Жұмыс бағдарламасы (силлабус) 4 Пән бойынша дәрістер жинағы


D+ 1,33 55-59 D



бет10/52
Дата18.01.2023
өлшемі7,3 Mb.
#165784
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
Байланысты:
umkd oshat 2022
Орындарған Хуанд Максат, umkd os shar beiim tehn 2022 zh., Зертханалық жабдықтар КТ, Кинжаканов 1 тапсырма, plant papers ru, ӨШАТ
D+

1,33

55-59

D+ бағасы білім алушы пән білімінің төмен деңгейін көрсетеді, нақты сұрақтар бойынша жауаптары шашыраңқы, негіздемесіз, анық емес және логикалық дәйектілігі төмен жағдайда қойылады.

D

1,0

50-54

D бағасы білім алушы пән бойынша білімі төмен, бірақ аздап хабары бар, нақты сұрақтар бойынша жауаптары дәйексіз, анық емес, автоматты орындалған тапсырмалары орындалған жағдайда қойылады.

FХ

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

бағасы білім алушы пән бойынша білімдерінің жеткіліксіздігін көрсетеді, жекелеген сұрақтарға оң жауаптар берілмеген жағдайда қойылады.

F

0

0-24

F бағасы білім алушы пәннің өте төмен білім деңгейін көрсеткен жағдайда қойылады.

ЕББҚ бар білім алушыларды оқытуға жеке амалдар

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды (бұдан әрі - ЕББҚ) оқыту кезінде оқыту әдістерін таңдауды оқытушы жүзеге асырады және әрбір жекелеген жағдайда оқыту мақсаттарымен, қолда бар білімнің, іскерліктің, дағдылардың бастапқы деңгейімен, педагогтің кәсіптік даярлық деңгейімен, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етумен, ЕББҚ бар білім алушылар үшін олардың қолжетімділігіне қарай білім алушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерімен негізделеді.


ЕББҚ бар білім алушыларды ҚБТ қолданып оқыту процесінде азаматтардың санаттар бойынша оқыту траекториясын даралау мүмкіндігі қолға алынады. Бұл білім алушының оқу іс-әрекетінің мазмұнын, әдістерін, қарқынын дараландыруды, нақты міндеттерді шешу кезінде ЕББҚ бар білім алушының нақты іс-әрекеттерін бақылау мүмкіндігін, қажет болған жағдайда білім алушы мен оқытушының қызметіне қажетті түзетулерді енгізуді білдіреді.
Білім беру процесінде оқытушы Оnline және Оffline сабақтарды ұйымдастырудың әртүрлі формаларын, соның ішінде виртуалды дәрістерді, чаттар, вебинарлар, семинарлар аясында пәнді меңгеру мәселелерін талқылауды, білім беру процесінің барлық қатысушыларын пәнді (модулді) игеру барысында зерделенетін пәндер бойынша белсенді жұмысқа қосу мүмкіндігімен жобалық қызмет технологияларын қолдана отырып, бірлескен жұмыстарды орындауды белсенді түрде қолдана алады.
Оқытушылар ЕББҚ бар білім алушыларды оқытуда оқу материалдарын жасақтаудың қол жетімділік бойынша негізгі принциптеріне сәйкестікті қамтамасыз етулері тиіс (контент мазмұнының түсініктілігі мен болжамдылығы, суреттер үшін балама мәтінді көрсету, жеңілдетілген сөйлесім, материалдың қысқаша баяндалуы және т.б.).
Нақты пән бойынша ЕББҚ бар білім алушылар үшін ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу формалары жеке психофизиологиялық ерекшеліктерді (ауызша, қағазда жазбаша, компьютерде жазбаша, тестілеу формасында және т.б.), жеке мүмкіндіктері мен денсаулық жағдайын (жеке ерекшеліктер) ескере отырып белгіленеді. Қажет болған жағдайда ЕББҚ бар білім алушыға емтиханға жауап дайындау үшін қосымша уақыт беріледі.

Құрастырушы ___________________ Амантаев Б.О.


Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет