Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Тобы: ортаңғы Күні



Дата05.07.2020
өлшемі20,59 Kb.
#74902
Байланысты:
00055d35-291c3f26


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: ортаңғы

Күні: 24.11.2016ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам, ауылым және ел ордасы Астана»



Мақсаты: Балаларға қала, ауыл және ел ордасы Астана туралы түсінік беру.Баланың ой – өрісін дамыту. Елін,жерін,туған қаласын сүюге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері:Сұрақ – жауап.

Көрнекі құралдар: Ауыл , қала туралы мазмұнды суреттер, хрестоматия, жұмыс дәптер.

Билингвалдық компоненттер: қала-город, ауыл-деревня.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбері

Отаным менің кең байтақ,

Жайнаған сансыз қаласы.

Жайқалған жомарт даласы.

Ел –Отан біздің кең байтақ,

Отанның біздер баласы.


Шеңбер бойында тұрып қайталайды.



Ұйымдастырушы-лық- ізденушілік


-Балалар айтылған өлең шумағы не туралы?

-Ендеше бүгін,ауылымыз,қаламыз және ел ордасыАстана туралы әңгімелесеміз.

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстанның ел ордасы қай қала?

Астана қаласының әсем көрінісі бейнеленген суреттері бойынша әңгімелеу.

«Астана» өлеңін оқып беру.

Астана –арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жасыл болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астана - сұлу қала.

Біз оны анамыздай

Сүйіміз шынында да.

-Өлең шумағында не туралы айтылған?

-Ал біз тұратын қала қалай аталады?

-Біз тұратын қаланың,ауылдың қандай көрікті жерлерін білесіңдер?

Сергіту сәті.

Апорт деген алманың,

Таттың ба сен бал дәмін?

Апорт деген тәтті алма,

Өседі ол бақтарда.

Алатауда өседі ол,

Оған тең жоқ деседі ел.

Ойын: «Ауылға саяхат»

-Балалар біздің ата-анамыз ауылда туып өскен.

-Сендердің ауылда қандай туыстарың бар?

-Ендеше біз қазір ата-әжелерімізге қонаққа барайық.

-Ауылға немен барамыз? Олай болса, жолымыз қысқарсын деп «Әже» туралы ән айтайық Әже

Сағындым, әже, өзіңді,

Мейріміңді көзіңді,

Ертегіңді сағындым,

«Құлыным» деген сөзіңді.

Сағындым,әже,сағындым,

Мейіріңе табындым,

Демалысқа шығамыз

Аяғында мамырдың.

Сағындым,әже,сағындым,

Ағайын,туған, бауырды

Қуат алып келейін

Топырағынан ауылдың.

Сағындым,әже сені шын,

Даналықтың кенісің,

Құрт-майыңды сағындым

Сақтап қойған мен үшін.

-Міне ауылға да келдік.

-Балалар әжем із бен атамыздың тұратын үйі қандай.




Отан туралы
Қазақстан

Астана


Өлең шумақтарын тыңдайды

Балалардың жауаптары

Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.

Ата-әже
Пойызбен

Автобуспен

Машинамен

Өлең шумақтарын бірге қайталау.

Жер үй




Рефлексивтік- түзетушілік


-Енді бәріміз шеңберге тұрып,атамыз бен әжемізге жақсы тілектер айтып, оқу іс-әрекетімізді аяқтайық.


Әр бала өз тілектерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ауыл мен қаланың айырмашылығын ажырата біледі.

Игереді: Суреттер бойынша еліміздің көрікті жерлерін біледі.

Меңгереді: Туған елін,жерін сүйе білуді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет