Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Таспалы, қырнағыш, пластинкалы транспортерлер, норийлер мен қоректендіргіштер – мойынтіректерін ауыстыра отырып роликтерді бөлшектеу және құрастыру, таспаларды, ковштарды, қырнағыштар мен тізбектер



бет83/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   108

9. Таспалы, қырнағыш, пластинкалы транспортерлер, норийлер мен қоректендіргіштер – мойынтіректерін ауыстыра отырып роликтерді бөлшектеу және құрастыру, таспаларды, ковштарды, қырнағыштар мен тізбектерді ауыстыру.

§ 114. ЖҮК ТИЕУ МАШИНАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қайта тиеу машиналары мен орташа күрделіктегі машиналардың күрделі тораптары мен агрегаттарын жөндеу, құрастыру және реттеу. Әмбебап айлабұйымдар мен арнайы аспаптарды пайдалана отырып 6-10 квалитеттер бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу. Қайта тиеу машиналарына техникалық қызмет көрсету. Күрделі тораптарда ақауларды анықтау және оларды жою. Жөндеуге арналған ақаулық ведомостілерін құрастыру.

Білуге тиіс: жөнделетін қайта тиеу машиналарының құрылысы мен конструкциялық ерекшеліктері, машиналардың жекелеген тораптары мен агрегаттарын реттеу әдістері; күрделі сынау құрылғылары мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесі, электр машиналары мен іске қосуды реттейтін аппаратураның құрылысы.

Жұмыс үлгілері

1. Авто – және электр тиегіштер - жүк көтергіштің телескоптық рамадағы кареткаларды жөндеу, реттеу, сынау: алдыңғы және артқы мостылардағы мойынтіректерді ауыстыру және реттеу.

2. Грейферлер - төлкелер мен мойынтіректерді ауыстыра отырып жоғарғы және төменгі толық түсті қораптарды бөлшектеу және құрастыру, шарнирлердегі саусақтарды ауыстыру.

3. Іштен жану қозғалтқыштары – қозғалтқыштың поршенді тобын бөлшектеу және құрастыру; бөлшектерді ауыстыра отырып және клапандарды ысқылап қозғалтқыштың клапандық механизмін құрастыру, түбірлі мойынтіректердің жапсырмаларын оларды қырып тегістеп және реттеп ауыстыру.

4. Порталды, мосты кабельді, теміржолды, жүзетін, автомобильдік, пневмодөңгелекті, мостылық қайта тиегіш крандар – баббит құю және айналдыратын торап мойынтіректерін қырып тегістеу, шынжыр табан және коникалық тісті іліністерді жөндеу және реттеу.

5. Бу машиналары мен қазандықтар – мысқалдар мен мысқал айналарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, қырып тегістеу, мойынтіректердің тартылысын реттеу, арматура мен гарнитураны ішінара ауыстыру.

6. Арнайы трюмді, вагондық және қоймалық машиналар – жүк, жылжу, жүк тасымалдау және қосалқы құрылғылардың жинау механизмдерін жөндеу, құрастыру және реттеу.

7. Пневматикалық қайта тиегіштер – ауа үрлегіштерді, шлюзді бекітпелерді бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

8. Пневматикалық және гидравликалық басқару жүйелері – жоғары қысымды шлангілерді, штуцерлерді бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, ішінара ауыстыру; манжеттер мен сальниктерді ауыстыру, герметикалығын тексеру.

9. Таспалы, қырнағыш, пластиналы транспортерлер, норийлер мен қоректендіргіштер – керу және жеткізу станцияларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, таспалардың қозғалысын реттеу, тізбектерді керу.

§ 115. ЖҮК ТИЕУ МАШИНАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүк тиеу күрделі жабдықтарын күрделі және орташа жөндеу. Кез келген массадағы тораптар мен агрегаттарды түрлі биіктікте монтаждау және демонтаждау. Бөлшектерді 6-7 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Іштен жанатын қозғалтқыштардың жұмысындағы ақауларды естіп айқындау және оларды жою.

Білуге тиіс: жөнделетін түрлі үлгідегі күрделі қайта тиеу машиналары мен қозғалтқыштарының құрылғысы мен конструкциялық ерекшеліктері; тораптар мен бөлшектердің өзара іс-қимыл ережесі; жанамалы бөлшектердің тозу себептері, анықтау және жою тәсілдері, күрделі қайта тиеу жабдықтарын жөндеудің, сынау және реттеудің техникалық шарттары, электр машиналары мен қайта тиеу жабдықтарының іске қосылуын реттейтін аппаратураның жұмыс істеу принципі мен құрылымы.

Жұмыс үлгілері

1. Автотиегіштер, электр тиегіштер және басқа да арнайы трюмді, қоймалық және вагон машиналары – күрделі жөндеу және сынау.

2. Гидроцилиндрлер, тежегіш және фрикциялық тежегіштер – күрделі жөндеу және сынау.

3. Грейферлер мен басқа да ілмелі ауысымдық кран, авто және электр тиегіштердің жүкті қамтитын органдары – күрделі жөндеу.

4. Іштен жанатын қозғалтқыштар – иінді және тарату біліктерін қалап, білік мойындарын калибрлеп, блоктау құрылғыларын реттеп күрделі жөндеу; іргетастан алу және орнату, сынау.

5. Компрессорлар, пневмо және гидроманипуляторлар, кесетін клапандар, тежегіш, пневмо және гидроцилиндрлер – күрделі жөндеу және сынау.

6. Порталды, мосткабельді, шынжыр табанды, теміржолды, жүзетін, автомобильдік, пневмодөңгелектік крандар, мостылық қайта тиегіштер – тораптар мен агрегаттарды, жүк көтеру, бағытты өзгерту, бұру, жылжыту механизмдерін күрделі жөндеу; деррик үлгілі және салмақты тік бағыттарды демонтаждау және монтаждау.

7. Бу машиналары мен қазандықтар – күрделі жөндеу, бу таратқышты реттеу және сынау.

8. Пневматикалық қайта тиегіштер – ауа үрлегіштер мен шлюзді бекітпелерді күрделі жөндеу және реттеу.

9. Таспалы, қырнағыш, пластиналы транспортерлер, норийлер мен қоректендіргіштер – күрделі жөндеу және сынау.

§ 116. . ЖҮК ТИЕУ МАШИНАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі тораптар мен агрегаттарды демонтаждау, жөндеу, монтаждау және реттеу, кешенді сынау, пайдалануға беру. Қосарланған крандардың көмегімен үлкен массадағы және габариттегі қайта тиеу машиналарының тораптарын, агрегаттары мен металл конструкцияларын монтаждау және демонтаждау. Қайта тиеу машиналарын пайдалану уақытында ақаулықтарды анықтау және жою. Пайдалану сипаттамасын алу және жөндеуден кейін қайта тиеу машинасын пайдалануға беру.

Білуге тиіс: жөнделетін және бапталатын қайта тиеу машиналарының кинематикалық тәсімдері; бөлшектер мен тораптардың дәлдігін тексеру және сынау әдістері; жабдықтардың жұмыс істеп тұрған бөлшектері мен тораптарына шектелген жүктемелер; жөндеу және монтаждаудан кейін қайта тиеу машиналарын сынау және пайдалануға тапсыру тәртібі.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   108




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет