Ұйымдастырылған оқу қызметінің технокартасы Қыркүйек Күні: Тобы: Ортаңғы «Балдәурен»



бет2/97
Дата30.01.2022
өлшемі136,49 Kb.
#116137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Тех карта музыка
Ортаңғы топ орыс тілі тех карта, 3 Бейнелеу өнері ҚМЖ (1)
Ән тыңдау: «Достық» (музыкасын жазған И.Нүсіпбаев, сөзін жазған Е.Елубаев).

-Барлығымыз бір аспанның астында бақытты өмір сүрудеміз, сондықтан бір бірімізбен дос болуымыз керек.

Ән үйрену: «Тату доспыз бәріміз» (музыкасын жазған Е.Меңдешев, сөзін жазған Ф.Оңғарсынова).

-Ән айтар алдында алдымен ережелерді еске түсірейік. Денені тік ұстап, қолды тізенің үстіне қойып, дауысты қатты шығармай, бір-бірін тыңдап айту.

Әннің мәтінін оқып, бір шумағын қайталау. Музыка жетекшісі әнді әуенімен айтқызады.

Әуенді-ырғақты қимыл: «Серуендейміз, билейміз» (музыкасын жазған А.Тоқсанбаев)

Балаларды екі-екіден қол ұстасып, еркін қимылмен серуендеп жүргізу. Әуен өзгергенде бір біріне бұрылып, қолдарын белдеріне қойп, аяқты топылдатқызу. Келесі әуенде қол ұстастырып, шыркөбелек айналдыру. Әуенді ести отырып, өз беттерінше қимылдауға үйрету.

Балалар әнде не туралы айтылғанын әңгімелейді.

Достық туралы түсініктерін жеткізуге тырысады.

Балалар ережелерді сақтайды. Әннің мәтінін үйреніп, әуенге қосылып айтады. Балалар музыка әуеніне ілесіп, қимылдар жасайды.

Қол ұстасып, әуенге ілесіп еркін жүреді, аяқтарын ырғаққа ілесе топылдатады. Қол ұстасып, айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет