Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1 Күні: Тәрбиеші: Білім беру саласы



бет8/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#4507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




Күтілетін нәтиже:

Біледі: сандық және реттік санауды, реттік сандарды

Игереді: «қанша?», «нешінші?» сұрақтарға дұрыс жауап беруді, заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табуды.

Меңгереді: дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, сопақша, үшбұрышты тануды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №24

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу.Сол жақта,оң жақта.Жыл мезгілі - көктем

Мақсаты: цифрды заттың анымен сәйкестендіруді үйрету, заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру, жыл мезгілдері (көктем, жаз, күз, қыс) айыра білу және атап көрсету қабілетін нығайту

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, демонстрациялық, практикалық

Қажетті көрнекті құралдар: цифрлар карточкасы, көктем көрінісінің суреті

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Көктемгі баққа саяхат

Қостілділік компонент/билингвальный/: көктем-весна

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


«Цифрды тап» ойыны

Педагог балаларға цифрды көрсетеді және оның қандай цифр екнін сұрайды.

Балалар жауап береді


Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма.

Сұрақ қояды:

-қоянның неше сәбізі бар?

-Тиіннің неше саңырауқұлағы бар?

-Себетте қандай сан жазылған?

Педагог себетті 4 заты бар аңмен сызық арқылы қосуды сұрайды (тиінмен)

Нақтылайды:

-неліктен тиінмен қостыңдар?

2- тапсырма

Педагог сол жақтағы цифр қандай санды көрсетіп тұрса, жолақтың ішіне сонша зат салуды тапсырады

Педагог орындалған тапсырманы тексереді және мынандай сұрақ қояды:

-5,4,3 цифрларының қасына неше заттың суретін салдыңдар?

Себебін түсіндіріп беріңдер.
3- тапсырма

Педагогтың оң қолында қоян, сол қолында тиін (ойыншық) тұр. Балалардан тиін мен қоянды қай қолына ұстап тұрғанын сұрайды. Содан соң теріс қарап балаларға арқасын беріп тұрады және ойыншықтардың қай қолда тұрғанын табуды сұрайды.

Осыдан қорытынды жасайды:

-Егер адам сендерге қарап тұрса

оның (оңы) сендердің (сол жағын) болып табылады.

Педагог балаларға тапсырманы дәптерге орындау керектігін айтады. Содан соң сұрайды:

-Бала бетімен қарап тұр ма, әлде арқасын беріп тұр ма?

-Оның «оң жағы» қайсысы, «сол жағы» қайсысы?

-жалауша оның қай қолында?

-шар баланың қай қолында?

Педагог баланың оң қолындағы затты қызыл қарындашпен бояуды тапсырады

4-тапсырма

Педагог өлеңде суреттелген жыл мезгіліне байланысты суретті тауып бояп, ал артық суретті сызып тастауға тапсырма береді.

Балалардан сұрайды:

-Алма салынған себетті неліктен сызып тастадыңдар?

-Қандай суреттерді боядыңдар және неге?
-Көктемнің тағы қандай белгілерін білесіңдер?




Үш сәбізі бар

Төрт саңырауқұлақ
Төрт саны жазылған
Тиінмен қосады

Өйткені оның 4 саңырауқұлағы бар
Балалар сурет салады

5,4,3. Өйткені сол жақтағы цифр осындай затты білдіреді


Балалар педагогтың қимылын қадағалап отырады.


Арқасын беріп тұр
Дәл біздікі сияқты
Оң

Сол
Қызыл түсті жалаушаны бояйды

Өз бетінше сурет салады


Балалар суреттерді бояйды

Алманы көктемде емес күзде жинайды

Көктемде мұз ериді

Көктемде құстар ұя салады

Көктемде көбелектер пайда болады
Балалар жауап береді


Іс-әрекетті

бақылау кезеңі


Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Балалардан сұрайды:

-Кім өз тамағын себетке салды?

-Мен сендерге қарап тұрмын. Менің «солым» қайсы, «оңым» қайсы?

Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-5 ке дейінгі цифрларды жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін (көктем, жаз, күз, қыс)

Игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді

Меңгереді: өзіне қатыс ы бойынша заттардың жағдайын сөздермен бере білу түсініктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №25

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: реттік сандар туралы өткенді пысықтау, үлгі бойынша санау, заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Солға, оңға. Оқиғаның ізбе –ізділігін анықтау

Мақсаты: реттік санау қабілетін нығайту (5 саны) көлемінде, сандық және реттік санауды ажырата білуді үйрету; «канша?» «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету, заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету «солға», «оңға» ұғымдарын ажырата білуді үйрету, оқиғаның ретін анықтауға үйрету

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, демонстрациялық материал, түсіндіру

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: дидактикалық тапсырмалар орындау

Қостілділік компонент/билингвальный/: ойыншықтар-игрушки, бірінші-первый, екінші-второй

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


1-тапсырма

Педагог балалардан ойыншықтардың қандай ретпен орналастырғанын айтып беруін сұрайды

Педагог сандық және реттік санаудың бір-бірінен айырмашылығы барын балалардың есіне салады. Оған көз жеткізу үшін тапсырманы дәптерге орындауды тапсырады.

-Үшінші орында қандай ойыншық тұр?

-Қоян нешінші?

-Аю нешіенші?

-Қайсысы ойыншық бесінші орында?

-АЛ маймыл нешінші орында орналасқан?

Өткенді бекіту үшін педагог екінші және төртінші ойыншықты бояуға тапсырма береді.


Балалар ойыншықтарды атап көрсетеді

Түлкі үшінші тұр
Төртінші

Аю екінші

Бақа
Бірінші
Балалар жұмыс дәптерлеріндегі аю мен қоянды бояйды

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма.

Педагог екі баланы тақтаға шығарып, біріне машиналарды екіншісіне пирамидаларды санауды тапсырады. Заттарды санап болған соң бала сол заттың санына сәйкес келетін цифрды алуы тиіс. Содан соң балалар өз цифрларын топқа көрсетеді ал топтағы балалар кімнің нені санағанын табуы тиіс

Бұл жаттығуды бірнеше рет өткізіп оған сыныптағы балаларды түгел қатыстыруға болады

Пысықтау үшін балаларға

дәптерден осыған ұқсас тапсырма беріледі.

-Марат нені санады,Айгүл нені санады?

Нақтылайды:

-Сендерге балалардың қолындағы цифрлар көмектесе алады.

Педагог балалар мен заттарды сызық арқылы қосуды өтінеді.

3-сурет.

Алманың 1 рет,2 рет тістелген,т.б суретін көрсету.

-Алма бастапқыда қандай болып еді,кейін қандай болды?

Педагог балаларғаалмада болған өзгерістерді (оның бастапқыда қандайеді,кейін қандай болғанын) бағыт сызықтары арқылы көрсетуді тапсырады.

4-тапсырма

Педагог оңға қарай жүзіп бара жатқан балықтарды қызыл қарындашпен,солға қарай бара жатқандарын сарымен бояуды сұрайды.

Содан соң сұрақ қояды:

-Неше балық оңға жүзіп бара жатыр?

-Неше балық солғажүзіп бара жатыр?

Егер балалар тапсырманы тез орындаса,оң жақтағы мысықтың үстіне сұр,ал сол жақтағы мысықтың үстіне сары дақтар салуды ұсыныңыз.


Екі бала заттарды санайды және тиісті цифрды алып, топтағы балаларға көрсетеді.

Айгүл камзолдарды, Марат тақияларды санады. Балалар дәптермен жұмыс істейді.
Сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы дәптерге орындайды.


Екі.

Екі.


Рефлексивті-түзетушілік кезеңі.

Өзін-өзі бақылау және өзі

атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог балалардан сұрайды:

-Бірінші тапсырмада неше ойыншықты боядыңдар?

-Кім камзолдарды санады?

-Оңға жүзіп бара жатқан балықтардың түсі қандай?

Педагог балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.

Сұрақтарға жауап береді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-5 ке дейінгі цифрларды; «солға,оңға» бағыттыаын;

Игереді: сандық және реттік санауды бір-бірінен ажыратуды, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруді,оқиғаның ретін анықтауды;

Меңгереді: реттік санау дағдысын(5 саны көлемінде); реттік сандар туралы білімді;
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №26

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: « Санның заттардың кеңістікте орналасуына тәуелсіздігі.көзбен шамалау қабілетін дамыту.Балалардың зейінін дамыту».

Мақсаты:цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету;заттар тобының тендігін кеңістікте орналасуына қатыссыз қоюды үйрену;математикалық жұмбақтарды шешу жолдарын үйрету;көлемі әртүрлі заттарды салыстыруды үйрету;әр түрлі заттардың ұқсас белгілерін табу және оларды сол белгілері арқылы біріктіруге үйрету заңдылықтарды анықтауға берілген логялық материал, түсіндірикалық есептерді шешуді үйрету .

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, практикалық.

Қажетті көрнекі құралдар:цифрлар карточкасы,заттық суреттер.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: жұмбақ-есептер құрауға үйрету

Қостілділік компонент/билингвальный/: ұқсас-пахож, салыстыру-сравнений

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


Педагог балаларға сандарды рет-ретімен қатарға қойып,зат саны жағынан әр цифрға сәйкес келетін суретті табуды тапсырады.

Балалар сандарды рет-ретімен қойып шығады.Сәйкес келетінсуретті табады.

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

Педагог дәптерге орындау үшін тапсырма береді.

-Шаршының ішіндегі қойларды санап шық.

-Үшбұрыштағы қойларды сана.

-Шаршы мен үшбұрышқа салынған қойлардың саны туралы не айтар едіңдер?
2-тапсырма

Балаларға үйрек пен балапанларды санау тапсырылады.

Суреттегі үйректердің санына сәйкес келетін цифрды нүкте бойынша бастыру ұсынылады.

3-тапсырма

Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді.

-Түйелердің көлемі қандай?

-Шелектердің көлемі қандай?

-Түйелер мен шелектерді көлемі жағынан сәйкес келетіндей етіп қосыңдар.

4-тапсырма

Педагог балаларға тапсырма береді:

2-ші және 3-ші қатардағы бос

тор көздерге жетпей тұрған фигураларды салып шығуы керек.

Сұрақ қояды:

-Неге бұл фигураны салдыңдар?


5қой бар.
5қой бар.

Олар әр түрлі орналасқан.

Бірақ олардың саны тең.

Үйректерді санап,анықтағаннан кейін 5 цифрн бастырып сызады.

Үлкен,кіші,кішкентай,одан да кішкентай,ең кіші.

Балалар көлемі жағынан бір-біріне сәйкес келетін түйелер мен шелектерді бір-біріне қосады.

Балалар 2-ші қатарға тіктөртбұрыштың,3-ші қатарға дөңгелектің суретін салады.

2-ші қатарға тіктөртбұрыш салдық,себебі онда шеңбер мен шаршы бар.


Рефлексивті-түзетушілік кезеңі

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог балаларға өз жұмыстарын дайын үлгімен салыстырып, оған баға беруді ұсынады.

Сұрақ қояды:

-Заттың саны оның көлемі мен орналасуына бағына ма?

-5 саны қалай пайда болды?

Педагог балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Жоқ, бағынбайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-5-ке дейінгі сандарды;геометриялық заттарды салыстыруды;

Игереді: заттар тобын орналасу реті мен көлеміне қарамай теңестіруді;көлемі жағынан әр түрлі заттарды салыстыруды;түрлі заттардың ұқсас белгілерін тауып,оларды сол белгілеріне қарай біріктіруді;

Меңгереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіру туралы;көлемі әр түрлі заттарды салыстыру туралы түсінікті.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №27

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Реттік санау туралы өткенді пысықтау.Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті анықтау. «Жоғары», «төмен», «арасында» ұғымдары».

Мақсаты:сандық және реттік санауды бір-бірінен ажырата білуге, «қанша»? «нешінші»? сұрақтарына дұрыс жауап беругеүйрету;заттың орналасқан ретін сөзбен баяндау (жоғары,төмен,арасында);балаларды ұзындығы бойынша 5 заттың арасындағы сәйкестікті қоюды үйрету;ұзындығының артуына және кемуіне байланысты заттарды қатарға коя білу;цифрді заттың санымен сәйкестендіруді үйрету.

Үлестірмелі материал:әр балаға ұзындығы әр түрлі жолақтар беру

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: санға заттарды сәйкестендіру тапсырмаларын орындату

Қостілділік компонент/билингвальный/: арасында-внутри

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Өлшеуші» жаттығуы.

Педагог балаларға тапсырма береді:

-Балалар жолақтарды ең қысқысынан бастап ең ұзынына дейін (және керісінше)орналастырып шығыңдар.Педагог заттарды ұзындығына қарай орналастыру керектігінбалалардың есіне салады.Ол үшін әр кез қалған заттардың ішінен ең ұзынын(қысқасын) таңдап алу қажет деген ережені ұмытпаған жөн.Педагог тапсырманың орындалу барысын қадағалайды.

Сұрақ қояды:

-Ең қысқа жолақты көрсет

-Ең ұзын жолағың қайсы?

-Сенің жолағың қысқарып жатыр ма, әлде ұзарып жатырма?



Балалар ұзындығы әртүрлі жолақтарды өз бетінше орналастырып шығады.

Балалар педагогтың сұрақтарына жауап береді.



Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі





«Айболитке кім келді?» ойыны.

1-тапсырма.

Балалрға сұрақ қояды:

-Кәне, балалар Айболитке кімдер келді,атап беріңдерші.

-Олар нешеу?

-Сиыр дәрігерге нешінші болып көрінді?

-Қасқыр ше?

-Қоңыз нешінші келді?

-Құрт ше?

-Ал аю нешінші?

Педагог балаларға Айболитке 1-ші және 5-ші болып келгендерді бояуға тапсырма береді.

2-тапсырма.

Педагог балаларға әр цифрдіы ондағы заттар санына сәйкес келетін цифрмен қосуға тапсырма береді.

Сұрақ қояды:

-Тиіндерді қандай цифрға қостыңдар?

-Кірпілерді ше?

-1 цифрн қай суретке қостыңдар?

3 цифрын неге қостыңдар?

3-тапсырма.

Педагог дәптердегі суретті мұқият қарап шығуды өтінеді.содан соң сұрақ қояды:

-Бәрінен жоғары не отыр?Оның себетін қызыл түспен бояңдар.

-Тиін мен қоянның арасында отырған не?

Оның себетін сарымен бояңдар.

-Мысық пен бақаның арасында қандай аң бар?оның себетін көкке бояңдар.

-Қалған аңдар қайда?


Сиыр, қасқыр, қоңыз, құрт, аю.

Бесеу.

Бірінші.

Екінші.

Үшінші.

Төртінші.

Бесінші.
Балалар сиыр мен қоңыздың суретін бояйды.
2цифрына

4цифры бар суретке.

Қояны бар суретке.

Бақаларға.
Қоян.Себетін бояйды.

Бақа. Оның себетін бояйды.

Кірпі.Оның себетін бояйды.

Аю.

Мысық қоян мен аюдың ортасында. Тиін кірпі мен бақаның ортасында.

Рефлексивті-түзетушілік


Педагог балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.


Каталог: uploads -> doc -> 0563
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0563 -> «Физика пәнінен есептер шығару әдістемесі» 10-11 сыныптары үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет