Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Көру бұзылысы бар балаларды оқыту Нашар көретін балаларды тәрбиелеу Көзі көрмейтін және нашар көретін баланы тәрбиелеу мен оқытуда жанұядан дамытудың ерекшеліктері Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі


Нашар көретін балаларды тәрбиелеу



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі26,73 Kb.
#93686
1   2   3   4   5
Байланысты:
Көру бұзылысы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу
kyz-ghibek-547884, general characteristics of cloud computıng, fundamentals of
Нашар көретін балаларды тәрбиелеу
Тәбие жеке тұлғаның санасына, мiнез-құлқының дұрыс қалыптасуына әcep eтeтін құрал. Тәрбие процесiнде жеке тұлғаның сана сезімі мен акыл-ойына жүйелi түрде әcep етіп, оның дүние танымын калыптастырады, ерiк-жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына оң ықпал етеді. Күнделiктi iс-әрекет күрделi және көп қырлы, ол кеңiстiкте бағдарлану, коршаған ортаны қабылдау, өзiн-өзi бақылаумен байланысты. Бұл баладан нақты зейiнді, оперативтi ойды, есте сақтауды, жылдамдық пен реакцияның тұрақтылығын және басқа да қасиеттердi талап етедi. Кейде бұл талаптар көруі бұзылған және нашар көpeтін балалардьң психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің көрінісі. Ағзаның психологиялық қасиетiнiң талабымен сәйкес келмесе балаға көрсетiлетiн оқу, еңбек, ойын әрекетi жүйке жүйесiнiң ауруына әкеледi. Осыларды тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезiнде ескеру керек. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру кезiнде баланьң дамуы дұрыс қалыптасады. Балаға педагогикалык әcep етудiң мақсаты таным мүмкiндiктерiнiң дамуына қабiлеттi өмip талабымен тығыз байланысты.
Ic-әрекеттiң әp түрлi түpiмeн қамтамасыз ету, бiлiмдi меңгерумен қамтамасыз ету, дағдымен бiлiктiлiктi қалыптастыру, оларды еңбек және оқу әpeкeтінің әлеуметтiк мағынасын түciну деңгейiне дейiн көтеру. Бұлардың бәрi көруі бұзылған және нашар көpeтiн балалардың мүгедектiк жағдайын тольқтырады. Көру бұзылысы бар балаларды адамгершiлiк, эстетикалық физикалық, еңбектiк тәрбиелеуге болады. Көруі бұзылған және нашар көретіндерді эстетикалық тәрбиелеу мәселесі оқу, еңбек, ойын әрекетінде маңызды болып келеді.Қазіргі уақытқа дейін сабақ мазмұнын меңгеруге басты көңіл бөлінетін. Бұл тәрбиенің міндеті–жас ұрпақты өмірдің барлық саласындағы адамның өмірімен, тұрмыстағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Іс-әрекеттің барлық түрінің ішкі қажеттілігін ояту үшін мәдени эстетиканың атқарар қызметі үлкен. Ол адамның өмірге, өнерге деген көзқарасының өзгеруіне әсер етеді. Көруі бұзылған және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде танымдық және тәрбиелік жағы және сезімдік – эмоционалды, эстетикалық жағы аз көрсетілген. Соңғы уақытқа дейін оқу, еңбек, ойын әрекетінің эстетикалық мазмұны сипап сезу арқылы қиын беріледі деп санаған.
Баланың эстетикалық даму деңгейінің көрсеткішіне баланың эстетикалық уайымы мен қайғыруына әсер етеді. Эмоцияналды–эстетикалық реакцция, жағымды эмоция шындықпен тиімді қарым–қатынастың құрылуы баланың эмоцияналды даму деңгейін көрсетеді. Оқу, еңбек, ойын әрекеті эмоционалды құндылық қарым–қатынасының байланысы. Эстетикалық сезімнің дамуы мақсат, қажеттілік әсерінен болады. Эмоционалды – эстетикалық тәрбиенің қатарына эстетикалық қажеттіліктің дамуы үлкен орынды алады. Олар екі түрде болады: жеке қажеттілік және көркемдік ғылыми жасағыш. Бірінші жағдай сияқты, екінші жағдайда да эстетикалық қажеттілік эмоционалдық қажеттілік үшін қызметі дайын. Бірінші жағдайдағы қажеттілік қоршаған ортадағы эстетикалық қарым – қатынастың жоғарлауында. Екінші жағдайдағы қажеттілік - өнердегі бағыт мақсатқа жетелейді. Балада көркем суретке, мүсінге, өнерге қызығушылығы эстетикалық қажеттіліктің көтерлуі. Бұл процесс неғұрлым ерте басталса, сол ғұрлым оқу процесінде эстетикалық қажеттілігінің дамуының үлкен нәтижесіне жетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет