Жоғары оқу орындарында оқыту үрдісін кредиттік жүйе жағдайында ұйымдастыру жолдары



бет1/5
Дата15.12.2021
өлшемі26,88 Kb.
#101512
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 МӨЖГе
тест 1-деңгей, 10-сынып жылдык тест(география), 10-сынып жылдык тест(география), ІСОР8сын ІІІтоқ

Абдуахитова О.Т., Какимов М.М., Тохтаров Ж.Х.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Жоғары оқу орындарында оқыту үрдісін кредиттік жүйе жағдайында ұйымдастыру жолдары

Жоғары оқу орнында оқыту үрдісінде кредиттік жүйені енгізудің негізгі мақсаты жастарға білім беру жұмысын жетілдіру болып табылады. «Кредит» ұғымының ешқандай қаржылық мазмұны жоқ, аталған ұғым жоғарғы оқу орындарында оқылатын әрбір пәннің еңбексиымдылығын мөлшерлеу және студенттің оқу жұмысын   өлшеу үшін қолданылады. Еңбексиымдылық аудиториялық сабақтарда және студенттің өздік білім алуында белгілі бір оқу жұмысын орындауға жұмсалатын уақытты сипатайтын көрсеткіш ретінде қабылданады. Оқу кредиті пәнді оқып үйренуге қажетті еңбектің жұмсалуының бірлігі болып саналады. Кредиттік оқу жүйесінің оңтайлы деп табылған құрылымын біз мына түрде көре аламыз.

1. Оқыту жұмысын ұйымдастыруға профильдік тұрғыдан келу. Жоғары оқу орнындарында көптеген мамандықтар бойынша бірнеше бакалавр бағыттарына сәйкес мамандар дайындалады. Әр мамандықтың оқу бағдарламасының әр түрлілігі абитуренттің мамандықты дұрыс таңдай алуына қиындық туғызады. Сондықтан,  бірінші курсқа студентті қабылдағанда мамандық немесе бакалавр бағытына сәйкес емес профильдік тұрғыдан келуді іске асырған жөн деп есептейміз. Профильдік оқу бір немесе екі жыл болуы мүмкін. Осы уақыт ішінде студенттер іргелі базалық білім беретін пәндерді меңгереді. Профильдік оқу кезінде студент болашақ мамандығын саналы түрде түпкілікті таңдай алады. Белгілі бір профильдегі студенттер тобынан бакалавр бағыттары айқындалады. Осы бакалавр бағыттары бойынша магистр және мамандарды дайындайтын оқу бағдарламасы жасалады. Профильдік дайындықтан өткен студенттер мамандық алу мақсатында өзі оқып жүрген немесе еліміздің кез-келген оқу орындарында білімін жалғастыра алады.

2. Оқу үрдісін ұйымдастырудың сызықтық емес түрлерін қолдану. Профильдік оқу үрдісі кезінде студенттің ары қарай теориялық және практикалық білімін жетілдіру мақсатында  негізгі білім алу кезеңіне өтер алдында пәндерді таңдап алу мәселесіне ерекше назар аудару керек. Өйткені таңдап алған пәндер студенттің келешек таңдаған мамандығын меңгеру үрдісіне әсер етеді. Аталған оқу бағдарламалары оқытудың вариативтік принципін іске асырады. Студент немесе магистрант өзінің мүмкіншіліне сәйкес бағдарламамен жұмыс істейді. Бұл оқытудың оңтайлы білім алу траекторияларының болуын қаматамасыз етеді.

3. Оқу процесін модульдік түрде ұйымдастыру. Оқыту үрдісін кредиттік жүйеде ұйымдастыру оқытуды модуль әдіспен іске асырудың артықшылығын дәлелдеп отыр. Модульдік оқыту кезінде құрылымы және мазмұны өзара байланысқан тақырыптар жекелей топталады және әрбір осындай топтарға балл түрінде рейтингтер тағайындалады. Осы баллдардың мөлшеріне сәйкес әрбір модуль кредит санымен өлшенеді. Студент модулдағы оқу материалдарын меңгере алса соған сәйкес кредит жинай алады. Модулды пәнаралық байланыс принципіне сәйкес құрса оның дидактикалық мәні күрт артар еді. Егер белгілі бір мамандық бойынша аталған пәндер қатар жүретін болса, интеграциялап оқыту іске асады және бұл жағдайда пәндердің оқу материалдарын студенттер жеке дара емес бір-бірімен байланыстыра меңгерер еді. Жоғары оқу орындарындағы оқу пәндерін интеграциялап оқыту бірнеше мақсатты көздейді: студенттердің оқып үйренуге қажетті оқу материалдары ықшамдалады; қоршаған орта туралы білімдер жүйесінің тұтастығы нәтижесінде оқу үрдісінің тиімділігі артады және оқу үрдісінің жандануына бірден бір себеп болатын оң педагогикалық-психологиялық атмосфера орнайды.

4. Оқу процесінің нәтижелерін тексеру әдістерін жетілдіру. Оқушы жастардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушы немесе студент білімін объективті түрде бағалау арқылы тұлғаның өзін-өзі және қоршаған ортасын силай білуін, өз орнын табуын, өзінің іс-әрекетіне сын көзбен қарауды, ұжымда оң психологиялық ахуал тудыруды, білім алуға деген ынтасының күшеюін қаматмасыз етеді. «Тәлімгердің білім сапасын тексеру арқылы оның белгілі бір оқу материалын меңгерудегі жетістіктері мен кемшіліктерін сынай отырып бағалауды, сойтіп оның оқу жұмысын жүйелі және жүйелілікпен қайта құруын іске асырады. Сөйтіп жеке тұлғаның білім сапасын тексеру үрдісі онда жоспарлы жұмыс істеу, жауапкершілік, тәртіптілік, саналылық, алға ұмтылушылық, нәтижелілік сияқты қасиеттерді тәрбиелейді».

Білім алушы тұлғаның білімін бағалау жүйесін жетілдіру жалпы оқу үрдісінің жағдайын жақсартуға тікілей әсер ететіні белгілі. В.С.Аванесов бұл мәселеге қатысты былай дейді: «Әлемде білім беру жүйесін реформалау мақсатында жасалған көптеген жұмыстардың қомақты нәтижелер бермеу себебінің негізгісі аталған реформалардың білімді бақылау және бағалау жүйесінің жетілмеуі болып табылады» 2.

Жоғарғы оқу орындарының кредиттік жүйеде жұмыс жасай бастауына орай білімді тексеру және бағалау технологияларын жетілдіру мәселесі де бірінші кезекке шықты. Сызықтық оқыту  жүйесінде қолданылып келген студенттердің білім сапасын тексерудің рейтингтік және тестік әдістері оқытудың кредиттік жүйесінде кең түрде қолданылу өз артықшылықтарын дәлелдеп отыр. Студенттің білімін бағалаудың бұрын қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдістері рейтингтік-тестік әдістермен үйлестіріле қолданылса жоғарғы оқу орындарындағы оқыту және оқу үрдістері жоғарғы дәрежеде болатыны сөзсіз. 

Әдебиеттер:

1. Чернилевский Д.В. Дидактические технологии в высшей школе. – М.: Юнити, 2002. – 438 с.

        2. Аванесов В.С. Композиция тестовых заданий. – М.: АДАПТ, 1998.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет