Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Вариативтік компонент Өнер көзі халықта Тақырыбы



бет3/6
Дата04.07.2018
өлшемі121,43 Kb.
#46465
1   2   3   4   5   6

Қолданылатынын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, қуыршақ Жәмила

Қажетті құрал- жабдықтар: көйлектің сұлбасы, мөртаңбалар, қылқалам, бояулар.

Алдын- ала орындалатын жұмыс: қыздардың көйлектеріндегі өрнектерді қарау, бақылау, мозаика құрастырып ойнау.

Сөздік жұмыс: әдемі көйлек.


Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қызғаушылық

Балаларға педагог қуыршақ Жәмиланың жылап отырғанын айтады, қуыршақтан кім ренжіткенін сұрайды.

Жәмила:

­ Маған ешкім де тиіскен жоқ, ешкім де ренжіткен жоқ... Бірақ күшік досым қонаққа шақырған, қонаққа киетін әдемі көйлегім жоқ деп жылап отырмын. Педагог балаларды Жамилаға көмек беруге шақырады. Топтағы қыздардың көйлегі қандай екенін сұрап, түстері өрнектері, ұзын- қысқалылығы, әдеміліктері жайында әңгімелеседі.


Балалар таңданып, қуыршақ Жәмиладан неге жылап отырғандығын сұрайды. Балалар Жамиладан қамықпауын сұрап, оған арнап әдемі көйлектің суретін салып беретіндіктерін айтады.

Балалар қыздардың көйлегі ұзын, сары, қызыл, көк, гулдері бар, дөңгелектері, жұлдызшалар, үшбұрыштары бар кейбір қыздардың көйлегі ұзын немесе қысқа екендігін естеріне түсіріп әңгімелейді.



Ұйымдастыру

шылық- ізденістік

Педагог балаларға әдемі көйлекті дөңгелектермен әшекейлеу үшін мөртаңбаны, қылқаламды, сұқ саусақтарын пайдалануға болатындығын түсіндіреді.

Қылқаламның ұшымен бояуды тамызып, мақта оралған таяқшалар арқылы дөңгелек түсіруге болатынын, оны салу жолдарын педагог көрсетіп, балаларға бағыт береді. Сүрткішті дұрыс пайдалануды, бір- біріне бөгет жасамай, дұрыс отыруды естеріне түсіреді.



Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық.

Белімізді жазайық.

Жоғары- төмен қарайық,

Оңға- солға, түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз демалып қалайық.

Тыныс алу жаттығуын жалғастырады.




Дайын көйлек үлгісіне балалар гуашпен, оң қолдарына қылқаламды алып, таңдаған түстерімен солдан оңға қарай дөңгелектер салады немесе мөртаңбаны пайдаланып басу сәндейді. Кейбір балалар сұқ саусақпен салады.
Балалар орындарынан тұрып, бой сергіту сәтін қимылмен көрсетіп жасайды.
Аузы мен мұрнын қолмен жауып, ашады. Тыныс алу жаттығуларын екі- үш рет қайталайды.


Рефлексиялық- түзетушілік

Жамила балалардың әдемі көйлектің суретін салғандарына қуанып, өздерінен қандай өрнекті пайдаланғандарын сұрайды.

Күшік досына қалаған көйлекті киіп баратындығына қуанып, раөмет айтып қайтады.



Бір бала дөңгелекті, біреуі, мөртаңбаны қалай қолданып орындағандарын айтып беруге тырысады. Қуыршақ Жамилаға рақмет айтып, өздері жұмыс жасаған орындарын жинайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көйлектер әртүрлі болатындығын.

Игереді: маңайындағы басқа адамдарға көмектесу қажеттігін.

Меңгереді: мөртаңба, қылқалам, саусақтардың көмегімен әдемі көйлекті әшекейлей білуді.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Көкіністер мен жемістер

Мақсаты: Сурет салу іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Қарындашпен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту. Күз мезгілінің ерекшеліктерін сезініп, көкөністер мен жемістер жайында түсініктерін қалыптастыру

Көрнекіліктер: көкөністер мен жемістер суреті немесе муляждары.

Сөздік жұмысы: көкөніс, жеміс


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші көкөністер жайында бірнеше жұмбақ жасырады:

Жер астында жез қазық,

Жеуге болар ас қазық.

(сәбіз)


Жұмбақты шешкеннен кейін көкөністер мен жемістердің суреттерін немесе муляждарды көрсетіп түр-түсіне, пішініне назар аударады.

Балалар жұмбақтарды шешеді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Бүгін көкөністер мен жемістердің суретін саламыз. Бәріміз көкөнісші боламыз. Көкөністерді қай мезгілде отырғызып едік естерінде бар ма? Көктемдегі қызу еңбектің жемісін күзде піскен кезде көреміз. Көкөністер мен жемістерді натура ретінде әр балаға береді. Сәбіз және қызылша.

Дайын сызбадағы суреттерді тиянақты бояуды көрсетеді.



Көкөнісші

Көкөністі көп ектік

Өссін піссін деп ектік,

Көктемде еккен көкөніс

Күзде берді көп - өніс

Т. Өкеев


"Көкөнісшілердің піскен көкөністері қандай болады екен", - деп жасаған жұмыстарды қарап талдау жасайды. Өздері білетін өлең тақпақтарын сұрайды. "Кім тез жинайды" қимылды ойынын көкөністермен ойнауды ұйымдастырады.

Балалар білгендерін тәрбиешінің сұрағына жауап ретінде береді, көкіністер мен жемістерді көктемде егіп күзде жинап аламыз,т.б.

Балалар қайталайды.


Кім тез жинайды ойының ойнайды.

Рефлексивті – түзетушілік

Балалардың салған суреттерін мадақталады.

Балалар бір –бірінің суреттерін қарап көреді..


Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Көкіністер мен жемістердің түрлерін ажырата біледі.

Қандай түсініктерді игерді: суретті бояу тәсілдерін біледі.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қарандашпен жұмыс жасауды

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Дана» қазақ тобы

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Түрлі - түсті түймелер

Мақсаты: Балаларға түйме туралы түсінік беру. Түрлі-түсті түймелерді таңдай білуді, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, түймелер.

Қажетті құрал- жабдықтар: түсті қарындаштар (сары, қызыл), сурет дәптері.

Сөздік жұмыс: түйме

Іс- әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивацилық- қызғаушылық

Тәрбиеші балаларға түймені көрсетіп ол не деп сұрайды.

­ Балалар, бұл не?

Түсі қандай?

Пішіні қандай?

Қандай геометриялық пішінге ұқсайды?


­
Түйме

Көк


Дөңгелек

Ұйымдастыршылық- ізденістік

Тәрбиеші балаларға ұсыныс жасайды:

­ Сендер маған осындай әдемі түйменің суретін салып беріңдерші.


Түймелерді салыну жолдарын түсіндіреді. Балалар өздері сызып салуларына да болады немесе үлестірмелі материалдағы дайын сызбаны пайдаланады.

Балаларға қиылған шаршы ақ қағаз ұсынылады, тәрбиеші оны ортасына шеңбер салу үшін үзік сызықтар сызады. Балалар сол үзік сызықтарды қарындашпен сызып қосады. Енді ортасына қылқаламмен дөңгелек нүктелер қояды.


«Добым» сергіту сәті:

Доп- доп, добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Бір, екі деп екі ұрдым

Шатырға сен секірдің.


Балалар түйме салып беруге келіседі. Қалай салу жолдарын таңдап көреді.

Алдарындағы сурет дәптерінде берілген суреттің үстінен жүргізіп, салу жолдарын қайталайды. Дәптерді сол қолмен ұстап отырып, үзік сызықтарды сызады.

Қарындаштарды орнына қойып, өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.


Рефлексиялық- түзетушілік

­ Керемет әдемі түймелер салдыңдар. Түстері қандай? Шетіне шығармай боядыңдар. Маған қатты ұнады.

Ал шетінен шыққан болса, келесі жолы әдемілеп бояу керектігі жайында айтады. Балаларға бояған кезде көздері шаршағандарын айтып, көзге арналған «Менің көздерім» деген жаттығуды жасауды ұсынады.

Менің оң көзім әдемі

(оң көзін қысады),

Менің сол көзім әдемі

(сол көзін қысады).


Жұмыс жасаған орындарын жинақтауға жұмылдырады.

Түстері сары, қызыл екендігін қайталайды.
Барлығы тұрып көзге жаттығу жасайды. Жаттығуды 1- 3 рет қайталайды.
Жұмыс жасаған орындарын жинақтайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: түйменің не үшін қажет екенін

Игереді: шеңбер пішінді болатынын

Меңгереді: бояуды біркелкі тегіс жағуды.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Алашаны өрнекте

Мақсаты: Өрнекті алашаны қазақтың ою өрнек элементтерімен әшекейлей білуге үйрету. Ою өрнек туралы түсініктерін дамыту, бояуды дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал- жабдықтар: сурет дәптері,

Сөздік жұмыс: алаша

Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қызғаушылық

Педагог балаларға бүгін қонаққа әжей келгенің айтады.

­ Әжей бізге өзінің алашасын ала келіпті. Оны неге әкелді екен?

Әжей келіп, балалардың алаша туралы не білетіндігін сұрайды.

Педагог:

­ Балалар, кімнің үйінде алаша бар? Қандай алаша ? Ол алаша не үшін қажет? Ол үйде қай жерде жатыр? Алашаны қайдан алды?

Әжей алашаның ерекшеліктерін, төртбұрышты, жолақшалармен өрнектелген екендігін түсіндіреді. Онда бірнеше жолақ сызықтар болғанына байланысты жолақша алаша деп аталатынын айтады.



Балалар әжеймен сәлемдеседі.
Алашаны әжей не үшін әкелгені жайлы өз ойларын айтады.
Барлық үйде алаша бар екенін, жерде төсеніш болып жатқандығын, төртбұрышты, сопақша пішімді, түстері сары, қызыл, қоңыр алаша болатынын, әр түсті жолақшалары болуы мүмкін екендігін айтады. Оларды дүкеннен сатып алуға болатынын айтады. Әжейге алаша суретін салып беруге келіседі.

«Алаша» деген сөзді жаңғырық тәсілілімен қайталайды.



Ұйымдастырушы

лық- ізденістік

Педагог балаларға әжейге сый ретінде жолақша алаша салып беруді ұсынады. Біркелкі бір түске боялған қағазға түзу жолақтарды сызу тәсілдерін көрсетеді.

Бірінші тік төртбұрышты сызады. Оған өздері қалаған түстерді пайдаланып, фломастермен түзу жолақтарды солдан оңға қарай сызып жүреді, өзі тақтада көрсетіп түсіндіреді. Балалардың жолақтардың арақашықтықтарын бірдей және әдемі етіп салуын қадағалайды, қолдарын жаттықтыруға үйретеді.




Сергіту сәті:

Қасқыр ағаш жарады,

Түлкі кілем қағады.

Елік тамақ пісіріп,

нанды жабады.

Кірпі көйлек тоқиды

Тиін сабақ оқиды.


Балалар алдарындағы дәптердегі дайын салынған суретті бастырып, солдан оңға қарай фломастерді пайдаланып тік төртбұрыш сызады. Солдан оңға қарай түзу сызық, сызық біткен жерден жоғарыдан төмен түзу сызық сызады, екінші жағынан тура осындай ұзындықта екінші сызықты сызады. Төменгі жағын солдан оңға қарай қосады. Өздері қалаған түстерін қадағалап алып, түзу сызықтарды бірдей қашықтықта жүргізіп, жолақтар жасайды.

Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.



Рефлексиялық- түзетушілік

Әжей балаларға жолақша алашаны салғандары үшін рақмет айтып, суретті әдемі салған балаларға тоқталады.

Әжеймен қоштасып, алашаларын сыйға беретіндікіңтерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қонақты қалай құрметтеп қарсы алуды.

Игереді: алаша әртүрлі екенін, соның ішінде жолақша алаша болатынын.

Меңгереді: арақашықтықтарын бірдей сақтап, түзу сызықтарды сыза білуді.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Сұр қоян

Мақсаты: Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыруды, дөңгелек және үлкен- кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал- жабдықтар: қағаз, түрлі түсті қарындаштар, қоянның суреттері.

Сөздік жұмыс: сұр қоян.

Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қызғаушылық

Педагог балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады. Қолдарын созып, бір-бірімен жақсы көңіл күймен амандасады.

Педагог жұмбақ жасырады.


Ұзын құлақты, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін, ол не?

Педагог иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып, балалардан қоянның қайда тіршілік ететіні, құлағы неге ұзын екені. Қалай секіретіні, неге сұр қоян деп аталғаны жайлы сұрап, өзі жауаптарды толықтырып түсіндіреді. Сөздік жұмыс жүргізеді.



­ Қайырлы таң, балалар!

­ Қайырлы таң, жаңа күн!

Жұмбақтың шешуін табады.
Балалар қоянның сәбізді жақсы көретінін, өзі сондай қорқақ екендігі, орманда тіршілік ететіні жайлы айтты.

«Сұр қоян» сөзін жаңғырық әдісімен қайталайды.



Ұйымдастыру

шылық- ізденістік

Балаларға ұзын құлақ сұр қоянның суретін салуды ұсынады. Қоянның дене мүшелерін: басын дөңгелек, денесін үлкен сопақша дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектермен сызып салуға болатынын көрсете отырып түсіндіреді. Көрсетілген үлгі бойынша қоянның суретін салғызады. Әдемі болу үшін сұр түсті қарындашпен немесе бояумен болатындығын көрсетеді. Бояғанда біркелкі сызықтармен, қарындашты қағаздан үзбей сүйкеуге дағдысына жаттықтырады.
Сергіту сәті:

Қояным, қояным,

Орныңнан тұра ғой.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бетіңді жушы,

Қолыңды жушы,

Орныңда секірші!

Секір- секір- секір!


Балалар педагогтың түсіндіруң бойынша педагогпен бірге үзік сызықтарды жүргізеді. Дайын суретті түрлі түсті қарындаштарды пайдаланып бояйды.

Сергіту сәтінде өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.



Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог балалардың қоянды әдемі салғандарын айтып мадақтайды. Қоян жайлы әңгімелесіп, қоян туралы қандай өлеңдер, тақпақтарр, жұмбақтар білетіндерін сұрайды. Қол ұстасып, дөңгеленіп, қоян жайлы өлең айтады.

Балалар қоянды қалай салғандары жайлы, қоян туралы не білетіндерін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қоянның дене мүшелерінің атауларын.

Игереді: қоянның дене мүшелерін, жейтін азық түрлерін.

Меңгереді: суретті түрлі түсті қарындашпен біркелкі етіп бояуды.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Менің үйім

Мақсаты: Үй жайында түсініктерін жетілдіру. Шығармашылықпен дербес әрекет етуге баулу. Бейнелеу іс-әрекеті барысында іскерлік дағдыларын меңгерту, құрылыс материалдарымен жұмыс істеуге үйрету.

Көрнекі құралдар: үйлердің суреті.

Сөздік жұмыс: көп қабатты үйлер.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива

циялық- қозғаушы

лық

Жылулық шеңбері

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!


Балалар шеңбер құрып, қимыл арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.



Ұйымдастыру-ізденістік

Суретпен жұмыс:

Тәрбиеші балаларға үй мен көп қабатты үйлерді көрсетеді. Үй екіге бөлінеді.

Көп қабатты үй – бұл көбінесе қалалы жерлерде салынады.

2.Үй – жер үй деп аталады. Олар көп қабатты емес, ашық жерлерде салынады.

Тәрбиеші балаларға үйдің суретін салу жолдарын көрсетеді.

Бірінші тік төрбұрышты сызамыз, солдан оңға қарай үшбұрыш сызамыз. Содан соң есік терезесін сызамыз.



Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық,

Құс болып ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Ойын: «Биік-аласа»

Шарты:балалар ойыншықтарды бір-біріне салыстырады.

Балалар суретке қарап назар аударады.


Балалар қайталайды педагогпен бірге

Балалар қимыл қозғалыс арқылы бойларын сергітіп алады.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.



Рефлексивті- түзетушілік

Тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарын қарап шығады, кейбір жұмыстарды қайталап жасатуға бағыт береді, мадақтайды.

Балалар өздері жасаған жұмыстары туралы әңгімелеп айтып береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет