Жоспар: 1 Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының пәні мен міндеттері



Дата07.02.2022
өлшемі14,71 Kb.
#87437
Байланысты:
ТАРИХ


Қазақстан тарихы (1)
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Жоспар:
1)Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының пәні мен міндеттері.
2)Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері.
3)Қазіргі Қазақстан тарихының кезеңдерге бөлінуі.
Тарих(көне грек. сұрастыру,зерттеу) – адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Тарихты оқып-білу не үшін қажет? Өз тарихымызды, өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену біз үшін бұрынғы ата –бабаларымыз қандай болғанын, қазір қандай екенімізді біліп, жан-жақты саралау үшін қажет. Біз тарихымыз арқылы өте маңызды оқиғаларды есте сақтаймыз. Туған жер, ата-бабаларымыздың батырлық,ерлік дәстүрі, тыныс –тіршіліктерін тарихтан оқып білеміз.
Қосымша тарихи пәндер: Археология, Этнография, Палеография, Нумизматика.
Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу
Ежелгі дәуір б.з.б 2, 6 млн - Vғ
Орта ғасыр VI –XVIII ғ.басы
Жаңа заман XVIII ғ. басы – 1917 ж. қазаны
Қазіргі заман ж. 1917 ж. Қазан- бүгінгі күнге дейін
I кезең –Қазақстанның ежелгі тарихы (б.з.д. « млн 800 мың ж.- Б.з.д VIғ .)
1.1Қазақстан территориясындағы тас дәуірі (б.з.д 1 млн 800 мың ж. – б.з.д III мың ж.)
1.2 Қазақстан территориясындағы қола дәуірі(б.з.д II мың ж. - б.з.д I мың ж. басы)
1.3Қазақстандағы ерте темір немесе сақ дәуірі(б.з.д VIII ғ.-б.з.д III ғ)
1.4 Ерте таптық қоғамдар мен мемлекеттер немесе ғұн, үйсін, қаңлы дәуірі(б.з.бIII ғ - III (VI) ғғ)
II кезең –Қазақстанның ортағасыр тарихы (VI-XVIIғғ.)
2.1 Қазақстандағы түрік дәуірі (VI-XIIIғғ. басы )
2.2 Қазақстан моңғол дәуірінде (XIII ғ. Басы – XVғ. ортасы)
2.3Қазақ хандығындағы кезеңі ( XV ғ. ортасы – XVIII ғ. басы)
III кезең – Қазақстанның жаңа заман тарихы (XVIII ғ. басы – XXғ. басы)
3.1Қазақстанның Ресейге қосылуы (XVIII ғ. басы-XIX ғ. ортасы)
3.2Қазақстан Ресей мемлекетінің құрамында (XIXғ ортасы –XX ғ.басы)
IV кезең – Қазақстанның қазіргі заман тарихы (XX ғ. басы – XXIғ. )
Кеңестік дәуірдегі Қазақстан (1971-1991жж.)
Қазақстан Республикасы- егеменді мемлекет(1991 жылдан бүгінгі күнге дейін)
(2)
Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары:
Ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.( XX ғасырдың басындағы Қазақстан)

Жоспар :
1. XX ғасырдың басындағы өлкенің саяси, әлеуметтік- экономикалық ахуалы.Қоныстандыру саясаты.


2.XX ғасыр басындағы саяси ахуал
3.Бірінші дүниежүзңлңк соғыс және қазақ халқының саяси -әлеуметтік ахуалы.
4.1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыс
5.Ақпан революциясы. Алаш зиялыларының қоғамдық -саяси қызметі.

Ресей мемлекетінің Қазақстанда отарлауы 4 кезеңнен тұрады.
1)XVI ғ. Бастап әрқилы босқындардың, қашқын қазақтардан құралған отрядтардың қоныстануы.
2)XVI-XVIII ғғ.сауда-өнеркәсіп капиталының ыңғайымен әскери-әкімшілік отарлау жүзеге асады.
3)XIXғ. Аяғы XXғ. Басы көшіп –қону бағытында отарлау.
4)Сонымен бірге осы XVII-XXғғ. Арасында әлеуметтік- идеологиялық отарлау жүріп жатты.
1886-1891жж. Реформа бойынша Қазақстан аумағы Түркістан және дала генерал -губернаторлықтарына бөлінді. 1886 жылғы реформа бойынша орталығы Ташкент болған Самарқан облыстары кірді. Кейінірек,1897 жылдан осы генерал- губернатордың құрамына Жетісу облысы берілді. Бұрынғыдай (1867-1868 жж. «Уақытша ережелер.....» бойынша) облыстар уездерге бөлінеді.
Әр уезд болыстарғы. Ал болыстар әкімшілік ауылдарға бөлінді. Азаматтық және әскери билік те генерал губернатордың қолында шоғырланды.Облыс әкімшілігінің басында әскери губернатор тұрды. Оның қолында әскери және әкімшілік билік болды. Әскери губернатордың жанында облыстық басқармалар құрылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет