ЖҰмыс бағдарламасы пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды



бет22/24
Дата29.01.2018
өлшемі3,58 Mb.
#35664
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

2. Мақсаты: Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде инфузиялық – трансфузиялық терапия жүргізуде мейірбикелік процесті ұйымдастыруды үйрету.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • Организмдегі жалпы су құрамын;

  • су ректорлары, ағзадағы су алмасун;

  • Судың орташа тәуліктік балансын;

  • Шайырлылық және қанның коллоид - осмотикалық қысымын;

  • Судың иондық құрамының болуын;

  • Шайыршылық және су балансының бұзылыс түрін;

  • Дегидратация және жоғарғы гидратацияның дәрежелерiн;

  • Инфузиялық заттардың негізгі түрлерін;

  • ҚСҚ негізгі компоненттері, ҚСҚ бұзылыстарының белгілерін;

  • Қан физиологиясын;

  • Топтық және резус анықтаудың әдiстерi - тиiстiлiгін;

  • Гемодинамикалық қан алмастырғыштарын;

  • Сәйкес емес қан құюдың алғашқы симптомдарын.

Студент істей алуы тиіс:

  • Ағзадағы сұйықтық жетіспеушілігінің дәрежесін анықтауды;

  • Қанның топтық тиістілігін анықтауды;

  • Қанның резус тиістілігін анықтауды;

  • Қан және оның компоненттерін құюды жүргізу;

  • Қан құю үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді анықтауды;

  • Гемотрансфузияға науқасты дайындау;

  • Қанның жарамдылығын және оның компоненттерiн құюға жарамдылығын анықтау;

  • Инфузиялық терапияның көлемі мен мөлшерін есептеуді, оның құрамын бақылауды;;

  • Инфузиялық терапияның асқынуларын түзетуді жүргізу.

4. Өткізу түрі:

  • Сұрақтарды қолдана отырып, сабақтың тақырыбы бойынша ми шабуылы әдісімен сабақты талдау;

  • Ситуациялық тапсырмаларды шешу;

  • Кіші топтарда жұмыс істеу (3 – 4 адамнан құралған топ қанды құю техникасын талдап, оған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді шығарып қан тобын және стандартты сарысу бойынша резус – факторды анықтауды өткізуді, аудиториядағы жеке және биологиялық үйлесімділікті басқа топтарға презентация түрінде көрсетеді);

  • ТСО-дан қолдану (ПК, мултимедиалық проектор) сабақ тақырыбын презентациялау.

  • Тақырып бойынша тестерді шешу.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

  • СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттердің таңдауын жүргізу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықпен, оқу әдебиетімен, Интернет мәліметтерімен жұмыс жасау);

  • Сабақтың тақырыбы бойынша конспект, реферат немесе презентация құру, көрнекі материалдар;

  • Берілген тақырып бойынша ситуациялық тапсырмаларды талдау және тесттік сұрақтарды шешу;

  • Өз бетінше тақырып бойынша 15 тесттік сұрақтарын және 2 ситуациялық тапсырмаларды құру;

  • Детоксикациялық терапияны жүргізу кезіндегі жеке қорғаныс ережелерімен танысу.

6. Таратылатын материал:

1.Схемалар

2.Таблицалар

3.Тесттер 20

4.Ситуациялық есептер 11

7. Әдебиет:

Негізгі:


  1. А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии. Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

  2. А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.

  3. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.

  4. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  5. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.

Қосымша:

  1. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  2. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  3. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  4. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  5. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  6. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  7. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  8. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.

  9. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  10. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001. «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  11. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  12. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  13. Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний. Петрозаводск, 1998.

8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):

Тесттер:

1. Қан құю алдында жүргізілетін сынақ тізбектерін көрсетіңіз:



  1. Реципиент және донор қанының тобын анықтау

  2. Биологияолық сынақты жүргізу

  3. АВО жүйесі бойынша жеке үйлесімділікті анықтау

  4. Реципиент және донордың резус – факторын анықтау

  5. Резус – фактор бойынша жеке үйлесімділікті анықтау

2. Науқасқа резусы – оң қанға резусы – теріс қанды құюға:

  1. болмайды

  2. болады

  3. болады тек 1 рет

  4. көрсеткіштері бойынша ғана болады

  5. аз мөлшерде болады

3. Жедел қан жоғалту кезінде қан құюдың ең көп қолданылатын әдісі:

  1. тамырішілік

  2. сүйекішілік

  3. артерияішілік

  4. баланың еңбегіне

  5. буынішілік

4. Қанның I тобында қандай агглютиногендер мен агглютининдер бар?

  1. АВ

  2. α β

  3. В α

  4. А β

  5. Вβ

5. Қан құю үшін абсолютті көрсеткіш:

  1. интоксикация

  2. ағзаның қорғаныс күштерінің жоғарлауы

  3. жедел қан жоғалту

  4. жүдеу

  5. гематологиялық ауру

6. Науқасқа резусы – теріс қанға резусы – оң қанды құюға:

  1. болмайды

  2. болады

  3. болады тек 1 рет

  4. көрсеткіштері бойынша ғана болады

  5. аз мөлшерде болады

7. Қанның IV тобында қандай агглютиногендер мен агглютининдер бар?

  1. АВ

  2. α β

  3. В α

  4. А β

  5. Вβ

8. Кім және қашан I, II, III қанның топтарын ашты:

  1. Соловьев, 1889 ж.

  2. Янский, 1907 ж.

  3. Ландштейнер, 1901 ж.

  4. Оттемберг, 1914 ж.

  5. Юдин, 1934 ж.

9. Кім және қашан IV қанның тобын ашты:

  1. Шамов, 1919 г.

  2. Янский, 1907 г.

  3. Бландель, 1920 г.

  4. Богданов, 1926 г.

  5. Вольф, 1832 г.

10. Бұзаудан адамға алғашқы қан құюды кім іске асырды?

  1. Ландштейнер

  2. Дени

  3. Янский

  4. Гиппократ

  5. Пирогов

11. Қан құюдың салыстырмал көрсеткіші:

  1. жедел анемия

  2. науқастың операция алды дайындығы

  3. қанау

  4. шок

  5. созылмалы анемия

12. Қан құюдың қарсы көрсеткіштеріне жатады:

  1. коллапс

  2. іріңді интоксикация

  3. бауыр және бүйрек функцияларының бұзылысы

  4. шок

  5. ағзаның жаралы ауруы

13. Қанның стабилизаторы болып табылады:

  1. хлористый натрий

  2. хлористый калий

  3. физиологический раствор

  4. цитрат натрия

  5. гипертонический раствор

14. Қанның консерванты болып табылады:

  1. физиологиялық ерітінді

  2. 20% глюкоза

  3. гипертониялық ерітінді

  4. натрий хлор

  5. калий хлор

15. Қанның топтық тиістілігін анықтаудың қағидаларын жүргізу:

  1. мұрагерлік белгілері бойынша

  2. агглютиногендер және агглютининдер құрамы бойынша

  3. плазмадағы іру белгілері бойынша

  4. сынақтардың үйлесімдігі негізінде

16. Мұздатылған плазманы сақтайды:

  1. температура кезінде -5 град. 30 күн

  2. температура кезінде-10 град. 40 күн

  3. температура кезінде-15 град. 50 күн

  4. температура кезінде-20 град. 60 күн

  5. температура кезінде-25 град. 90 күн

17. Қалыпты жағдайда ересек адамдағы айналмалы қан көлемі қаншаны құрайды ( дене массасы мл/кг):

  1. 50-60

  2. 60-70

  3. 70-80

  4. 80-100

  5. 100 - 120

18. Қалыпты жағдайда сұйықтықтың (пресперация) сезілмейтін жоғалымы қаншаны құрайды (мл/ сутки):

  1. 200;

  2. 300;

  3. 400;

  4. 4; 500;

  5. 600.

19. Су балансы бұзылысының келесідей формаларын ерекшелейді:

    1. де-және гипергидратация;

    2. дигидратция: изо-, гипер-және гисоосмолярлы;

    3. гипергидратация; изо-, гипер-және гисоосмолярная;

    4. дигидратция вне-, клетка сыртында, клеткаішілік және жалпы;

    5. гипергидратация; клетка сыртында, клеткаішілік және жалпы;

    6. сочетанная форма нарушения водного баланса.

20. Қалыпты жағдайда ересек адамдарда орташа су қажеттілігі қаншаны құрайды (мл/кг дене массасы/тәулік):

  1. 100;

  2. 80;

  3. 60;

  4. 40;

  5. 20.

21. Калий тапшылығы кезінде венаға енгізу үшін не қолданылады?

  1. 40 мл 7.5 процент KCl ерітіндісі, 0.5-1 л ерітілген 10 проценттік глюкоза ерітіндісі қосымша сәйкесінше 12.5 немесе 25 бірлік

  2. 7.5 проценттік KCl ерітіндісі

  3. 1 проценттік KCl ерітіндісі

  4. 10 проценттікKCl ерітіндісі

  5. 4 проценттік KCl ерітіндісі

22. Көлем алмастырғаш функциясын атқармайтын инфузиондық заттар

  1. электролитті изотоникалық ерітінділер

  2. декстрандар

  3. плазма

  4. қан

  5. гидрэксилирленген крахмалдар

23. Келесі инфузиялық ерітінділер ең көп су көлемін береді:

  1. 10 процентые растворы глюкозы и фруктозы (200 мл)

  2. изотонический раствор хлорида натрия (200 мл)

  3. раствор Рингер - Локка (200 мл)

  4. желатиноль (200 мл)

  5. гемодез (200 мл)


СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

        1. Науқас К., 40 жас, ойық жарадан кейінгі пилоропластикаға байланысты операциялық араласуды басынан кешіргеннен кейін қатты шөлдегенін айтты. Объективті: тері қабаты құрғақ, көз алмасы қалыпты қаттылықта, қанағаттанарлық параметрлерде, әлсіз гемоконцентрация. Қажет: дисгидрия типін табу, қосымша қаралу, ИТ әдістері.

        2. Стандартты сарысу көмегімен науқастың қан тобын анықтау кезінде агглютинация О (I) және А (II) қан топтарымен болды. Науқастың қан тобы қандай?

        3. Агглютинация стандартты сарысу көмегімен науқастың қан тобын анықтау ешқандай қан топтарымен болмады. Науқастың қан тобы қандай?

        4. Донор және реципиент қандарының жеке үйлесімділігін анықату кезінде агглютинация реакциясы болды. Сіздің тактикаңыз?

        5. Биологиялық сынақты жүргізу кезінде қанды құю барысында науқас қалтырау, белдегі ауырсынулар пайда болды. Қандай асқыну туралы айтылып жатыр? Не істеу қажет?

        6. Қан құйғаннан кейін 6 сағат өткен соң науқастың белі ауырып, қалтырай бастады. Сіздің әрекетіңіз?

        7. Мейірбике донор қаны бар флаконды алғанда ондағы қан плазмасықызғыт түсті екендігін байқады. Мұндай түске боялу неге негізделген және мұндай қанды құюға бола ма?

        8. Мейірбике науқасқа полиглюкинді көк тамырға тамшылатып енгізді. Енгізу кезінде науаста кеуде тұсының қысылу сезімдері, тыныстың тарылу, бет гиперемиясы, тахикардия белгілері байқалды. Қандай жағдай орын алды? Мейірбикнің қателігі неде?

        9. Гемотрансфузияны көктамырға тамшылатып жүргізу барсында мейірбике 10 минутқа басқа науқасқа кетіп қалады. Қайтып келген соң ол флаконның да системаның да босап қалғаннын көрді. Науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, қозу пайда болып, денесінің жоғарғы бөлігінде цианоз дамып, АҚ төмендеді. Науқаспен қандай асқыну орын алды? Мейірбикенің қателігі неде? Бұл асқынудың емі қандай?

Қан құю кезінде науқаста температура көтеріліп, басы ауырып, ыстығы пайда болды. Науқаста қандай асқыну орын алды? Бұл асқынудың емі қандай.

2 сабақ
1. Тақырыбы: Атқарылған мейірбикелік көмектің сапасын бағалау. Кәсіби құқық бұзушылықты және жауапкершілікті жіктеу.

2. Мақсаты: Студенттерді ұсынылған мейірбикелік көмекті, жауапкершілік классификациясын және кәсіби құқық бұзушылық сапасын бағалаумен таныстыру.

3. Тапсырма:

ұсынылған мейірбикелік көмектің сапасын бағалаумен таныстыру.

- жаупкершілік классификациясымен таныстыру.


  • Кәсіби құқықбұзушылық классификациясымен таныстыру.

  • Науқастың құқығы және қылмыстық жауапкершілігімен таныстыру.

  • ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы заңдарымен таныстыру.

  • СРС тақырыбына сәйкес әдебиеттер жинау (жүргізіліп жүрген бұйрықтар мен ҚР ДМ стандарттарымен, каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықтармен, оқу әдебиеттерімен, Интернеттегі мәліметтермен жұмыс);

- тақырып бойынша конспекті құрастыру, реферат немесе презентация, және көрнекі құралдар дайындау;

- тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап беру, ситуациялық тапсырмаларды орындау;

- өз бетінше 2 ситуациялық тапсырма, 10 тест сұрақтарын құрастыру;

- анестезиологиялық оқу құралын жүргізгенде жеке сақтану ережелермен танысу.



  • Мейірбикелік ауру тарихын жазу (ауру тарихын талдау).

4. Орындау түрі (реферат, презентация, есеп құрастыру, тесттер, алгоритмдер, ауру тарихын жазу, ролде ойнуға арналған сценарилер, рецензиялар т.б.)

  • реферат

  • презентация

  • есеп беру

  • тақырып бойынша өз бетінше ситуациялық есептер және тест құрастыру;

- СӨЖ қиылысу рецензиясын жүргізу

5. Орындау критерилері:

1) Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту және онда тақырып бойынша өз көрінісі, пікір және мәселелері айқындалған болу қажет.

2) Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болуы керек.

3) ЕПҰ – ды көріп келгеннен кейін есеп тапсыру, оны іс – жүзіне асыру, анықталған мәселелерді шешу бойынша студенттің өз пікірі болу қажет.

4) Әдістемелік нұсқаулардағы тест және ситуациялық есептерді дұрыс шеше білу керек.

5) Өздігінен тест және ситуациялық есептерді құрастыру.

6) СӨЖ тақырыбына рецензия беру. Егерде студент 1-3 пунктан және 4-6 пунктан

1 пункт орындаса, онда өзіндік жұмысы орындалды деп есептеледі.


6. Тапсыру мерзімдері: тақырыптық жоспар бойынша 15 тақырыптан кешікпеу керек.

7. Бағалау критерилері: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:

  • «өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «қанағаттанарлық» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.

  • «қанағаттанарлықсыз» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен деңгейде меңгергенін көрсетеді, тақырыпты меңгеру барысында өз білімі бойынша туындаған мәселелерді анықтағанын, қойылған сұрақтарға жауап беру мерзімінде принципиальді қателіктерді жібергенін, өз бетінше орындауға берілген тапсырманы орындамағанын, өз уақытында тапсырмағандығын және әдістемелік нұсқауда көрсетілген негізгі әдебиеттердің барлығыменен таныспағандығын білдіреді.


8. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

2.Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии / Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.

3.Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

4.Иванова В.И.,Матвейчик Т.В. « Организация сестринского дела»,Минск,2006

Қосымша:


  1. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  2. Садикова Н.Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр.- Минск, 2002г.

  3. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г

  4. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г.

  5. Яромич И.В. Сестринское дело: учеб.пососбие.-6изд., испр.-М., 2007г.


9. Бақылау (тесттер, есептер т.б.)

Тесттер:

1. Мейірбикенің этикасын реттеуші негізгі құжаттарды анықтаңыз:

а) Халықаралық мейірбикелер кеңесінің мейірбикелер кәсіби этикасының кодексі.

б) «Ресей Федерациясының Қарулы күштернің анестезиологиялық және реаниматологиялық көмекті ұйымдастыру» әдістемелік нұсқау. 2002.

в) СССР ДМ № 841 от 10.06.1986ж. бұйрығы.

г) Директива ГВМУ МО РФ № 161/ ДМ-2 от 24.02.1997 г. «Оанестезия кезінде науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары».

д) ақырғы жағдайдан қасірет шеккен және қайтыс болған туралы құрылым.

е) Ресей мейірбикелерінің этикалық кодексі.

Адам құқығының жалпы декларациясы.

РФ Конституциясы (1993).


2. Мейірбикені азамат ретінде іс - әрекетінің құқықтық нормаларын реттемейтін негізгі құжаттарды анықтаңыз:

а) Халықаралық мейірбикелер кеңесінің мейірбикелер кәсіби этикасының кодексі.

б) «Ресей Федерациясының Қарулы күштернің анестезиологиялық және реаниматологиялық көмекті ұйымдастыру» әдістемелік нұсқау. 2002.

в) СССР ДМ № 841 от 10.06.1986ж. бұйрығы.

г) Директива ГВМУ МО РФ № 161/ ДМ-2 от 24.02.1997 г. «анестезия кезінде науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары».

д) ақырғы жағдайдан қасірет шеккен және қайтыс болған туралы құрылым.

е) Ресей мейірбикелерінің этикалық кодексі.

Адам құқығының жалпы декларациясы.

РФ Конституциясы (1993).
Ситуациялық есептер:

1. Операциядан кейінгі кезеңде науқасты реанимация бөлімшесіне интубациялық түтікшемен және өзіндік тыныспен өткізгенде Жедел тыныс жетіспеушілігі белгілері дамыды: цианоз, беткейлік тыныс, тахипноэ 32 рет мин, гипоксемия. Қан анализінде: рН 7,28 РаО2 68 мм рт.ст. РаСО2 56 мм.рт.ст. ВЕ= -3.5 ммоль/л.

Тыныс жетіспеушілігінің себептерін диагностикалаңыз. Оларды коррекциялау бойынша іс – шараларды атаңыз және негіздеңіз. Көмейді экстубациялау критерийлерін атаңыз.

2. Операциядан кейінгі кезеңде науқасты экстубациядан кейін ларингоспазм белгілері пайда болды. Ларингоспазм себептерін және оны жоюшы іс – шараларды атаңыз. Экстубация жасау бойынша сіздің практикалық білімдеріңізді көрсетіңіз.

3. Науқас жоспарлы операциядан кейін РИТ бөлімшесіне түсті. Интраоперациялық қан жоғалту 500, құйылды 800. Тұрақсыз гемодинамика байқалады: артериалды гипотония, тахикардия, аритмия, ЦВД теріс. Қан айналым жетіспеушілігінің болжау себептерін атаңыз. ИТ по стабилизации гемодинамиканы тұрақтандыратын ИТ іс – шараларын атаңыз. өзіндік тынысқа откізуге және көмейді экстубация жасау көрсеткіштерін анықтаңыз.

4.Хирургиялық бөлімше палаталырнда қыс кезінде температура 24 градус болды. Осы температура хирургиялық науқастарға сәйкес пе? Бұл жағдайда не ісету керек?



3 сабақ
1. Тақырыбы: Бүйрек және бауыр жетімсіздігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері.

2. Мақсаты: формирование знаний и умений по организации и реализации сестринского процесса при критических состояниях: почечной и печеночной недостаточности.

критикалық күйлерде: бүйрек және бауыр жетіспеушілігінде мейірбикелік процестерді ұйымдастыру және іске асыру бойынша білім мен дағдылар қалыптастыру.



3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • ЖБЖ синдромын анықтау, бүйрек жетістеушілігінің түрлерін;

  • ЖБЖ патогенезі және даму себептерін;

  • ЖБЖ төрт клиникалық кезеідерін (стадиялары);

  • Пререналлдық, реналдық және постреналдық бүйрек жетіспеушілігі интенсивті терапиясының принциптерін;

  • Қуық катетерлерінің түрлерін;

  • Еркектердегі және әйелдердегі қуық катетеризациясының ерекшеліктерін;

  • Жедел бауыр жетіспеушілігі синдромын анықтау, себептері және даму механизмін;

  • ЖБЖ басты клиникалық белгілері, интенсивті терапия принциптерін.

Студент істей алуы тиіс:

  • Зәрдің жедел тоқтауы кезінде көмек көрсетуді;

  • Қуық катетеризациясы кезінде асептика және антисептиканы сақтауды;

  • Еркектердегі және әйелдердегі қуық катетеризациясын жүргізуді;

  • Манипуляциядан кейін құрал – саймандарды тазалауды;

  • Қуықты жуып, дәрілік заттарды құю;

  • Шұғыл детоксикациялық терапияны жүргізуді;

  • Құсық кезінде шұғыл көмек көрсетуді;

  • Асқазан мен ішекті сифонды әдіспен жуу;

  • Ауыз қуысын тазалау.

Каталог: kafedra -> ses delo
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет