Живописьтің тұла бойы тұнып тұрған тарих, Живописьті көзбен емес, көңілмен де танық



бет4/5
Дата25.11.2022
өлшемі20,05 Kb.
#159793
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бөзорамал талдау

Жанарымен аймалайды сұрағандай кешірім.
Әлсіз қолмен әзер-әзер төс қалтасын ағытты,
Қанға тиген орамалды уысына алыпты.
Жан тапсырды орамалды уыстаған қалпымен,
О, махаббат! О, махаббат!
Неғылған сен алтын ең?!
Сен тірліктің сәні ме едің, сен өмірге қорек пе ең?
О, махаббат!
Тіріге де, өлгенге де керек пе ең?!
Без орамал, боз орамал...
Жүрегі ме Қарғаштың?!
Бір өлі жан, бір тірі жан екеуміз де жармастық.
Өлі уыс та берер емес, не істемекпін... ділгірдім...
Өлі достан махаббатымды алып қалдым, үлгірдім.
Өлі достың шарт сынып бір шатынаған жанары,
Жеп жібере жаздайтындай оқ боп атып барады.
Жеп жібере жаздайтындай, жұдырығын тас түйіп,
Қан майданның қақ төрінде жаны досым қасқиып.
Солай болды... Бөрі ақиқат...
Әлде есімнен алжастым...
Мынау жатқан боз орамал — орамалы Қарғаштың...
— Әңгімеңді әрі қарай, әрі қарай жалғастыр,
Сонан кейін қандай жағдай?
Тағдырын айт Қарғаштың.
— Әрі қарай не болады, оралдым мен майданнан,
Алда — үміт, артта — қайғы, сан сапалақ ойда — арман.
Болған жәйтті әңгіме етсем, кездестіріп Қарғашты,
Сайтан алғыр қу қыздың ол сезімі екен алғашқы.
Кешіріңіз, аға, — дейді, — кешіріңіз, жақсы аға,
Ондай ойым болған жоқ-ты, берілгемін басқаға.
Әрі қарай не болушы еді, несіне енді сөз етем,
Қарғаштардың махаббатпен ойнап жүрген кезі екен.
Біз солардың махаббатын, сезімдерін қорғаппыз,
Біздер әсте махаббатқа берік қорған болмақпыз!



Көркемдегіш құралдар

Теңеу

алақандай без орамал
әуелгідей мақтанбай.
жерден алтын тапқандай
қанға бояп жатқандай
арымыздай сақталды
сағыныштай сарыуайым



Эпитет

Қиян-кескі қатал соғыс, қиян-кескі қан майдан.
Күн қызарып шығуы анық, таң қызарып атпайды,
Өлі солдат, жау танкісі, қанды майдан айналаң,
Жау шегініп, жойқын жорық бітуге де шақ қалды.


Сезіп тұрмын, тіл күрмеулі, тығындапты көмейді!



Метафора

Мысым құрып
Зат сақтауға олақпын
Кешір мені, қара басты, орамалды жоғалттым...",
Көзге ұрған бояуы,
Қолдан келген бояуларды баттай бергем беталды.
Аңтарылдық көрдік тағы құпияның көкесін.
Досым менің сүле-сопа күйге енді,
Жанарымен аймалайды сұрағандай кешірім.
Тұрғызбастай тұмшалапты ажал дейтін зіл салмақ,



Аллитерация



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет