Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1 Күні: Тәрбиеші: Білім беру саласы



бет5/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#4507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Меңгереді: заттың орналасқан орнын анықтауды (солға, оңға); үшбұрыш, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигуралард тани білуді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №15

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: 1,2,3,4 цифрлары туралы өткенді қайталау. Үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру. Алыс, жақын.

Мақсаты: үлгі бойынша және аталған сан бойынша санауды үйрету. Сандар арасындағы байланысты түсінуге үйрету (3-4); сандары бар жұмбақты шешуді үйрету; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білу; кеңістікте бағдарлау түсініктерін қалыптастыру (алыс, жақын); геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,ойын,практикалық.

Үлестірмелі материалдар: балалардың әрқайсысында 12-18 см ұзындығы дейін жететін 3 жолақ.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: логикалық есептер шығару

Қостілділік компонент/билингвальный/: алыс-далеко, жақын-близко

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

-Балалар , жұмбақтарды мұқият тыңдаңдар. Оны шешуге жұмбақтың ішіндегі сандар көмектеседі.

Екі қырғауыл,

Екі тыңшы

Бір жыршы.
Төрт қырлы, өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ.
Екі атым бар тынбайтын

Өзімді ғана тыңдайтын


Балалар жұмбақтардың шешуін табады.

Екі көз, екі құлақ, бір тіл
Бор

аяқ


Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма.

Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

-Суретте неше шырша берілген?

-Сонша дөңгелекті төменгі қоршауға жапсырыңдар.

-Тағы бір дөңгелек қосыңдар. Нешеуі артық?

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Педагог балалармен бірге жолақшаларды бір-біріне қойып салыстырады.педагог балаларға неше жолақша барын анықтауға көмектеседі және олардың көлемі туралы айтып береді.Балалардан сол қолға ең қысқа жолақшаны ,

Ал оң қолға ең ұзынын алуын сурайды .Содан соң тапсырма береді:

-Енді бір – біріне қойып, ең ұзыны қайсысы, ең қысқасы қайсысы екенін анықтаңдар.

Сергіту минуты өткізіледі.

Біздер санай білеміз,

Білмегенге күлеміз.

Біреу,екеу,үш,төрт деп ,

Бес,алты ... деп жүреміз.

2- тапсырма.

Педагог әр карточкадағы шыршаның ойыншықтарын санап , солардың санына сәйкес келетін цифрды бояуға тапсырма береді.

Содан соң мынадай сұрақ қояды:

  • Әр карточкада қандай цифр боялды және неге ол цифрды боядыңдар ?

3-тапсырма.

Педагог балалармен бірге суретті қарап шығады және тапсырма береді:

  • Балалар, Аяз ата өте асығыс. Ол ормандағы аңдарға тез жетуі тиіс . Ол жол айрығында тұр, бірақ қай жолмен жүрерін білмейді.

Әрине , тезірек жету үшін ол ең қысқа жолмен жүруі керек.

4-тапсырма.

Педагог балалардан жоғары қатардағы фигураларды атап беруін сурайды.

  • Жоғары бұрыштағы фигураларды рет ретімен атап беріңдер.

  • Екінші және үшінші қатарларға жетпей тұрған фигуралардың суретін жапсырыңдар.

Қандай фигураларды жапсырдыңдар?


Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді:

Бір дөңгелек артық . өйткені, төрт санынын үштен бірі артық.

Балалар бірінің үстіне бірін қою арқылы жолақшылардың көлемін анықтайды

( қайсысы ұзын, қайсысы қысқа және ең қысқасы қайсысы екенін табады).

Балалар саусақтары мен санды көрсетіп , жаттығу жасайды.
Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді.

2 шардың суреті бар карточкада 2 цифрын боядық және т.б.
Балалар жолды бағыт сызығымен көрсетеді.
Балалар фигуралардың атауын атап береді.
Жоғарғы қатарда шеңбер , шаршы, үшбұрыш бар.
Екінші қатарға шаршы , үшінші қатарға шеңбер саламыз.


Рефлексивті –түзетушілік кезеңі

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог балаларды белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1,2,3,4 цифрларын , «алыс -жақын» ұғымдарын ;

Игереді: үлгі бойынша санауды , аралас сандарды салыстыруды ;

Меңгереді: «ұзындау ,қысқалау» ұғымдарын ; шеңбер , щаршы,үшбұрыш санды геометриялық фигуралар туралы түсінікті.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №16
Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: цифрды заттың санымен сәйкестендіру. Жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта. Шаршы , тіктөртбұрыш. Жыл мезгілдері ( қыс, көктем, жаз , күз).

Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; кеңестіктік қарым қатынастар туралы түсініктерін қалыптастыру(сол жақ, оң жақ, үстінде, алдында, ортасында); геометриялық фигуралар туралы білімін бекіту ; жыл мезгілдері( қыс, көктем, жаз , күз) туралы өткенді пысықтау.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, практикалық , сұрақ – жауап, көрнекілік.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Жыл мезгілдері жайлы слайд

Қостілділік компонент/билингвальный/: мезгіл-времена

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


«Цифрды тап » дидактикалық жаттығуы.

Педагог үстелге 1-ден 10-ға дейінгі сандарды орнаалстырады. Содан соң балаларды кезек-кезек тақтаға шақырады және бір цифрды қолына алып, ол туралы тақпақ айтып беруін өтінеді.


Балалар цифрды табады және тақпақ айтады.

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

Педагог өлең оқиды:

Аппақ, аппақ, жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

-Балалар, өлеңде нетуралы айтылған?

-Дәптерде оң жақтағы цифр нешені көрсетсе, әр қоршауға қанша қар қиыршығының суретін салыңдар.

Фланелеграфта жұмыс.

Педагог заттарды фланелеграфтың әр бұрышына ораналастырыды, содан соң баламен жұмыс істейді.

-Балалар, үшбұрышты жоғарғаы оң жақ бұрышқа,шеңберді ортаға,ал шаршыны төмеңгі сол жақ бұрышқа... орналастырыңдар. .

«Түрлі жіпті...» Сертігу минуты.

Түрлі жіпті көп тауып,

Кесте тікті ақ тауық.

Қауындықта ақ қораз,

Дайындады қақ біраз.

2-тапсырма.

Педагог балаларға мынадай сұрақтар қояды:

-Суретте Аязата қай жерде тұр?

-Ақшақар ше?

-Шырша қай жерде орналасқан?

-Қоян қайда?

шыршаның төмен жағындағы ойыншықтарды сары, ортасындағыларын қызыл, жоғарындағыны көк карандашпен бояуды тапсырды.

3-тапсырма.

Педагог балалардан сұрайды:

«Топтағы заттардың қайсысының төрт бұрышы бар?»

Содаң соң ол балалардан тіктөртбұрышты заттарды бояуды сұрайды.

Педагог балаларға мынадай сұрақ қояды:

-Сендер қандай фигураларды боядыңдар?

-Шаршы нешеу және олардың көлемі қандай?

-Неше тіктөртбұрыш бар және олардың көлемі қандй?

4-сурет.

Педагог балаларға сұрақтар қояды және тапсырма береді:

-Балалар, сол жақтағы суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?

-Оң жақта қыстың белгілері бар суретті табыңдар.Ол қандай суреттер екен?

-Артық суреттерді сызып тастаңдар.

-Барлығы неше жыл мезгілі бар?

- Оларды рет-ретімен атап беріңдер.


Балалар мұқият тыңдайды және сұраққа жауап береді:

Қар туралы.

Балалар қар қиыршығының суретін санай отырып салады.


Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар мәтін бойынша жаттығу жасайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді:

Оң жақта

Сол жақта

Ортада
Шыршаның алдында

Балалар шырша ойыншықтарын бояйды.

Балалар төрт бұрышы бар заттарды атайды.


Балалар үш тіктөртбұрышты бояйды.

Шаршылар мен тіктөртбұрыштарды. Шаршы екеу бірі үлкен, екіншісі кішкентай. Олар да көлемі жағынан әртүрлі.

Қыс мезгілі

Аязата, жаңажылдық шырша.
Төрт мезгіл бар

Қыс, көктем, жаз, күз.

Рефлексиялық-түзетушілік кезеңі

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Балалар, сендер екінші жолаққа неше қардың суретін жапсырдыңдар?

-Үшініші жолаққа ше?

Педагог балаларды белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.

-Үшеу

-Төртеу.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-4 цифрларын

Игереді: цифрларды заттың санымен сәйкестедіруді;

Меңгереді: кеңестіктік қарым-қатынастар туралы түсінікті (сол жақта, ортада, оң жақта, жоғарыда, алдында)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №17
Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: 5 цифрымен танысу. Сол жақта, ортасында, оң жақта.

Мақсаты: 5 саны және цифрымен танысу; нүктелерді қосу арқылы 5 цифрын салып үйрену.заттың орналасқан орнынсөзбен айтып үйрену (сол жақта, ортасында,алдында,артында); жыл мезгілдері туралы өткенді қайталау (қыс).

Әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын.

Үлестірмелі материалдар: әр баланың қолында тіктөртбұрыш, шаршы мен үшбұрыштың суреті салынған карточка , олардың түсі мен көлемі бірдей болуы мүмкін.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: кеңістікте бағдарлау

Қостілділік компонент/билингвальный/: қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


1-тапсырма. Суретпен жұмыс

Ағашта бес қарға отыр, оған тағы нешеуі ұшып келіп қосылды?



Бесеу

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


Педагог тапсырма бойынша сұрақтар қояды:

-Шатырда неше қарға отыр?

-Олар қалайша бесеу болып кетті?
-Қайсысы артық:4 пе,5 пе?

-Суретте неше құс болса, жолаққа сонша дөңгеелктің суретін сал.

«Алғыр Джек» сергіту минуты.

Ағылшынның «Джек, алғыр бол» деген өлеңі 5-ке дейін санауға көмектеседі. Джектің ролін балалар кезек-кезек орындайды.

Джектің алғыр екенін

Білесің бе, досым сен?

Секіреді ол қазір,

Алға қарай бес рет,

Ал біз қарап тұрмайық

Санайық сонша рет.
2-тапсырма.

Педагог балаларға өлең оқып береді:

Жақсы оқыған балаға,

Қойылатын бұл баға,

Барлық бала ізденіп, алады бестік баға тек.

Педагог балаларға 5 цифрының сандық қатардағы орнын анықтап, 5 саны қаншаны білдірсе сонша моншақ бояуды тапсырады.

Содан соң өзге цифрлардың арасынан бестіктерді тауып, оларды қоршап сызуды сұрайды.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Педагог алдымен балаларға карточкадағы фигураларды саусақпен сызып шығуды ұсынады. Содан кейін дәл сол фигуралар салынған кестені көрсетеді. Бірақ олардың түсі мен көлемі балалардың қолындағыға қарағанда өзгеше. «Менде үлкен сары үшбұрыш жоқ, сендерде ше?» және т.б. сұрақтар қояды. 2-3 баладан шақырып, өздерінің қолындағы белгілі бір фигураның түсі мен көлемін (үлкен, кіші) атап беруді өтінеді.

3-тапсырма.

Педагог балалардан сұрайды:

-Текшелер қайда жатыр?

-Кереует қайда тұр?

-Доп қай жерде жатыр?
Педагог балаларға мынандай тапсырма береді:

-Оң жақтағы заттарды сары қарындашпен, ортадағыны қоңырмен,сол жақтағыларды көгілдір түспен, ал кереуеттің астында жатқан затты қызылмен бояңдар.

Педагог қыс туралы өлең оқиды:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(Абай)

-Бұл өлеңде ақ киімді, денелі, ақ сақалды адамға нені теңеп отыр?

-Балалар, суретті мұқият қарап шығыңдар және тек қысқа ғана қажет заттарды қоршаңдар.

-Қандай заттар қоршалмай қалды?


Алғашында төрт қарға болатын, сосын оған тағы біреуі келіп қосылды. Сонымен бесеу болды.

Бестің төрттен біреуі артық.

Олар шеңбер құрып тұрады, ортасында жетекші (Джек) тұрады. Ол өлеңнің мәтіні бойынша қимылдайды.


Балалар бес цифры туралы өлеңді жаттайды.

Балалар бес моншақты бояйды.
Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар тапсырманы орындайды:

Менде кішкентай көк үшбұрыш бар...

Балалар сұраққа жауап береді:

Текшелер төменгі сол жақ бұрышта жатыр.

Кереует-ортада

Доп кереуеттің астында жатыр
Балалар заттарды бояйды.
Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Қысты.
Балалар тасырманы орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік кезеңі

-Балалар сендердің сол жақтарыңда не бар?

-Ал, оң жақтарыңда ше?

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.


Каталог: uploads -> doc -> 0563
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0563 -> «Физика пәнінен есептер шығару әдістемесі» 10-11 сыныптары үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет