Жүкті дені сау әйелге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүктіліктің белгілері, жүктілікке байланысты әйелдің ағзасындағы өзгерістер, жүктілікті бақылау



бет5/10
Дата16.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#139482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
СӨЖ
доклад т, WOZYGGIFQXSG12072023104436, Презентация на тему Космос - 11816 - all-biography.ru, Информатика 3-тоқсан 11-сынып

Жүрек қан-тамыр жүйесі


Әдетте жүктілік кезінде жүрек-қан тамыр жүйесіне үлкен талап қойылады. Жүктілік кезінде ауыр салмақ түсудің нәтижесінде сол жақ жүрек қарыншасы шамалы ұлғаяды, жүректің минуттық көлемі артады. Тамыр соғуы жиілейді. Диафрагманың биік тұруынан жүрек көтеріліп, соның салдарынан жүктіліктің ақырғы кешенінде жүрек көлденең жағдайда болады. Ірі тамырлардың иілуінің әсерінен аздап систола шуылы естіледі.
Жүктілік кезінде жүректің жұмысына салмақ түсудің себебі неде? Бұл – қан көлемінің шамамаен 30-70% ұлғаюы, жаңадан қан айналасының пайда болуы, жатыр көлемінің ұлғаюы, ондағы қан айналасының күшті дамуы.
Жүктілік кезінде тотығу процестері күшейіп, соның салдарынан оттегінің қажеттілігі 10-15% артады. Оттегін пайдалану – оның келуінен артып кеткен жағдайда, оттегі жеткіліксіздігі туады. Жүктіліктің 10-11-апталарында жүректің минуттық көлемі өсіп, оның шекарасы үлкейеді, сөйтіп жүрек тұсында ерекше шуыл естіледі. Бұны көбіне дәрігерлер жүрек ақауы деп ұғынады. Бұл ­ негізсіз анықтама. Бұл жағдайда әйелдің электрокардиограммасы қалыпты жағдайда қалады. Жүрек қарыншасынан өкпе артериясына және қолқаға құйылатын қанның мөлшері 30-50% шамасында өседі және ол өзінің жоғарғы шегіне жүктіліктің 32-жұмасында жетеді. Сондықтан бұл мерзімде жүрекке үлкен салмақ түседі, осыған байланысты жүкті әйелдерді босану үйіне жатқызу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет