Жұмыс бағдарламасы 3-12 б. Силлабус 13- 23 б. Дәрістер 24-88 б. Практикалық сабақтар 89- 92 б. ОбсөЖ және СӨЖ 93-103 б



бет3/18
Дата11.01.2017
өлшемі3,26 Mb.
#6957
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

«Отбасынтану»

№ п/п

Оқулық,оқу құралдары.

Тілі

Автордың аты жөні.

Экземплярлар саны

Электронндықверсиялар.

1

Казак отбасы

каз

Аргинбаев Х

1996


10







2.

Семейное воспитание и домашнее воспитание

русс

Куликова Т.А.

1999


14







3.

Отбасымен алеуметтик педагогикалык жумыс

каз

Баймуканова М.Т.

30







4.

Семейная педагогика и домашнее воспитание

русс

Зверева О.Л.

2000


10







5.

Әдеп және жантану

Хрестоматия



Каз

Жарықбаев Қ

1996


9







6.

Жантану негіздері



каз

Жарықбаев Қ

2002



20







7.

8.

Отбасындагы тәрбие кундылыктары

Отбасынтану



Каз

Каз.


Мукутова Ж.К.

Мукутова Ж.К.



10

10









Негізгі әдебиеттер.

1Арғынбаев Х. Қазақ отбасы.,Алматы,Қайнар, 1996.

2.Баймұқанова М.Т Отбасымен әлеуметтік -педагогикалық жұмыс: Оқу құралы. Астана, 2005.

3. Куликова Т.А. Семейная педагогика и домашнее воспитание. Учебник М.1999.

4. Зверева О.Л. Семейная педагогика и домашнее воспитание. Учебник М.2000.

5. Мукутова Ж.К. Отбасынтану, Кокшетау, 2009, 139стр.

6. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану. Хрестоматия . Алматы,1996.

7..Ковалев Психология семейных отношений М.1987.

8.Гребенников И.В. Основы семейной жизни, М.1991.

9.Владин и Капустин Д. Гармония семейных отношений.Алма-Ата,1991.

10.Разумихина Г. Мир семьи.М.1986.

11.Ковалев С.В. Психология современной семьи,М.1991.

12.Кронин А. Кронин Е.В. В главных ролях. ВЫ-МЫ-ОН- и Я. Психология значимых отношений.М.1989.

Қосымша әдебиетер

1.Хрестоматия по этике и психологии сем. жизни.М.Просвещение.1986.

2.Сухомлинский родительская педагогика,М.1987.

3.Подласый И.П. Педагогика М.2000.

4.Педагогика под ред. Пидкасистого М.1998.

5.Спок Б. Разговор с матерью.М.1991.

6.Мейрханова Қыздың жолы жіңішке,Алматы,1994.

7..Афанасьева.Т.М. Семья,Алматы. 1986.


7. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары

№ тапсырма беру аптасы

Сабақ тақырыбы

СӨЖ тапсырма-

лары


Ұсынылатын әдебиеттер

ОБСӨЖ бақылау формасы

№ тапсырманы

тапсыру уақыты



оқу құрал



беті, § және тарау

1

2

3

4

5

6

7

1-2

Отбасынтану пәнінің негізгі ұғымдары

Конспект.

1

3-15.

әңгімелесу, шығарма жазу

2аптаның соңы.

3

Отбасы және қоғам.

баяндама

1.8.

20-50

Пікір алысу.

3 апта

4

Қазіргі отбасы түрлері,функциялары.

Ақпарат жинау

Жур.




Тексеру.

4апта

5

Отбасы туралы Зан.

конспект

Заң

30 б.

тексеру

5 апта.

6

Отбасының адам өміріндегі рөлі.

Шығарма.







Оқу.

6апта.

7

Отбасында оқыту, тәрбие әдістері

Пед. жағдаяттар

Зверева сем. Пед.

25-30б.

Шығарту,әңгімелесу

7апта.

8

Ата -аналар беделі

оқу

Вос. Школь.

№1

2005


әңгімелесу.

8апта.

9

Отбасындағы дұрыс және теріс тәрбилер.

саралау

И.П.Подласый




әңгімелесу.

9апта.

10

Отбасының бақыты неге байланысты.

шығарма







Оқу,пікіралысу.

10 апта.

11

Отбасындағы дау- дамайлар.

Пед. Жағдаяттар.

Зверева,сем пед ....

25-30

шығарту

11 апта

12

Ажырасудың балаға кері әсері.

Сайысқа дайындық

8.11.20

70-75.

Пікірталасты

өткізу


12 апта.

13

Отбасын зерттеу әдістері.

жинастыру

8,19,20.кос.6

75-80

Көрсету.

13 апта.

14

Отбасымен әрекеттесу түрлері.

Сценарий құру.

9.20

20-49б.

Қорғау.

14 апта.

15

Портфолио қорғау.

Баяндама.







Қорғау.

15 апта.


7.1 Студенттердің өздік жұмыстары:

1. Отбасынтану пәнінің негізгі ұғымдары бойынша кроссворд құру, шығарма жазу

2.Қоғаммен отбасының әртүрлі кездегі байланысы туралы мысалдар кетіру үшін статистикалық мәліметтер жинастыру.

3.Отбасының негізгі қызметтері, отбасының әлеуметтендірушілік функциялару туралы ақпарат жинастыру.

4. Баланың құқтары туралы құжаттарға, неке және отбасы туралы Заңға конспекті жасау.

5. Отбасының адам өміріндегі рөлі туралы шығарма жазу, пікірлер айту.

6. Отбасындағы тәрбие әдістерін пед. Жағдаяттарды шығару арқылы табу.

7. Ата -аналар беделі, жағдаяттарды шығару арқылы әңгімелеу.

8. Отбасындағы дұрыс және теріс тәрбилер. жағдаяттарды шығару арқылы қателерді табу.

9. Отбасының бақыты неге байланысты? Шығарма жазу.

10. Отбасындағы дау- дамайлар туралы жағдаяттарды жинастыру, оларды шығару арқылы әңгімелесу.

11. Ажырасудың балаға кері әсері. Ажырасқан отбасындағы балаға психологтың қолдау,көмек көрсету түрлерін мектеп психологі журналарынан жинастыру.

12. Отбасын зерттеу әдістері.Түрлі әдістердің қолдану жолдарын көрсету.

13.Сурет әдістерін саралау.

14. Отбасымен әрекеттесу түрлері. Ата- аналармен жүргізетін дара,топтық жұмыс түрлерін жинастыру.

15.Ата- аналармен жүргізілетін жиналыстар сценарилеін саралау.



8.Бағалау ақпараты

Бақылау түрлері (ағымдық,аралық,қорытынды)

Бақылау әдістері (сұрақ, жазба жұмыстары, тесттер)

9. Бағаны қою саясаты

Объективтілігі (бағалау жүйесінің нақты эквиваленті ).

Айқындылығы (хабарлануы).

Ыңғайлылығы (әртүрлі бақылау формасын ескеру).

Жоғары дифференциация (көп ұпайлық бағалау шкаласының көмегімен жоғары дифференциациялау ).

Студенттерге оқу әрекетінің әрбір түрінің бағалану ережесін және ағымдық, аралық, қорытынды ұпайлардың критерийін уақытында айту (семестр басында, сабақ басында, бақылау жұмысының алдында).

Бағаны қою саясаты 100 ұпайлық (100%) жүйеге негізделеді және ұпайлардың төмендегідей бөлінуін қарайды.





Пәнді игеру үдерісіндегі бақылаудың түрлері

Баға ұпайлық жүйеде

Min/max

I

Ағымдық бақылау I



20




Аралық бақылау I

10




Аралық бақылау қорытындысы I

30




II

Ағымдық бақылау II



20




Аралық бақылау II

10




Аралық бақылау қорытындысы II

30







Рұқсат беру рейтингісі



30/60

III

Қорытынды бақылау (ИК)

Емтихан



40

20/40





Барлығы

100

50/100


Он ұпайлық шкалада бағалау эквиваленті

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық эквивалент

Ұпайдық пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе

бойынша бағалау



A

4,00

95-100

Өтежақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,00

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,00

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз


10. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика

сабаққа қатысуы;

сабақта өзін-өзі дұрыс ұстау ережесін сақтау;

сабақтағы белсенділігі;

мадақтау және жазалау;

Библиотекада, үйде өздік жұмыспен айналасу.



Тақырып : Отбасынтану пәні және оның міндеттері.

1.Отбасынтану пәнінің зертеу пәні, объектісі.Отбасының адам өміріндегі алатын орны.

2.Негізгі ұғымдарына сипаттама, пәнді оқыту міндеттері.

3.Отбасын зерттеген ғалымдар.

Отбасында адам өмірге келеді, тәй - тәйлап басады, бірінші қуанышы

мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады.

Олай болса отбасы деген не? Оның мәні неде? Қоғамда қандай рөл атқарады?

Әр адамға не береді?Осы сұрақтарды жан - жақты қарастырып, шешуге

көптеген ойшылдар, ғалымдар ат салысқан. «Неке» және «отбасы» ұғымдары арасында

тығыз байланыс бар.

Өткен кезеңдердегі және қазіргі заманғы әдебиеттерде «неке», «отбасы» сөздері синоним

ретінде қолданылады, алайда бұл ұғымдардың ортақ жалпы мәні де, өздеріне ғана тән

жеке мәндері де бар. Ғалымдардың дәлелдеуінше, неке мен отбасы әр түрлі тарихи кезеңде

пайда болған.

Социологтардың беретін анықтамасы бойынша, неке дегеніміз- әйел мен еркек арасындағы тарихи өзгеріп тұратын қарым-қатынастардың әлеуметтік нысаны. Осы нысана арқылы олардың жыныстық өмірі тәртіпке келтіріледі және оған рұқсат беріліп, олардың ерлі-зайыптылық құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.

Отбасы туралы түрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Ең алдымен «отбасы»

деген ұғымға тоқталсақ: отбасы-бұл мемлекеттің ең негізгі іргетасы,

негізі. Мемлекеттің мықты болуы отбасының берік, бақытты, мерейі үстем

болуымен тікелей байланысты. Отбасының беріктігі қоғамның жағдайымен,

даму қарқындылығымен тығыз байланысты.

"Отбасы" - өзін - өзі сақтап жалғастыру және әрбір мүшенің өзін-өзі

таныту мақсатында біріккен әлеуметтік - педагогикалық адамдар тобы »-Л.Д.Столяренко.

«Отбасы өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдында моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар» Т.А.Куликова.

Ғалымдар тұжырымдамалары бойынша жанұя- адамдардың, яғни некелік жүзінде қосылған еркек пен әйелдің, олардың туған немесе тумаған балаларының, кей кездерде басқа да бірге тұратын жақын адамдарының қарым - қатынастық, бірлестік формасы.

Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта.

Отбасында төмендегідей негізгі міндеттер шешіледі :

-отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар беріледі;

-қоғамның азамат мүшесі отбасында тәрбие алады;

- салт-дәстүрлер жалғастығы іске асады;

-отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері азаматты, патриотты тәрбиелеу, қалыптастыру,

-болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесі жетіледі;

-өзіндік сана-сезім, пікір, «Мен» позициясы қалыптасады;

- өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге тәрбиеленеді;

-отбасының кәсіп таңдауға да тигізетін ықпалы орасан.

Отбасындағы басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

«Отбасы тәрбиесі -нақты отбасының жағдайларына байланысты өтеді. Ол отбасында ата- аналардың және басқа да мүшелерінің балаға тәрбиелік ықпал ету жолдары».

«Неке - тарихи жағдайдайларға байланысты еркек пен әйел арасында жыныстық қатынастарды реттеуге бағытталған, отбасын құру мақсатында біріккен еркек пен әйелдің еркін одағы».

Әлеуметтендіру жеке адамның қоғамда қалыптасқан нормаларды, ережелерді игеруі арқылы, қоғамдық өмірге белсенді араласуы.

Отбасынтану пәнінің зерттеу объектісі- отбасының тәрбие институты ретіндегі даму барысындағы негізгі тенденциялары.

Зерттеу пәні- отбасының мәні, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету әдістері, формалары т.б.

Отбасының қазіргі кездегі проблемалары:әлеуметтік жағдайлар,жұмыссыздық,

ажырасудың көбеюі, ішімдікке салыну, нашақорлық,тастанды балалардың көбеюі,

толық емес отбасылардың санының артуы, жезөкшелік,түрлі ауруларға

шалдығу, қаңғырып кету, халықтың жақсы тәрбиесінде дәстүрдің азаюы –

бұлардың барлығы тек отбасының ғана емес, қоғамның, мемлекетімізді

толғандыратын мәселелері.

Отбасынтану пәнінің міндеттеріне төмендегілер жатады :

- Отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін қарастыру,

- Отбасы тәрбиесінің тәжірибесін зерттеу,

- Ғылыми жетістіктерді тәжірибеге еңгізу,

-Студенттердің, ата-аналардың педагогикалық-психологиялық мәдениетін жетілдіру жолдарын карастыру,

-Отбасына, балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету.

Сонымен, отбасы не үшін қажет:

-Біреуге арқа сүйеу үшін;

-Ақылдаса алатындай біреу болу үшін;

-Пікірін құрмет тұта алатын біреу болу үшін;

-Қиын жағдайда қалдырмайтындай біреу болу үшін;

-Шынайы түрде жақсы сезімде болатын біреу болу үшін;

-Сондай-да құндылықтарды бағалай білетін біреу болу үшін;

-Қызғанбайтын біреу болу үшін,

-Табысқа бірге қуана алатын біреу болу үшін;

-Сенімділік таныта алатындай біреу болу үшін;

-Қиын уақытта қайғысына ортақтаса алатын және қорғай білетін біреу болу үшін;

-Заттар мен оқиғаларға ұқсас пікірмен қарай алатындай біреу болу үшін;



-Әлсіз жақтарын теңдейтіндей біреу болу үшін.

Отбасы мәселелері әлі толық зерттелмеген, себебі жабық институттар қатарына кіреді.

Түрлі мамандық иелерінің отбасы тақырыбына деген қызығушылығы, ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, әлеуметтік ортада отбасының өмір сүруінің көп функциялы сипатына байланысты.

Ертеде отбасы туралы еңбек жазғандар Платон, Аристотель, шығыс зиялыларының ішінде Қоркыт ата, Ж,Баласағұни т.б.атауға болады. 18-19 ғасырда Ресейде А.Н.Радищев, Н.И.Новиков, кейін К.Д. Ушинский, П.Ф.Лесгафт, П.Ф. Каптерев, В.Н.Сорока- Росинский т.б. Соңғы жылғы ғалымдарға С. Зверева,Т. А. Куликова т.б. жатқызуға болады.

Солардың ішінде Ю.П.Азаров пен В.Сатир жағдайсыз отбасыларға ерекше көңіл бөліп зерттеген. Шетел ғалымдары ішінде жағдайсыз отбасыларды терең зерттегендер: Хоментаускас, В.В Юстицкий, Р. Спиваковская т.б.

Қазақстанда отбасы мәселелерін зерттегендер: Х.Арғынбаев, Ж.Б.Қоянбаев, К.Бейсенбаева, М.Тажин, Б.Аяғанова, М.Т.Баймұқанова секілді ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Жалпы алғанда, отбасын зерттеу бірнеше бағытта жүргізілді:

-отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу Дж.Ф.Мак-Ленанд, Л.Морган, Г.И.Бахофен, Ф.Энгельс, Ю.И.Семенов М.Мид және басқалары;

-отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу И.В.Гребенников, С.В.Ковалев, В.П.Меньшутин және басқалары;

-отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы психологиясының мәселелері С.В.Ковалев,Л.В.Ковалева,А.И.Кочетов,В.Сатир,А.Я.Варга,И.В.Гребенников, Ю.И.Семенов, С.Д.Лаптенюк, А.М.Нечаева т.б.;

-отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс тәсілдерін жасау Ю.П.Азаров, П.Ф.Лестгафт, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және басқалары;

Әдебиеттер:

1.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика 3 басылым. -Алматы 2004.- 212-215б.

2.Ж. Әбиев. С. Бабаев. А. Құдиярова. Педагогика. Дарын-Алматы, 2004. -112б.

3.Т.А Куликова Семейная педагогика и домашнее воспитание.М.-1999..

4.“Ақылдың кені” , Алматы “Қазақстан”. 1991.- 104-105 бет.

5.Баймұқанова М.Т Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс:Оқу құралы.-Астана, 2005.-180 бет.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Отбасынтану пәнінің зерттеу объектісі, пәні не?

2. . Отбасы және неке деген түсініктердің айырмашылығы неде?

3. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық тәрбиеден айырмашылығы неде?

4. Отбасы тәрбиесінің ерекшелігі қандай?

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Отбасының пайда болуы биологиялық және ... себептерге байланысты.

Некеге тұрудың пайда болуы ... байланысты.

Неке - тарихи жағдайларға байланысты еркек пен әйел арасында жыныстық қатынасты реттеуге бағытталған, отбасын ... ... біріккен еркек пен әйелдің еркін одағы .

Отбасы тәрбиесі ... балаға тәрбиелік ықпал ету жолдары.

Тақырып:ОТБАСЫ ТАРИХЫ.

1.Алғашқы қауымдық құрылыстағы қатынас түрі.

2.Жұп отбасының өмірге келуі.

3.Отбасының дамуы қоғам дамуымен тығыз байланыста болуы.

4.Қазіргі кездегі отбасындағы проблемалар.

Әдебиеттер:

1. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы –Алматы:Қайнар.1996.-288 б.

2.Куликова Т.А.Семейная педагогика и домашнее воспитание:Учебник для студ. сред. и высш. пед .учеб. заведений-М.:1999.-232 с.

3. Баймұқанова М.Т.Отбасымен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс: Оқу құралы.-Астана, 2005.-180 б.

Кез-келген халықтың жаңа буын жас өркені – шаңырақ көтеріп, отбасын құрудан басталатындығы табиғи шындық. Халқымыз осынау бір аса жауапты кезеңді тіршіліктің ішкі мәнімен тереңдете түсіп: «адам ұрпағымен мың жасайды», - деп тұжырымдаған екен. Сөз жоқ, бұл тұжырымда өміршең ұрпақ жайында айтылып отырғандығы күмән тудырмаса керек.

Отбасы- әлеуметтік институттардың ішінде ең ежелгісі. Отбасының табиғаты мен мәнін анықтауға ғалымдар түрлі тұрғыдан қарастырды.

Отбасы – қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Ежелгі грек философы Платонның «Мұрат тұтатын мемлекет» деген жобаларында қоғамды нығайту мақсатында әйелдердің, балалар мен мүліктердің бәріне ортақ болуын ұсынды. Оның пікірінше отбасы дегеніміз - өзгермейтін бастапқы қоғамдық ұяшық: отбасылардың бірігуі нәтижесінде мемлекет пайда болады деген пікір айтқан.

Ал Аристотель болса «Жанұя –адамдардың қарым – қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі», - деп санады.

Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо: «Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам – бұл отбасы. Сонымен, отбасы – бұл, керек болса, саяси қоғамдардың бейнесі, үкімет - әке тәрізді, халық – балалары іспеттес», - деп жазды. Антика, орта ғасыр философтары отбасылық қарым – қатынастан қоғамдық қарым – қатынас шығады деп түсіндірді, отбасының ерекше әлеуметтік институт ретінде сипаттамасына емес, мемлекетке деген көзқарастары басым болды.

Қоғамдық экономикалық формациясының қайсысы болмасын әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған.

Қазіргі XXI ғасырдағы қазақ отбасының негізгі міндеті – қоғамдық, топтық және жеке қажеттілікті қанағаттандыру. Бұл ғасырда тәуелсіз болып атанған Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік ұясы болғандықтан, отбасы бірнеше маңызды талаптарды орындауды мойнына алады. Сондай-ақ, отбасының әрбір мүшелерінің ортақ мүддесін басты міндет етеді.

Патриархалды отбасы алғашында ежелгі гректер отбасында, соңынан римдік отбасы түрінде қалыптасты. Римше отбасы – familia, «семья рабов – құлдар отбасы» деген мағынаға ие. Сондықтан болар, гендерлік саясатты насихаттаушылар арасында отбасын басқарушы әкеден басқасы (әйел.

жағдайы) құл ретінде саналды деген түсінік болған. Алайда оны басқашада түсінуге болады. Адам баласы өздерін жаратушының құлымыз деп түсінгендіктен де осындай атауды лайық көруі мүмкін. Сондықтан да бұл атау отбасының патриархалды немесе матриархалды екендігіне қатысты емес деген пікір қосуға болады.

Отбасының туындауы мен дамуы туралы ғылыми тұрғыда диалектикалық материалистік көзқарасты негіздеп берген Ф.Энгельс.

Неке мен отбасына деген тарихи көзқарасты бекітудің басында «Ана құқығы» деген еңбектің авторы , швейцар ғалымы И. Баховен тұр.

Америка этнографы Л. Морган « Көне қоғам» атты еңбегінде алғашқы қауымдық құрылыста отбасы түрлерінің даму жолын бүкіл әлемге материалдық тұрғыда түсіндіріп, топты некеге негізделгенін мәлімдейді.. Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен бірі жыныстық қатынаста бола берген. Ұрпақ бір-біріне аға-қарындас бола тұра некелес болған. «Алғашкы заманда,- дейді К.Маркс,-қарындасы ағасының әйелі болған, мұның өзі әдептілікке жататын болған... . К.Маркс: «Отбасы қоғамның дамуына байланысты дамуы керек және қоғамның өзгеруіне қарай өзгеруі керек», -деп атап өтті.

Ретсіз жыныстық қатынас - экзогамия деп аталған,кейін оған тыйым салынған ( табу) .

Қауымдық қоғамдағы өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлініп шығуына байланысты қауымдық жеке меншік орнына жеке меншіктің пайда болуы моногамиялық отбасының пайда болуына себеп болды. Моногамиялық отбасы варварлық дәуірдің соңғы кезеңінде басталды да, оның жұпты некеге айналып, цивилизация дәуірінің басында еркектер үстемдігінің орнауымен байланысты болды. Некелесу не ажырасу тек еркектер үлесіне тиді. Ф.Энгельстің айтуы бойынша, топтық неке жабайылық дәуірге тән болса, жұпты отбасы варварлық, ал моногамиялық отбасы цивилизация дәуіріне тән болған. Х1Х ғасырдың ортасына дейін адамдардың санасында неке мен отбасына деген діни пікір басым болды.

Х1Х мен ХХ ғасырдың аралығында негізінен дара шағын отбасы үстем болған. Дара шағын отбасында үлкен патриархал отбасылардың сипаттары сақталып келген.

Үлкен патриархал отбасы Орта Азия мен Қазақстанда қашан пайда болған туралы А.Ю.Якубовский, А.Н.Бернштан, Н.А. Кисляковскидің еңбектерінен көруге болады. Ол туралы этнограф С.М. Абрамзон еңбек жазды. Ү.П. О. қалдығы ХХ ғасырдың аяғына дейн созылды.

Отбасы жеке тұлғаның әлеуметтік бағдар алуында басты рөл атқаратынын Ю.В. Сычев «Микросреда и личность» деген еңбегінде атап өткен.

Жеке тұлғаның әлеуметтену барысында отбасындағы әдеттердің, дәстүрлердің, ғұрыптардың мәнін зерттегендер қазақстандық философтар Қ.Нұрланова,Ж.К.Қаракөзова ,Р.М. Мұстафина, .М.Ш.Хасанова т.б.

Шығыстағы халықтардың тарихында моногамдық отбасымен қатар көп әйел алу салты болған ол полигиния деп аталған, көп рет некелесу -полигамия,ал үнді-тибеттік халықтарында әйелдің көп күйеуге шығуы – полиандрия деп аталған. Қазақтарда жеңге алу және балдыз алу салттары болған ,олар левират және сорорат деп аталған.

Қазіргі заманның отбасына әлеуметтік талдау жасағандар Н.А.Аитов, У.Ауталипова, У. Бекжанов, К.Г.Габдуллина, З.Ж. Жаназарова және т.б.

Қазіргі кезде шағын кішігірім нуклеарлық отбасылар кең тараған. Өкінішке қарай, толық емес отбасылардың саны да көбейіп келеді. Негізінде тең құқықты эгалитарлы отбасыларының болуымен сипатталады.

Қоғамдағы проблемалар экономиканың тұрақсыздығы, денсаулық сақтау, білім берудегі дағдарыстар көптеген отбасының тұрмыс деңгейінің төмендеуіне әсерін тигізіп отыр. Тұтыну тауарларының бағасы күрт өскендіктен, отбасылардың көп бөлігі нашар тұрмыс кешуде. Психологиялық ахуалы нашар, тұлғааралық қарым - қатынасқа түспейтін, балаларын ұрып - соғатын отбасылардың саны өсуде. Тұрғындардың көбі кедейліктің күйін кешуде, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларының әлсіреуі баланың қоғамдағы орнын анықтауға, жұмыссыздық деңгейінің артуы - әлеуметтік-экономикалық потенциалының төмендеуіне әсер етеді. Көптеген отбасыларға балаларды тәрбиелеп, жетілдіру үшін уақыт пен қаражат жетіспейді.

Шындығында, бұл күнде өркениеттен жаһандануға бет бұрған тұста кез – келген қазақ отбасының әлеуметтік – мәртебелік қызметі белсенділік танытуда. Себебі, нарықтық экономика талабына сай отбасы өзінің әрбір мүшесінің қоғамда әлеуметтік жағдайының төмен болмауын қатты қадағалайды. Кейде отбасының барлық мүмкіндігін шектей отырып, осыған күш салады. Отбасында бала санының көбеюінен гөрі олардың сапасына көңіл көбірек бөлінеді. Оларға білім беру мен тәрбиелеуде, әлуметтендіруде өмірдегі мәртебелік бейнесінің жоғары болуына басымдылық береді. Мықты маман болуы, әлуметтік жағдайының жақсы болуы, қоғамның белсенді мүшесі болуы - әлеуметтік – мәртебелік қызметтің басты мақсаты.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Отбасы-неке қатынастарының дамуына тыйым салу қалай әсер етті?

2. Еркекпен әйелдің қатынастарын реттеу динамикасы қалай өтті?

3. Полигамдық қатынастардың қандай түрлері бар?

4. Қоғаммен отбасының даму арасында байланыс қандай?

Қажетті жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Жұптық некенің пайда болуына әсер етті....

Америка этнографы Л. Морган « Көне қоғам» атты еңбегінде алғашқы қауымдық құрылыста отбасы түрілерінің даму жолын бүкіл әлемге ... тұрғыда түсіндіріп, ... некеге негізделгенін мәлімдеді.

Үлкен патриархал отбасы ол.... Қазіргі кезде кең тараған отбасы ол...

Қазақ отбасы тарихында көп әйел алу салты болған ол .... деп аталған.

Көп рет некелесу ол....

Ал бір әйелдің бірнеше күйеуге шығуы ол.... деп аталған.

Қазақтарда жеңге алу және балдыз алу салттары болған ,олар ... және ... деп аталған. Қазақстанда отбасы тарихын зерттеген....


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет