Жоспар: Ас қорыту мүшелерінің физиологиясы Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері Қарындағы ас қорыту


Балалар асқазанының ерекшеліктері



бет8/9
Дата06.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#80798
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ас қорыту
Ас қорыту
Балалар асқазанының ерекшеліктері
Жана туғандарда асқазан горизонтальды орналасады. Кейін жүре келе вертикальды қалыпқа ауысады, әсіресе 7- 10 жаста ересек адамдардікімен бірдей болады.
Кардиальды сфинктер нашар дамыған.
  • Шырышты қабаты едәуір қалыңырақ, осыған байланысты асқазан бездері нашар дамыған.Бездердің саны өсе келе көбейеді. Сондықтан осыған байланысты балалардағы секреторлы аппарат өмірінің алғашқы жылында нашар дамыған.
  • Асқазан сөлі ересек адамдардыкімен бірдей, тек қышқылдығы және ферменттік белсенділігі төмен.

Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25—30 сантиметрдей бөлімі - ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін от қабының өзегі және үйқы бездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан.
Тоқ ішек- ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бүйен деп аталады. Ол он жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің томенгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді түйық өскін соқырішек (аппендикс) болады. Оны аппендикс (лат. «арреndіх» - қосалқы) деп атайды.
Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан болатын ауру - сокырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі - тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады, оның сілемейлі қабыкшасында жарты ай пішінді ірі өрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс калыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар (өсіресе ішек таяқшалары) болады, олар ағзаға пайдалы. Зиянды микробтардан қорғап, тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді.
Астың қорытылуы мен сіңуі негізінен аш ішекте аяқталады. Тоқ ішектің бездерінен бөлінетін сөлде ас қорытатын ферменттер өте аз болады. Оның есесіне тоқ ішекте бактериялар көп. Ас қорыту мүшелерінің басқа бөлімдеріне қарағанда тоқ ішекке түскен ас қалдықтары ұзағырақ сақталады. Ас қалдықтары тоқ ішектің суды қарқынды сіңіруінің нәтижесінде біртіндеп тығыз зат - нәжіске айналады.
Тік ішек-тік ішектің төменгі бөлігінде екі сақина тәрізді бұлшыкеттер бар. Осы бұлшықеттердің көмегімен нәжіс сыртқа шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет