Жүкті дені сау әйелге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүктіліктің белгілері, жүктілікке байланысты әйелдің ағзасындағы өзгерістер, жүктілікті бақылау



бет2/10
Дата16.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#139482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
СӨЖ
доклад т, WOZYGGIFQXSG12072023104436, Презентация на тему Космос - 11816 - all-biography.ru, Информатика 3-тоқсан 11-сынып

Әйел ағзасындағы өзгерістер


Жүктілік мерзімі бойында әйел ағзасы әрекетінің қайта құрылуы орталық жүйке жүйесінен бастап, тірек-қозғалыс аппаратына дейін барлық мүшелер мен жүйелерді қамтиды. Зат алмасудың барлық түрі өзгереді.
Жүктілік кезінде әйел салмағы артады, ол жатырдың, іштегі ұрықтың өсуіне, май талшықтарының жиналуына, сүт бездерінің өсуіне, қан көлемінің ұлғаюына, тканьде судың жиналуына байланысты. Жүкті кезде дененің жалпы салмағы орташа есеппен 10-11 кг артады, ұрықтық салмағы, плацента, су – 5 кг; жатыр, сүт бездері 1,4-1,8 кг ұлғаяды, таза қоспа 3,6 – 4,4 кг болады. Ал 90% жүкті әйелдерде босанардан үш-төрт күн бұрын салмағы орта есеппен 1 кг шамасында кемиді. Сонымен қатар әйелдің дене қызуы әдетте 37-37,20С-ге көтерілуі мүмкін. Сүт бездерінің қызметі артып, көлемі ұлғаяды. Жүктіліктің екінші жартысында уыз пайда болады.
Тері қабаты
Жүкті әйелдің тері қабатында кейде белгілі бір өзгерістер байқалуы мүмкін. Іштің ақ сызығы бойында, төс ұшында және төс ұшы маңындағы дөңгелектерде күшейген қара қоңыр түсті пигменттену байқалуы мүмкін. Пигментті дақтар бетте де болуы мүмкін. Бұл бүйрек безінің ұлғайған қызметімен байланысты. Механикалық созылу әсерінен жүкті әйелдердің іш терісінде, сүт бездерінде, сандарында қызғылт-қызыл сызықтар түзіледі, ал босанудан кейін олар түссізденіп кетеді. Бұл ­ жүктілік тыртықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет