Жұмыстың тақырыбы: Ауданымызда жиі кездесетін паразит құрттар Жұмыстың ғылыми бағыты



бет3/4
Дата11.09.2017
өлшемі0,64 Mb.
#32015
1   2   3   4
11-сурет. Термотодтың түрлері. 4-мысықсорғыш құрт
14
2.3. Паразит құрттардың көбеюі мен дамуы

1. Үшкірқұрт (Острица.Еnterobius vermicularis)

Үшкірқұрт адамның төменгі ащы шегінде және тоқ ішегінде мекен етеді. Алдыңғы бөлігі арқылы шектің қабырғасына бекінеді. Аналықтары түнде қышу реакциясын тудыра отырып артқы тесік арқылы қозғалып сыртқа шығады. Әрбір аналық ішекте ұсталынып қалмайтын етіп 5000-15000 жұмыртқа салады. Ол жұмыртқалар ақырын төмен қарай жылжып отырып, тік ішекке түседі. Ал аналығы жұмыртқа салғаннан кейін бір айға жетпей өледі. Зақымданған адамның аналь тесігі қышиды. Егер адам құйрығын тырнаса, ол адамның тырнағының ішіне острица жұмыртқалары еніп, одан төсек орынға, ойыншыққа, ыдыс-аяққа, тамаққа түседі де , сосын қандай да бір жағдаймен адамның ағзасына енеді. Үшкірқұрттар соқыршекке түсіп кей кезде адамда соқыршек ауруына себепші болады. Оның адам ішінде өмір сүру уақыты бір ай , бірақ кейде острица кейбір адамда бірнеше айға немесе бірнеше жылға созылуы мүмкін.



2. Сиыр цепені (Taeniarhynchus saginatus)

Сиыр цепені биогельминт. Адам негізгі иесі, ал ірі қара мал аралық иесі болып саналады. Пісіп жетілген соңғы таспалар үзіліп түседі. Аралық иелері су ішкенде және жұмыртқалары бар шөпті жегенде жұқтырады. Жануарлардың шегіде жұмыртқадан қан тамырларына ене алатын онкосфераларға айналады. Сосын қан арқылы түгел мүшелер мен ұлпаларға тарайды. Көбінесе ірі қара малдарда онкосфералар қан көп айналатын мүшелерде тұрақтайды. Үш-төрт айдан кейін олар пісіп жетіледі.

Адамға құрты бар етті жегеннен жұғады. Әсіресе ет толық піспеген, қуырылмаған және дұрыс қақталмаған болса жұғады. Адамның шегіде дернәсіл ары қарай дамып, мықты сорғыштары арқылы ащы ішекке бекінетін сколекстерге айналады. Екі-үш айдың ішінде құрт адам ішінде тез өсіп, бір күнде аналықтары алты-сегіз таспадан, ал бір жылда 51 млн. 100 мың. Жұмыртқа шығарады. Адам ішінде 10 жылға дейін өмір сүреді.


  1. Эхинококк.( Echinococcus granulasus )

Эхинококктың дернәсілінің бірінші сатысы онкосфера деп аталады. Денесі шар тәрізді және үш жұп қармалаушы бар. Жатырында жатып онкосфералар үлкен болып өседі. Ең қауіптісі көпіршік түріндегі дернәсілдердің сыртқа қарай емес ішке қарай өсуі. Осы кезге дейін сиырдың бауырынан 40 кг-дық, ал адамнан 1 кг-нан асатын дернәсіл тіркелген. Эхинококктың келесі дернәсілі финна деп аталады. Ол баланың басына сыйып кететіндей көпіршік түрінде болады. Финна кезеңінде ол ірі және ұсақ мүйізді малдардың, иттің, қасқырдың ішек-қарнына еніп, тіршілік етеді. Эхинококк жұмыртқалары иттің кір жүнінің үстіне түседі, ит өзенге барып шомылса жұмыртқалар суға түседі, одан топыраққа сосын шөпке және т.б жерлерге түсіп, дамуын бастайды. Эхинококк жұмыртқалары жақсы сақталады.

Оның жұмыртқалары су, тамақ арқылы үй жануарларының ішіне оңай енеді. Одан ішек-қарынға, бауырға барады. Ол ағзаға енгеннен кейін оның қоймалжын заты эхинакокк көпіршігіне айналады. Ұзындығы 10-20см. Көпіршіктің іші ақ сұйықтыққа толы. Оны эхинококк құмы деп атайды.

15

4.Мысықсорғыш құрт(Opisthorchis felineus)

Мысықсорғыш құрттың жыныс жүйесі денесінің үлкен бөлігін алып жатыр. Оның дернәсілдері жұмыртқасынан жатырында жатып шыға бастайды. Кірпікшелі дернәсілі (мирацидий) суға түскеннен кейін бірінші аралық иесі былқылдақ денеге кіреді. Былқылдақдененің ішінде қозғалмайтын қапшық түріндегі спороцистаға айналады, ал одан келесі сатылы – редия шығады. Редиядан кейін құйрығы бар қозғала алатын церкариге айналады. Церкарии былқылдақденеден шыққасын омыртқалының денесіне түсуі керек. Сосын ол сазан сияқты балықтардың бұлшық етіне сыртында қабықшасы бар метацеркарииге айналады.



5.Ішексорғы(Ascaris lumbricoides)

Ол адамның ас ішегінде паразит етеді. Тәулігіне аналығы 200 000 жұмыртқа шығарады. Ішексорғы жұмыртқалары жылы топырақта оттегісі мол ауада жұмыртқалары дами бастайды. Топырақта бірнеше жылға дейін тіршілігін жоймайды. Дернәсілдерінің ұзындығы 0,04 мм, ені 0,03 мм. Ішектің көктамырларынан бауырға өтеді де бауырдың көктамырлары арқылы және қан ағысы арқылы жүректің оң жақ бөлігіне барады. Одан кейін ол өкпе салатамырлары және қылтамырлары арқылы өкпеге, ауа тамырларынана жетеді. Сосын түнде жұтқыншаққа түсіп, сыртқа шығу мүмкін немесе қайта сілекей арқылы ішекке баруы мүмкін. Ішекке қайта түскен дернәсіл ересек күйге дейін піседі.

16

2.4. Жұғу жолдары мен ауру белгілері

Паразит құрттар адамға мынадай жолдармен жұғады:

1.Көбі ауыз арқылы.

А)геоорально- қолды жумағандықтан, тамақпен, жануардың жүнінен, құстың қауырсынын ұстағанда, топырақ ұстағанда жұғады.

ә)ксентотрофты- шала пісірілген ішінде құрттың жұмыртқасы бар ет және балық арқылы.

2. қарым-қатынас жасау арқылы:

а)жыныстық жолмен

ә)лас су арқылы

б)ауа арқылы

3.траноплацентарлы жолмен.

Балаға ана құрсағында жатып жұғу жолы.

Транамиссивті- маса, қоңыз , ұлу жәндіктердің жұғуы арқылы.

Паразит құрттар өте көп жұмыртқа салады.Сондықтан олармен дер кезінде күресу керек. Олар адамға жұққан күнінен бастап ағзаны уландырады, ал олардың ағзаға жұқандығын оның белгілері арқылы білеміз.


Құрттардың мынадай белгілері бар.

Ауру белгілері:

1. Шаршау

2. Тәбеттің болмауы

3. Ашуланшақтық , жүйкенің тозуы

4. Құсу ,іші өтуі, іштің үрленуі, газдың болуы

5. Сілекейдің көп бөлінуі

6. Қан аздық

7. Бұлшықет пен буынның ауруы

8. Бас ауруы

9. Дене температурасы(37-380) көтерілуі

10. Ұйқының қашуы

11. Денеде аллергиялық бөрту

12. Ұйықтап жатып тіс қайрау

13. Өкпе, (әсіресе бронхо, астма) ауруы.

Әрбір құрттың жұққаннан кейін белгісін беретінін білеміз. Олардың әртүрлі болатынын ұмытпайық. Мысалы: эхинококк кезінде адамның іші ауырып, оң жақ бүйірі шаншиды. Бауырының және басқа мүшелерінің үлкейгенін байқайды және кей кезде кеудесі ауыратындай жөтеледі. Баланың ішінде ішексорғы мен үшкірқұрт болғанда оның шаршағанын, ашуланатынын, ұйқысының қашуын, ұйықтап жатып тіс қайрауын байқаймыз. Сиыр цепені кезінде балаларда тәбеті нашарлап, есте сақтауы төмендеп талма ауыруына шалдығады. Үлкендерде іші жиі ауырады. Мысықсоғыш құртың болса, оң жақ қабырға асты ауырып, бауыры ісініп, қуығы ауыратынын байқайды.


17

2-кесте Құрттардың зияны



Құрт және ауруы

Жұғу түрлері

Зақымдайтын мүшесі

Кездесетін ел

Мысық сорғыш (описторхоз)

Былқылдақдене , балық, ауыз арқылы

өт, бауыр, ұйқы безі

Батыс Сібір,Қазақстан, Еуропа

Фасциол(фасциолез)

Былқылдақдене, су, өсімдік, ауыз арқылы

Бауыр, өт

Орта Азия, Қазақстан,Кавказ

Қысқа цепень (гименолепидоз)

Кір қол, ойыншық, тамақ

Ащы ішек

Түгел жерде













Егеуқұйрық цепені

Ұн, ұннан жасалған тағамдар

Ащы ішек

Түгел жерде

Шошқа цепені (тениоз)

шикі ет

Ащы ішек

Түгел жерде

Эхинококк

(эхинококкоз)



Кір қол , лас су

Ішкі мүшнлер

Түгел жерде

Ішексорғы

(бөсір)


Топырақ, көкөніс арқылы

Ішекті

Түгел жерде

Анкилостома (анкилостомоз)

Топырақ, лас жеміс, кір қол

Он екі елі ішек арқылы

Орта Азияда

Ал екінші кестеден паразит құрттардың қай мүшені зақымдайтыны қысқаша көрсетілген.

Паразит құрттар адамның ағзасын зақымдап, өлімге апаруы мүмкін.

Мен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауруға шалдыққан адамдармен кездесіп, олардың қалай жұқтырғаны туралы мәлімет жинадым. Соның кейбіреуіне тоқтап кетейін. Мажейко К.С. 55 жастағы Новоишим тұрғыны. Ол өздерінің сиырын сойып , пісіріп жатқан астың үстінен толық піспеген етті жегеннен описторхоз ауруына шалдыққан. Бір айдан кейін ішінің бір түрлі ауырғанын, күдікті шаншулар болғандықтан дәрігерге тексеріске келіп, дұрыс анализ жасалып, ауруханаға түскен. 6 ай бойы ол ауруханада емделіп шыққан. Ал ішексорғы құртын көбіне балалар жұқтырады. Соның ішінде ең кішісі Огеева А 1 жас 10 айда. Ол жаздыкүні аула маңайында кей кездері қараусыз ойнап жүретін, ауызына жерден алып кір заттарды салатын . Содан баланың түн ұйқысының қашып, жылай беретінін және тамақты ішпей қойғанына қынжылып анасы тексеріске емханаға апарған. Нәжісін тексеру арқылы балада ішексорғы табылып, дер кезінде ем жүргізілген.

18

2.5. Кездесу жиілігі

Мен паразит құрттардың ауданымызда кездесу жиілігін жасау үшін санитарлық эпидемиялық бақылау мекемесіне барып 5 жыл ішіндегі жиналған құжаттарды талқыладым. Бұл жұмыста 2002 мен 2006 жылғы аралықтағы паразит құрттардың санын мына кесте бойынша көрсеттім.

3-кесте

жылдар

ішексорғы

Үшкірқұрт

Сиыр цепені

эхинококк

Мысық сорғыш

2002

2003


2004

2005


2006

5

7

6



7

5


84

102


86

59

60



1

2

-



-

-


1

1

1



1

-


-

-

-



2

1

Осы бес жыл ішінде аудан бойынша 431 адам тіркелген. Оның 10-ы ересек адам, ал 421-і балалар. Менің санауымша 97,6 % балалар, ал 2,4 % ересек адамдар ауырған. Мұның себебі не? Менің ойымша балалардың жеке бас гигиенасын сақтамауынан болып отыр. Ал ересек адамдар сиыр және балық еті арқылы жұқтырған.

Ең көп кездесетін құрт үшкірқұрт. Оны мына график арқылы қарайық.


1 график Үшкірқұрттың кездесу жиілігі.

Үшкірқұрт тудыратын аурудан 2002-2006 жылдар аралығында жалпы 391 бала ауырған.

Жалпы үшкірқұрттан 90,7 % бала ауырған.


.
19



2 график Ішексорғының кездесу жиілігі.

Ішексорғы құртынан туатын аурудан 2002-2006 жылдар аралығында жалпы 30 бала ауырған.

Жалпы ішексорғы құртынан болған аурулар 6,96 %-тін құрайды.

Құрттардың ішіндегі ең қауіптісі эхинококк екенін білеміз. Жыл сайын біздің дәрігерлер онымен кездесіп отырады. Ондай құрттар мида және бауырда қатерлі ісіктер тудырып, ағзаны уландырады. Эхинококктың кездесу жилігін -ші графиктен көруге болады.



.

Эхинококк құртынан туатын аурудан 2002-2006 жылдар аралығында жалпы 4 ересек адам ауырды.

Жалпы эхинококк құртынан болған аурулар 0,92 %-тін құрайды. Бұдан 4 адам ауырғанын азғантай деп санауға болмайды. Себебі, олар адамның ең негізгі мүшелерде мекен етіп, бір жылда 400 000 000 жұмыртқа салаты-нын еске тұтқан жөн.

Ауданымызда мысықсорғыш құртынан науқастанған адамдар да кездесті. Олардың адамға мысық жүні және балық арқылы жұққаны анықталды.


20

4 график





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет