Мектеп: Опорный



Дата07.02.2022
өлшемі19,07 Kb.
#96568
түріСабақ
Байланысты:
docx1548074875 (2)
БӨЖ

Тексерілді:

Мектеп: Опорный




Күні: 06.11.2018

Мұғалімнің есімі: Сисенғалиева Ш.С.




Сынып: Арнаулы сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Балаларды музыка түрін, қарқынын, музыкалық фразалардың қарама-қайшылығын ажыратуға, музыка әуеніне қарай қимыл-қозғалысын өзгертуге үйрету. Осы жұмыстардың нәтижесінде музыка түрін, қарқынын басшылыққа ала отырып, қимылды өз бетімен орындауға дағдыландыру болып табылады.

Тақырыбы:

Музыка екпініне қарай жаттығулар

Ресурстар

Үнтаспа, ленталар, доптар, жалаушалар, бубен, сылдырмақ-сырнай, түрлі кедергілер, атребуттар.



Әдіс - тәсілдер:

Баяндау,әңгімелесу, жаттығулар көрсету

Пәнаралық байланыс

Музыка дене шынықтыру.

Алдыңғы тақырып

Мүсінді дұрыс қалыпқа келтіретін жаттығулар.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазу)

Ресурстар

Басталуы 5 минут

Кіріспе
Оқушылар шеңбер жасап тұрып, допты кезек-кезек бір-біріне лақтырып, жылы лебіздерін білдіреді.
- Аспанымыз ашық болсын!
- Елбасымыз аман болсын!
- Күллі түркі әлемі тату болсын!
- Дұшпанымыз жоқ болсын!
- Елімізде бейбітшілік болсын! т.б.



Шаттық шеңбері

Ортасы 10 минут

 1,2 санап шеңбер жасау.
- Тізені сәл бүгіңдер
Қолды артқа ұсатаңдар
Алға мойын созыңдар
Қазға қәне ұқсаңдар. Га-га-га. (мойнын созып, қаз сияқты жүреді.)
-Көңілді қоңыз ұшады. Ж-ж-ж. (қолдарын «қанат» сияқты қағады.)
- Екі қолын белге қойып,
Үйрек шықты шалғынға. Кря-кря-кря. (теңселіп жүреді.)
Суда қамыс шулады, Ш-ш-ш. (қолды төмен жіберіп теңселтеді.)
-Тағы да тыныштық орнады. Ш-ш-ш. (жүрелеп отырады.)
-Мінекей күнде шықты. Жоғары-жоғары-жоғары. (қолды жоғары көтереміз.)
- Қолды белге қойып, аяқ ұшымен жүру.
Тыныс алу жаттығулары.
Қоңыз. Балалар тұрады. Қолдарын жанына ұстаған. Олардың қолдарын көтеріп, дем алуын сұраймын. Тыныс шығара, қоңыздың ызылдағанын көрсетуін талап етемін. Қолдарын бір мезгілде төмен түсіреді. Ж-ж-ж.




Жаттығулар жұмыстарын жүргізу

Сергіту сәті 5 минут

- Шеңбер бойымен жүру.
Дөңгелегі дөңгелеп,
Біздің поезд келеді.
Балаларды алысқа,
Апарғысы келеді.
Гу-гу, Гу-гу, Гу-гу,
Жүгіреді паравоз.
Балаларды алысқа,
Апарады паравоз



Сергіту жаттығуы

Аяқталуы 10 минут

Ленталар.
Оң қолмен лентаны кезек-кезек жоғары-төмен тербете қимыл жасау.
Шеңбер болып айналып, музыка әуеніне қосылып, ленталармен әр-түрлі қимылдар жасау.
Оқушылар сап түзеп, мақтап-марапатталады. Алдағы өтетін өнер фестиваліне жолдамалар ұсынылады. Оқушылар қоштасып, залдан саппен шығарылады.

Түрлі ленталар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет