Жоспар Кіріспе: I


Қазіргі кездегі Қазақстандағы сопылық



бет6/6
Дата11.05.2022
өлшемі46,31 Kb.
#142866
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
суфизм (Яссауи) Ботабекова А.Е.
ататурк, эссе, 113chem10, Бүтін көрсеткішті дәреже , 7-сынып, Қазақстан тарихы1-1
Қазіргі кездегі Қазақстандағы сопылық
Қазақ мәдениеті тарихындағы ислам діні мен сопылықтың орны туралы айтсақ, мына мәселенің басын ашып алған жөн. Ислам оның ішінде сопылық қазақ топырағына екі жақтап енген. Біріншісі, яғни өте мәнді әрі маңыздысы Бұхара, Самарқанд, Түркістан жақтан енген ислам, оған қоса суфизм Қазақстанның бар аймақтарына таралғанымен, дәл өз мәнінде жетпеген.Бұл жерде біз екінші мәселеге тірелеміз. Ол қазақ жеріне ислам таратушы татар миссионерлерінің айтарлықтай әрекеті. Төңкеріске дейінгі, әсіресе, Семей, Кереку өңіріндегі мешіттерде негізінен татар хазіреттері болғаны анық. Олар суфизм емес негізінен ортодоксиялық ислам жағында болған. Сопылық- татарлар арасында болғанымен айтарлықтай рухани күшке айналмағанға ұқсайды. Осындай халде сопыны сұм етіп көрсетушілікте исламды таратушылардың әсері де болмай қойған жоқ. Сонымен қатар қызу қанды өмір тұрғысынан қарасаң, шынында да тақуалық тым тосын көрініс. Осындай тағы да бізге әлі беймәлім себептермен сопылық Қазақстанда XIX ғасырда кең өріс алмады. Бірақ, суфистік әдебиеттер таралып оқылып жатты. Ауылдың мұсылманша хат танығандары үшін араб тілінде жазылғанның бәрі нағыз діни исламдық кітаптар болып қабылданып, Ислам діні мен суфизмнің ара жігі үнемі талданып, талқыланып отырмады. Бұл мәселе жөнінде әңгіме дайындығы өте биік діни адамдар арасында ғана болда. Оның үстіне Қазақстанда исламнан суфизмді бөліп тастауға мүлдем болмайтын, себебі жерімізде жатқан Қожа - Ахмет Иассауи бабамыз нағыз мұсылман, әрі тақуа, сопы болатын. Осындай мәселелер тоғысуымен ислам мен суфизм аражігін ажыратпай тұтасып кеткен. Бұл жақсылық болатын. Қазақстанда исламның ой еркіндігіне көп тосқауыл болмайтын суфистік дүниетанымға, оны қабылдауға қиыншылық болмады.
Қазіргі кезде осы суфизм Қазақстанда мүлдем өзгертілген күйде дамып жатыр. Олардың бағыттары, ұстанған ұстанымдары мүлдем басқа. Олар қазір өздерін Иассауишілер деп атайды. Кейбір деректерге сұйенсек, Иассауишілер ортодоксальды исламды арабтық шовинизм және экспансионизм ретінде қарастырып, «қазақи ислам» деген түсінікті қалыптастырмақшы. «Қазақи ислам» - исламның негізгі догматтары мен қазақтың дәстүрлі сенімдерін қосып синтездеу, яғни, ислам мен тәңіршілдікті қосу. Негізгі басшыларының бірі – Шейх Исматулла. Оның техникасында «Зікір» қолданылады. Яғни, Құран аяттарын хор болып, талғанша айту. Иассауишілермен қоса, Қазақстанда зікіршілер де өз ілімін таратуда. 

Қорытынды
Сонымен, қорыта келсек, Сопылық ілімі сүйіспеншілікке негізделген, сүйіспеншілік жолдары, оның қайнар көзі, жай адамдардың өміріне, оның жұмысына және поэзиялық өкілдеріне тығыз байланысты болды. Сол себепті шынайы Суфизм мен Ислам арасында ешқандай қайшылық болған емес, керісінше, Ислам суфизмнің арқасында трансцендентальды ілімге көтерілді. Суфизм арқылы Ислам ішкі қатынастарды, әдет – ғұрыптарды сақтап, оны дамытып отырды. Суфизм болса жеке адамдардың тәжірибесін дамытып, ішкі дүниесін байытуға тырысады. Омар Хайямның айтуынша, барлық діни қауымдық орталықтарын ол дүниедегі тозақпен қорқытады, басқалары жұмақты мақтайды, ал олардың жүректеріне Құдайдың (сезімі) нұры түссе, ондай олар осындай діни фанатизмнен құтылар еді деп түсіндіреді. Барлық мұсылмандар өздерін Аллаһқа баратынына сеніп, өлімнен және Қияметтен кейін жұмақта орын алуға ұмтылғанымен, сопылар Құдайдың болмысын тану және оған жақындау бұл өмірде де мүмкін деп санайды. Сопылардың басты мақсаты Аллаһтың разылығын іздеп, адамның бастапқы халін (фитра) қалпына келтіру деп саналады. Шынайы сопылық ілімі қазақ халқының мұсылмандықты ұстанатын ұлт ретінде қалыптасуына, әрі діни-рухани құндылықтардың күнделікті өмір салтында берік орын алуына ықпал етті. Мұны Яссауидің жырларынан бастау алатын абыздар мен жыраулар поэзиясындағы және Қорқыттан бергі ән-күйлердегі сопылықтың сарынынан байқауға болады. Ислам дінінің қазақ даласында орнығуына үлкен ықпалы болған сопылық жол қазақ халқының дәстүрлі, рухани құндылықтарының қалыптасып, мәдениеті мен өркениетінің дамуына да орасан көп ықпал жасады.


Қолданылған әдебиеттер

  • Дінтану О. Айтбаев Қарағанды, 2009ж.

  • http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=51866

  • Ғ. Есім "Сана болмысы" 5 том. Алматы, "Ғылым"1998ж.

  • И. Шах "Суфизм" М. 1994ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет