Жм 5 курсына «Клиникалық электрокардиография» элективті пәні бойынша емтихан тестілері 2012-13



бет6/8
Дата31.01.2018
өлшемі2,88 Mb.
#36326
1   2   3   4   5   6   7   8
: Жағдайы қанағаттанарлық, артық дене салмағы бар. Жүрек шекаралары солға ығысқан. Аускультацияда - I тон әлсіреген, жүрек ұшында қысқа систолалық шу естіледі. Пульс минутына 76 рет, АҚ 130/80 мм сн.бғ. ЭКГ: Синусты ырғақ, ЖЖЖ – 78/мин; P = 0,12 сек, қосарланған. QRS өзгеріссіз; Т тісшесі III, V 5 - V6 әкетулерде төмендеген, реполяризация үрдісінің диффузды өзгерістері.

Науқастың диагнозы қандай болуы мүмкін?

  1. ЖИА, ИККС, стабильді күштену стенокардиясы ФК I

  2. ЖИА, ИККС, стабильді күштену стенокардиясы ФК III

  3. ЖИА, ИККС, стабильді күштену стенокардиясы ФК IV

  4. Климактериялық кардиомиопатия

  5. ЖИА, ИККС, стабильді күштену стенокардиясы ФК II




  1. 70 жастағы әйел адам 1 жылдан бері төс артындағы қысып ауру, оның сол қолға таралуы, 2-3 мин дейін созылуы, 500 м жүргенде пайда болатынына, жүргенін тоқтатқанда немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылатына шағымданып келді. Жүрек тондары ырғақты. АҚҚ-180/60 мм сын бағ. Осы науқаста тыныштық жағдайда ЭКГ түсіргенде болуы мүмкін өзгерістерді көрсетіңіз:

  1. Синусты ырғақ, сол қарынша гипертрофиясының белгілері, патологиялық Q тісшесі, II, III, AVF әкетулерде ST сегменті доға тәрізді изосызықтан жоғары, монофазды Т тісшесімен қосылып кетеді

  2. Синусты ырғақ, сол қарынша гипертрофиясының белгілері, патологиялық Q тісшесі жоқ, ST сегменті изосызықта, T тісшесі AVR әкетуінен басқа әкетулердің барлығында оң

  3. Синусты ырғақ, сол қарынша гипертрофиясының белгілері, патологиялық Q тісшесі жоқ, II, III, AVF әкетулерде ST сегменті доға тәрізді изосызықтан жоғары, монофазды Т тісшесімен қосылып кетеді

  4. Синусты ырғақ, сол қарынша гипертрофиясының белгілері, патологиялық Q тісшесі жоқ, II, III, AVF әкетулерде ST сегменті доға тәрізді изосызықтан жоғары, екі фазалы Т тісшесіне өтеді

  5. Синусты ырғақ, сол қарынша гипертрофиясының белгілері, патологиялық Q тісшесі жоқ, ST сегменті корыто тәрізді төмен ығысқан және теріс Т тісшесіне өтеді




  1. Жүрек ақауымен ауыратын науқастың фонокардиографиялық зерттеуінде: жүрек ұшында максимальді анықталатын бәсеңдейтін пішіндегі систолалық шу, I тон амплитудасының төмендеуі анықталды, III тон тіркелді. ЭКГ: синусты ырғақ минутына 78 рет, жүректің электрлік өсі солға ығысқан, I, AVL, V1 әкетулерінде Р тісшесінің ұзақтығы 0.12 сек, екі өркешті, оның екінші өркеші бірінші өркешінен биік, кеуделік әкетулерде RV6>RV5, RV6+SV1> 38 см. Осы аускультациялық және ЭКГ мәліметтер қандай ауруға тән болуы мүмкін?

  1. Митральді жетіспеушілікке

  2. Митральді стенозға

  3. Трикуспидальді стеноз

  4. Трикуспидальді жетіспеушілікке

  5. Өкпе артериясы қақпақшаларының жетіспеушілігіне




  1. Митральді жетіспеушіліктің ЭКГ белгісіне тән болуы мүмкін:

  1. жүректің электрлік өсінің оңға ығысуы, II, III AVF, V1 әкетулерде Р тісшесінің ұзақтығы 0.06 сек, биік, кеуделік әкетулерде RV1+SV6> 17.5 мм.

  2. жүректің электрлік өсінің солға ығысуы, кеуделік әкетулерде RV6>RV5, RV6+SV1> 38 мм.

  3. жүректің электрлік өсінің солға ығысуы, I, AVL, V1 әкеулерде Р тісшесінің ұзақтығы 0.12 сек, екі өркешті, екінші өркеші бірінші өркешінен биік, кеуделік әкетулерде RV6>RV5, RV6+SV1> 38 мм.

  4. I, AVL, V1 әкетулерде Р тісшесінің ұзақтығы 0.12 сек, екі өркешті, екінші өркеші бірінші өркешінен биік

  5. жүректің электрлік өсінің оңға ығысуы, кеуделік әкетулерде RV1+SV6> 17.5 мм.




  1. Трикуспидальді жетіспеушілік ақауына тән ЭКГ өзгерістерді көрсетіңіз?

  1. жүректің электрлік өсінің солға ығысуы, I, AVL, V1 әкеулерде Р тісшесінің ұзақтығы 0.12 сек, екі өркешті, екінші өркеші бірінші өркешінен биік, кеуделік әкетулерде RV6>RV5, RV6+SV1> 38 мм

  2. жүректің электрлік өсінің оңға ығысуы, II, III AVF, V1 әкетулерде Р тісшесінің ұзақтығы 0.06 сек, биік, кеуделік әкетулерде RV1+SV6> 17.5 мм.

  3. жүректің электрлік өсінің солға ығысуы, кеуделік әкетулерде RV6>RV5, RV6+SV1> 38 мм.

  4. I, AVL, V1 әкетулерде Р тісшесінің ұзақтығы 0.12 сек, екі өркешті, екінші өркеші бірінші өркешінен биік

  5. жүректің электрлік өсінің оңға ығысуы, кеуделік әкетулерде RV1+SV6> 17.5 мм.




  1. Көп жылдан бері ӨСОА зардап шегетін науқас ауруханаға жатқызылды. ЭКГ-да оң жүрекшенің және оң қарыншаның гипертрофиясы, қарыншаішілік блокада анықталды.

Анықталған патологияның ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:

  1. жүректің электрлік өсінің солға ығысуы, I, AVL, V1 әкеулерде Р тісшесінің ұзақтығы 0.12 сек, екі өркешті, екінші өркеші бірінші өркешінен биік, кеуделік әкетулерде RV6>RV5, RV6+SV1> 38 мм

  2. жүректің электрлік өсінің солға ығысуы, кеуделік әкетулерде RV6>RV5, RV6+SV1> 38 мм.

  3. II, III, AVF әкетулерде Р тісшесінің амплитудасы биіктеген - Р-pulmonale, стандарттық әкетулерде RIII>RII>RI, V1 әкетуде QRS ені - 0.11 сек, QRS пішіні V1 әкетуде rSR’ түрінде, RV1+SV5>17.5 мм

  4. I, AVL, V1 әкетулерде Р тісшесінің ұзақтығы 0.12 сек, екі өркешті, екінші өркеші бірінші өркешінен биік

  5. жүректің электрлік өсінің оңға ығысуы, кеуделік әкетулерде RV1+SV6> 17.5 мм.




  1. Миокардитпен ауырғаннан кейін жүрек тұсының қысып ауыру сезімі пайда болған науқас ер кісі ауруханаға жатқызылды. Қарап тексергенде: t 37,20С. Жүректің сол жақ шекапасы – бұғанаортаңғы сызығының бойында. Жүрек тондары өте бәсең, жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: АV –өткізгіштік бұзылысының II дәрежесі, Мобитц 1. Осы патологияның ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:

  1. Айқын синустық брадикардия

  2. Синусты ырғақ, Р-Q интервалының біркелкі ұзаруымен әр екінші QRS комплекстерінің түсіп қалуы

  3. Айқын синусты брадикардия, Р-Q интервалының ұзаруынсыз, периодты түрде РQRS түсіп қалуы

  4. ЭКГ-да орынбасушы идиовентрикулярлы ырғақ тіркеледі

  5. Р-Q интервалының біртіндеп ұзарып отыруы, артынан 3-ші немесе 4-ші Р тісшелерінен кейінгі қарыншалық QRS комплекстерінің түсіп қалуы




  1. 72 жастағы науқас ЖИА, миокард инфартымен ауырады. Науқаста есінен танулар, тоникалық тырысулар дамып, еріксіз зәр және нәжіс бөлу пайда болды. ЭКГ - II дәрежелі АV-блокада, Мобитц II. 2:1. Осы патологияға қандай ЭКГ тән болуы мүмкін?

  1. Айқын синустық брадикардия

  2. Синусты ырғақ, Р-Q интервалының ұзаруынсыз, периодты түрде РQRS түсіп қалуы

  3. Синусты ырғақ, Р-Q интервалының біркелкі ұзаруымен әр екінші QRS комплекстерінің түсіп қалуы

  4. Р-Q интервалының біртіндеп ұзарып отыруы, артынан 3-ші немесе 4-ші Р тісшелерінен кейінгі қарыншалық QRS комплекстерінің түсіп қалуы

  5. ЭКГ-да орынбасушы идиовентрикулярлы ырғақ тіркеледі




  1. Ауруханаға жалпы әлсіздік, басының айналуы, көз алдының қарауытуы және қысқа уақытқа есінен танулар, жүрек тұсындағы жағымсыз сезім, жалпы әлсіздік шағымдарымен науқас ер кісі жатқызылды. Ұзақ уақыттан бері ЖИА-мен науқастанады, 2002 жылы «Артқы-диафрагмальді аймақтың ірі ошақты миокард инфаркты» болған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы. Балтырлары ісіңкі. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары өте бәсең, брадикардия, периодты түрде «Стражеско зеңбіл тоны» естіледі. ЖЖЖ минутына 36 рет. АҚ 160/70 мм сн.бғ. Науқасқа ЖИА, ИККС, толық АВ блокада диагнозы қойылды. Төмендегі келтірілген ЭКГ белгілердің қайсы тән болуы мүмкін?

  1. Р тісшесі мен QRS комплекстерінің арасында байланыс жоқ. Р-Р арақашықтығы бірдей, 0,72//. R-R арақашықтығы бірдей, 1,80//. II, III, AVF әкетулерде патологиялық Q, SТ сегменті изосызықта, Т (+)..

  2. Айқын синустық брадикардия

  3. Синусты ырғақ, Р-Q интервалының біркелкі ұзаруымен әр екінші QRS комплекстерінің түсіп қалуы

  4. Синусты ырғақ, Р-Q интервалының ұзаруынсыз, периодты түрде РQRS түсіп қалуы

  5. Р-Q интервалының біртіндеп ұзарып отыруы, артынан 3-ші немесе 4-ші Р тісшелерінен кейінгі қарыншалық QRS комплекстерінің түсіп қалуы




  1. 68 жастағы ер кісі ауруханаға жатқызылды, шағымдары: жүрек тұсының қысып ауыруы, жүрек ырғағы бұзылысының сезімі, преиодты түрде есінен танулар. Объективті: жүрек шекаралары солға үлкейген, жүрек ұшында систолалық шу, қолқада II тон қатайған; АҚ – 160/100 мм сн.бғ. ЭКГ: жүректің электрлік өсі солға ығысқан. Өз алдына жеке екі ырғақ: жүрекшелер ырғағы (80 рет мин) және қарыншалар (40 рет мин). Р тісшесі ЭКГ-ның кез келген жерінде пайда болады; QRS комплексі Р тісшесіне байланыссыз пайда болады, деформацияланған

Осы ЭКГ мәліметтерін қалай бағалайсыз?

  1. II дәрежелі АВ блокада

  2. III дәрежелі АВ блокада

  3. I дәрежелі АВ блокада

  4. I дәрежелі синоаурикулярлы блокада

  5. II дәрежелі синоаурикулярлы блокада




  1. 68 жастағы ер кісі ауруханаға жатқызылды, шағымдары: еш себепсіз жүрек тұсының сыздап ауыруына, оның ауа жетіспеу сезімімен және жалпы әлсіздікпен бірге болатынына, жүрген кезде ентігуге, периодты түрде қысқа уақытқа есінен тануларға шағымданады. Объективті: жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек ұшында систолалық шу, пульс минутына 40 рет. АҚ – 110/60 мм сн.бғ. ЭКГ: R-R аралықтары ұзарған (минутына 40 жиырылу). Әр QRS-T алдында Р тісшесі бар. Солармен бірге ЭКГ-да QRS-T комплекстерінсіз Р тісшелері бар. Р – Q аралығы барлық циклде бірдей. Осы ЭКГ мәліметтерін қалай бағалайсыз?

  1. III дәрежелі АВ блокада

  2. I дәрежелі АВ блокада

  3. II дәрежелі АВ блокада

  4. I дәрежелі синоаурикулярлы блокада

  5. II дәрежелі синоаурикулярлы блокада




  1. 68 жастағы әйел кісі физикалық жүктеме (2-ші этажға көтерілгенде, жылдам жүргенде) кезінде пайда болып және тыныштық күйде жойылатын сол қолға, йыққа және мойынға иррадацияланатын кеудесінің сол жақ бөлігіндегі қысып ауыруына шағымданады. Мұндай ауыру сезімдері бірнеше жылдан бері мазалайды. ЭКГ – жүректің электрлік өсі айқын оңға ығысқан (α = +130 0), I, AVL әкетулерде QRS комплексі rS түрде, III, AVF әкетулерде – qR түрінде; QRS комплексінің ені 0.10 сек. Осы ЭКГ мәліметтерін қалай бағалайсыз?

  1. Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасы

  2. Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы

  3. Гис шоғыры сол аяқшасының блокадасы

  4. Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасы

  5. Жүрекшеішілік блокада



  1. Науқас әйел жүрек қағуына, ентігуге, жүрек тұсында тұйық ауру сезімдері пайда болуына шағымданып ауруханаға жетқызылды. ЭКГ – жүректің электрлік өсі айқын солға ығысқан (α = -60 0), I, AVL әкетулерде QRS комплексі qR түрінде, ал III, II, AVF әкетулерде rS түрінде. QRS комплексінің ұзақтығы - 0.11 сек. Дұрыс ЭКГ қорытындысын көрсетіңіз:

  1. Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасы

  2. Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы

  3. Гис шоғыры сол аяқшасының блокадасы

  4. Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасы

  5. Жүрекшеішілік блокада




  1. Науқас ер кісі аздаған физикалық жүктемеде ентігуге, жүрек қағуына шағымданып ауруханаға жатқызылды. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты, жүрек ұшында қысқа систолалық шу. ЖСЖ минутына 76 рет. АҚ 130/70 мм сн. бғ. ЭКГ: синустық ырғақ фонында Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы анықталды. Осы патологияға тән ЭКГ бнлгілерін көрсетіңіз:

  1. жүректің электрлік өсі солға ығысқан (α = -150), I, AVL, V5-V6 әкетулерде QRS комплексі rsR” түрінде, QRS комплексінің ұзақтығы – 0.12 сек

  2. жүректің электрлік өсі айқын оңға ығысқан (α = +120 0 және одан артық), I, AVL әкетулерде QRS комплексі rS түрінде, ал III, AVF әкетуінде – qR; QRS комплексінің ені 0.08- 0.11 сек

  3. жүректің электрлік өсі оңға ығысқан (α = +95 0), III, AVF V1-V2 әкетулерде QRS комплексі rsR” түрінде, QRS комплексінің ені - 0.12 сек.

  4. жүректің электрлік өсі вертикальді (α = +90 0), III, AVF V1-V2 әкетулерде QRS комплексі rsR” түрінде, QRS комплексінің ені - 0.11 сек.

  5. жүректің электрлік өсі айқын солға ығысқан (α = -30 0 –дан -900-ға дейін), I, AVL әкетулерде QRS комплексі qR түрінде, ал III, II, AVF әкетулерде rS түрінде. QRS комплексінің ұзақтығы – 0.08 - 0.11 сек




  1. Науқастың ЭКГ-да: ритм синусты, Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасының белгілері бар. Осы патологияға сәйкес белгілерді көрсетіңіз:

  1. жүректің электрлік өсі айқын солға ығысқан (α = -30 0 –дан -900-ға дейін), I, AVL әкетулерде QRS комплексі qR түрінде, ал III, II, AVF әкетулерде rS түрінде. QRS комплексінің ұзақтығы – 0.08 - 0.11 сек

  2. жүректің электрлік өсі айқын оңға ығысқан (α = +120 0 және одан артық), I, AVL әкетулерде QRS комплексі rS түрінде, ал III, AVF әкетуінде – qR; QRS комплексінің ені 0.08- 0.11 сек.

  3. жүректің электрлік өсі солға ығысқан (α = -150), I, AVL, V5-V6 әкетулерде QRS комплексі rsR” түрінде, QRS комплексінің ұзақтығы – 0.12 сек

  4. жүректің электрлік өсі оңға ығысқан (α = +95 0), III, AVF V1-V2 әкетулерде QRS комплексі rsR” түрінде, QRS комплексінің ені - 0.12 сек.

  5. үректің электрлік өсі вертикальді (α = +90 0), III, AVF V1-V2 әкетулерде QRS комплексі rsR” түрінде, QRS комплексінің ені - 0.11 сек.




  1. Бронх демікпесімен науқастың ЭКГ-да: жүректің электрлік өсі айқын оңға ығысқан (α = - 100 градусов), V1–V2 әкетулерде rsR’ комплекстері ұзақтығы 0.12 сек., V5-V6 әкетулерде кеңейген және тісшеленген S тісшесі. Осы ЭКГ белгіге дұрыс қорытындыны көрсетіңіз:

  1. Гис шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы

  2. Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасы

  3. Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы

  4. Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес блокадасы

  5. Гис шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы




  1. 50 жастағы науқас әйел стационарға жатқызылды, шағымдары: адам жүрек қағуы, жүректің тоқтап қалуы, төс артындағы сыздап шаншып ауыруы, оның сол иыққа таралуы, тез жүрген кездегі ентігу, бас ауруы, тершеңдік, тасу (приливы). ЭКГ – синусты ырғақ, жиі уақытынан ерте Р және QRS комплекстерімен үзіледі. Осы комплекстердегі Р тісшесі екіфазалы, PQ сегмент 0,04 сек, QRS 0,1 сек., уақытынан бұрын пайда болған комплекстің алдындағы интервал және уақытынан бұрын пайда болған комплекстен кейінгі интервалдың қосындысы 2 R-R аралығынан аз. Уақытынан пайда болған комплекстердің ЭКГ тұжырымын көрсетіңіз:

  1. жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  2. қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  3. қарыншалық экстрасистолия

  4. жүрекшенің төменгі бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия

  5. жүрекшенің ортаңғы бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия




  1. 65 жастағы ер адам, аздаған физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, төс артындағы қысып ауыру, оның сол қолға, сол иыққа таралуына, жүрек қағу сезімдеріне шағымданады. Жүрек тондары тұнықталған, ырғақсыз, жүрек соғу жиілігі мен пульс 64 рет минутына, АҚҚ – 130/85 мм.сын.бағ. ЭКГ – ырғақ синусты, жиі уақытынан ерте QRS комплекстерімен үзіледі. Осы комплекстер алдында Р тісшесі жоқ, QRS ені 0,14 сек. дискордантты QRST, уақытынан бұрын пайда болған комплекстің алдындағы интервал және уақытынан бұрын пайда болған комплекстен кейінгі интервалдың қосындысы 2 R-R аралығына тең. Уақытынан пайда болған комплекстердің ЭКГ тұжырымын көрсетіңіз:

  1. қарыншалық экстрасистолия

  2. жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  3. қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  4. жүрекшенің ортаңғы бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия

  5. жүрекшенің төменгі бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия




  1. Науқастың ЭКГ-да: синусты ырғақ, жиі уақытанан бұрын пайда болған Р және QRS комплекстерімен үзіледі. Бұл комплекстердің Р тісшесі теріс, PQ сегменті 0,04 сек, QRS 0,1 сек., уақытынан бұрын пайда болған комплекстің алдындағы интервал және уақытынан бұрын пайда болған комплекстен кейінгі интервалдың қосындысы 2 R-R аралығынан аз. Уақытынан пайда болған комплекстердің ЭКГ тұжырымын көрсетіңіз:

  1. жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  2. жүрекшенің төменгі бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия

  3. қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  4. қарыншалық экстрасистолия

  5. жүрекшенің ортаңғы бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия



  1. 52 жастағы науқас ерсінің ЭКГ-да: синусты ырғақ, жиі уақытанан бұрын пайда болған QRS және Р комплекстерімен үзіледі. Бұл комплекстердің Р тісшесі теріс QRS комплексінен кейін, QRS 0,1 сек., уақытынан бұрын пайда болған комплекстің алдындағы интервал және уақытынан бұрын пайда болған комплекстен кейінгі интервалдың қосындысы 2 R-R аралығынан аз.

Уақытынан пайда болған комплекстердің ЭКГ тұжырымын көрсетіңіз:

  1. жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  2. қарыншалық экстрасистолия

  3. қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  4. жүрекшенің ортаңғы бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия

  5. жүрекшенің төменгі бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия




  1. Ауруханаға науқас әйел жатқызылды, шағымдары: еш себепсіз кенеттен пайда болатын жүрек қағуы. Жалпы жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Гемодинамика көрсеткіштері стабильді. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс, жүрек жиырылу жиілігі мен пульсі минутына 180 ретке дейін. АҚ – 130/80 мм.сн.бғ., өкпесінде везикулярлы тыныс, іші жұмсақ, бауыры үлкеймеген. ЭКГ – ырғақ жиілігі минутына 180 рет, ырғағы фиксирленген, қарыншалық комплекстерден кейін теріс Р тісшелері бар. Қарыншалық комплекстердің ені 0,08 сек., пішіні өзгермеген. Осы ЭКГ мәліметіне сәйкес патологияны таңдаңыз:

  1. жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  2. жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  3. жүрекшелер мен қарыншаларға бір мезгілде өткізілуімен пароксизмальді түйінді тахикардия

  4. қарыншалардың ерте қозуымен пароксизмальді түйінді тахикардия

  5. қарыншалық пароксизмальді тахикардия




  1. Аруханаға науқас ер адам жатқызылды, шағымдары: аздаған физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, төс артындағы қысып ауырсыну, оның сол қолға, сол иыққа таралуы, бас ауыруы, жүрек қағуы. ЭКГ – ырғақ жиілігі минутына 160 рет, ырғағы фиксирленген, QRS комплекстерінің алдында Р тісшесі жоқ. Қарыншалық комплекстердің ені 0,06 сек., пішіні өзгермеген. Осы ЭКГ мәліметіне сәйкес патологияны таңдаңыз:

  1. жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  2. жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  3. қарыншалардың ерте қозуымен пароксизмальді түйінді тахикардия

  4. қарыншалық пароксизмальді тахикардия

  5. жүрекшелер мен қарыншаларға бір мезгілде өткізілуімен пароксизмальді түйінді тахикардия




  1. Ауруханаға науқас әйел жатқызылды, шағымдары: кенеттен басталатын жүрек қағу ұстамалары. Анамнезі: ауруының басталуын бір жыл бұрын өткерген вирустық инфекциямен байланыстырады. ЭКГ - ырғақ жиілігі минутына 150 рет, ырғағы фиксирленген, QRS комплекстерінің алдында Р тісшесі жоқ. Қарыншалық комплекстердің ені 0,11 сек., пішіні өзгермеген. Осы ЭКГ мәліметіне сәйкес патологияны таңдаңыз:

  1. жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  2. жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  3. қарыншалардың ерте қозуымен пароксизмальді түйінді тахикардия

  4. қарыншалық пароксизмальді тахикардия

  5. жүрекшелер мен қарыншаларға бір мезгілде өткізілуімен пароксизмальді түйінді тахикардия




  1. Ауруханаға ер кісі жатқызылды, шағымдары: кенет пайда болатын жүрек қағуы, ауа жетпеу сезімі, төс артындағы қысып, басып ауырсыну сезімі, оның сол қолға таралуы, аяқтардағы ісіну, әлсіздік. ЭКГ – ырғақ жиілігі 200 рет минутына, ырғақ фиксирленген, II, III және aVF тіркемелерінде теріс Р тісшесі бар, aVR тіркемесінде оң Р тісшесі, Р тісшелері арасында изосызық бар. Қарыншалық комплекстер 0,06 сек. Осы ЭКГ мәліметіне сәйкес патологияны таңдаңыз:

  1. жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  2. жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  3. қарыншалардың ерте қозуымен пароксизмальді түйінді тахикардия

  4. жүрекшелер мен қарыншаларға бір мезгілде өткізілуімен пароксизмальді түйінді тахикардия

  5. қарыншалық пароксизмальді тахикардия




  1. Ауруханаға 55 жасар ер адам жатқызылды, шағымдары: кенет әлсіздік, ауа жетпеу сезімі, бас айналу, жүрек айнуы. Қараған кезде: терісі боз, ылғалды, ерін цианозы, жүрек шекарасы екі жаққа дейін кеңейген, тахикардия, соғу жиілігі мен пульсті есептеу мүмкін емес, жүрек тондары тұнық, АҚҚ – 85/65 мм.сын.бағ. ЭКГ – ырғақ жиілігі 170 рет минутына, ырғақ фиксирленген, қарыншалық комплекстер 0,18 сек., деформацияланған, ST сегменті және Т тісшесі QRS комплексіне байланысты дискордантты орналасқан, Р тісшесі анықталмайды.

Осы ЭКГ мәліметіне сәйкес патологияны таңдаңыз:

  1. жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  2. қарыншалық пароксизмальді тахикардия

  3. жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  4. қарыншалардың ерте қозуымен пароксизмальді түйінді тахикардия

  5. жүрекшелер мен қарыншаларға бір мезгілде өткізілуімен пароксизмальді түйінді тахикардия




  1. 72 жастағы науқастың ЭКГ-да: ырғақ дұрыс емес, жиілігі шамамен 138 рет минутына, Р тісшесі жоқ, V1 тіркемесінде ұсақ амплитудалы толқындар анықталады, электрлік ось солға ығысқан, алдыңғы-септальді және жүрек ұшында трансмуральды инфарктен кейінгі тыртықты өзгерістер бар. Бұл қандай ырғақ бұзылыс болуы мүмкін?

    Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
    2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
    2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
    2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
    2012 -> Альберт эйнштейн
    2012 -> Л. Г. Матвеенкова
    2012 -> Абылай хан
    2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
    2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
    2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет