Жоспар: Ас қорыту мүшелерінің физиологиясы Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері Қарындағы ас қорыту



бет6/9
Дата06.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#80798
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ас қорыту
Ас қорыту
Тілдің жіпше бүртікшесі БОЯУЫ: гематоксилин-эозин
1 – Бүртікшені жабатын эпителий 2 - мүйізделген эпителий қаб. 3 - тіл жотасының шырышты қаб. пластинкасы 2 – тіл бұлшықеті
Тілдің жапырақша бүртікшесі Бояуы гематоксилин-эозин
1 - эпителий 2 - тіл жотасының шырышты қаб. пластинкасы 3 – дім сезу буылтықтары
Тiстер - қатты жасушалардан тұратын, азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшiн арналған құрылым. Адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін маңызды және де күлудегі маңызды компонент болып табылады.
Тістің ішінде жүйке жасушалары және қан тамырлары өтіп жатқан дәнекер ұлпа болады. Тiстерді сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі. Тiстердiң қалыпты саны ересек адамда – 32 және болуы мiндеттi емес 4 ақыл тiс. Атап айтсақ 8 күрек тіс, 4 ит тiс, 8 кіші азу тіс және 8-12 үлкен азу тістер. Балаларда сүт тiс 3 айдан бастап бір жас шамасыаралығында шығады. Сүт тістер 6-12 жас аралығындағы тұрақты тістерге бiртiндеп алмастырылады. Сүт тiстерiнің жалпы саны 20: 8 күрек тіс, 4 ит тiс және 8 азу тіс. Кейбір адамдарда 32 емес 33 тiс болады. Мұндай жағдайлар өте сирек, бiрақ олардды комплекттен тыс деп аталу келісілген; екi жоғарғы алдыңғы тістердің орнына үш тiс орналасады.
Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11—13 см. Жұткыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі.
Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. 
Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етеді. Қарын сөлінің құрамындағы 0,35-0,5%-дық тұз қышқылы, органикалық заттар мен хлордың, фосфордың, натрийдің және күкірттің тұздары болады. Қарын сөлінің 98,5-99% - су, 0,2-0,3% органикалық заттар, қалғандары – тұздар. Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы – қышқыл болады. Қарын сөлінің реакциясы тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет жегенде сөлдің қышқылы 0,56%, сүт ішкенде 1,48-0,50%, нанға 0,45-0,49% болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет