Жұмасаев Бейсен Алашбайұлы Бұл кітапты Алла ризалығы үшін әкем Алашбай анам Торғай Рухтарына арнаймын


Әулие кесенесі көтерілгені. 2004ж, тамыз



бет10/26
Дата28.02.2018
өлшемі4,08 Mb.
#38324
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

Әулие кесенесі көтерілгені. 2004ж, тамыз.
- Қашан келеді - деп едік шынында көп ұзамай ағаштарын әкеліп, атаның жатқан жерін тегістеп, жөндеп мал құдайысын Науатхан беріп, «Бісмилләһи Рахмани Раһим» деп оппаловкасын құрып, фундаменті құйылды.

Осы кезде бір нағашым Қатиқан деген қасында Мәкен Уақтегі мен келді, көп отырып әңгімелесіп, құжаттарды оқып, ниет қабыл болсын дәптерлерін оқып, сол кісінің арқасында «Азат» газетіне 29.09.2004ж. «Асауан сахаба кім еді?» деген үлкен мақаласы шықты.

2004 жылдың аяғында аудан бас сәулетшісі Нұрбеков С. келіп:

- Бейсеке, рұқсатсыз құрылыс салуға болмайды. Мына көтерген кесенені фундаментіне шейін бульдозермен сүріп тастаймын, - деді.

- Қолыңнан келе ме, сүріп таста! - дедім.

Сонымен не керек Нұрбеков қайта-қайта келіп бір келгенінде Нұсқама хаты №13, Акт о самовольной застройке, Протокол об административном правонарушении 07.01.2005ж. және сот ханым Ахметованың повесткасын әкеліп тастап кетті. Сондай әңгіме үстінде мен ұстаз қылып жүрген Дүйсен деген жігіт әйелімен келіп естіп көрді:

- Бейсен, мынау не дейді? Астапыралла! Сүріп тастаймын дей ме? Мынау масқара, - деп қоймай қойды. Содан айттым:

- Құжаттар Даниярдың атында. 5 жыл арендаға алған бұл жерді срогы 2005 жылдың наурызында бітеді, - дедім.

- Не, Данияр бұл жерді арендаға алатын картошка, қауын, дарбыз отырғыза ма?- деп күлді.

- Молдеке, күлсең де сол, күлмесең де сол. Мінекей қағазы - деп, Даниярдың атына берілген шешімді көрсеттім. Дүйсен аң-таң болып біраз отырғаннан кейін

- Бейсен, ауылда менің бір жездем бар Әбдірахман деген. Ол мұндай спорный сұрақтардың жолын біледі. Бір ауыз айтып көрейін, мыналарың сұмдық қой, - деп кетті. Көп ұзамай Дүйсеннің әкесі Бастаубай және жездесі Әбдірахман келді. Танысып, жөн сұрастық. Қолымдағы құжаттарды көрсеттім. Сонымен бұл екі кісі қол ұшын беріп, көмектесетін болды. Әрі-бері Бастаубай ағаның мәшинесімен жүргенде бензин-пұлын, жол-кіре беріп тұрдым. Ең алғашқы «осы Даниярды көрейін» деп Әбдірахман Таразға барды. Қасында балдызымен бірге. Сонда айтып келгені:

- Даниярдың үйі лықа толы дүние. Кірсең шыға алмайсың. Баласында компьютері бар екен. Әйелі кісәпір екен. Тырнағын егелеп отырғаннан былқ еткен жоқ. «Нан ауыз тиіңіздер» - деп айтуға шамасы келген жоқ. Бейсен, ол сен туралы не айтушы еді? Сені жамандады. Сонымен «ашқан қор, печать бәрін қайтар» дегенде әулиеден кешірім сұра деп айтқаныма:

- Бармаймын, бермеймін, ол қорды жабуға ешкімнің құқығы жоқ. Аға, әуре болмаңыз, - депті Данияр.

Сол кезде аудан әкімі Рысмендиев кетіп, орнына Қарашолақов әкім болып келгенде біз 5 гектар жер және 30 соттық автотұраққа арыз жазып барып едік. Ол жауапсыз қалған еді. Әйтеуір Әбдірахман Қарашолақовты жақсы білемін деп, бұрын бірге жұмыс істегенбіз, ішім-жемі бір болғандығын айтты.Сөйтіп жүріп, соңынан қалмай жүріп әкімнің шешімін алдық. Бір гектар жердің шешімін көргенде жүрегім жарыла қуанды.
57

22.04.2005ж.

Азамат Б.Жұмасаевтың «Асауан-Ата» тарихи Ескерткіш кесенесін салу үшін жер бөлу өтініші туралы
Азамат Жұмасаев Бейшен Алашбайұлының өтінішін және 2005 жыл 6 сәуір күнгі жер учаскесін таңдау актісін қарап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы №1313 Қаулысымен бекітілген «Жаңа нысандардың құрылысын жүргізу және өзгерістер енгізу ережелерін негізге ала отырып

ШЕШІМ ЕТЕМІН:

  1. Азамат Б.Жұмасаевқа Төле би ауылдық округіне қарасты Төле би – Шу автожолы бойынан «Асауан-Ата» кесенесін салу және оны көгеріштендіру аймағын орналастыру үшін алаңы 1 га. жер учаскесін таңдау актісі алдын-ала келісілсін.

  2. Аудан әкімдігі қала құрылысы және құрылыс бөлімінің меңгерушісі С.Нұрбековке «Асауан-Ата» кесенесі жобасына сәулеттік жобалау тапсырмасын дайындап беру ұсынылсын.

  3. Тапсырыс беруші кесене жобасын дайындап оны келісім алуға аудандық бас сәулетшісіне ұсынсын.

  4. Азамат Д.Сайлаубековке Төле би ауылдық округінің Әкімінің 2001 жыл 3 наурыз күнгі Төле би-Шу автожолы бойынан жалдау шартымен 5 жыл уақытша мерзімге «Асауан-Ата» кесенесін аумағымен орналастыру үшін жалпы көлемі 1,0 га. Жер пайдалану құқығы туралы №200 шешімінің күші жойылсын.

Төле би ауылдың

округінің Әкімі: Б.Өксікбаев
2004 жылдың тамыз айынан басталған әулиенің құрылысы қар жауғанша қабырғасы көтерілді. 2005 жылдың көктемінде қайта қолға алынды. Науатхан мырза күйеу баласы Ержанның атынан Тараз қаласынан «Асауан» құрылыс фирмасын ашты. Оны тендерден өтіп, адам алып, Сарышаған станциясына жүріп кетті. Ол кезде оларда Камазы, көк рафик, 31 волгасы бар еді. Жинаған көп жігіттерді алып кетті де әулиеде қалған Мойынқұмнан келген Арқабай, Мұрат, Елдос, Шаяннан келген Жанайдар, Науатханның екі жиені Әзілхан мен Ұлықбек қалды. Ала жаздай күзде және қар түскенше жігіттер жұмыс істеді. Бірақ айлықтарын ала алмады. Бір күні жазда Науатханның Таразда тұратын Айқожа деген досы баласымен келді. Киіз үйде отырып Айқожаның айтқаны:

- Нәке, мына машинаны (Мерседес-260) сізге сыйлаймын. Үйде бала-шағамен отырып, солай шештік,-деп көліктің кілтін, құжаттарын қолына берді. Біз құттықтадық. Гуля шай ішіп отырып, арам ойы жоқ:

- Әруақ, құдай қолдап құдай қаласа самолет мініңдер, - деп еді. Сол-ақ екен, Науатхан іліп алып жөнеле кетті.



Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет