Жоспар: Сыныптан тыс жұмыстың функциялары


Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны



бет4/6
Дата30.01.2022
өлшемі40,14 Kb.
#116291
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сыныптан тыс жумыс
сыныптан тыс жумыс, сыныптан тыс жумыс, сыныптан тыс жумыс, сыныптан тыс жумыс, Әріпбек Қарақат, 7-11 кл биология ҚИЖ
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны бейімделген әлеуметтік тәжірибені, баланың жеке тәжірибесінде іске асқан эмоцияны, бастан кешкен, адам өмірінің әрүрлі аспектілерді көрсетеді.

Сыныптан тыс жұмыс мазмұнының өзгешелігі мына факторлармен сипатталады:

ақпараттыққа қарағанда эмоциалы аспектінің басымдылығы:

тиімді тәрбиелілік әсер ету үшін баланың сезіміне, оның күйзелісіне, ақыл-ойына эмоция арқылы тілдесу жасалады.

сыныптан тыс жұмыстың мазмұнында білім мен ғылымның практикалық жағы анықтауыш мағынаға ие, себебі сыныптан тыс жұмыстың мазмұны әртүрлі іскерлік пен дағдының жетілдіруіне бағытталады. Сыныптан тыс жұмыста оқу дағдысы жетілдіріледі, ақпаратты іздегенде өз бетімен жұмыс жасау біліктілігі, сыныптан тыс әртүрлі шараларды ұйымдастыру, ынтымақтастық икемділік, этикалық нормаларды сақтау қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыс мазмұнында практикалық аспект теориялық аспектіге қарағанда басым болғандықтан, оны оқушылардың белсенділік позициясынан қарастыру қажет. Сол арқылы оқушылар әлеуметтік тәжірибенің жоғарыда айтылған екі аспектісін де меңгереді.



Танымдық іс-әрекет – сыныптан тыс жұмыста танымдық қызығушылықтың қалыптасуына, оқудың жағымды мотивациясына, оқу дағдысының жетілдіруіне арналған. Қолданылған формасы басқаша, әйтсе де оқу іс-әрекетінің жалғасы болып табылады. Ол үйірме, «Білім құмарлардың турнирі», «Не? Қайда? Қашан?», КВН және т.с.с.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бағдарламалық материал аймағында білімдерін тереңдетуіне, логикалық ойлауларының дамуына, қиялдарына, зерттеу дағдысына, информатика тілін меңгеруге, оқушыға информатика тарихынан хабарлама жасауға көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыстар практикалық мазмұны бар есептерді шешу үшін қолданылуы керек, сонымен қатар, мұндай жұмыстар оқушылардың конструктивті дағдыны меңгеруге, модельдеу дағдысына, көрнекі және бағдарламалық құрал өндіруге пайдаланылады.

Тәрбие барысында қосымша әдебиетті зерттеуді ұйымдастырып және бағыттап оқытудың маңызы зор. Мұндай жұмыстың мақсаты - оқушылардың кітаптан білім көзін көріп, оқу мәдениетін меңгерулеріне көмектесу. Жоғары сыныпта оқитын оқушылардың кітап оқу аумағы тек көркем жазбамен ғана емес, сонымен қатар ғылыми-танымал, анықтамалық әдебиет, оларға ұнайтын, кәсіби бағытталған кітаптардан тұруы қажет. Оқылған материал бойынша конференция және диспут, библиография сабағын өткізу өте пайдалы. Іс-әрекеттің мұндай түрі реферат, баяндама дайындау кезінде жүзеге асады.

Бос уақыттағы іс-әрекет – оқушылардың демалыстарының жақсы өтуін ұйымдастырып, ұжымда жылы ахуал құрып, ашушаңдықты жою үшін керек. КВН, «Огонек», «Компьютерлік әзілсықақ» және т.б. сияқты формалар өте тиімді. Сыныптан тыс жұмыста дәл осы танымдық және ойын аспектілері бірігеді. Мысалы, «Таңғажайып алаң», «Қызықты информатика», викториналар және т.б. Бұл екі аспектінің қайсысы басқарушы екенін білу үшін нақты формада ұстаздың іске асыратын мақсатын, міндеттерін, үстемділік функциясын саралау керек.
Еңбек іс-әрекеті – сыныптан тыс жұмыста еңбектің әртүрлі формаларының мазмұнын көрсетеді. Сыныптан тыс жұмыста еңбек ісәрекетін ұйымдастыру, ұстаз үшін кейбір қиындық туғызады, әйтсе де оның еңбегі, оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек әрекетінде тәрбиелік қорытындысын береді.

Мұндай нәтиже еңбекке деген қалыптасқан қажеттілікте, өз орнын таба алуда көрінеді. Сыныптан тыс жұмыста көрнекі құралдар құру, кабинетті көріктендіру, педагогикалық бағдарламалық құралдар құруды ұйымдастыруға болады.



Шығармашылық іс-әрекет – оқушылардың қызығушылығының дамуы мен шығармашылық потенциалдың ашылуын көрсетеді. Шығармашылық іс-әрекет: бағдарламашылардың конкурсы мен компьютерлік графика, шығармашылық жобаның көрінісі түрінде ұсынылады. Жоғарыда келтірілген іс-әрекет формалары мақсатының бірі - адамгершік, әсершіл және жігерлі дүниетаным компоненттерін қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбие – сыныптан және мектептен тыс жұмыста адамгершікке тәрбиелеу басты орын алуы қажет. Оның басты мақсаты - оқушыларда саналы түрде қоғамға қатынасының борышын қалыптастыру, күнделікті өмірде сөзі мен ісінің бірлігін ұстанатын мінезді тәрбиелеу. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыста оқушыларды ақпарат және бағдарламалық әдістерді қолданудың құқықтық нормалармен таныстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет