Жоспар Кіріспе І тарау


Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің



бет3/3
Дата06.07.2018
өлшемі0,59 Mb.
#47599
1   2   3

2.1 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің

педагогикалық шарттары

Білім беру жүйесі бір-біріне барабар емес екі сала бойынша: дәстүрлі орта мектепте және мектептен тыс ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Дәстүрлі мектепте білім беру жүйесінің тұрақтылықтылығы қамтамасыз етілсе, мектептен тыс ұйымдарда қоғам сұраныстарына сәйкес оқу-тәрбие процесіне түзетулер енгізіліп отырады. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық оқу тәрбие жүйесінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін бүгінгі таңда осы екі саланың іс-әрекетін үнемі үйлестіріп отырудың маңызы зор.

Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық тәрбие беру бір ғана сынып-сабақ жүйесінің әрекетімен шектелмей, керісінше, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға және зерттеуге бағытталған түрлі практикалық іс-әрекетке тартып, мейлінше табиғатпен, ұстаздарымен, бір-бірімен қарым-қатынасын кеңейте түскен дұрыс. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану тиімді нәтижеге қол жеткізбек.

Мектептен тыс ұйымдар 2001 жылғы маусымда Үкімет қаулысымен өз мәртебесін алғанға дейін мектептен тыс мекемелер, мектептен тыс ұйымдар ретінде дамып, қалыптасып келгендігі мәлім. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің 1917 - 1990 жылдардағы қалыптасуы мен дамуы зерттеуші Е.О.Омардың еңбегінде қарастырылған. Автордың мектептен тыс-мекемелердің қоғамдық тәрбие жүйесіндегі ролі мен тәрбиелік әлеуетін айқындауы, әр кезеңдегі даму ерекшеліктеріне берген сипаттамалары, тарихи даму барысындағы тәрбие жұмыстарының мазмұны, формасы мен әдістері, даму болашағына жасаған болжам, пікірлері біздің зерттеу жұмысымыз үшін құнды болып есептеледі. Жас буынның бос уақыттағы ынта-ықыласы мен талабына қарай ұйымдастырылып, аса маңызды қызмет атқарып келген мектептен тыс мекемелер өткен ғасырдың 30-шы жылдары реформалау, оңтайландыру зардаптарын басынан кешіріп, жаппай жабылуға ұшырады. Е.О. Омардың айтуынша 1983 - 2001 жылдары оқушылар сарайы үш есе қысқарған, 1983 жылы олардың саны 300 болса, 2000 жылға дейін олардың 100-і ғана қалған.



Қазақстан Республикасы егемендігінің іргесі бекіп, елдің саяси-экономикалық және мәдени саладағы жетістіктері мектептен тыс мекемелердің қайта ашылып, олардың тәрбие жұмыстарының жандануына себепші болды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына орай Үкімет қаулысымен оларға «Мектептен тыс ұйымдар» мәртебесі берілді және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 27 тамызындағы № 629-шы бұйрығымен мектептен тыс ұйымдар қызметінің құқықтық негіздері және осы саладағы педагог қызметкерлерінің біліктілік сипаттамасы бекітілді. Сонымен бірге Үкіметтің №849 шешімімен мектептен тыс ұйымдар Ережесінің бекітілуі (22 тамыз, 2001 жыл) жастар мен балалардың ұлттық мәдениетін қалыптастыру бағытында көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Ресей федерациясының «Білім туралы» Заңында (1982) мектептен тыс жұмыстарға бүкіл бір бөлім арналған (26-бап) және осы бағыттағы тәрбие жұмысын реформалаудың құқықтық негіздері жасалып, ондай ұйымдарға «Қосымша білім беру мекемелері» деген дәреже берілген.

«Балаларға қосымша білім беру» ұғымына педагогикалық энциклопедиялық сөздікте «...оқушылардың өз бетімен таңдауына және қосымша білім беретін бағдарламаларды меңгеруіне бағдарланған, балаларға, жасөспірімдерге, оқушы жастарға білім мен тәрбие беру жүйесінің құрамдас бөлігі» деп анықтама берілген. Ал оның міндеттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 849 шешімімен бекітілген. Мектептен тыс ұйымдардың Ережесінде айқындалғандай, олар: балалардың тұлғасын жан-жақты дамытуды, денсаулығын нығайтуды, кәсіби өзін-өзі анықтауға, шығармашылықты еңбек етуге қажетті жағдайлар жасауды; қабілеттерін жүзеге асыруды; қоғамдық өмірге бейімдеуді; мазмұнды тынығуын ұйымдастыруды; өскелең ұрпақтың азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етеді мектептен тыс ұйымдарда білім беру, еңбекке баулу және мәдениеттілікті тәрбиелеу сияқты басты іс-әрекет сфераларының түйісуі олардың басты ерекшелерінен саналады. Келесі бір артықшылығы балалардың шығармашылық іс-әрекеттің белгілі бір түрін өздерінің қызығушылықтары, бейімділігі, қабілеттеріне сәйкес, өз бетімен қалап шұғылдануына мүмкіндік беруі болып табылады. Бұның өзі балаларға орта мектепке қарағанда өзіне пайдалы білім алуына, болашақ мамандықтарының негізін қалайтын нақты іс-әрекеттермен шұғылдану құқығын иеленуіне жол ашады. Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне: шығармашылықты дамыту, балалар шығармашылығы, балалардың (жасөспірімдердің) сыныптан тыс жұмыстары, балалардың білімдік-сауықтыру, экологиялық, балалар мен жастар туризмі салаларындағы кәсіби маманданданған шығармашылық орталықтары және т.б., эстетикалық тәрбие, мәдениет (өнер) салаларындағы кәсіби маманданған үйлері (сарайлар); клубтары, балалар студиялары, стансалары (жас натуралистер, балалардың техникалық шығармашылығы), балалар парктері, мектептері, музейлері, балалардың білімділік-сауықтыру лагерьлері жатады.

Мектептен тыс ұйымдар өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық құжаттарына, мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережеге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 маусымдағы № 849 қаулысы) сәйкес жүзеге асырады. Онда балалардың білімдік және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында білім берудің қосымша бағдарламалары жүзеге асырылады. Сонымен бірге балалардың сұранысын, отбасының және өзге де ұйымдардың қажеттіліктерін аймақтық, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ұлттық-мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, өз қызметінің бағдарламасын өзі дербес жасайды.

Қандай да болмасын педагогикалық іс -әрекеттің нәтижелілігіне белгілі бір шарттарды орындау арқылы қол жеткізеді. Сондықтан мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде біздер оның ұйымдастырушылық, моральды – психологиялық, әлеуметтік мәдени шарттарын талдауды мақсат еттік.

Ұйымдастырушылық шарттарды қарастыру, ең алдымен қоғам сұранысын және нақты жағдайларды есепке алу қажеттілігмен және одан туындайтын мақсатты анықтау болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде әрдайым бірлікте болып келетін сыртқы және ішкі шарттарды әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан бөліп көрсету қабылданған. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру бұл тұрғыдан келу оның өсу динамикасын және оған сыныптан тыс жұмыстардың сан қилы ықпал есебін есепке алуға мүмкіндік береді.

Сонымен, бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру күрделі процесс ретінде сыртқы және ішкі шарттарды есепке алуды талап етеді. Себебі, ұлттық тәрбиені дамыту әлеуметтік сұраныстан туындайды. Яғни, ұлттық тәрбиені дамыту мақсаты әлемдік, мемлекеттік, аймақтық, тұрғылықты жердің, білім беру мекемесінің деңгейінде нақтыланады.

Білім мазмұны - педагогика ғылымында «нені оқыту керек» деген сұраққа жауап іздейтін ең күрделі проблема. Сондықтан ол мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың мазмұндық шарты болып табылады. Қазақстан Республикасының орта білім беру тұжырымдамасында білім берудің мақсаты мен міндеттерінің әлеуметтік маңыздылығына" ерекше мән берілген. Сонымен қатар, білім қоршаған орта өзгерістерінің салдары мен оның жағдайы, қоршаған ортаға әсер ету саласындағы жүйелі дағдылар мен іскерліктерді, білімді меңгерту нәтижесі және мақсатты да кешенді процесс» екендігі анықталады.

Білім мазмұнын қалыптастыру бойынша педагогикада нақты көзқарастар орныққан. Оның теориялық негіздері М.Н. Скаткин, В.В. Краевский, В.С. Леднев, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.



Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің тиімділігі оның ғылыми-әдістемелік шарттарын нақтылауды талап етеді. Бұл сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың міндеттерін жүзеге асыруға қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілгенде ғана мүмкін болады. Ол үшін бастауыш мектеп оқушыларынан құрылған үйірме бағдарламасын, әдістемелік құралдарды, нұсқауларды, ұсыныстарды және мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын ұлттық тәрбие беруге педагог кадрлар даярлығын қамтамасыз ететін арнайы әдістемелік семинар, әдістеме дайындау қажеттігі туындайды.

Белгіленген зерттеу мүмкіндіктерін жүзеге асыруда мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың құрылымдық моделі негізге алынды. Оның басты компонттері болып мотивациялық, мазмұндық, психологиялық, процессуалдық саналады.

Мотивациялық компонент бастауыш сынып оқушыларының қазақ ауызекі шығармашылығындағы ұлттық тәжірибеге деген саналы қарым – қатынасымен сипатталады.

Кесте № 1. Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына тәрбие берудің құрылымдық моделі.



Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық

Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарында бейнеленген тәжірибеге қарым -қатынасы

Сыныптан тыс жұмыстардың ұлттық тәрбиелік мәнін санамен түсінуі,

- сыныптан тыс тәжірибеге қызығушылығы



Мазмұндық

Ұлтық тәрбие туралы білімдерінің көлемділігі, жүйелілігі

- ұлттық тәрбие туралы білімдерінің көлемділігі

- жүйелілігі

-бүгінгі таңдағы тәрбие проблемалары туралы мағлұматтардың болуы.


Процессуалдық

Ұлттық тәрбие туралы дағды, іскерлігі, белсенділіктері рефлекс жасай білуі

- Тәрбиелік іс – шараларға қатысу белсенділігі

- тәрбие саласында, ғылыми зерттеу насихаттау, істеріне араласу белсенділігі





Ұсынылып отырған модель бойынша мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру деңгейлерін зерттеп білу және педагогикалық шарттарды (ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік, моральдық-психологиялық) бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруге бағдарлау; мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытуды жүйелі және кешенді көзқарасты орнықтыру; бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру мақсатында сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнына педагогикалық жіктеме бойынша сұрыпталған сыныптан тыс жұмыстардың үлгілерін енгізу.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Шымкент қаласы, № 47 мектебінде өткізілді. Экспериментке барлығы – 75 оқушы (оның 38-і эксперимент тобында, 37- і бақылау тобында қатысты.

Анықтау эксперименті бірнеше бағытта жүзеге асырылды.

1) бастауыш сыныптың «Дүниетану» оқулығының ұлттық тәрбиелік

мазмұнын талдау;

2) мектепте педагогтардың бастауыш сынып оқушыларына сыныптан



тыс жұмыстарда ұлттық тәрбие беруге даярлығы;

3) сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру деңгейлерін анықтау.

Анықтау экспериментінің бірінші бағыты бойынша мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытуға бағытталған білім мазмұнын анықтау үшін бастауыш сыныптарда оқылатын “Дүниетану” пәнінің мазмұнына талдау жасадық.

Дүниетану пәні «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарынан топтастырылған. Олардың басты мақсаты - интегративті пән ретінде оқушыларға біртұтас дүниедегі адамның орны мен ролін түсінуге көмектесу. Пәнді оқыту барысында мынандай нақтылы міндеттер қарастырылған: табиғат объектілері мен құбылыстарының алуан түрлілігі, олардың касиеттері, сапалары, күйі, туралы ұғымдарды меңгерту, табиғи объектілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттық және кеңістіктік өзгерістерін түсінуді қамтамасыз ету.

Мұнда адам алғаш рет әлеуметтік тұлға ретінде жеке оқылады. Әр блоктың материалы білім мазмұнына жаңа түсініктер меы ұғымдарды жүйелі түрде енгізу есебінен сыныптан-сыныпқа қарай күрделене түседі. Адамның сезім мүшелерінің қызметі мен маңызы, тілдің әлеуметтік ерекше ролі, ойлау, бақылау, тыңдау, оқу және ойға тоқу, басқаға айту, тәжірибе, дүниені зерделеу әдістері қарастырылады.

Бұл ұғымдарды меңгеруден алған білім, біліктері оқушының өзін-өзі тануына көмектеседі. Осыдан айналадағы дүниені зерделей білуге мүмкіндігі бар екеніне оның көзі жетеді, сенімі артады.

Бірінші сыныпта өтілетін материал 10 тақырыптан тұрады. Бұл тақырыптар аясында әр түрлі мазмұндағы 14 мақал және қанатты сөздер, 1 жұмбақ, 2 тыйым сөз, 5 өлең ендірілген. Мұнда қазақ ауызекі шығармашылығының тек 7 үлгісі ғана табиғат, табиғатты қорғау, табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру мазмұнында. «Айналадағы дүние», «Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер» сияқты тақырыптарда қазақ ауызекі шығармашылығы назардан тысқалған. Екінші сыныпта өтілетін 8 тақырыптың аясында «Сулы жер - нулы жер» мәтелі ғана қолданылған. Үшінші сыныпта өтілетін 10 тақырыптарда «Таза су - денсаулық кепілі. Суды үнемдеп жұмса» деген тыйым сөз орын алған.Төртінші сыныпта өтілетін 11 тақырыптарда қазақ ауызекі шығармашылығы мүлде пайдаланылмаған.



Сонымен, «Дүниетану» пәнінің тақырыптарында қазақ ауызекі шығармашылығы үлгілерін пайдалану дәрежесін талдау қазақ халқының тәжірибесі толықтай пайдаланылмайтындығын көрсетті. Әрине, аталған пәннің сағат санының аздығы, өздеріне тиісті мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру қосымша материалдарды ендіруге кедергі болатын белгілі. Сондықтан қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық мәдениетін қалыптастыруды мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асыру жолдарын іздестіру қажет екендігіне көз жеткіземіз.

Анықтау экспериментінің екінші бағыты, Анықтау эксперименті барысында мектептен тыс ұйымдардағы қосымша білім беру педаготарының қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы оқушылардың ұлттық мәдениетін қалыптастыруға даярлығын анықтауда қолданылған сауалнама, әңгімелесі, интервью алу, тест тапсырмалары нәтижелерін талдау, олардың қазақ ауызекі " шығармашылығын жүйелі түрде пайдаланбайтындықтарын көрсетті.

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру процесінің тиімділігі педагогикалық ұжымның бүгінгі талаптарды ескере отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру ерекшеліктеріне тікелей байланысты.

Осы рстте біздер оқушыларға ұлттық тәрбие беру проблсмасын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қосымша білім беру педагогтарының даярлығы қандай болу керектігін анықтап алуға талпындық.

Педагогтардың бастауыш сынып жасындағы оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлық деңгейін білу мақсатында біз анықтау экспериментін жүзеге асырдық.

Мектепте бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы тәрбие беруге педагогтардың қаншалықты даяр екендігін талдау нәтижелері олардың көпшілігігінің (40,8%) біліктілігі төмен екендігін байқатты. Педагогтар қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық мәдениетін қалыптастыру бойынша өз бетімен білімдерін толықтырмайтындықтары (39,6%) және теориялық білімдерінің таяздығынан оны ұлттық тәрбиеде шығармашылықпен қолдана алмайтындықтары (81,1%) анықталды.

Бүгінгі білім жүйесінде кеңінен таралған оқу-әдістемелік құралдар баршылық. Педагогтармен өткізілген әңгімелесу, олардың өз бетімен ізденісінің, талпынуының жеткіліксіздігін көрсетті.

Сыныптан тыс жұмыстарда, сынып жетекшілері оқушыларға тәрбие беруге байланысты мақсатты, алдағы болашаққа бағытталған практикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда да іскерліктері қалыптаспағандығын байқатты. Сынып жетекшілерінің 40,8% зерттеушілік жұмысты жоспарлап жүзеге асыруда біліктері мен білімдері төмен болса, 45,4%-ы табиғатты қорғауға байланысты акция, олимпиада, слеттер өткізуде қиналады, 32,3%. Экологиялық проблемаларды зерттеуге бағытталған ұзақ, көпкүндік жорықтарды ұйымдастырып, табиғат аясына, өндіріс орындарына экскурсияны сауатты ұйымдастыра алмайды.



Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты зерттеу жұмыстарына тартуда енжарлық, немқұрайдылық басым. Экскурсиялар мен саяхаттар белгілі бір экологиялық проблемалар төңірегінде емес көбінесе көңіл көтеру, оқушылардың демалысын ұйымдастыру үшін формальды түрде өтетіндігін көрсетті. Мектептен тыс ұйымдарда оқушыларға тәрбие берудің түрлі әдістері мен формаларын кеңінен пайдалануға шек қойылмайды. Алайда педагогтардың тек 12,5%-ы ғана өткізуді, 10,8%-ы оқу-тәжірибе учаскесіндегі практикалық жұмыстарды қолданатынына, ал 23%-ы үйірме жетекішлерінің ғана оқушыларды табиғатты қорғау және зерттеу жұмыстарына тартатындығына көз жеткіздік. Олардың 42,5%-ы оқушыларды жергілікті, өлкелік қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына тарту әдіс-тәсілдерін 60%-ы экологиялық мониторинг жүргізе алмайды. Үйірме жетекшілері бұл жағдайды әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігімен, сондай-ақ табиғатта, тірі табиғат мүйістерінде, оқу-тәжірибе учаскелерінде практикалық сабақтар жүргізудің жетімсіздігін түсіндіреді. «Балдәурен» балалар шығармашылығы орталығының кадрлар құрамын талдау олардың тек 57%-ының ғана жоғары педагогикалық білімі бар екенін көрсетті. Ал 11%-ы жоғары ауылшаруашылық білімді, 4%-ы орта педагогикалық емес білімді мамандар.

Сыныптан тыс жұмыстарды талдау бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие мәселелері педагогикалық кеңестің жұмыс жоспарында күн тәртібіне қойылмағандығын, әдістемелік бірлестіктерінің тәрбиелік мәніне немқұрайды қарым-қатынасын, қосымша білім беру педагогтардың жұмыс жоспарларында ұлттық тәрбие беру мақсат етілмегендігін көрсетті.

Сауалнама жүргізу нәтижелерін талдау педагогтардың 72%-ы оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытуды қажет емес деп санайтындығын, ұлттық тәрбие үлгілерін 1-2 ғана педагогтың пайдаланатындығын және әдістемелік құралдардың мардымсыздығын байқатты. Педагогтармен әңгімелесу олардың тәжірибесінен мағлұматтарының үстірт екендігін және ұлттық тәрбие мазмұндағы мақал-мәтелдерге, жұмбақ, жаңылтпаштарға, ертегілерге немқұрайды қарайтындықтарын танытты. Сауалнама жүргізу барысында педагогтардың көпшілігі төмендегі ең қарапайым сұрақтарға жауап бере алмады:

- “ұлттық тәрбиеге байланысты қазақ ауызекі шығармашылығының



қандай түрлерін білесіздер?”

- «Табиғат қорғау, табиғат байлығын үнемді пайдалану туралы мақал-



мәтел айтып бере аласыз ба?»

- «Төрт түлік мал туралы қандай ертегілер бар?»

- «Эпостық жырлардың кейіпкерлері кімдер?»

- «Табиғат қорғау және табиғатпен қамқорлықты қарым-қатынаста



болуды талап ететін қандай тыйым сөздерді білесіз?

- “Балаларға теориялық білім беруде қазақ этнопедагогика элементтерін



пайдаландыңыз ба?»

Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың сынып жетекшілерінің этнопедагогика, этнопсихология, этномәдениет негіздері туралы білімдердің жеткіліксіздігі (77,1%) оларды оқушыларға ұлттық тәрбие беруде пайдалануда қиындықтар туғызатындығы анықталды. Педагогтардың көпшілігі бұл терминдердің мәнін түсіндіре алмайтын болып шықты.

Анықтау экспериментінің үшінші бағыты бойынша мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамыту моделінің мазмұндық компонентінің көрсеткіштеріне сәйкес оқушылардың білімінің көлемділігі мен жүйелілігі сауалнама тест тапсырмалары, әңгімелесу, интервыо сияқты зерттеу әдістері арқылы анықталды.

Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстар арқылы меңгерген білімдерінің көлемділігі мен жүйелілігін анықтауда бірнеше әдістеме қолданылды. Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған-табиғи ортаны сақтау, қорғауға байланысты мақал-мәтелдер туралы мағлұматтарын анықтау мақсатында Бастауыш сынып оқушыларыныц қоршаған табиғи ортаны сақтау, қорғау жайлы мақал-мәтелдер туралы мағлұматтарын анықтау мақсатында «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі қолданылды.

1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел...............................................

2. Адам көркі шүберек, ағаш көркі..............................................................

3. Ел ұлсыз болмас, жер.................................................................... болмас.

4. Құс қонбаған көл жетім, ел қонбаған.............................................жетім.

5. Бір тал кессең он....................................................................................ек.

6. Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен........................................ел көгерер.

7. Қыстағы қар, жаздағы..................................................жерге жауған нұр.

8. Сулы жер -............................................................................................жер.

9. Ата-асқар.....................................................................................................

Ана - бауырындағы....................................................................................

Бала - жағасындағы...................................................................................

10.Судыңда.....................................................................................................

11.Малдың жайын.................................................................................білер,

Оттың жайын....................................................................................білер.

12. Бұлақ көрсең.......................................................................................аш.

Берілген жауаптарды талдау оқушылардың ұлттық тәрбие тақырыбындағы мақал-мәтелдерің мазмұнын түсінбейтіндігін көрсетті. Аяқталмаған сөйлемдердің 3 оқушы - 5-еуін, 2 оқушы - 3-еуін ғана дұрыс тауып жазды.

Келесі ретте бастауыш сынып оқушыларына табиғат, өсімдіктер, жануарлар әлемі қандай қазақ ертегілерінде суреттелгендігі туралы тапсырма берілді. 8 оқушы табиғат суреттері туралы «Қазығұрт тауы», «Байқал мен Аңғара» сияқты ертегілерді атаса, 3 оқушы өсімдіктердің қадір-қасиеті туралы «Аяз би», «Асан қайғы» ертегілерін мысалға келтірді; 6 оқушы жануарлар туралы ертегілерден құстардың тіршілігі баяндалған «Бақыт құсы», «Алып құс самұрық» ертегілерін, хайуанаттар туралы «Жыл басы», «Түлкі мен бөдене» «Екі лақ» ертегілерін дұрыс тауып айтты.

Бастауыш сынып оқушыларына эпостық жырлардағы табиғатты, табиғат құбылысын, өсімдіктер мен жануарлар жайында берілген суреттемелер бойынша мазмұндама жазу тапсырылды. Өкінішке орай, балалардың көпшілігі эпостық шығармалардың аттарын, басты кейіпкерлерін атағанымен, олардағы қоршаған табиғат жайлы мәтіндерге мән бермегендіктерін, естерінде қалмағандықтарын көрсетті.Сауалнама әдісінің фактологиялық, тұлғалық, эмоционалдық ақпарат алудағы мүмкіндіктерін пайдаланып, алдын ала ойластырылған сұрақтар арқылы, жоғарыда аталған модельдің мотивациялық қарастырылғандай, бастауыш сынып оқушыларының қазақ ауызекі шығармашылығында суреттелген халықтың тәжірибесіне деген қарым-қатынасы анықталды. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларына төмендегі сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар алынды.

Кесте 3- Бастауыш сынып оқушыларының қазақ ауызекі шығармашылығында көрініс тапқан халықтық тәжірибеге деген қызығушылығын анықтауға арналған сауалнама нәтижесі



Қойылатын сұрақтар

Жауап түрлері %

Ия

Жоқ

Басқа да жауапт

1. Табиғат көріністері суреттелген қазақтың ауызекі шығармашылығы үлгілерін атап бере аласың ба?

- мақал мәтелдер

- жұмбақтар

- жаңылпаштар

- ертегілер

- тыйым сөздер

- эпостық жырлар

4

-



0,5

0,1


-

-

65

0,2


-

-

93



-

31

99,8



99,5

99,9


7

-


2. Адамның – табиғаттың төл перзенті екендігі туралы мақал -мәтел, жұмбақ, жаңылпаштар, ертегі қанатты сөздер, тыйым сөздер, эпостық жырлар білесің бе?

2

51

47

3. Өсімдіктер жайлы мақал -мәтелдер, жұмбақ жаңылпаштар, ертегі қанатты сөздер тыйым сөздер, эпостық жырлар білесің бе?

2

18,3

79,7

4. Жануарлар жайлы мақал мәтелдер, жұмбақ, жаңылпаштар, ертегі, қанатты сөздер, тыйым сөздер, эпостық жырлар білесің бе?

4

16,3

79,7

5. Табиғатты аялау қажеттігі жөнінде тыйым сөздерді білесің бе?

2,3

47,2

50,5

Интервью бойынша оқушылардың жауаптарын талдау, өкінішке орай, бастауыш сынып оқушыларының білімдері төмен екендігін және табиғатқа деген қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің қажетті деңгейде қалыптаспағандығын көрсетті.

Келесі ретте табиғат объектілері жайлы жұмбақтар шешу жүзеге асырылды:

1. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды (Күннің көзі).

2. Әуеден күбі түсті,



Күбінің түбі түсті (Күннің күркіреуі).

3. Көп бауырсақ ішінде бір қалам (Жұлдыздар ішіндегі ай).

4. Жалт-жалт еткен, Жырғадан өткен (Су).

5. Екпіні сонша қатты болса дағы



Ұстасаң қолыңызға білінбейді (Жел).

6. Екі ошаққа бір көсеу (Сиырдың танауы мен тілі).

7. Кішкентай ғана бойы бар

Айналдырып киген тобы бар (Қой).

8. Апан-апан, ескі шапан,



Иір қобыз, жарық жұлдыз (Түйе).

9. От басында құмған,



Екі көзін жұмған (Мысық).

10.Ерте тұрады, жар шақырады (Қораз).

11 Екі басы жұдырықтай, ортасы қылдырықтай (Құмырсқа).

12.Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі (Жеміс).

13. Құжынаған жұмыскер, бір мекенде тым іскер (Құмырсқа).

14. Сайрайды бір талмайды, әнші құс бал таңдайлы (Бұлбұл).

15. Суда өседі, өнеді, сыртқа шықса өледі (Балық).

16. Аласа ғана бойы бар



Тоғыз қабық тоны бар (Пияз).

17. Өсіп тұрған ол не ? жаз болса жайнап,

Салқында ән салып, құстар жүрген сайрап.

Салқып түссе шешініп, қалады өзі жайрап. (ағаш).



Жұмбақтардың шешімін 12 оқушы ғана толық дұрыс таба алды. Ал көшпілігі қазақ жұмбақтарынан хабардар емес екенін байқатты.

Тәрбиелік деңгейлерінің өсуі

Бірінші диагностикалық кесінді нәтижелері

ЭТ

БТ

Жоғары

4(5,4%)

3 (4,2 %)

Орта

32(43,3%)

35(48,6%)

Төмен

38(51,3%)

34 (47,2 %)


Сурет 1 - Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру деңгейлерінің динамикасы.



Анықтау экспериментінің нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесінің төмендігін және педагогтардың сыныптан тыс жұмыстар арқылы ұлттық тәрбиесін дамытуға даярлық деңгейлерінің жеткіліксіз екендігіне байқатты. Сонымен қатар, мектепте пегагогтарына лайықталған бірізділікті үйірме жұмысының бағдарламасы, оны жүзеге асыруға қолайлы әдістемелік ұсыныстардың жоқтығы осы бағытта қалыптастыру экспериментін жүргізу қажеттігіне көз жеткізді. Атқарылған жұмыстар мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлтық тәрбиесін дамытудың әдіс тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

2.2 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің әдіс -

тәсілдері.

Адам мен табиғат қатынасындағы адамгершілік сапасы қазақ халқының ұлттық мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниемен, табиғатпен қатынасында үш құбылыс байқалады: адамның аспан әлемі мен өз арасынан тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтастығы туралы ұғым, адамнын жер бетіндегі тіршілік иелерімен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы. Бұл -халықтың табиғатты қара басының пайдасынан жоғары ұстап, қадірлеп-қастерлейтін ұлттық мәдениеті.

Демек, адам мен табиғатты біртұтас деп тану - бүкіл әлем халықтарында қалыптасқан сана. Қазақ халқының бұл орайдағы философиясының ұлттық санасының басты арқауы - тұтастық туралы ұғым, яғни табиғатты қасиеттеу, қастерлеу - оның өмірінің салты екендігінде, оны субъект мәртебесінде қабылдауында, оған адамгершілік қатынас жасауында.



Қазақ ауызекі шығармашылығын зерттеуші М. Ғабдуллин: «Жазу-сызу болмаған ерте кезде-ақ, қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүниетанудағы көзқарасы, бала тәрбиесі, туған жерге деген қатынасы жайында неше түрлі өлең-жыр, әңгіме-ертегі, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан бұларды халықтың шығарған ауызекі шығармасы деп атайды» дей отырып, оның бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде, мәдениетін қалыптастыруда үлкен роль атқаратындығын атап өткен.

Адам мен табиғат қатынасындағы адамгершілікті қамқор, мейірбанды көзқарас қазақ халқының ұлттық мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниемен, табиғатпен қатынасында адамның аспан әлемі мен өз арасынан тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтастығы туралы ұғым, барынша тіршілік иелерімен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы сияқты үш құбылыс түркі ақындарының, демократ ағартушыларының, «Бес арыстың» дүниетанымында көрініс тапқан. Қазақ халқының ұлттық ойлауы, ұлттық сана-сезімі, табиғатқа көзқарасы ауызекі шығармаларында бейңеленген. Ә. Нысанбаев пайымдағандай, қазақ философиясы негізінен «фольклорда, поэзияда, мақал-мәтелдерде, шежіре-дастандарда, эпостарда, мифологияда жинақталған және тұжырымдалған» . Сан ғасырлық тарихы бар қазақ қауымы жазба әдебиеті пайда болғанға дейін ауыздан-ауызға тарап, ел есінде сақталған мол рухани қазына жасай білген.

Қазақ халқының өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде жинақтаған тәжірибесін ең алдымен ауызекі шығармашылығынан табамыз. Осындай мол тәрбие көзіне бет бұру халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасындағы даналығын сақтауға мүдделігін, табиғат байлығын тиімді пайдалану тәжірибесін, табиғи ортаға деген саналы да жауапкершілікті қарым-қатынасын бағамдап, ұрпақ тәрбиесінің кәдесіне жаратуға мүмкіндік береді.

А. Сейдімбектің деректері бойынша, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 1989 жылы құрылған қолжазба орталығында қазақ фольклорының ірілі ұсақты екі жүз мыңдай нұсқасы сақталуда.Бұл мұра жанр жағынан өте бай, ертегі - 10 том, аңыз - 3 том, әңгіме - 3том, шешендік сөздер - 5 том, мақал-мәтел - 4том, жұмбақ - 2 том, жаңылтпаш - 1 том, тиым сөздер - 1 том. Осыншама бай мұраны, Ә. Нысанбаевтың сөзімен айтқанда, “Жастарға ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесін жасап, іске асыруда пайдалану қажет”.

Қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын алғашқылардың көш басында кемел зерттеген Қ.Б. Жарықбаевтың халықтың тәрбие идеяларын талдап, оның тәрбиелік әдіс-құралдарына, ақыл-ой, еңбек, адамгершілік тәрбиесіндегі ықпалына берген сипаттамалары олардың мазмұны мен функцияларын танып-білуге көмектеседі.

Қазақ этнопедагогикасының зерттелуіне айрықша үлес қосқан С. Қалиевтың қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін, қазақ халқының тәлімдік және ұлттық ойлауының ерекшеліктерін, халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі мүмкіндіктерін, қағидалары мен принциптерін, әдіс-құралдарын ғылыми тұрғыда саралап, халық педагогикасының озық үлгілерін бүгінгі мектептің оқу-тәрбие жүйесіне ендіру жолдары мен амалдарын анықтап беруі ауызекі шығармашылығында көрініс алған қазақ халқының ұлттық тәрбиедегі бай тәжірибесін танып-білуде маңызы ерекше деп түсінеміз.

Профессор С. Ұзақбаеваның зерттеу нәтижелері өзінің сонылығымен, ауқымдылығымен ерекшеленеді. Оның жетекшілігімен халықтық педагогика, этнопедагогика мәселелері жөнінде докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалып, аталған проблеманың зерттелуіне айтарлықтай теориялық, практикалық үлес қосылды. С.А. Ұзақбаеваның халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығын (мақал-мәтелдер, эпос, айтыс өлеңдері, жыраулық дәстүр, жыр-терме), музыкалық шығармашылығын (ән мен күй), сәндік - қолданбалы өнерін (қыз балаларды киіз басу, сырмақ сыру, кілем, алаша тоқу, кесте және алаша тоқу, киім тігу, оларды ою-өрнекпен әшекейлеу тәрізді еңбекке баулу, үйрету; ер балаларға ұсталық, зергерлік, етікші, ерші, үйші т.б. кәсіптік еңбек түрін меңгерту) педагогикалық мақсатпен саралап қарастыруы және оларға берген сипаттамалары бізге олардың мән маңызын пайымдауды негізге алды.



К.Ж. Қожахметованың этникалық тәрбиеге берген анықтамалары бойынша жеке адам қазақтың салт-дәстүріндегі этникалық құндылықтармен этноәлеуметтік рольдерді, этникалық нормаларды игереді. Автордың дайындауындағы қазақ этнопедагогикасының құрылымдық-логикалық үлгісі, бізге қазақ ауызекі шығармашылығында көрініс тапқан халықтың табиғатпен қарым-қатынас жасаудағы мінез-құлық нормаларын пайымдауға мүмкіндік береді.

Халық тәрбиесінде адам мен адамның, қоғам мен халықтың еңбекке, табиғатқа адамгершілік қарым-қатынасы, имандылық идеясы жетекші орын алады. Қазақ ауызекі шығармашылығы салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, наным-сенімдері, ырым-рәсімдері қазақ философиясын зерттеушілерге (А.Н. Ныранбаев, Р.П. Абсаттаров, К.Ш. Нұрланова, М. Орынбеков, О.А. Сегізбаев А. Қасабеков, Ж. Алтаев, Т. Ғабитов т.б.) қазақ философиясының уақыт пен кеңістік арасындағы бітімін топшылауға, қазақтың ертедегі философиялық «даму элементтерінен бастап қазіргі философиялық теориясын жасауға мүмкіндік беріп» қазақ философиясының идеологиялық бастау бұлағы болды. Олай болатыны - “Халық эпостары, ертегілері, аңыздары, лирикалық-тұрмыстық поэмалары, мақал-мәтелдері адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып- білуінің куәгерлері” екендігінде .

Жоғарыда талдауға алынған пайымдаулар біздерге бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың ұлттық тәрбиесін дамыту қазақ ауызекі шығармашылығында айшықталған халықтың ұлттық тәжірибесіне негізделуі тиіс екендігіне көз жеткізеді. Қазақ ауызекі шығармашылығы оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытуда жан-жақты қызмет атқарады. Біздер С.А. Ұзақбаеваның ғылыми жетекшілігімен орындалған еңбектерде берілген мазмұндық-функционалдық сипаттамаларға: халық ойындарының танымдық-тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендіру функциялары (А. Айтбаева); қазақ домбыра музыкасының қоғамдық жаңғырту-компенсаторлық, танымдық-эвристикалық, көркемдік- тұжырымдық, ақпараттық, коммуникативтік, тәрбиелік, иландыру, эстетикалық, гедонистік (Е. Қозыбаев); қазақ этномәдениетінің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, ақпараттық-коммуникативтік, реттеушілік, әлеуметтендіру (Б. Қайырова); халық білімдерінің жалпы этникалық дүние мен күнделікті өмір жайлы түсініктерінің негізгі қызметін атқаруы; адамның өз іс-әрекетінің бағытын анықтаудағы бағдарлық ролі; туыстық қарым-қатынастар жүйесі, этноәлеуметтік рольдердің мәнін айқындау және этнос субъектілерінің арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, туыстық тегін тану сияқты функцияларына (К. Қожахметова ) сүйеніп, қазақ ауызекі, шығармашылығының келесі функцияларын анықтадық: танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, коммуникативтік, реттеушілік.

Балалар ойындары халық ауызекі шығармашылығының бір саласы болып саналады. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану жолдарын зерттеуші Е.Сағындықов: «Халық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушысы да болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын, егжей-тегжейлігін білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген», - деп, орынды пікір айтқан.

Т. Иманбеков балалар ойындарына былай деп баға береді: «...ата-бабаларымыз ұлттық ойындарды баланы жан-жақты тәрбиелеудің негізгі құ-ралы ретінде қарастырған, оны ең күшті, қағылез, төзімді, түрлі жарыстарда үнемі жеңімпаз атанатын адамды анықтау ролін ғана атқарумен оны қатар, тәрбиеге пайдалы ықпал ететін негізгі күш» деп түсінген. Шын мәнінде «Ұшты-ұшты», «Дауысынан айырып біл», «Жүз қаз», «Қасқыр- қақпан», «Торғай мен бұтақ», «Неше қаз ұшып келді», «Мысық пен тышқан», «Қасқыр мен қаздар» сияқты толып жатқан ойындар әрі қарапайым, әрі оқушылардың түсінігіне жеңіл, балалардың қоршаған ортаға қарым-қатынасын қалыптастыруға қажетті тиімді құралдар болып табылады.

Мақал-мәтелдер халық айтқандай, сөздің мұнарасы. Орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский мақал – мәтелдерді балалар тәрбиесі мен жеке адамның қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибені қорытындылаушы нағыз халық педагогикасы деп санады. Асыл сөздің мәйегі мақал- мәтелдер, М. Әлімбаев тұжырымдағандай: «Өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын, бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы». Қазақтың даналық ойларын бойына түйген мақал-мәтелдер оқушыларды ұшқан құсты, жүгірген аңды, жан-жануарларды, өзен-көлдерді, тау-тасты қадір тұтуға, аялап сақтауға, экологиялық іс-әрекетінде оны көріктендіруге талпындырады, қоршаған ортаны ластамау қажеттілігіне олардың көздерін жеткізеді. Мақал-мәтелдердің экологиялық мазмұны өте бай. Мәселен, адам туралы («Кісілікті кісі табиғатқа тартып туады», «Адам - табиғаттың төл перзенті», «Адам тастай берік, гүлдей нәзік», «Жақсы адам - елінің ырысы, жақсы жер - жанның тынысы», «Адам ұйымшыл, мал үйіршіл», «Адам көркі - шүберек, ағаш көркі - жапырақ»), атамекен, туған жер туралы («Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас», «Ер туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы», «Жас құрақ - жердің көркі, ынтымақ - елдің көркі»), жер-су туралы («Жер тоймаса, ел тоймайды», «Туған жердің түйе жейтін жапырағы да дәрі, түйе аунайтын топырағы да дәрі», «Жер екеш жер де ауырады», «Жер отты болса, мал сүтті», «Сулы жер - нулы жер», «Жерді аздыратын - өрт, адамды аздыратын дерт»), төрт түлік және үй жануарлары туралы («Түйе - байлық, қой - мырзалық, жылқы - сәндік, ешкі -жеңілдік, сиыр - ақтық, шаруаның бәрі бес, егіншілік оған ес», «Мал төлімен жарасты, жер гүлімен жарасты», «Жүйрік мал бірде ат, бірде қанат», «Түйе -түлік басы», «Нар жолында жүк қалмас», «Ит - жеті қазынаның бірі», «Түлік төлден өседі»), егіншілік туралы («Тамыр тартқан тарықпас», «Күтімді егін бітімді, бітімді егін түсімді»), хайуанаттар туралы («Арыстандай күшің болса, түлкідей әдісің болсын», «Үйірлі құлан ақсағанын білдіртпес»), құстар туралы («Қарлығаш көктем жаршысы», «Аққу жүзсе су сұлу», «Дегелек келсе жаз болар, бала-шаға мәз болар»), өсімдіктер туралы («Күтімі жаман ағаштың -бітімі жаман», «Аялы ағаш - саялы»), табиғат, уағыт, кеңістік туралы («Ай жарығы әлемге, шам жарығы түбіне», «Көктем, көктен нұрын төккен», «Күн күркіресе жер иір, жер иісе мал иір», «Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр - жерге жауған нұр», «Нөсер алдында найзағай ойнар», «Сүмбіле туса су суыр») мақал-мәтелдер бастауыш сынып оқушыларының табиғатты қорғаудың мәнін санамен түсінуіне көмектесіп, оларды қорғау, сақтау, қоректендіру ісіне қатысу белсенділігін арттырумен бірге, танымдық, тәрбиелік, коммуникативтік, реттеушілік қызмет атқарады. Мақал-мәтедердің реттеушілік функциясының жалпы міндеті - қазақ халқының экологиялық тәжірибесі, экологиялық мәдениеті негізінде қалыптасқан табиғатпен қарым-қатынас мөлшерін, шектеулерін ұстану.

Жұмбақтардың тақырыптары сан алуан. С. Садырбаевтың еңбегінде олар былайша топтастырылған: жаратылыс-табиғат; адам анатомиясы және іс-әрекеттері; жан-жануарлар тіршілігі. Олардың қай-қайсысы да экологиялық тәлім-тәрбие көзі болып табылады. Жұмбақтар Н. Төреқұлов айтқандай, балаларды тапқырлыққа, ойдан қорытынды жасауға жетелейтін педагогикалық мүмкіндікке ие. Жұмбақтарда табиғат объектілері әсем бейнеленген. Мысалы, «Басына үлпілдетіп таққан шашақ, бұралып талшыбықтай тұрған жасап» деп қамысты сұлу қызға теңесе, енді бірде: «Бір ағашта қырық бұтақ, қырық бұтақта қырық ұя, қырық ұяда, қырық жұмыртқа, қырық жұмыртқада қырық балапан», - деп, бидайдың бір тал басының тіршілік көзі, ел байлығы екендігін, адам игілігіне жаралған өсімдікті халықтың аса қадір тұтқандығын көрсетеді. Төрт түлік мал мен жануарлар әлемі де жұмбақтарда халықтың назарынан тыс қалмаған: «Төрт тағанды бойы бар, момындық дұрыс ойы бар, кербезденіп жүрмейді, айналдырған тоны бар» (Қой), «Асты пышақ, үсті істік. Өзіне лайықтап киім пішкен, секіріп-секіріп түскен» (Ешкі), «Таптым-таптым тап жорға, табаны жалпақ боз жорға» (Түйе), «От басында құмған, екі көзін жұмған» (Мысық), «Тарпаң-тарпаң тарбиған, түрі жаман жарбиған» (Бақа). Қайсыбір жұмбақты алсақ та, әсем сөз тіркестері арқылы табиғат объектілерінің сұлу да көрікті, сәнді бейнесін елестетеді. Елестетіп қана қоймайды,балаларды олардың тыныс-тіршілігімен таныстырады, әрқайсысының табиғатта алатын орнын бағамдауға, қамқорлықты, мейірбанды қарым-қатынаста болуға талпындырады.

Е. Сағындықов пайымдағандай, жаңылтпаштар «Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өзін қоршаған өмірді танып-білуге, сол ортамен жеке танысуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Құдық қазып аршыдым, топырағын жаншыдым, аршыдым да балшығын, шаншыдым да талшығын, аршыдым да малшыдым, шығардым да бар шымын, жүрегімді шаншыдым»; «Базда боз ат мінген атам. Бозда боздап жүрген атам»; «Беріп тай, лақты, алдым тайлақты. Беріп тайлақты, алдым тай, лақты» т.б. Бұлар әрі жылдам, әрі дұрыс айтылуы тиіс. Бүл оқушыға қатты әсер етеді».

Белгілі фольклортанушы М. Ғабдуллин: «Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты, күлідіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол оның, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған»- деп жазады. Экологиялық тәрбиені сабақтастықта жүргізудің педагогикалық негіздерін зерттеуші А.Е. Манкеш атап өткендей: «Кейбір жаңылтпаштар баланы табиғаттың әдемі көріністерін танумен бірге, сөз мағынасына, мәнерлілігіне назар аудартып, дұрыс сөйлеуге үйретеді, көркем сөзге әдістендіреді».

Бұл пікір жаңылпаштың тіл дамытудағы мүмкіндігінің мол екендігіне, сонымен бірге тірі табиғат объектілерінің өмір сүру ортасымен қарым-қатынасы туралы мол мағлұмат беретіндігіне көз жеткізеді.



Қазақ халқының өз ұрпағын табиғатқа зиян келтірмеуге, тірі табиғат иелерін жәбірлемеуге баулитын, ізгілікке тәрбиелейтін құралдарының бірі - тыйым сөздер. «Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсы: қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Қазақтар тізені құшақтау -жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесуі - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған». Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп кездеседі. Адам - табиғаттың төл перзенті екендігін санасына сіңіруді, адам деген атқа кір келтірмеуді көздеген халық: “Адам мен табиғат егіз. Табиғат – туған анаң, оған зиян тигізбе”, “Адам деген ұлы ат, оған кір келтірме” - деп жаман әдеттен аулақ болуға сақтандырып отырған.

Оқушылардың табиғат анаға деген теориялық білімдерінің көлемдігі мен жүйелілігін қамтамасыз етіп, оларды табиғат қорғау іс-әрекеттерінде шығармашылықпен қолдана білуге, құрмет сезімін жандыруда сабақтан тыс уақытта қазақ ауызекі шығармашылығы үлгілерін төмендегідей кестеден көруге болады. Кесте 5

Кесте - 5 Бастауыш мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің бағыт-бағдары

Жұмыстың бағыт- бағдары

Оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрі

Мұғалімге қажетті дағды

Ұйымдастыру

Оқушылардың ұлттық тәрбиесін жүзеге асыратын іс- әрекетті ұйымдастыру

Халықтық педагогиканы материалдарды талдау, жинастыру

Ынталандыру

Табиғат қорғауға арналған іс-әрекеттердің маңызын ұғындыру

Оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығы жайлы жеткілікті мағлұмат беретін тәрбиелік жұмыс түрлерін таңдау

Айқындау

«Адам-табиғат» ұғымының мазмұнын ұғындыру, дүние- танымдық, көзқарасты қалыптастыру

Табиғат қорғаудың қажеттілігін уағыздап айқындау

Әсершілдік, көркемдік талғампаздықты қалыптастыру

Ауыз әдебиеті жазба әдебиет үлгілерінен көркемсөздің әсерлілігіне, мазмұнының тереңдігіне мән беру, сүйсіну

Оқушылардың сезім дүниесіне әсер ететін ұлттық көркем туындыларды іріктеу

Байқағыштықты қалыптастыру

Оқыған немесе жаттаған үлгіден автордың немесе халықтың) көтеріп отырған басты мәселесін тауып ала білу

Оқушының бойында көркем шығармаларының басты түйінің таба білу дағдысын қалып- тастырудың әдіс-тәсілін меңгеру

Дамыту

Алынған ақпаратты меңгере отырып, «адам- табиғат» деген алғашқы түсініктің мағынасын терең ұғынып, өзінің дүниетаным аясын кеңейту, халық дәстүрлерінің, әдет – ғұрыптарының мағынасын құрметтеу

Халықтық педагогиканың мұраларының негізінде оқушының адамгершілікті, иманды, қайрымды болып өсуін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

Сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларына тәрбие беретін қазақтың салт дәстүрлерін дүниетанымдық, мағыналық жағынан төмендегіше топтасырдық:

Төрт құдіретті әулие тұту дәстүрі. Қазақ халқында бүкіләлемдік тіршіліктің құдіретті төрт негізі бар. Олар: Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су. Егер осы төрт құдіреттің беруі болмаса, тіршілік те жоқ.

Күн-ана.


Әлемге қуатты

Сәуле мен шуақты

Уалып күн беріп тұр

Жарық күн-көрік нұр.

Жер - ана.

Аялар анамыз,

Саялар панамыз,

Құлпырған тірлікпен жер құшты гүл біткен.

Су - ана.

Өңірдің өзені-

Өмірдің өзегі,

Сусыз жер - өмірсіз:

Нусыз өр, өңір, тұз.

Ауа - ана.

Жер шары - «дәу» әлем

Қоршаулы ауамен.

Ауасыз кім шыдар?

Ауасыз тұншығар.

Күн, жер, су, ауамен

Күнде ду мына әлем.

Ақын -жазушы Әділбай Табылдиевтың осы өлең шумақтарын кіші жастағы оқушылар жатқа айтып, төрт құдіреттің мән -мағынасын талдайды, ұғынады.

2. Өсиет - өнеге, бата айту дәстүрі.

Болашақ ұрпақтардың батыл, батыр иманжүзді, адал жанды болып өсуін армандаған халқымыз оларға өнегелі сөз, ақ тілек - бата айтуды дәстүрге айналдырған. "Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер", деп көгерудің көзі жер үшін жауын болса, ел үшін бата екенін үнемі дәріптеп отырған. "Жасында бейнет көрсең, қартайғанда зейнет көресің" сияқты мақал сөздер "Елінің елеулісі бол, халқыңның қалаулысы бол", "Отбасыңнан бақыт кетпесін", "Шырағың сөнбесін" сияқты ақ баталар - халықтың ұрпағына қалдырған өнеге - өсиеті.

3. Ел президентінің ата -баба алдындағы парызын өтеу дәстүрі. Ата бабамыздың , жаратылыстың алдындағы перзенттік парызын өтеу дәстүрі халқымызда ежелден қалыптасқан. Өмір берген адамгершілікке тәрбиеленген қоршаған ортаның, үлгі өнеге берген , ата -ананың алдында адам баласы өмір бойы парыздар, соны өтеу "парыз" деп аталады. "Ер ел үшін туады, ел үшін өледі", "Еңбегіңді аяма, Жер -ананы аяса", "Жер ана жомарт, бақсаң барын береді" сияқты ұлағатты сөздер осы дәстүрдің мағынасын аша түседі.

4. Мал күту дәстүрі.

Көшпелі өмірді басынан кешірген халқымыз төрт түлік малды қастерлеген, пір тұтқан. Олардың әрқайсысының пірі болады деп ұғынған ата - бабамыз жан бағудың көзі - мал бағу деп түсінген, малдың амандығын тілеген, күтіп баққан. Еті - ас, сүті - дәрі жылқыны, күші де, күні де қасиетті сиырды, жүні, терісі, сүті, еті бағалы қойды, "сауса сүті бұлақтай", ешкіні бағып қағуды өздерінің міндеті санаған.

5. Ұлттық өнер кәсібін мұра ету дәстүрі.

Халық ұрпағының ата кәсібін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Қоғамғы пайдалы, елдің рухани өміріне де, қажетіне де жарайтын кәсіпті, "ата кәсіп" деп атап, өсер ұрпағына осыны өнеге етіп қалдырған. Саясаткерлік , ұсталық, зергерлік, сәулеткерлік кәсіптері осылайша ұрпақтан -ұрпаққа жалғасқан. "Жылқы жеті тегіне тартады" деген мақал осыдан қалған

6. Еңбек ерлік дәстүрі.

Қазақтың баланы еңбекқор болуға, ерлік іске бейім болуға тәрбиелеуі де ұлттық дәстүрлерінің біріне және ең маңыздысына жатады. Өнер үйрену, мал бағу, үй төгу, ат үстінде ойнап найзаласу өнерін, мергендікті, балуандықты меңгеру - әрбір қазақ баласының міндеті болып есептелген. Бала ойыны - өмір сабағы, басқалармен қарым - қатынас құралы, арман -қиял. Ойын арқылы бала өзін -өзі тәрбиелейді, ойнай жүріп ол өз дүниетанымын кеңейтеді, білмегенін - білуге ұмтылады әлі сезінбеген жұмбақ дүниеге бойлайды, қоршаған әлемнің қыр - сырына үңіледі.

Эксперимент жүргізуші мұғалімдер ұлттық ойындардың бала дүниетанымын арттыруға ықпалының зор екеніне мән берді, «Ат жарыс», «Көкпар», Аударыспақ», «Тоғыз құмалақ», «Қыз қуу», «Алтыбақан», «Ақ сүйек», «Ақ терек пен көк терек», ойындары туралы мағлұмат беріп, өздерін де мүмкіндігінше ойын түрлеріне тартты.

Бұл өз кезегінде қазақ халқының табиғатты қорғауды, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануды, табиғат байлықтарын қалпына келтіруді өзінің қасиетті борышы санайтындығын көрсетеді.



Ал мұның бәрі, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамыту боиынша, олардың ұлттық сенімін ынта-ықыласы мен қажеттіліктерін қызығушылығын арттыруға теориялық , ұлттық білімдерінің көлемділігі мен жүйелілігін қамтамасыз етуге дағды іскерлікті қалыптастырып, табиғатпен қатынас жасау барысында рефлексия жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мектептен тыс ұйымдарда көркемдік -эстетикалық (бейнелеу өнері, музыкалық, хореографиялық, хор, аспаптық және т.б.) техникалық (оқушылардың техникалық шығармашылық түрлері бойынша), натуралистік (жас натуралистер және т.б) түристік (өлкетану, спорттық сауықтыру) , әуесқойлық (қызығушылық негізінде ) сияқты түрлі жұмыстар жүзеге асырылды. Мектептен тыс ұйымдарға жұмыс формаларына : одақ, ассоциация, мекеме, клуб, үйірме тағы басқалары жатады.

Біздің зерттеу жұмысымыз бойынша тәжіриелі эксперимент жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы № 47 гимназия мектебінде өткізілді.

Қалыптастыру экспериментінде сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға тәрбие берудің әдіс- тәсілдерінің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеруден өткізу көзделді.

Мектепте сыныптан тыс жұмысытар арқылы бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің педагогикалық негіздері атты әдістемелік семинар бағдарламасы әзірленді.



6 кесте.



Сабақ тақырыптары

Сағат саны

1

Сыныптан тыс жұмыстардың бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудағы мәні

2

2

Мектепте бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудағы сыныптан тыс жұмыстарды пайдалану әдістемесі

2

3

Мектепте бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың жұмыс формалары мен әдістері

2

4

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі қоғамдық - әлеуметтік мәдени құрылымдардың біріккен іс -әрекеті

2




Барлығы

8



1 -тақырып

«Сыныптан тыс жұмыстардың бастауыш сынып окушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудағы мәні» тақырыбында жұмбақтардың, жаңылтпаштардың, тыйым сөздердің, мақал-мәтелдердің, қара өлеңдердің ұлттық мазмұнына, окушылардың ұлтық тәрбиесін дамытудағы роліне мазмұндық сипаттама беріледі, қазақ ертегілері, аңыз-әңгімелерінің, эпостық жырларының, шешендік сөздерінің тәрбиелік мазмұны, оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытудағы роліне мазмұндық сипаттама беріледі. Сараланады, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудағы сыныптан тыс жұмыстарының функциялары (танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, коммуникативтілік, реттеушілік), бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамыту процесінің мазмұны, формалары мен әдістері ашылады, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың принциптері баяндалады, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытуда сыныптан тыс жұмыстарды пайдаланудағы педагогикалық шарттары және мектептен тыс ұйымдардағы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру процесіндегі инновациялық технологияларды пайдалану жолдары қарастырылады.

2- тақырып

«Мектепте бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың сыныптан тыс жұмыстарды пайдалану әдістемесі» тақырыбында мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың әдістемесінің жалпы мәселелері, «Жасыл желкен» экологиялық үйірме бағдарламасының мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, ұйымдастырылу формалары, принциптері мазмұндалады.

3- тақырып

«Мектепте бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудағы жұмыс формалары мен әдістері» тақырыбында сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың формалары: жеке (оқу-танымдық, өз бетімен іздену жұмыстары, үйірме жетекшісінің тапсырмаларын орындау, табиғат объектілерінің суретін салу, макетін жасау, коллекция, альбом, гербарий жасау); топтық (үйірме, экологиялық серуен, экскурсия, таным жорық, саяхат); көпшілік (экологиялық апталық, декада, олимпиада, байқау, көрме, турнирлер, кинотеатрға, мұражайларға бару, слеттер, халық мейрамдары) және жалпы педагогикалық,, интерактивтік: (проблемалық оқыту, дискуссиялық, «ой шабуылы» іскерлік ойындары, блиц-ойындар, эвристикалық әңгімелесу, рефлексивті тренинг, портфолио) әдіс-тәсілдері мазмұндалады.

4 -тақырып

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі қоғамдық- әлеуметтік мәдени құрылымдардың біріккен іс-әрекеті» тақырыбында жергілікті жердегі қоғамдық әлеуметтік-мәдени орталықтармен (мұражай, кітапхана, мәдениет сарайы, табиғат қорғау мекемелері және т.б.) жүргізілетін жұмыс мазмұны, формалары, әдіс-тәселдерімен таныс болады.

Семинар бағдарламасын меңгерту нәтижелері педагогтардың сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесін дамытудың даярлығының айтарлықтай қамтамасыз етілетіндігін байқатты.

Үйірме жұмысын ұйымдастыруға байланысты жазылған Л.Ф. Мелчаков, А.В. Михеев, М.Н. Скаткин, Г.С. Орынбаева., Т.А. Бабанова, К. Бұзаубақова және т.б. еңбектерін атап өтуге болады. “Жасыл желкен” үйірме жұмысының мақсаты -мектепте сыныптардан тыс жұмыстарда көрініс алатын халықтың тәжірибесі негізінде экологиялық білімді, табиғат қорғауды, табиғат ресуростарын үнемді пайдалануды, табиғат байлығын қалпына келтіруді өзінің борышы санайтын жеке тұлға тәрбиелеу.

Сонымен, мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің жолдары оның мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдіс тәсілдері, формалары ретінде түсіндіріледі.






Қорытынды.

Еліміздің болашағы- ұрпақ тәрбиесінде. Жас ұрпақтың әлеуметтік ортадағы сан салалы қарым -қатынасы мен іс – әрекетін ұйымдастыру барысында халықтық тәжірибе мен ізгі қасиеттерді оның бойына дарыту қашаннан игі мақсат болып келеді. Осыған байланысты, бүгінгі таңда оқушыларға жан жақты тәрбие беру мектепте ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асатынын көрсетеді.

Сонымен, тәжірибелі эксперименттік жұмыстар арқылы оқушыларға тәрбие берудің құрылымдық моделінің, оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің, деңгейлерінің жоғарылығын, бідің ұсынған әдіс – тәсілдеріміздің тиімділігін дәлелдейді.

Зерттеу жұмысымның барысында жасалған теориялық талдау, тәжірибелі эксперимент жұмысының нәтижесінде алған мәліметтерді өңдеу, бізге төмендегі қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

1. Философиялық, психологиялық -педагогикалық әдебиеттерді зерттеу халық педагогикасының бүгінгі қоғам мен сыныптан тыс жұмыстардағы көкейкесті мәселені шешуде мүмкіндігінің жоғары екендігін дәлелдейді.

2 Сыныптан тыс жұмыстар - бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің тиімді түрі болып табылады: халық педагогикасының құралдары, тәжірибелері, ой пікірлері. көзқарастар.

3 Халықтық тәжірибелерді және озық идеяларын педагогикалық жіктемеге келтірілуі (мақал -мәтел, ертегі, жұмбақ, жаңылпаш, эпостық жырлар т.б.) және белгіленген өлшемдері арқылы ұлттық ой санасын, дүниетанымын қалыптстыруды көздейді.

4 Оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамыту саласындағы зерттеу еңбектерін талдау және жіктемеге келтіру. Солардың ішінде мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамыту проблемасының ғалымдардың назарынан тыс қалғандығын дәлелдейді.

5 Мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамыту нақты педагогикалық шарттар арқылы жүзеге асырылады. (ұйымдастырушылық, мазмұндық, ғылыми -әдістемелік, моральдық – психологиялық).

6 Сонымен қатар, сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамыту процесінде үйірме жұмыстарын ұйымдастыруға, жас экологтарды ғылыми зерттеу, насихаттау жұмыстарына қатысуға талпындыруға; тәрбие жұмысның үздіксіздігін, сабақтастығын қамтамасыз етуге мән беріледі.

Сыныптан тыс жұмыстарда бастуыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамыту әдіс – тәсілдерінің тиімділігі, тәжірибелік – эксперимент жұмысының барысында дәлелденді.

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына тәрбие беру проблемасы өте күрделі болғандықтан, толық шешімін тапты.

Болашақта мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытуда тек бастауыш сынып қана емес орта және жоғары сынып оқушыларын да қамту мәселелері және оны жүзеге асырушы болашақ қосымша білім беру педагогын даярлау проблемасы арнайы зерттеуді қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан -2030: Ел прзидентінің Қазақстан халқына

жолдауы” Егемен Қазақстан № 194, 1994

2. Кішібеков Д, Сыдықов Ү. Философия. А., 1994, 202 б «Қазақ ССР

экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеті

туралы Ереже», 1991, 117 б.

3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Экология

және табиғат қорғау. А., 2002, 321 б13.

4. Скалон В.Н. Формирование экологической культуры младших



школъников во внеучебной деятельности): автореф. дисс. канд. пед.

наук:. 13.00.01. - Саратов, 2001. - 190 с.

5. Захлебный А.Н. На экологической тропе: Опыт экологического



воспитания. - М.: Знание, 1986. - 80 с.

6. Омар Е.О. Қазақстандагы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы мен



дамуы (1917-1990жж):дис.... докт. пед. наук: 3.00.01.-Алматы, 2002. 215б

7. Образование в Республике Казахстан. Сборник законодателъных актов.



В четырех томах. Т.З. -Астана. -2006. -Б 304-307.

8. Законодателъство об образовании Республике Казахстан. -Алматы:



ЮРИСТ, 2006-с 210

9. Мектептен тыс ұйымдар туралы ереже. - Алматы, 2002.

10. Педагогический энциклопедический словаръ. -М., 1989. -421 с.

11. Бабанский Ю.К. Педагогика. -М.: Просвещение, 1988.

12. Дүниетану (1-4 сынып) бағдарламалары. -Алматы.: РОНД, 2003. - 28 б.

13. Дүниетану: жалпы білім беретін мектептің 1-ші сыныбына арналған



оқулық /К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, Н.Нұрахметов. -Алматы.:

Атамұра, 1997. -144 б.

14.Дүниетану: жалпы білім беретін мектептің 2-ші сыныбына арналған



оқулық /К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, З.Ф.Олейник. -Алматы.:

Атамұра, 1998. -152 б.

15.Дүниетану: жалпы білім беретін мектептің 3-ші сыныбына арналған



оқулық /К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, Ә.Бірмағамбетов. -Алматы.:

Атамұра, 1999.-176 6.

16.Дүниетану: жалпы білім беретін мектептің 4-ші сыныбына арналған



оқулық /К. Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, И.Нұғыманов, Қ.Жүкешов.

-Алматы.: Атамұра, 2000. -176 6.

17. Исламова К.И. Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық



мәдениетін қалыптастыру: пед. гылым. канд. ... дис. автореф:. 13.00.01.

-Алматы, 2001. - 19 б.

18. Бұзаубақова К. Жалпы орта білім беретін мектепте сабақтан тыс



жұмыстар өткізу барысында окушыларга экологиялық білім беру мен

табиғат қорғауға тәрбиелеудің педагогикалық шарттары: пед. ғыл.

канд. ... дис. автореф:. 13.00.01. - Тараз, 1997. -213 б.

19. Арзымбетова Ш.Ж. Роль школы, семьи и внешколъных учреждений в



экологическом воспитании младших школъников в работе no

месту жителъства (на материале Южно-Казахстанской области): дис. ...

канд. пед. наук:. 13.00.01 -Тараз, 1999. -137 с.

20 Г.Қ. Тұрабаева «Болашақ мұғалімдерді мектептегі экологиялық



өлкетану жұмысының педагогикалық шарттары» кандидаттық

диссертациясы

21. Ұзақбаева С.А. Қазақ халық шығармашылығының балалар мен



жастарға тәрбие берудегі мүмкіндіктері. -Алматы: РБК, 1994. -104 б.

22. Жаңылтпаштар. Құрастырушы А.Ағыбаев. - Алматы, 1997.

23. Леопольд О. Календаръ песчаного графства. М., 1983, 20 б

24. Экологиялық білім бағдарламасы. Ы.Алтынсарин атындагы Қазақстан



Білім академиясының республикалық баспа кабинеті. 1999, 127 б.

25. Кішібеков Д, Сыдықов Ү. Философия. А., 1994, 202 б «Қазақ ССР



экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеті

туралы Ереже», 1991, 117 б.

26. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. -М., 1984.

27. Краевский В.В. Проблемы научного обоснования

(методологический анализ). - М., 1977.

28. Леднев B.C. Содержание образовании. -М., 1989.

29. Бабанский Ю.К. Педагогика. -М.: Просвещение, 1988.44. Лернер И.Я.



Философия дидактики и дидактика как философия. -М., 1995.

30.Нұғманова К.Ж. Қазақтың дәстүрлі көшпелі мәдениеті // Қазақстан



жоғарғы мектебі. 2000. №3. -Б 113-118.

31.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Оқулық,-басылуы.-



Алматы, «Санат», 1996,-368 бет,-5 бет

32.Сейдімбек А. Қазақ жазбалары: кеше, ертең (тарихи, әтнографиялық



және фольклорлық мұраға қатысты ойлар).//Қазақ әдебиеті, 1994,1көкек.

33.Жарикбаев К.Ж. Развитие педагогической мысли в дореволюционном



Казахстане: автореф.... докт. пед.наук:. 13.00.01. - Киев, 1982.

34.Қалиев С.Қазақ әтнопедагогикасының тарихы (кеңестік дәуір-



1920,1990 жж), -Алматы: «Білім», 1999, - бет.

35.Қожахматова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми



және теориялық мәселелері. -Алматы: «Білім».

36.Нысанбаев А.Н.Философия негіздері. -Алматы, 2002. -147 бет.

37.Серікқалиұлы З. Дүниетану даналығы. А., 1994, 60-61 б

38.Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. А., 1992, 54 б

39. Кирьянов М.А. Реализация принципа экологического гуманизма

в системе личностно-ориетированного воспитания): автореф. дисс.

канд. пед. наук:. 13.00.01. -Ростов-на-Дону, 2001. - 187 с.

40. Скалон В.Н. Формирование экологической кулътуры младших



школьников во внеучебной деятелъности): автореф. дисс. ... канд. пед.

наук:. 13.00.01. - Саратов, 2001. - 190 с.

Қосымша В

"Жас эколог" үйірмесінің жоспары

Үйірменің мақсаты: оқушылардың санасына айнала қоршаған табиғатқа деген жауапкершілік қарым-қатынасын, экологиялық санасын қалыптастыру.


қ/с

Жұмыстың мазмұны

Жауаптылар

Орындалу

1.

Үйірме жұмысының жоспарын бекіту, үйірме мүшелерін сайлау, жұмыстың мазмұнын талқылау

Тәрбиеші, ата-ана, педагогикалық ұжым, оқушы

Қыркүйек

2.

Төменгі сынып оқушылары экологиялық бақылауды үнемі жүргізу үшін тұрғылықты жерді даярлау

Үйірме мүшелері



Қыркүйек

3.

Мектеп маңын, шағын аудандарды және территориялардың көгалдандыру

Үйірме мүшелері


Ақпан


4.

Бағалы жануарлар түрлерін қорғау, барлық қорғау, құстар мен аңдарды қоректендіру, жергілікті тұрғын жер бойынша

Атан-ана, оқушы, мұғалім


Үнемі


5.

Табиғатқа экскурсия:

1."Күздің ерекшеліктері".

2.Оңтүстік Қазақстан облысы

дәрі шөптерінің түрлері

Үйірме мүшелері


Мамыр


6.

Пікірталас:

1.Үйдегі экология

2.Тірі табиғатты аялайық

3.Өлкеміздің байлығы


Үйірме мүшелері


Наурыз


7

Төменгі сынып оқушыларының арасында конкурс ұйымдастыру. "Экологиялық күнделік", "Сөзжұмбақтар шешу". "Табиғи құрастырылған заттар"

Мектеп оқушылары



Сәуір

Табиғатты қорғау жэне экологиялық тәрбие беру мақсатында жергілікті жер материалдары негізіне сүйенсе, неғұрлым тиімді болады. Соның бір жолы - экскурсия.

Экскурсия - әлеуметтік, этикалық, эстетикалық, дене шынықтыру, еңбекке баулу, экологиялық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, халықтық педагогика негіздерін дамытуда үлкен роль атқаруы сөзсіз. Экскурсияның негізгі объектісі табиғат компоненттері болып саналмақ. Экскурсия өлкетану негізінде экология мен табиғатгы қорғау проблемаларын оқып үйренуге, зерттеуге ұлттық, аймақтық тұрғыдан қорғауға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, оқушылардың табиғат жағдайында мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Табиғатты қорғау жұмысын ұйымдастыра отырып экологиялық ортада практикалық іс-әрекеттер жасауда да экскурсияның ролі ерекше орын алады.

Жіберген кей қателерін дер кезінде түзетіп, Жер-Ана қадірін біртіндеп де тереңірек түсініп, оны күтіп - баптау арқылы берекелі мол табиғат байлығын кеңінен игеру, қадірін білген жанға алатыннан да қымбат. Оның үстіне ұға білген адамға мына айналанды қоршаған орман-тоғай, өзен-көл, оның сәнін келтірген аң-құс, әрбір тал, өсімдіктеріне дейін баға жетпес тұнған мол байлық емес пе.

Қорыта айтқанда, еліміздің бай-болуы, құт берекенің молдығы табиғат анамен тікелей байланысты. Қай-қайсымыз да табиғатты оның аясындағы түрлі аң - құсты, жан-жануарды аялап, байлығының жоғалмауына қамқорлық көрсетсек, табиғаттың адамзаттың құрымауына, ұзақ ғасыр жасауына септігін тигізетінімізді түсінсек болғаны.

Халқымыздың талантты ақындарының бірі Мұқағали Мақатаев айтқандай, бұлақтар жылап емес, төмен қарай күліп ақса, ерке қыздың толпысындай сыңғырлап, сылдырлап, сыр шертіп, ақса оның үнін келер ұрпақ ұмытпас еді.



4-СЫНЫП


Бағыты

Атқарылатын жұмыстар мен олардың мақсаты

«Төрт түлік»

Оқушыларды қазақтың ежелгі кәсіптерінің бірі - мал шаруашылығына баулу, еңбекке тәрбиелеу

«Шежіре»

Жергілікті жердің тарихын, осы өңірдегі тарихи қорымдар, мазарлар туралы деректер жинау, кездесулер өткізу. Өздерінің жеті атасын, руын сабақтай білуге үйрету, ата-аналар көмегімен жер атауларының шығу тарихынан мәліметтер

«Қайырымдылық»

Жергілікті жердегі жалғызілікті адамдарға қамқорлық жасап, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Осы тақырыпқа әңгімелер, пікір таласын өткізу

«Ардагер»

Соғыс ардагерлерімен кездесу, олардың өмірі мен қызметі туралы деректер жинау, адамгершілік тақырыбына шығармалар оқып беру, сұхбат ұйымдастыру

«Сәби»

Оқушылардың кіші балдырғандарға деген мейірімділік, адамгершілік сезімін ояту үшін жұмыстану. Қазақтың сәбиге деген әдет-ғұрыптарын айту. Балабақшамен байланыста болу, олаға қамқорлық жасау. Осы бағытқа сәйкес әдбиеттерді бірге оқу, талқылау, көксеген билер еңбегін тәрбиелік мақсатта қолдану. Билер айтысын өткізу. Мақал-мәтел, тиым сөздер сайысын өткізу

«Көкпар»

Ұлттық ойындармен таныстыру, ойнау ережесін үйрету, «Аңшылар мен қояндар», «Ақсерек-көксерек», «Сақина



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет