«Жүктану» пәні бойынша дәрістер кешені (міндетті компоненті) 1 курс студенттері үшін мамандығы 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»


Ағаш материалдарды тасымалдайтын жылжымалы құрам және тиеу-түсіру машиналары



бет14/24
Дата04.01.2022
өлшемі205,05 Kb.
#109383
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Дәріс кешені Жүктану
Дәріс кешені Жүктану, QR-кодтарды қолдану
Ағаш материалдарды тасымалдайтын жылжымалы құрам және тиеу-түсіру машиналары

Темір жолда жұмыр ағаштар мен кесілген материалдарды ашық жылжымалы құраммен (төрт осьті вагондарда -55 %, платформаларда - 25 %), кәдеге жарамды қысқа ағаштар мен отынның едәуір бөлігін жабық вагондармен тасымалдайды. Вагондарды бойлай жұмыр ағаштың екі қатарын тиеуде бөренелер платформаның ортасына қарай еңкіш болып жататындай етіп түрлі қалыңдықтағы төсемдер дайын-дайды. Қысқа жұмыр ағаштарды әдетте бүйір есіктері жабылған ашық вагондармен тасымалдайды. Вагон шанағының көлемін барынша пайдалану үшін алдын ала оның қабырғаларын «өсіреді».

Ағаш материалдарды жылжымалы құрамға қатарлап тиеп, қатарлардың арасына төсемдер салады. Қатарларды платформадағы қапсырмаларға қағып кіргізетін тегістеп жонылған тіреулермен бекітеді де, сыммен тартып байлайды. Ашық вагондарға ағаш материалдарды тиеуде вагонның әрбір бүйіріне 6-10 дана ағаш тіреулер орнатады да, оларды шанақтың ішкі қапсырмаларына сыммен бекітеді. Қалыпты тіреулердің биіктігі 2,8 м, жоғарғы шетінің диаметрі кемінде 100 мм. 2400-2500 мм биіктікке дейін әдеттегі әдіспен, яғни тіреу орнатылған қатарлар түрінде тиеледі. Мұндай тіреулер ортаңғы және жоғарғы сымдармен жүптаса тартылады. Жылжымалы құрам габаритінің тарылған бөлігінің жоғарғы үшына арнайы дайындалған және алдын ала буылған трапеция тәрізді «бөрік» тиеледі, бүл әрбір вагонға 15 м3-ге дейін ағаш тиеуге мүмкіндік береді.
10 Дәріс тақырыбы: Дәнді дақыл және одан өңделген азық түліктер. Өзге жүктер
Астық дақылддарының негізгі түрлері:


  • дәнді дақылдар (бидай, қарабидай, жүгері, арпа, сұлы, күріш, тары, қарақұмық);

  • бұршақ тұқымдастар (асбұршақ, жасымық, үрмебұршақ, соя);

• майлы дақылдар (кұнбағыс, зығыр, сора, мақта, қыша тұқымы).
Әрбір дақыл дәнінің сапасы мен атауы стандартталған. Мұндай

дақылдар ботаникалық және басқа белгілеріне қарай түрлерге бөлінеді. Мысалы, бидай - жаздық және күздік, ақ және қызыл дәнді және т.с.с, қарабидай - күздік, солтүстік, оңтүстік және т.с.с.

Кейбір дақылдардың түрлері түр тармақтарына, кластарына және олардың қасиеттері мен сапа көрсеткіштеріне қарай - сорттарға бөлінеді.

Астықтың салмагы, ылгалдылыгы және тазалық дәрежесі оның сапалық көрсеткіштері болып табылады.

Астықтың белгілі көлемінің массасы оның салмагы деп аталады.

Астықтың тазалық дәрежесін ондағы бөгде қоспалардьщ бар-жоқтығына қарай сипаттайды.

Астықтың ылғалдылығын арнайы құрғату шкафтарында құрғату арқылы анықтайды. Әр түрлі сорттарға жататын астықты араластыруға болмайды. Оларды тасымалдау және сақтау бөлек жүргізіледі.

Астықтың физиологиялық қасиеттері оны ерекше жағдайда сақтауға мөжбүр етеді. Астықты гигроскопиялық қасиетіне қарай жауын-шашыннан қорғауға тура келеді. Аса ылғалды ортада астық өзінен-өзі жана бастауы мүмкін. Астықты зиянкестердің зақымдауы да көп шығын келтіреді.



Сондықтан қоймаларға, астықтың сақталуы мен тасымалдануына айрықша талаптар қойылады.

Ылғалдылығы 14 %-ға дейінгі дәнді және бұршақ тұқымдастардың дәні және ылғалдылығы 11 %-ға дейінгі майлы дақылдардың дәні құрғақ дән деп есептеледі. Ылғалдылығы бұдан едәуір жоғары дәнді дақылдар ылғалды дақылдар болып есептеледі де, оларды сақтауға және тасымал-дауға болмайды. Кейде жауыншашынды ауа райында жиналатын астық қоималарға ылғалдылығы 30 % және одан да көп күйінде түседі. Мұндай астық арнайы жылжымалы немесе тұрақты кептіргіштерде құрғатылып, ылғалдылығы тасымалдау және ұзақ сақтау кезінде оның сапасы жойыл-мауын қамтамасыз ететіндей нормаға дейін жеткізіледі.

Жүгері, бұршақ тұқымдастар, күріш секілді дәнді дақылдар ерекше сақтау және тасымалдау жағдайын қажет етеді. Оларға арнайы жабдықталған қоймалар керек болады. Собықты ылғал жүгеріні, әдетте, жабық қоймаларда сақтайды, ені 30 мм саңылаулары бар рейка қабырғалы қамба жасайды және қимасы 0,5x0,5 м, биіктігі 2 м рейкалы желдету құбырларын орнатады. Қамбаға 4 м биіктікке дейін астық қүюда екі желдеткіш қүбырды бірінің үстіне бірін орнатады. Қойманың еденін торкөзді етіп жасайды.



Пайдаланылуына қарай астық қоймалары дайындау (линиялық), қайта тиейтін, өндірістік (диірмендік) және базистік (мемлекеттік қор) қоймаларға бөлінеді.

Көп жағдайда астық қоймалары көрсетілген пайдаланудың бірнеше түрін қамтиды. Мысалы, олар қайта тиерлік және базистік немесе қайта тиерлік және өндірістік т.с.с. қоймалар болуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет