Жұмасаев Бейсен Алашбайұлы Бұл кітапты Алла ризалығы үшін әкем Алашбай анам Торғай Рухтарына арнаймын


Қазақстан Республикасы Республика Казахстан



бет7/26
Дата28.02.2018
өлшемі4,08 Mb.
#38324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

Қазақстан Республикасы Республика Казахстан

«Асауан-Сахаба» Общественный фонд




Қайырымдылық қоры Благотворительный фонд

Қоғамдық қоры «Асауан-Сахаба»
Тараз қалаы, «Салтанат» мөлтек ауданы, г. Тараз, микрорайон «Салтанат»

16 үй, 9 пәтер. Тел.: 6-43-88 дом 16. кв. 9. тел.: 6-43-88

РНН 211500098611 РНН 211500098611

ЖФ ОАҚ «Банк Туран Әлем» ЖФ ОАО «Банк Туран Алем»

Е/ш 000700166 БИК 191401338 Р/с 000700166 БИК 191401338

КБЕ 18 КБЕ 18
Шу аудандық прокуроры

Сейтжанов Қайсар мырзаға
АРЫЗ

Сізге арыз жазу себебіміз Төле би ауылы маңындағы салынып жатқан «Асауан-Сахаба» кесенесінде уақытша күзетші болып істеп жатқан Жұмасаев Бейсеннің теріс қылықтарына байланысты.

«Асауан-Сахаба» қоғамдық қоры кезінде оны иманды, әулиені сыйлайтын адам деп түсініп, осы жұмысқа ауызша келісіммен уақытша баскөз болуға алған едік. Бұл адамның кісілік қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік болмады. Кейін Жұмасаевтың қасиетті жерді жын-ойнаққа айналдырып жібергені белгілі болды. Рұқсатсыз үй салған. Құрылыс басынан 1,5 тонна цемент, 150 кірпіш (әрқайсысы 35 теңге), сатып жіберген. Әулие басына үйсіз-күйсіз құмалақшы әйелдерді түнетіп жүрген, заңсыз емшілікпен айналысқан. Зиярат етушілерге балағат сөздер айтқан. Қор басшылығын одан бұл жерден кетуін сұрап, бір ай бұрын ескерту берген еді. Азамат Жұмасаев Бейсен талапты орындамай, қасарысып отыр. Қор басшылығы тағайындаған басқа адамға орынды босатпай, қарсылық көрсетуде.

Осы істі шешіп беруіңізді сұраймыз.
«Асауан-Сахаба» қайырымдылық

қорының атқарушы директоры: Д.Сайлаубеков

9.10.03ж.
Аудан прокуроры Сейтжанов мырза арызды аудан ІІБ Оспанов мырзаға жіберді. Ол тергеушісі Ермекбаев Т. мырзаға тапсырды. Тексеру жүгізілді. Арызда айтылған «ауызша жұмысқа баскөз болуға алдық» деген. Сонда жаным қиналып, аяндықпен көріп бергесін қойған мен ал олар Қонақбаев Е., Данияр, Асылбек дайын асқа ие болғысы келеді. Мақал бар, «Қатынды қалың мал беріп біреу сатып алады, қойнына тегін келіп біреу жатып алады» дегенін кері. Жазғаны тағы бар, «қасиетті жерді жын-ойнаққа айналдырып жібергені белгілі болды» дейді. Жын-ойнақты жасаған кім екен? Сол кезде жын-ойнақ жасаған Асылбектің жиендері шығар, кім біледі бір кемпір кісінің айтқаны рас шығар. Ол апаның айтқан әңгімесі:

- Балам алғашқы ашылғанда келіп түнеп едім. Денем сергіп жақсы болдым. Бір-екі айдан соң тағы да қызыммен ниет қылып түнеуге келіп едім. Қарағым, ол күні сен жоқ едің. Қыздар, жігіттер жүрді. Сұрастырып едік, Асылбектің жиендері, Бауыржан, Биғазы қарындасы Шолпан, Жарқын деген қыз бар және Мира шай ішіп, тамақтан кейін жатып ұйықтадық. Түнде дәрет қышап қызымды оятып, сыртқа шықтық. Дәретхана жақтан күбірлеген дауыстар шығып жатты. Жақындап бардық. Сөйтсек, Бауыржан мен Биғазы, Мира үшеуі ауыздарында темекі, алдарында ашылған бөтелкеде арақ, закускамен отыр. Қызымыз екеуіміздің көзіміз шарадан шығып кете жаздады

- Астапыралла! – деп жағамды ұстап, мыналардың тіршілігін көріп жүрегім аузыма тығылып таңға көз ілмей, аласұрып шықтық.

- Ойпырмай, «құдайдан қорықпағаннан қорық» деген, басқа-басқа әулиенің басында мынандай нәрсе істеп отыр деп қатты қиналып кеттім. Біраз елге көргенімді айтқаным рас, қарағым. Осы 3-4 күн болды осы әулие атамды түсімде көрдім. «Балам, келмей кеттің ғой, бір түнеп кетсеңші» деген соң келіп отырмын. Балам, келерде әлде қандай болар екен деп қорқақтап келіп едім. Жоқ, балам жаман емес, әулие атаның басы енді тазарыпты. Айналайын, артық кетсем кешір, - деп әңгімесін айтып еді.

«Рұқсатсыз үй салған» тергеуші жігітке тұрып жатқан үйді вагон екенін көрсеттім. Сыртын қызыл кірпішпен қаптап, жылы болсын деп қаптатқанбыз. Және вагоннын квитанциясын көрсеттім.

- Бауырым, бұл вагонды Төле би ауылында тұратын Құтыш деген өзбекті танушы ма едің? Сол жігіт берген. Атасы өзбек емес пе? Ақшасы керек жоқ, Алла риза болсын, ата-бабаларыма құран оқып тұрыңыз деп берген. Бұл вагонда қанша адам келіп түнеп, қанша адамның сауабын алды. «Шіркін-ай қандай тамаша ұйықтадым» деген сөздін өзі сол Құтыштың ата-бабаларына барады. Бауырым, сол сауабты инемен құдық қазғандай жинап отырмын, - дедім.

«Қордың құжаттарын, бланкілерін сейфті сындырып ұрлап алған» дейді. Данияр бір келгенінде құжаттардың түгел қоймай, көшірмесін әкеліп берген.

- Бейсен, мен жоқта анау-мынау демесін мынау сенде болсын, керек болар - деген. Ал сейфты өзі жеңіл машинаға салып алып кеткен.

«Құрылыс басынан 1,5 тонна цемент 150 кірпіш әрқайсысын 35 теңгеден сатып жіберген». Құдайға шүкір, Даниярдың өтірігін шығарған өзбек балалар еді. Даниярдың кімге сатқанын, қай үйге апарғанын көрсетіп береміз- деді. Кейін қол хат жазып берді.

«Әулие басына үйсіз-күйсіз құмалақшы әйелдерді түнетіп жүрген заңсыз емшілікпен айналылсқан». Құдайға шүкір, келіп жүрген құмалақшылардың бәрінің үй-жайы бар. Әулиеге кім келеді, «басы ауырып балтыры сыздаған» келеді. Осы әулиенің суынан шипа іздеп, Алланы танысақ деп келеді. Ал өзіме келсем, дем салып қараған адамдарым, алдыма келгендер жаман болған жоқ. Бір айыбы, «емші» деген дипломды сатып алған жоқпын.

Әйтеуір Ермекбаев Талғат қаулы шығарамын деп сол қаулының соңында Гуля аудан полициясының табалдырығын тоздырды. Күніге ертеңмен жүріп бір ай дегенде зорға алды. Бір күні ашуланып келді.

- Не болды? - деп едім

- Мына менттер ылғи барам, бір кабинетте екеуі отырады. Алдарында бір-бір компьютер, жұмыстары ауыр екен деп ойласам, бастық шақырып жатыр деп екеуі шығып кетті

- Әкпе, сіз отыра беріңіз біз қазір келеміз - деп шығып кетті. Тұрып компьютерлерін қарасам, екеуі екі компьютермен преферанс ойынын ойнап отыр екен. Жұмыстары ауыр ма десем.

- Қойшы, пенде ғой. Неғыласың - деп жұбаттым.

Әйтеуір ертең айт деген күні 27.10.2003ж. қаулыны шығарып беріпті. Гуля оқып болып Талғатқа қарап:

- Бауырым, Даниярдың қанша долларына сатылдың? Әлі сендерді де көреміз,- деп шығып кетіпті.
Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы

Төле би ауылы 27.10.2003 жыл

Қаулы еттім:

  1. Азамат Сайлаубеков Даниярдың арызы бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға қылмыстық құрамы болмауына байланысты.

  2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлауға.


Шу аудандық ІІБ аға тергеушісі,

полиция капитаны: Т.Ермекбаев
Сол Ермекбаев Талғат осы қаулыны шығарғаннан кейін жеті айдан соң осы әулиенің бас жағында машина қағып, авария жасады. Бұл әулиенің оған деген ескертуі еді.
«Ол дүниеге барғанда, Алла сотын құрғанда,

Қалың тікен ішінде, есекке ұқсап шырмалма».



Әулиенің жатқан жері. 2001ж.
Біраз уақыттан кейін балаларым екеуі де түстен кейін оқитын, кешке кішкене кешіксе қорқатын болдым. Түнде жалғыз дәретке шықпаймыз. Ол кезде төңіректің бәрі ашық. Біреулердің үйді торауылдап жүргенін көрдік. Ол кезде аяндықпен мөрді тығып, бөтен жерде ұстап отырдық. Талай рет мөрге шабуыл жасалды. Ұрлап алмақшы болды. Бұл мөр дәлелмен тұрған соң Асылбек пен Даниярдың жібермеген, жұмсамаған адамдары қалмады. Бұл екеуін жоғарыдан жұмсағандары белгілі болды. Данияр арыз жазып жүргенде бір нағашымның асына барамын деп Гуля, Мөлдір мен үшеуіміз келе жатып машинамен аварияға түстік. Қолым сынып бізді қаққан Ораз деген жігіт еді.



Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет