Жылғы №1 басылым беттің беті 1 глоссарий агглютинация



бет16/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#24626
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   95
Сабақтың мақсаты:
Морфологияның зерттеу объектісі туралы түсінік беру. Морфема туралы түсінік беру. Түбір морфема және қосымша морфема, жалғау және жұрнақ туралы мектеп қабырғасында алынған білімді қайталап, жүйелеу.


Теориялық бөлім
Морфология – сөздің құрамы мен құрылысын, сөз тұлғаларын, сөз таптары мен олардың түрлену жүйесін қарастыратын тіл білімінің бір саласы, грамматиканың бір бөлімі.
Сөз сөйлемге енгенде әр түрлі құрамда қолданыла береді. Мысалы, Менің анам – дәрігер деген сөйлемдегі бірінші сөз екі мағыналы бөлшекке: ме(н) есімдігі мен –нің ілік септігінің жалғауына; екінші сөз үш мағыналы бөлшекке: ана зат есімі, тәуелдік жалғау және 0 атау септігінің жалғауына; үшінші сөз де үш мағыналы бөлшекке: дәрі зат есім, -гер зат есімнен зат есім тудырушы жұрнақ және 0 үшінші жақ жіктік жалғауға бөлшектенеді.
Сөздің құрамындағы қандай да бір дербес мағынасы бар, одан әрі мағыналы бөліктерге бөлуге келмейтін тілдік бірліктер морфема деп атайды. Морфемалардың жүйесі мен қызметтерін қарастыратын тіл білімінің саласы морфемика деп аталады. Морфология мен морфемика бір-бірімен байланысты, бірақ зерттеу объектілері, қарастыратын мәселелері әр басқа салалар.
Морфемалар өзге морфемаларды қадылдау қабілетіне қарай екіге бөлеміз: түбір және қосымша морфемалар. Түбір морфема – сөздің ең түпкі бөлігі. Түбір морфема қосымша морфемаларды қабылдауға қабілетті. Қосымша морфема – түбір морфемасыз өмір сүре алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып қолданылатын морфемалар.
Түбір морфемалар қандай мағынаға ие екендігіне қарай екіге бөлінеді: негізгі түбір морфема, көмекші түбір морфема. Негізгі түбір морфемаларға әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағынасы бар түбір морфемалар жатады. Көмекші түбір морфемаға лексикалық мағынасы жоқ, тек грамматикалық мағынасы бар түбір морфемалар жатады. Бұл қатардағы көмекші түбір морфемалар көмекші сөздер деп те аталып жүр. Тіліміздегі кейбір негізгі түбір морфемалар кейде уақытша көмекшілік қызметке ауысуы да мүмкін. Мысалы, Кітапты сөмкеге салды. Ойындағысын айта салды.
Қосымша морфеманың бәрі тек грамматикалық мағыналары бар болғандықтан, көмекші морфемалар қатарына жатады. Қосымша морфемаларды қызметтеріне қарай жалғау және жұрнақ деп бөлу қалыптасқан.
Жалғау – өзі жалғанған сөзге өзіндегі грамматикалық мағынаны үстейтін (жамайтын), яғни, сөзді түрлендіретін, сонымен қатар осы мағынасы арқылы өзі жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа сөзбен байланыстыратын қосымша.
Жұрнақ – өзі жалғанған сөзге өзіндегі грамматикалық мағынаны үстейтін, сол мағынасы арқылы кейде жаңа сөз жасайтын, кейде сөзді түрлендіретін қосымша.
Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар деп саналады: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау. Бұлардың алғашқы үшеуі – зат есімді түрлендірушілер. Өйткені олар зат есімдерге және заттанған сөздерге ғана жалғанады. Жіктік жалғау – баяндауыш қызметіндегі сөздердің (қай сөз табына жататыны маңызды емес) қосымшасы.
Көптік жалғау – өзі жалғанған сөзге заттың санының көп екендігін білдіретін мағына жамайтын қосымша.
Тәуелдік жалғау – өзі жалғанған сөзге зат үш жақтың біріне оңаша не ортақ тәуелді, қатысты екенін білдіретін мағына жамайтын қосымша.
Септік жалғаулары – бір заттың басқа бір затқа, қимылға, жай-күйге әр алуан қатыстылығын білдіретін қосымшалар жүйесі.
Атау септікзат қимылдың, жай-күйдің иесі екенін білдіретін септік. Атау септігін тұлғаланған сөз сөйлемде атау септігінің мағынасы арқылы қимылдың, жай-күйдің иесін білдіріп, бастауыш қызметін атқарады және баяндауыш қызметіндегі сөзбен байланысады.
Ілік септік – зат басқа заттың иесі екенін білдіретін септік. Ілік септігін тұлғаланған сөз сөйлемде ілік септігінің мағынасы арқылы зат басқа заттың иесі екенін білдіріп, анықтауыш қызметін атқарады және тәуелдік жалғаулы зат есіммен байланысады.
Барыс септігі – зат қимылдың, жай-күйдің адресат-объектісі, немесе – зат қимылдың, жай-күйдің адресат-мекені, – зат қимылдың, жай-күйдің мақсаты екенін білдіретін септік. Барыс септігіндегі сөз осы мағыналардың қайсысы сөзге үстелгеніне қарай кейде толықтауыш, кейде пысықтауыш қызметтерін атқарады.
Табыс септік – зат қимылдың тура объектісі екенін білдіретін септік. Табыс септігіндегі сөз тура толықтауыш қызметін атқарады.
Жатыс септік – зат қимылдың, жай-күйдің адрес-объектісі, немесе зат қимылдың, жай-күйдің адрес-мекені екенін білдіретін септік. Жатыс септігі де осы мағыналардаң қайсысы сөзге үстелгеніне қарай не толықтауыш, не пысықтауыш қызметін атқарады.
Шығыс септік – зат қимылдың, жай-күйдің адресант-объектісі екенін, немесе зат қимылдың, жай-күйдің адресант-мекені екенін білдіретін септік. Соған орай жатыс септігіндегі сөз де кейде толықтауыш, кейде пысықтауыш қызметінде тұрады.
Көмектес септік – зат қимылдың, жай-күйдің құрал-объектісі екенін, немесе – зат қимылдың, жай-күйдің жасалу тәсілі екенін, кейде – зат қимылдың, жай-күйдің қосалқы субъектісі екенін білдіретін септік. Соған орай көмектес септігіндегі сөз де кейде толықтауыш, кейде пысықтауыш болады.
Септік жалғауларының мағыналары заттық мағыналар және көлемдік мағыналар болып жіктеледі. Сонымен қатар септік жалғауларының мағыналарын сөйлем мүшелеріне телуге болады. Кестеге қара:




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет