Жылдың басты оқИҒалары



бет6/12
Дата22.08.2017
өлшемі7,56 Mb.
#23856
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Біздің еліміздің Тәуелсіздігі – қазақ халқының ең қасиетті жетістігі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында №4 кітапхана-филиалы «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соғар жүрегім» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

Сайысқа мектеп оқушылары - Қадырәлі Тлеубеков, Мэлс Өсербай, Жанерке Зәрубек, Ақтлеухан Қален, Олжас Отархан, Бақытжан Кенжеғалым, Нұрсая Төкен және А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттері - Мадина Тлеуқұл, Бибігүл Орынбай, Аяулым Қанатбекова қатысты.



Қатысқан балалардың Отанына деген сүйіспеншілігі, жетістіктері үшін мақтанышы өлеңдерінің оқу мәнері әсерімен, эстетикалық талғамымен, идеялық мазмұнымен ерекшеленді. Сондықтан әділқазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылардың барлығы жеңімпаз болуға лайықты деп танылып, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Сырлас» кітапханасында «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» аясында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, ғұлама ғалым, белгілі ағартушы, қазақ елінің шекарасын бекітуге атсалысқан жерлесіміз Әлімхан Ермеков жайлы тарихи танымдық сағат өткізілді. №7, №15, №16 мектеп оқушылары, Р.Қошқарбаев атындағы кәсіптік колледж студенттері, кітапханашылар және №8 мектептің кадет тобы қатысты. Танымдық сағатта Ә.Ермековтың қазақ шекарасын ресми түрде бекіту кезінен БТК студенттері Қ.Қайсар, Н.Болатов, Ә.Жасұлан көрініс көрсетіп, іс-шара барысында қатысушылар викторина сұрақтарына аса қызығушылықпен жауап берді. Танымдық сағат жастардың көңіліне серпін мен күш қуат, ерліктің нышаны мен елдіктің бірлігін көңілдеріне түйгені берген жауаптарынан байқалды. Шара соңында жаңа кітаптарға түсірілген видео-шолу көрсетіліп, «Көк тудың желбірегені» әні орындалды.

С. Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» аясында «Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шара барысында Елбасының жаһандық бастамаларының маңызы және әлем елдерінің бізге деген көзқарастары жайында түрлі пікірлер талқыға салынды. Кеш қонақтары Балқаш қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Совет Кәукербекұлы, мәслихат депутаты С.Р. Пшенбаев Елбасы манифесі «Әлем. ХХІ ғасыр» жалпыадамзаттық келісім алаңындағы маңызды рөлін айқындап, қазақ елінің халықаралық деңгейдегі бейбіт өмір сүру саясатының маңыздылығын атап өтті. «Достық» этномәдени клубының мүшелері Н.А.Гильфер, И.В.Магель, А.Д.Ли қатысып, Елбасының көп ұлтты мемлекеттің тату-тәтті өмір сүріп, толеранттылықтың жарқын үлгісін көрсетіп отырғанын алға тартты. Елбасымыздың антиядролық құжатын әлем қалай қабылдағаны жөнінде пікірлер тоғысы ортаға салынды. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел тақырыбы аясында тарихшы Д.А.Қожақов өз ойын білдірді. Дөңгелек үстел отырысына қатысушы жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

«Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер» атты видео көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.



Салауатты өмір салтын дұрыс ұстанудың маңыздылығын балаларға ерте жастан үйреткен жөн. Адам денсаулығының оң және теріс әсер ететін факторларын ашу мақсатында А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері «Айгөлек» бала-бақша қабырғасында «Спорт - өмір көркі» атты денсаулық және сергек көңіл-күй сағатын ұйымдастырды.

Ересек топ тәрбиеленушілеріне қызықты және көңілді ойын түрінде ерте жастан денсаулықты сақтаудың маңыздылығы жайлы айтылды, балалар кішігірім викторина сұрақтарына белсенді түрде жауап берді. Кітапхана қызметкерлері әзірлеген денсаулық сағаты балалар арасындағы байқаумен аяқталды, онда олар өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын көрсетті. Іс-шара соңында балаларға дәрумендер ұсынылды.




Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында, бүкіл өмірін мәдениет саласына арнаған және мәдениет ардагері деген атақты иеленіп жүрген талантты адамдармен «Мәңгілік ел - Болашағы біртұтас Елдің рухани негізі» атты кездесу кешін С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында ұйымдастырды. Барлық қонақтарды мәдениет саласының қазіргі жас мамандары құшақ жая қарсы алды.

Кездесуге қаламыздың көркеюінде, мәдениет саласын дамытуда баға жетпес үлестер қосқан ардагерлер шақырылды. Олар П.Е.Кушниров, Б.Б.Мейрамгазинов, Л.Т.Рябчевская, Б.А.Қамбарова, Д.Н.Абдрахманова, З.М.Мажманова, К.Р.Абишева, Л.А.Кудасова, Т.М.Кобдикова, А.Б.Ибрагимова, Г.Ж.Ногаева, Н.И.Язикова, Ш.Х.Шабанбаева, Н.Г.Гуляева, Р.Д.Жортбасова, Р.Г.Искакова.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.И.Әшімжанова кештің шымылдығын аша отырып, жалпықазақстандық ұлттық идея «Мәңгілік Ел» аясында өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, қоғамдағы рухани құндылықтарды қалыптастыруда мәдениет қызметкерлері маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Мәдениет саласының ардагері Л.Т.Рябчевская барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, ұрпақтар байланысын сақтауға арналған мұндай кездесулердің міндетті түрде тұрақты өтіп тұруын тіледі.

Мәдени-сауық орталығының қызметкерлері А.Игембеков, А.Шаймерденов, Е.Жарболов дайындаған мерекелік әндер ардагерлердің көңілінен шықты.




Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет