Жоспар Әлеуметтану ғылым ретінде



бет2/2
Дата01.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#194468
1   2
Байланысты:
637486.pptx
Практическая работа Информационный буклет, Сборник Паскаль1, 9 практикалық тапсырма, 3, 5 дәріс, 2-дәріс. Жалпы мағлұматтар, Все лекции, Өмірбаян, 1 лекция, Тәжірибелік жұмыстар (1), test1, 3 тәжірибелік жұмыс ОБП, Вирусные-диареи1, 3 Зертханалық жұмыс, Задание
2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды.
1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде ол философиядан бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы туралы мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтитын кезеңде әлеуметтанудың өзінің теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламент және президент сайлауларының қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады.
Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады. Ол «абсолюттік білімге ұмтылады». Теологиялық ойлау өз кезегінде дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм.
үшінші позитивті немесе шынайы ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни «бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға» жүгінеді.
Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға, абстракциялар жолымен түсінуге тырысады. Олар сын тұрғысынан өткізіліп қаралады. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Г.Спенсер эволюция деп аталатын үдеріске жалпы мынадай анықтама берді. Эволюция дегеніміз – қозғалыстың барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белгілі, өзара байланысқан әртекті күйге өтетін заттар интеграциясы. Кез келген эволюция материяны соның алдындағы тепе – теңдік, біртекті күйінен шығарып әртекті бөлшектердің жиынтығына айналдырудан басталады.
Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік институттардың алты тұрпатын анықтап көрсеткен: туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік деп көрсеткен. Ол әлеуметтанушылардың ішінен ең алғаш болып жаңа терминдер енгізді. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция.
.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет