Жм17-11-2 Абдуханова Д. Аппендицит


Асқазан ойық жара перфорациясы Қан кету



бет4/9
Дата03.09.2023
өлшемі392,67 Kb.
#180090
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жм17-11-2 Абдуханова Д. Аппендицит

5.Асқазан ойық жара перфорациясы Қан кету

  1. 28 жастағы ер адам, ауырғанынан кейін 4 сағаттан соң хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілді. Ауруы жедел, эпигастральді аймаққа кенеттен «пышақ сұққандай» ауру сезімімен басталып, бір рет құсқан. Үлкен дәреті болмаған, ауруы басталғалы бері ішінен желде шықпаған. Анамназінде бірнеше жылдан бері он екі елі ішектің ойық жарасымен ауырады. Анда санда амбулаторлы өздігінен ем алып жүрген.

Обьективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі мен шырышты қабаттары қалыпты түсті, пульсі минутына 96 рет, ритмі дұрыс, АҚ 110/70 мм.сн.бағ. Қарап тексергенде іші тыныс алуға қатыспайды, пальпация жасағанда іші тақтай тәрізді қатты және ауырады. Перкуссияда «бауыр тұйықтығы» жойылған. Ішек перистальтикасы әлсіреген. Қанында Эр 4,2 х1012/л, Нв – 145г/л. Лейкоцит – 12,4х10/9л.
Тапсырма: 
1. Неғұрлым сәйкес келетін алдын-ала қойылған диагнозыңыз.
2. Лабораторлы және аспаптық тексеру әдістерін талдаңыз.
3. Мұндай жағдайда науқасты жүргізу тактикасы қандай?

1.Рентген суреті: Он екі елі ішек перфорациясы іш қуысы бос ауаға толған
2.Лабараториялық инструменталды зерттеулер:
-Жалпы қан анализі(лейкоцитоз, қан формуласының солға ығысуы, ЭТЖ өсуі,)
-жалпы зәр анализы(олигоурия, альбуминурия, цилиндрурия, АЛТ,АСТ деңгейлерінің жоғарылауы)
-рентгенологиялық зерттеу (Науқасқа контрастты затсыз-ақ ренгенологиялық зерттеу жүргізгенде диафрагма астында көлеңкені аңғаруға болады.Бұл қалыпты жағдайда кездеспейтін бос ауаның пайда болғанын айқындайтын белгі. Бұл белгі ойық жара перфорациясында 75-80%-да анықталады және ішектің бүтіндігінің толық бұзылғандығынын дәлелі.)
-ФГДС
-лапарацентез
-лапароскопия
Тағайындалатын ем: Консервативті ем.»»»Симптоматикалық ем. Хирургиялық операция

Есеп 2. Емханаға 60 жастағы ер адам шіріген жұмыртқаның иісі бар көп мөлшерде бірнеше күн бұрын жеген тамағын құсуға, асқазанының толып тұру сезіміне, дене бұлшық еттерінің тартылып қалуына (судороги), дене салмағын қатты жоғалтуына, әлсіздікке шағымданып келді.
Анамнезінде: ойық жара ауруымен 15 жылдан бері ауырады, дәрігерлердің бақылауында болып тұрақты емделмей, өз бетінше емделіп жүрген.
Қарап тексергенде: науқас қатты азып кеткен, терісінің серпімділігі төмендеп құрғаған, Труссо және хвостек симптомдары оң. Іші кеппеген, пальпация жасағанда іші жұмсақ, ауру сезімі жоқ, шылыпыл шуылы естіледі, ішастардың тітіркену белгілері теріс. Асқазан рентгеноскопиясы тағайындалды.
Тапсырма:
1. Сіздің алдын-ала қойған диагнозыңыз.
2. Рентгенологиялық суретті талдаңыз.
3. Емдеу тактикаңыз қандай?

1.Рентген суреті: «Асқазанның шығу бөлігінің тарылуы (пилоростеноз)»
2.Лабораториялық инструментальды зерттеулер:
-Жалпы қан анализі(Эритроцитоз, гиповолемия)
-биохимиялық қан анализі (су-электролиттік баланстың бұзылыстары, гипонатриемия, гипокалиемия, гипопротенемия, диспротенемия)
-Жалпы зәр нализі
-Контрастты затпен рентгенологиялық зерттеу (Контрастты зат ретінде құрамында барийі бар затты аламыз. Мәселен, барий сульфаты. Контрастты науқасқа ішкізгеннен соң эвакуациялық уақытқа және де лабораториялық анализдерге қарап пилоростеноздың қай сатысында екенін анықтауға болады. Қалыпты жағдайда 3-4 сағатта эвакуацияланатын контрастты зат 6сағаттан-24сағатқа дейін немесе пилоростеноздың 3-сатысында болса мүлдем асқазаннан ішекке қарай жылжымауы мүмкін. Рентген снимокқа карағанда асқазанның көлемі ұлғайғанын(жамбас қуысына дейін жетуі мүмкін «торсық тәрізді асқазан») ), асқазанның пилородуоденалдық өзектің жіңішкергенін(«тышқан құйрығы» тәрізді) аңғарамыз. Пилородуоденалдық өзектің тарылып жіңішкергенінен эндокопиялық зерттеудегі аспап өтпей қалады.
3.Тағайындалатын ем: Симптоматикалық, Хирургиялық операция»»» Еюногастроанастомоз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет