Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1 Күні: Тәрбиеші: Білім беру саласы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №11



бет4/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#4507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №11

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі:ҚМТҚ.

Тақырыбы: заттың санын цифрмен сәйкестендіру. 3-4 сандарын салыстыру. Кең –тар. Тіктөртбұрыш (өзге фигуралардың арасынан табу)

Мақсаты: математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді жалғастыру; екі топтағы заттарды салыстыруды жалғастыру; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтау; өзіне таныс заттарды еніне қарай салыстыру(кең,тар); тіктөртбұрыш туралы білімін пысықтау; оны өзге геометриялық фигуралардың ішінен табу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, түсіндіру.

Үлестірмелі материалдар: әр балаға түрлі түсті төрт жолақ беріледі: 2-еуінің ұзындығы да, ені де бірдей; ендігі бір жолақ енсіздеу, ал төртіншісі алдыңғы екеуінен енділеу болуы керек.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Математикалық жұмбақтар шешу

Қостілділік компонент/билингвальный/: кең-просторный, тар-узкий

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі

«Жұмбақтар және оның шешуі» ойыны.

балалрға жұмбақ жасырады. Бұл жұмбақтарда айтылатын сандар балалардың жұмбақты шешуіне көмектеседі.
Екі дөңгелегі, екі басқышы бар,

Бір орындық екі мүйізі бар

Ол не?
Үшеуінің тұратын орманда бар үйшігі,

Ертегіге арқау болған, кейіпкерлер ғой ізгі,

Ойланбай-ақ, балақай, сен де тауып көрші енді.
Үш көзінде жалын от,

Ал бірақ та жаны жоқ.

Кезекпенен ашылар

Кезекпенен жабылар.

Балалар жұмбақтардың шешуін табады.

велосипед
Үш аю
бағдаршам


Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

балаларға қазақтың ұлттық ыдыстарының суреттерін көрсетеді. Балалар оны мұқият қарап шыққаннан кейін, цифрларды тиісті суретпен қосуды сұрайды.

«Машина жеткілікті ме?» ойыны

2- тапсырма.

балалар ға келесі суретті көрсетеді сұрақ қояды:

-Балалар нешеу?

-Машина нешеу?
-Ойыншық балаларға жете ме?

-Неге?
-Балалардың саны мен ойыншық машиналардың саны туралы не айтуға болады?

-Қанша бала болса, сонша машинаны бояңдар. Қане, балалар, нешеуін боядыңдар?

«Көліктер» сергіту минуты.

Бағындырар талай жолды,

Көлік шіркін керек болды,

Жолдағыдай қатарласып,

Ұстап көрейік бізде рульді.

Жеңіл көлік зуылдатып,

Оңға қарай бұрылар,

Жүк көлігі түтіндетіп,

Тура жолмен зуылдар.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

балаларға енібірдей екі жолақты табуды тапсырады. Дұрыстығын тексеру үшін оларды бір-біріне қойып тексереді. Балалар тапсырманы орындаған соң, олар неліктен бұл екеуін таңдағанын түсіндіреді және дәлелдеп көрсетеді

3-тапсырма

Педагог балаларға сұрақ қояды:

-Балалар, солға бара жатқан көліктер қандай жолмен кетіп барады?

-Оңға бара жатқан көліктер қай жолда кетіп барады?

-Оңға неше машина, солға неше машина бара жатыр?

Педагог балаларға тапсырма береді: кең жолды сары түспен, ал тар жолды қоңырмен бояу керек.

3-тапсырма

Педагог балаларға барлық тіктөртбұрыштарды бояуға тапсырады.

Балаларға сұрақ қояды:

-Неше тіктөртбұрыш боядыңдар?

-Тіктөртбұрыштардың көлемі қандай?

Балалар цифрларды тиісті сурепен сызық арқылы қосады.


Балалар суретті мұқият

қарап шығып, сұрақтарға жауап береді:

Үшеу

Төртеу

Жетпейді
Өйткені төрт үштен үлкен

Машинаға қарағанда баланың саны кем, ал балаға қарағанда машина артық.

Үш машинаны бояйды.


Балалар қолдарына ойша руль ұстап, бөлменің бір шетінен екінші шетіне дейін жүреді.

Бұрылады, қарсы бетке қарай қозғалады.


Балалар жолақтарды бір-біріне қойып салыстырады.

Кең жолмен.
Тар жолда
Оңға қарай 3 машина, ал солға қарай 4 машина.

Балалар жолдарды бояйды.

Үш

Үлкен, кіші, кішкентай

Рефлексиялық-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Сендер шәйнекті, торсық пен кесені қандай цифрмен қостыңдар? Неге?

Педагог балаларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.

Шәйнекті 2 цифрымен қостық, себебі суреттегі шійнек саны екеу...

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 4 цифрын, геометриялық фигура-тіктөртбұрыщты;

Игереді: заттың санын цифрмен сәйкестендіруді; таныс заттарды еніне қарай (кең, тар) сәйкестендіруді;

Меңгереді: заттар тобының тең немесе тең еместігі туралы түсінікті.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №12

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі:ҚМТҚ.

Тақырыбы: Заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі, үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру, заттардың теңдігінанықтау. Заттың орналасқан орнын анықтау және сөзбен баяндау. Шеңбер, сопақша.

Мақсаты:өзгеше орналасқан (шеңбер, шаршы ішінде) заттар тобын теңестіруді үйрету; заттарды үлгі бойынша санауды үйрету. Әртүрлі арқашықтықта орналасқан заттардың тең немесе тең еместігін анықтау, заттың орналасқан орнын анықтау.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, түсіндіру.

Үлестірмелі материалдар: әр балаға тәрелкеге салып қызыл, жасыл және көк түсті 3 жолақ береміз.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Заттың кеңістікте орналасуы

Қостілділік компонент/билингвальный/: сопақша-овал,

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері



Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


Педагог мынандай тапсырма береді:

-Балалар, үстелде геометриялық фигуралар жатыр. Кез-келген фигураны алып, сол туралы білгендеріңді айтып беріңдер.

Балалар фигуралар туралы айтады:

Тіктөртбұрыш дегеніміз-...

Шаршы дегеніміз-...

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


Үлестірмелі материалдармен жұмыс

Педагог балаларға таяқшалар салынған тәрелкені жақындатып, «Таяқшалардың түсі қандай? Әр түстен неше таяқша бар?» деп сұрайды. Ол балаларға әр түсті өз алдына бөліп алып, оларды әртүрлі фигуралар шығатындай етіп қоюды тапсырады.

Тапсырма орындалғаннан кейін балалар таяқшаларды тағы бір рет санап шығады. Әр фигураға неше таяқшадан келгенін анықтайды. таяқшалар әртүрлі орналасқанымен олардың тең үш-үштен екенін түсіндіреді.

«Олардың саны тең екенін қалай дәлелдейміз?»

1-тапсырма

Педагог балаларға сұрақ қояды:

-Шеңбердің ішінде неше кесе бар?

-Шаршының ішінде неше кесе бар?

-Олар туралы не айтуға болады?
2- тапсырма.

Балалар ға төменгі жолаққа жоғарыда қанша болса, сонша дөңгелек салуды ұсынады. Ол дөңгелектердің арақашықтығы алшақ болуы тиіс.

-Балалар дөңгелектердің саны туралы не айтасыңдар?

-Жоғарғы жолақта төмендегіге қарағанда бір дөңгелек артық болуы үшін не істеу керек?жоғарғы жолаққа тағы бір дөңгелек салуға тапсырма береді.

-Енді жолақтар ішіндегі дөңгелектер туралы не деуге болады?
3-тапсырма

балаларға сол жақтағы аюды сары қарындашпен, оң жақтағысын қоңырмен бояуды тапсырады.

Балалрға сұрақ қояды және тапсырма береді:

-Сол жақтағы аюдың шарлары қандай геометриялық фигураларға ұқсайды?

-Оң жақтағы аюдың сол қолына сопақша және оң қолына дөңгелек суретін салыңдар.

Сергіту минуты.

Бәріміз біргеміз.

Оңға бір қадам, солға бір қадам

Алға бір қадам, артқа бір қадам.

Шапалақ ұрамыз.
4-тапсырма балаларға аюлардың суретін көрсетеді.

-балалар, суретші бес аюдың суретін салады. Бірақ басқа нәрсеге алаңдаймын деп төртеуінің суретін дұрыстап сала алмады. Кейбір бөлшектерін ұмытып қалдырды. Кәне жоғарыда отырған аюды мұқият қарап шығайық. Содан соң жетпей тұрған тұстарын толықтырып, төменгі аюлардың суретін аяқтайық. Барлық аю тір-біріне ұқсайтын болуы керек.

-бірінші аюдың суретіне не қостыңдар?

-ал төртіншісіне ше?

Балалар әртүрлі фигуралар құрастырады. Балалар таяқшаны бір қатарға қойып шығады.

Балалар сұрақтарға жауап береді:

Төрт

Төрт

Шеңбер мен шаршыдағы кеселердің сандары бірдей, төрт-төрттен.

Балалар төрт дөңгелектің суретін салады. Жоғарғы және төменгі жолақтағы дөңгелек саны теңдей төрт-төрттен. Жоғарғы жолаққа тағы бір дөңгелек керек. Жоғарғы жолақта төменгіге қарағанда бір дөңгелек артық.


Балалар аюлардың суретін бояйды.


Балалар тақпақтың мәтіні бойынша жаттығу жасайды.
Балалар суреттің жетіспей тұрған жерлерін толықтырып салады.


Түйме
Бантик, белбеу, табанын салды

Рефлексиялық-түзетушілік кезеңі

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Тәрбиеші оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігін

Игереді:орналасқан екі топтағы заттарды теңестіру; заттың орналасқан орнын анықтау:

Меңгереді: тобтағы заттардың тең немесе тең еместігін анықтауды.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №13

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі:ҚМТҚ.

Тақырыбы: 4 цифрымен танысу. Үлкен, кіші, кішкентай. Баланың зейінін дамыту.

Мақсаты: 4цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру,4 цифрының қатардағы орнын анықтау, 4 цифрын өзге цифрлар арсынан табу.»үлкен, кіші, кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету. Баланың зейінін дамытуға ықпал ету, балаларды көлемі әртүрлі заттардан құралған топтардың саны жағынан тең немесе тең еместігін ажырата білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, практикалық.

Үлестірмелі материалдар: үлкен, кішкентай заттардың салыстыруға арналған суреттері, цифрлар карточкасы.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Заттарды салыстыру

Қостілділік компонент/билингвальный/: төрт-четыре, үлкен-большой, кіші-маленький


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Әйгерім өз себетіне,

Үш саңырауқұлақ салды.

Қарап жүрмей тағы да,

Тал қасынан біреуін алды.

Жоғалтпайық уақытты

Бізге тек санау ғана қалды?

Балалар жұмбақтардың шешуін табады.


4 саңырауқұлақ


Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

Педагог балаларға суретте неше саңырауқұлақ болса, сонша дөңгелек салуды тапсырады. Содан соң сұрақ қояды:

-Неше дөңгелек салдыңдар?

-Неліктен?
2- тапсырма.

Педагог балаларға өлең оқып береді:

Білек күші тасыған,

Төрт күрескер ағаң.

Қолын қойып беліне,

Шаршамайды ешқашан.
Педагог балаларға 4 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтап, сол сан нешені білдірсе , сонша моншақ бояуды тапсырады. Содан соң өзге цифрлардың арасындағы төтрттіктерді тауып, оларды қоршап шығуды тапсырады.
«Санамақ» сергіту минуты

Бір,екі, үш, төрт

Жиналамыз бәріміз.

Бір,екі, үш, төрт

Секіреміз бәріміз

Бір,екі, үш, төрт

Отырамыз бәріміз.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Педагог балаларға мынандай тапсырма береді: барлық үлкен шаршыларды іріктеп алып төменгі жолаққа, ал кішкентайларын жоғарғы жолаққа қоюларын керек. Бірақ олардың саны тең екендігі көрініп тұратындай болсын.

2-3 баладан шаршылардың көлемі қандай және әр жолақта неше шаршы бар екенін сұрайды.
3-тапсырма

Балалар 1-қатарда неше киіз үй тұрғандығын санайды, содан соң олардың көлеміне назар аударады. Осылайша үш қатардағы суретке де талдау жасайды. Балалар суреттің орналасу заңдылығын анықтағаннан кеін, педагог екінші қатардағы балықтарды қалай салу керектігін сұрайды.
4-тапсырма

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Мені қардан жасапты,

Ойланып көр.

Қолым таяқ,

Мұрным сәбіз, көзім көмір.

Педагог балаларға бір қарағанда бір-бірінен аумайтын, бірақ айырмашылықтары бар аққалаларды көрсетеді. Содан соң қанша айырмашылық тапса, сонша шеңберді бояуға тапсырма береді.

Егер тапсырма дұрыс орындалған болса, төрт дөңгелек болуы шарт.


Балалар төрт дөңгелектің суретін салады және сұрақтарға жауап береді.
Төрт

Үшке бірді қоссақ төртеу болады.


Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Тапсырма дәптерге орындалады.

Балалар төрт моншақты бояйды.

Балалар төрт цифрын сызады.

Балалар жаттығуларды орындайды:

Екі аяқтап алға қарай секіреді

Бір орында тұрып секіреді, отырады. Қолдарын жан-жаққа созады.


Балалар шаршыларды санайды.


Балалар суреттің ең кішкентайдан басталып, біртіндеп үлкейе беретіндігін айтады. Кішкентай балықтың суреті берілген, екіншісі одан үлкенірек, үшіншісі үлкен балық болатындығын айтады. Тапсырманы орындады.
Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Аққала
Балалар олардың айырмашылықтарын айтады: аққаланың бірінің суретінде қыраудың суреті бар, екіншісінде жоқ; бірінде екі түйме, екіншісінде бір ғана түйме, бірінің сол жағында сыпырғыш бар екіншісінде жоқ.

Рефлексиялық-түзетушілік кезеңі

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Әйгерімнің себетінде неше саңырауқұлақ бар екен?

-Сендер қандай цифрмен таныстыңдар?

Педагог балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.

  1. саңырауқұлақ

  2. 4цифрымен.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: 4 цифрын; «үлкен, кіші, кішкентай» сөздерін.

Игереді:4 цифрын өзге сандар арасынан табуды, жұмбақты шешуді.

Меңгереді: 4 цифры туралы түсінікті.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №14

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі:ҚМТҚ.

Тақырыбы: 1,2,3,4 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Солға, оңға.

Мақсаты: 4 саны мен цифры туралы өткенді қайталау. 1,2,3,4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; үшбұрыш, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; айналаладағы заттардың арасынан геометриялық фигуралар пішіндес заттарды таба білуге үйрету.өзіне қатысты тұрғыда заттың орналасуын (солға, оңға) анықтау және сөзбен баяндау.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,ойын,, көрнекілік, түсіндіру..

Үлестірмелі материалдар: цифрлар карточкасы, заттық суреттер, ойынға қажетті суреттер.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Геометриялық пішіндерді қайталау

Қостілділік компонент/билингвальный/: үшбұрыш-треугольник

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –ояту кезеңі


«Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.

Педагог үстелге 1-ден 10-ға дейінгі сандарды орналастырады. Содан соң балаларды кезек-кезек тақтаға шақырады және 1цифрды қолына алып, ол туралы тақпақ айтып беріуін өтінеді.

Балалар цифрды табады
Бұл- 1цифры

Бұл-2 цифры

Бұл-3 деген цифр


Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма.

Педагог балалардан шаршыларда қандай сан жазылғанын сұрайды.

Сол жақтағы шаршының ішіндегі цифр нешенібілдірсе, сонша тақия мен етік салып шығуға тапсырма береді.

4 цифры туралы өлең айтып берулерін сұрайды.

2- тапсырма.

Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

-Шырша қандай геометриялық фигуралардан құралған?

- Шыршаны құрап тұрған геометриялық фигураларды бояңдар.

«Санамақ» Сергіту минуты

1,2,3,4

Жиналамыз бәріміз.

1,2,3,4

Секіреміз бәріміз.

1,2,3,4

Отырамыз бәріміз.

3-тапсырма.

Сурет бойынша барлық балаларды санауды тапсырады.Жасырынып тұрған балаларға да назарларын аудару керек.Содан соң сонша дөңгелекті бояйды.
4-тапсырма

4 жолақтың ішінде қандай фигуралар бар екендігі туралы атады. Жолақтың ішіндегі фигураларды орналасуына қарай салыстырады. Екі бірдей жолақты бір-бірімен бірдей сызықпен қосады.

Балалар сұрақтарға жауап береді және тапсырманы орындайды:

4цифры.

Балалар өлең оқиды:

Білек күші тасыған,

Төрт күрескер ағаң

Қолын қойып беліне

Шаршамайды ешқашан.

Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді:

Үш үшбұрыш және бір төртбұрыш.

Балалар жаттығулар орындайды:

Екі аяқты аяқтап алға қарай секіреді.

Бір орында тұрып секіреді.

Отырады.

Қолдарын жан-жаққа созады.

Балалар барлығы 4 бала бар екенін айтып, 4 дөңгелекті бояйды.
Екі бірдей жолақты қосып, оның бірдей екендігін дәлелдейді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Балалар сендер қандай цифрлар туралы тақпақ айтып едіңдер?

-Шыршаны қандай геометриялық фигуралардан құрастырдыңдар?

Педагог оларды белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.

1,2,3,4 цифрлары туралы.

Үшбұрыштар мен тіктөртбұрыш



Күтілетін нәтиже:

Біледі: 4 саны мен цифры туралы.

Игереді:1,2,3,4 цифрларын заттың санымен салыстыруды; айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигураларды табуды;


Каталог: uploads -> doc -> 0563
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0563 -> «Физика пәнінен есептер шығару әдістемесі» 10-11 сыныптары үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет