Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту


«Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың



Pdf көрінісі
бет13/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
«Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың 
тәжірибелік-эксперимент жұмысы»
атты үшінші бөлімде бастауыш білім 
беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың әдістемесі негізделіп, зерттеу 
мәселесі бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар мен 
олардың нәтижелері келтіріледі.
Қорытындыда 
ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі 
нәтижелері мен тұжырымдары түйінделіп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен 


15 
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту мәселесінің 
болашақтағы зерттелетін бағыттары көрсетіледі.
Қосымшада 
диссертацияға енбеген, зерттеу барысында әзірленген арнайы 
курс және диагностикалау материалдары беріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


16 
1 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІН МЕТАПӘНДІК ТҰРҒЫДА 
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1.1 «Метапән», «метапәндік тұрғыда оқыту» ұғымдарының мәні және 
олардың зерттелу жайы
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың әдіснамалық 
негіздерін жүйелеудің бастауы «метапән», «метапәндік тұрғыда оқыту» 
ұғымының мәнін анықтап алудан басталатыны белгілі.
Алдымен 
метапән, метапәндік тұрғыда оқыту
түсінігінің отандық 
педагогика ғылымында термин тұрғысынан қолданыла бастауына мән береміз. 
Бұл терминнің қазақ тілінің ғылыми әдебиеттерінде қолданылу аясын зерттей 
келе, жаңа ұғым екендігіне көз жеткіздік.
Бұл бір жағынан, осы мәселенің 
қазақ педагогика
ғылымында жаңадан 
зерттеліп жатқандығын аңғартса, екінші жағынан қазақ тіліндегі ғылыми 
термин ретінде қалыптаса қоймағандығын, қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 
енгізілмегенін көрсетеді.
Зерттеу барысында диссертацияның түйінді ұғымы «метапәндік тұрғыда 
оқыту» түсінігінің негізі ретінде «метапән» мәселесін қарастырған шетелдік 
және отандық еңбектерге
 
талдау жасалды. Ең алдымен, «метапән» ұғымның 
түбірі 
«мета»
сөзінің беретін мағынасына көз жүгіртуді жөн санадық.
«Мета» түбіралды қосымшасымен құрылған сөздер түрлі тәжірибеде жаңа 
мәнге ие болады, бірақ та мағыналас келеді. Грек тілінде «мета» сөзі 
«арасында», «кейін, келесі, одан кейін», «арқылы» деген 
абстракциялау

жалпылау

аралық,
басқа сапаға көшу
мағынасын білдіреді. Сонымен қатар 
кейбір сөздіктерде «бір нәрсенің арқасында тұру», «үстінде» деген мағынаны 
береді. Мәселен: «метагалактика» (барлық галактикалар), «метаболизм» 
(айналу, айналдыру, зат алмасу), «метадеректер» (ақпарат параметрлері туралы 
деректер), метаморфоз (құрылыстың (форманың) өзгеруі, күйдің алмасуы, 
айналу), «метагенез», «метафизика», «метафора» және т.б [70-72]. 
Эпистемология (ғылыми дүниені тану негізін, мүмкіндігін, құралын 
тексеретін философияның бір тарауы) ғылымында «мета» түбірі 

«өзі туралы»
мағынасын береді. Физикада «физикадан кейінгі нәрсе» жалпылаудың, 
әмбебаптылықтың, кіріктірудің ең жоғары деңгейін білдіреді [72,б. 1267]. 
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, «метапәнділіктің» негізін Аристотельдің 
«Метафизикасы» салған болып табылады. Философтың түсіндіруінде 
«метафизика» физикалық білімнен жоғары, сол уақытта жаратылыстану-
ғылыми біліммен теңестірілген білімнің ерекші түрі болып анықталды. Ол 
терминді ежелгі грек ойшылы Андроник Родосский енгізді. Әуелде 
«метафизика» термині болмыстың түпкі себептері туралы философиялық 
еңбектерге сілтеме жасау үшін қолданылды. Кейін «метафизика» ұғымын 
барлық нәрсенің бастауы туралы ілім ретінде қарай бастады. Аталған ұғымның 
тікелей немесе тура мағынасында бұл сөз әлем, атап айтқанда, адамзат әлемі 
туралы біртұтас білімді білдірді [4].


17 
Сонымен қатар «метапсихология» ұғымы да пайда болып, дамып келеді. 
И.Е.Гарбердің баяндауы бойынша «метапсихология» Д.Гильберттің метағылым 
тұжырымдамасы мен В.Ф.Турчиннің метажүйесіне өтуге негізделген 
психологиялық пән ретінде анықталады. Г.В.Суходольскийдің еңбектерінде 
метапсихологияны ғылым ретінде, оның пәнін психика және әлем, яғни 
метажүйе деп қарастырған. З.Фрейд оның психологиясын санадан тыс ретінде 
көрді [73-75].
Тағы да психологияда «метажады» түсінігі бар. Яғни «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет