалы колледжі), 2 орынды Жәмел Ернұр (№15 мектеп-лицей), 3 орынды Дәріғұл Жансая (Жбб №9 орта мектебі) иеленіп, дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, «Астана – Отанымыздың жүрегі, Елбасы – Тәуелсіздігіміздің тірегі» деген қағидамен кеш қорытындыланды.



Сонымен қатар, «Елдіктің асыл тірегі – Ата Заң» ақпараттық сағаты (А. Гайдар атындағы ОҚБК), «Символы открытости, мира и согласия» сұхбат(Ф№2), (Ф№4), «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» көрмеге шолу (А. Гайдар атындағы ОҚБК), «Тұлғаның ерең келбеті Н.Ә.Назарбаев» саяси портреті (Ф№1), «Белсенді азаматтық қоғам – мықты Қазақстан» ақпарат сағаты (Ф№4), «Антиядерная политика Казахстана» сұхбат (А. Гайдар атындағы ОҚБК), «Қазақтың тұңғыш математигі» танымдық сағат (А.Ермеков) (С.Сейфуллин атындағы ОКЖ), «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» көрмеге шолу (С.Сейфуллин атындағы ОКЖ), «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» көрмеге шолу (Ф№4), «Мы - будущее Казахстана» интелектуалды ойын (Ф№3), «Әлеуметтік жаңғыру жолыңдағы Қазақ елі» әдебиетті қарау (Ф№1), «Қазақстан индустрияландыру кезеңінде» ақпарат сағаты (С.Сейфуллин атындағы ОКЖ), «Қуатты Қазақстан - қуатты өңір» кітап көрмесі (Ф№1), «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» көрме - хроникасы (А. Гайдар атындағы ОҚБК), «Жалпы ұлттық идея – Мәңгілік ел» танымдық сағаты (С.Сейфуллин атындағы ОКЖ), «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» викторинасы (Ф№5), «Әлем таныған Қазақстан» виртуалды көрме (Ф№2).


Кітаптардың тұсаукесерлері

С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханасында 2016 жылдың 9 ақпан күні Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан шыққан 100 томдық «Сарыарқа кітапханасы» әдеби жинағының таныстырылымы өтті.

Осы әдеби жинаққа Сарыарқа ақын-жазушыларының шығармалары жинақталған. Алашордашылар Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермековтың туындылары, «Қаз дауысты Қазыбек би» энциклопедиясы, сондай-ақ Ы.Адамбеков, Ж.Башар, Ә.Кәріпбаев, Н.Кәрім, І.Мұқай және т.б. жерлестеріміздің еңбектері енгізілген.

Кешке келген қонақтар - «Балқаш аймақтық ақындар антологиясы» кітабының авторлары: ақын-жазушы Ә.Жұмақожаұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Ж.Башар, «Балқаш өңірі» газеті редакторының міндетін атқарушы Н.Кәрім, ақын А.Байыс, «Северное Прибалхашье» газетінің редакторы Б.Шалова осы жинаққа кірген шығармалары жайлы өз ойларын ортаға салды.


С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхананың «Кәусар» әдеби ұйымының мүшелері ақындарымызға толғандырып жүрген сауалдарын қойып, өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.


Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет