Жоспар: Тұлға психологиясы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі. Тұлғаның мотивациялық-қажеттіліктік саласы. Мотивтерді тану мәселесі, оларды тану жолдары. Мотивтер түрлері. Негізгі әдебиеттер



бет1/15
Дата12.09.2023
өлшемі419 Kb.
#180881
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
3 дәрістер жинағы
Ниязметов Санжар практика


Дәріс 1-2: Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға психологиясы
Жоспар:

  1. Тұлға психологиясы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі.

  2. Тұлғаның мотивациялық-қажеттіліктік саласы.

  3. Мотивтерді тану мәселесі, оларды тану жолдары. Мотивтер түрлері.



Негізгі әдебиеттер:
1.Сәбет Бап-Баба Жалпы психология Алматы.,2003ж
2.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері Алматы.,2002ж.
3.Жалпы психология. А.Г. Богословскийдің, В.Г. Ковалевтің редакциясымен. А., 1990.
4.Итбаев Н.И. Жалпы психология. Ақмола, 1992.
5.Алдамұратов Ә. Жалпы психология Алматы., 1996
6. Шульц Д., Шульц С. Қазіргі психология тарихы. 11-басылым, Астана, 2018, Рухани Жаңғыру
7. Майерс Д., Туенж Ж. Әлеуметтік психология. 12-басылым. Астана, 2018, Рухани Жаңғыру
8. Годфруа Ж. Что такое психология. Том 1. – М.: Мир, 2005 г. – 496 с.
9.Годфруа Ж. Что такое психология. Том 2. – М.: Мир, 2005 г. – 276 с.
10. Маслоу А. Мотивация и личность. — СПб.: Питер, 2008. – 352 с.


Қосымша әдебиеттер:
1.Атлас по психологии. / Под ред. М.В. Гамезо, И.А. Домашенко. – М., 1986
2.Немов Р.С. Психология. В 3-х томах. Т. 1. - М., 1995



  1. Тұлға психологиясы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі.

Ерте кезден бастап-ақ тұлға түсінігі қалыптаса бастаған. «Тұлға» түсінігі алғашында бетперде (маска) дегенді білдірген, ол бойынша оны көне театрдың актёрі киіп, рөл ойнаған. Кейінірек «тұлға» термині қоғамдық өмірдегі адамның шынайы рөлі деп түсіндірілді. «Тұлға» түсінігі көпжақты. Кон И.С., бір жағынан алғанда жеке тұлға нақты бір индивидті, индивидуалды қасиеттері және оның қоғамдық рөлдерімен қоса сипатталатын әрекет субъектісі ретінде, екінші жағынан, тұлғаны еңбек ету, түсіну және қарым-қатынас жасау субъектісі болатын, басқа адамдармен тікелей және жанама араласу процесінде түзілетін, индивидтің интеграцияланған әлеуметтік мәнді сипаттар жиыны түрінде, әлеуметтік қасиеттер ретінде қарастырады.
Тұлға психологияда ең күрделі категория болып саналады. Бүгінгі таңда тұлға түсінігінің қаншалықты анықтамасы болса (200), соншалықты психологтар осы мәселені зерттеумен айналысады.
Леонтьев А.Н. ойынша, тұлға – бұл адамның қоғамдағы өмірінен туындаған ерекше типтің психологиялық құрылымы. Әртүрлі әрекеттердің бағыныштылығы тұлғаның қалыптасуының негізін қалайды, ол өмірлік онтогенезде құрылады. Ол осының бәрі адамның индивидтік қасиеттерін құрайды деп есептеді. Индивидтің қасиеттері жеке тұлғаның қасиеттеріне өте алмайды. Өзгеруіне қарамастан, олар индивидтік қасиеттер болып қала береді, қалыптасатын тұлғаны анықтай алмайды, бірақ оның қалыптасуы үшін жағдай жасайды. Тұлға, индивид сияқты субъекттердің өмірлік қарым-қатынасын жүзеге асыратын интеграциялық процестің өнімі.
Петровский А.В. тұлға түсінігіне келесі анықтама береді: «Тұлға ретінде психологияда индивидтің заттық әрекетінде және қарым-қатынасында қол жеткізетін және қоғамдық қарым-қатынастарда өзін ұстаудың деңгейі мен сапасын сипаттайтын жүйелік әлеуметтік қасиет түсіндіріледі».
Жоғарыда айтылған анықтамалардан түсінетініміз, тұлға – бұл ерекше қасиет, ол индивидтің қоғамдағы ерекше «жоғарғысезімді» қасиеті болып табылады. «Жоғарғысезімді», яғни іштей бөлшектенген, күрделі қасиет. Индивидтің сезініп қабылдайтын қасиеттерiнен айырмашылығы: дене бітімі, мiнез-құлық, сөз, ымның жеке ерекшелiктерi, жалпы, өз тәртібімен, келбетімен және т.б. бейнеленедi. Тұлға ол әлеуметтiк байланыстар жүйесінен ажырамайды. Тұлғаның әртүрлі қасиеттерінің қалыптасуын жетік түсіну үшін, оның қоғамдағы өмірін, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қозғалысын зерттеу қажет. Қоғамдық қатынастар - индивидтің әлеуметтiк қасиетi ретінде тұлғаның бөлiгі, бір жағы, аспектiсi. Кез-келген қоғамға индивидтің қосылуы, орындалатын әрекеттердің мазмұны мен сипатын, басқа адамдармен қарым-қатынас тәсiлдерi мен шеңберін, яғни оның өмір сүру, әлеуметтік тұрмыс ерекшеліктерін анықтайды. Бiрақ қайсыбір адамдар қоғамының, сонымен қатар жалпы қоғамның жеке индивидтерінің өмiр сүруі, тарихи дамып келе жатқан қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Сонымен бiрге, әр түрлi қоғамдық қатынастарға нақты тұлғаларды қосудың тәсiлдерi әртүрлі. Сәйкесінше әр тұлғаның өмiрінде оны жүзеге асыру дәрежесі әр түрлi, сондықтан әртүрлі қызмет пен қарым-қатынастың өзара байланысуы әртүрлі жүреді.
Тұлғаның әлеуметтiк-психологиялық талдауын жасау үшiн, «индивид», «тұлға», «даралық» деген ұғымдардың шекарасын анықтап алу керек.
Айта кету керек, «адам» деген ұғым жалпылама ұғым болып табылады, яғни, айқын сөйлейтін, саналы, (абстрактiлi - логикалық ойлаумен, логикалық есте сақтаумен) жоғарғы психикалық функциялары бар, құралдарды құру, оны еңбектiң процесiнде пайдалану қабiлетi бар биоәлеуметтік тірі ағза.
Индивид - бұл биологиялық түрдiң ортақ генотипиялық тұқым қуалаған қасиеттерiн тасымалдаушы биологиялық ағза. Бұл «Homo sapiens» түрінiң өкiлi. Леонтьев А.Н. ойынша бiрiншiден, индивид ұғымы осы биологиялық түрдiң жеке түрлерінiң бүтiндiгін және бөлiнбейтiндiгiн, екiншiден, осы түрдiң басқа өкiлдерінен ерекшеленетін нақты өкiлiнiң артықшылықтарын бiлдiредi. Генотипиялық шартталған даралық қасиеттер, адамның өмiр сүру барысында сантүрлі өзгеруі мүмкін, дегенмен бұдан тұлғалық болмайды. Тұлға, индивидтің алдыңғы тәжiрибесімен байытылған түрі емес. Индивидтің қасиеттерi тұлғаның қасиеттерiне өтпейдi. Өзгеріске ұшырағанымен индивидті қасиеттер болып қалады, яғни қалыптасатын тұлғаны анықтамайды, оның құрылуының алғышарттары мен жағдайын жасайды.
Бiз тұлға болып қоғамдағы өмiрдің ықпалымен қалыптасамыз, оларға тәрбие, оқу, қарым-қатынас, өзара қарым-қатынас жатады. Тұлға – бұл әлеуметтiк ұғым, адамдағы табиғи, тарихи қасиеттерді бiлдiредi. Тұлға туа пайда болмайды, мәдени және әлеуметтiк даму нәтижесінде туындайды.
Тұлға түсінігін, нақты мазмұнымен, құндылықтарымен, әрбір қатысушының мағыналы біріккен әрекеттерімен жанамаланған, тұлғааралық тұрақты қатынастар жүйесінде ғана түсінуге болады. Осы тұлға аралық байланыстар топқа, ұжымға кiретін адамдардың нақты дара қасиеттерінде және амалдарында көрінедi.
Әр адам тұлғасына басқа адамдардан оның өзiндiк ерекшелiгiн, оның айырмашылығын құрайтын адамдардың психологиялық ерекшелiктерiнiң үйлесімін - оның даралығын қалыптастыратын ерекшелiктерi мен қасиеттері ғана тән. Кон И.С. ойынша, даралық бұл әр жеке адамның қайталанбауы ретінде биология айғақ. Биологтар мүмкiн болатын мутациялар мен олардың адами гендерінiң комбинациялану саны әлемдегі атомдар санынан артық емес дейді. Әр адамның ағзасы тиiстi фенотипті (қандай да бір белгінің сыртқы көрінісі) шарттайтын өз тегінде жалғыз генотип (ағзаның генетикалық конституциясы) тасымалдаушысы болып табылады. Ол сонымен қатар, адам өте иілгіш болып келеді деп есептеді. Бірақ, оның даралығында, барлық зигзагтар мен өзара қарама-қайшылықтары бар оның дамуының барлық сатылары диалектикалық түрде сақталған. Адамның даралық ерекшелiктерi оның әлеуметтiк рөлдерiн таңдауына және оларды жүзеге асыруына айтарлықтай әсер етедi.
Даралық танымдық процестердiң қасиеттерiнде, қабiлеттiлiктерінде, дара қызмет ету стилінде, мінезінде, темпераментінде, әдеттерінде, басым болып келетін қызығушылықтарында көрінедi. Сонымен бiрге, ол әр түрлi тәжiрибе, бiлiм, икемділік пен сенiмдеріде байқалады. Бiз өз даралығымызды дәлелдеп, бекiтемiз.
Осыған сәйкес, тұлға және индивид түсініктері барабар емес, ал даралық және тұлға ұғымдары тең емес, бiрлiк құрады.
Демек, даралық - адамның тұлғасының тек бір жағы. Рубинштейн С.Л., зерделенуі адам әрекетінің психикалық мазмұнын талдаудан басталатын барлық психикалық процестер тұлғада өтеді, және олардың әрқайсысы өзінің шынайы өтуі барысында оған тәуелді деп тұжырымдады. Психикалық процестердiң даралық ретінде тұлғаға тәуелдiлiгі, ең бастысы, жеке - дифференциалды айырмашылықтарда байқалады. Даралықтың жалпы құрылуына байланысты адамдар, қабылдау және бақылау, есте сақтау, көңіл бөлу түрлерi, сонымен қатар қабылданатын заттың мазмұны бойынша бөлінеді. Өз кезегiнде есте сақтау және ұмыту таңдау сипатына ие.
Көптеген психологтардың пайымдауынша, адам тұлға болып туылмайды, қалыптасады. Дегенмен қазіргі заманның психологиясында, тұлғаның қалыптасуы мен дамуы туралы ортақ біртұтас теория жоқ. Келесі тәсілдемелерді айта кетуге болады. Биогенетикалық тәсілдеме (Холл С., Фрейд З.), тұлғаның дамуының негiзі ағза толысуының биологиялық процестерi болып табылады. Әлеуметті-генетикалық тәсілдеме (Торндайк Э., Скиннер Б.), тұлға дамуының негізгі сәті ретінде қоғамның құрылымын, әлеуметтену тәсiлдерiн, қоршаған ортамен қарым-қатынасын қарастырады. Психогенетикалық тәсілдеме (Пиаже Ж., Келли Дж.), биологиялық, әлеуметтік факторларды жоққа шығармайды, дегенмен бірінші орынға жеке психикалық құбылыстардың дамуын қояды.
Тұлғаның жалпы психологиялық теориясы келесі ғылыми жұмыстардың әсерінен дамыды: Абульханова-Славская К.А, Ананьев Б.Г., Анциферова Л.И., Выготский Л.С., Ковалев А.Г., Леонтьев А.Н., Ломов Б.Ф., Мерлин В.С., Мясищев В.Н., Петровский А.В., Платонов К.К., Теплов Б.М., Рубинштейн С.Л. Бұл теория тұлға психологиясын қызметтiң, тұлғаның санасы мен iшкi себептер арқылы істейтін оның басты сыртқы жағдайларының бiрлiгi ретінде түсінуге негізделеді. Iскерлiк тәсiлдеме «екі фактор теориясын» жоққа шығарады, оған сәйкес тұлға бұл адамның өзінің биологиялық ерекшеліктері және әлеуметтің, ортаның әсер етуінің орташа нәтижесі. Бұл екі фактор да екіншілей болып қалады, және олардың әсері субъекттің қызметті белсенді таңдауымен түсіндіріледі.
Тұлғаның даму көзі оның ішкі қарама-қайшылықтарында жатыр, яғни оларды кез-келген тәсілмен шешу, тұлғаның өзін қалыптастырады. Тұлғаның дамуы – қалыпсыз әрекетті қозғалыс: мұнда тоқырау кезеңдері де, сынғыштық сәттер де, құлдырау мен деградация кездері де болуы мүмкін.
Қызмет ету теориясында тұлға өзегi - бұл қызметте жүзеге асырылатын және оның уәждемелерінде өзін табатын әрекетті қатынастардың жиынтығы, сондықтан тұлға негiзi оның уәждемелерінің иерархиялық құрылымы болып табылады.
Тұлға туралы басқа адамдармен қарым-қатынасты реттейтін, басты, алдыңғы қатарлы әлеуметті уәждемелері ретінде бөліп көрсете отырып, уәждемелерді бағындыру байқалған кезде ғана айтуға болады (Божович Л.И., 1968). Тұлға белгiсiз жағдайда белгілі бір амалдан басталады. Мұндай жағдай, таңдалуы өте қиын, екі, маңызы бірдей түрткілер немесе уәждемелер арасындағы күрес. Тұлғаның бірінші туылуының мысалы ретінде, Леонтьев А.Н. сипаттаған «ащы кәмпит» құбылысын келтіруге болады. Бала, орнынан тұрмай, айтарлықтай алыс орналасқан үстелде жатқан затты алу керек делік (және осы еңбегі үшін ол тәтті кәмпитпен марапатталады). Көзге көрініп тұрғандай, экспериментатор бөлменің ішінде жүрген кезде бала орнынан тұрып, ол затты ала алмайды. Дәл осы жағдайда, екі түрткінің (уәждеме) арасында дау басталады: олардың бірі – болашақ жүлде, ал екіншісі – әлеуметтік мәдениетті тыйым, яғни үлкен кісімен шартты түрдегі келісім. Әрі қарай, үлкен кісі бірнеше минутқа бөлмеден шығады да, келесі бөлмеден баланы бақылайды. Сол кезде бала бөлмеде үлкен адамның жоқ екенін көріп, үстелдің үстінде тұрған керек затын орнынан тұрып алады. Келесі кезекте, бөлмеге үлкен кісі кіреді де, тапсырманың орындалғандығын байқап, баладан орнынан тұрған-тұрмағанын сұрайды. Бала орнынан тұрмағандығын айтады, сол кезде экспериментатор баланы тәтті кәмпитпен марапаттауды ұсынады. Бірегей құбылыс – феномен пайда болады, бала тәттіден бас тартып, жылай бастайды. Дәл осы кездегі тәтті лайықсыз марапат болып табылады. Яғни, әлеуметтік мәдениетті келісім шарттың бұзылуы, Леонтьев А.Н. бойынша, «тұлғалық мәні бойынша ащы». Осылайша, балада күресу мен уәждемелерді реттеу процесі жүреді: уәждемелердің бірі жетекші, ал екіншісі бағынышты болады. Осылайша, тұлғаның өсуі жүреді, дәл осы уәждемелердің реттелуі тұлғаның өзегі болып табылады.
Тұлғаның екінші реттік туылуы, психологтардың айтуы бойынша, жасөспірім балаға өзі таңдау жасауға рұқсат берген кезінен басталады, мысалы, болашақ мамандығын таңдау. Өзінің жеке ниеттеріне арқа сүйей отырып және оларды негіздей отырып таңдау жасауы керек. Тұлғаның екінші реттік туылуы осы уәждемелерді түсінуінде болып табылады, өйткені өзінің уәждемелерін түсіне отырып, адам оның құрылымын өзгерте алады, демек, тұлғаның өзегі тағы да екінші рет туылады.
Божович Л.И. адамды тұлға ретінде анықтайтын екі негізгі өлшемді бөліп көрсетеді:
1. адамды тұлға ретінде есептеуге болады, егер оның уәждемелерінде иерархия болса, яғни, ол өзінің жеке тікелей ниеттерін басқа заттар үшін басып өте алатын болса. Бұл дегеніміз адам ортақ мәмілеге келуге дағдыланған. Осының өзінде тікелей ниеттері басып өтілген уәждемелер әлеуметтік маңызды;
2. адам тұлға болып табылады, егер жеке тәрбиесіне саналы жетекші болуға дағдыланса. Бұл жетекшілік саналы уәждемелер, мақсаттар және принциптер негізінде орындалады.
Демек, тұлға адамның әлеуметтік-психологиялық мәні, адам сана мен тәртіптің қоғамдық түрлерін, адамзаттың қоғамдық тарихи тәжірибесін игеруі нәтижесінде қалыптасады.
Тұлғаның тұрақты компоненттерінің байланысы және өзара қарым-қатынасы оның құрылымын сипаттайды.
3. Психологияда тұлғаның құрылымын бейнелейтін бірнеше үлгілер бар (Ковалев А.Г., Мерлин В.С., Платонов К.К., Крутецкий В.А., Щербаков А.И.). Барынша негізделген және қалыптасқан құрылымды Платонов К.К. ұсынды. Тұлға қасиеттерінде әлеуметтік және биологиялық қатынастар өлшемінің негізінде, оның құрылымында төрт иерархиялық қатынасатын ішкі құрылымдар бар: бағытталу, тәжірибе, психикалық процесстердің даралық ерекшеліктері, биопсихикалық ерекшеліктер.
«Тұлғаның бағытталуы» ішкі құрылымы тұлғаның бағытталу сапасы мен қарым-қатынасын біріктіреді, олар моральды сипатта көрінеді. Бұл ішкі құрылымға кіретін тұлғаның сипаттамаларында көп жағдайда, тiкелей туа біткен қасиеттер (әуестiк және мейiлділік) болмайды, олар жеке түсініктегі қоғамдық сананы бейнелейді. Тұлғаның бағытталуы, Платонов К.К. бойынша, әуестiкті, ниетті, қызығушылықтарды, бейімділікті, мұраттарды, сенiмді, дүние танымды қамтиды. Бұл жерде сонымен қатар, тұлғаның адами қасиеттері, әр түрлі қажеттіліктері, қарым-қатынасы көрініс табады. Бұл ішкі құрылым тәрбиелеу жолымен қалыптасады. «Тәжірибе» ішкі құрылымы, автордың ойы бойынша, оқу арқылы өз тәжiрибесінде алған білімді, дағдыларды, икемділікті, әдеттi бiріктiредi, бiрақ мұнда тұлғаның генетикалық және биологиялық шартталған қасиеттер әсер етеді. Бұл ішкі құрылымды автор даралық мәдениет немесе дайындық деп есептейді. «Психикалық процестердің ерекшеліктері» ішкі құрылымы психикалық бейненің түрлері ретінде жеке психикалық процесстердің, психикалық функциялардың: есте сақтау, эмоция, сезім, ойлау, қабылдау, түйсік, еркіндіктің даралық ерекшеліктерін қамтиды. «Биопсихикалық қасиеттер» ішкі құрылымы темперамент қасиеттерін, тұлғаның жасаралық және патологиялық қасиеттерін біріктіреді. Бұл ішкі құрылымның қасиеті көп жағдайда мидың физиологиялық ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді, ал әлеуметтік әсері, автордың пайымдауынша, оларды субординациялайды және өтейді. Бұл ішкі құрылымның белсенділігі жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерімен анықталады.
Ковалев А.Г. тұлға құрылымының келесі компоненттерін бөліп көрсетеді:
- тұлғаның бағытталуы – бұл тұрақты бейнелердің, қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, мұраттар жүйесі, яғни адам қалайтын заттар. Ол тәрбиенің негізгі тенденцияларын белгілейді;
- қабілеттіліктер – бұл адам істей алатын заттардың мінездемесі; бұл тұлғаның зияткерлік, еркіндік және эмоционалды қасиеттерінің ансамблі. Қабілеттіліктер әрекеттің жемістілігін қамтамасыз етеді;
- мінез – адам қарым-қатынасының және тәрбиесінің синтезі. Мінез адамның қандай екенін айқын сипаттайды. Бұл сонымен қатар моральды-адамгершілік және еркіндік қасиеттерінің жиынтығы. Моральды-адамгершілік қасиеттер тұлғаның салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптармен бекітілген адамның негізгі нормативтік қарым-қатынасы жөнінде ойын көрсетеді. Еркіндік қасиеттер батылдықты, табандылықты, ерлiк және өз-өзін ұстауды қамтиды, олар мiнез-құлықтың белгілі бір стилін және тәжірибе мәселелерін шешу тәсілдерін қамтамасыз етеді;
- өзін-өзі басқару - бұл тұлға өзін түсінумен байланысты өзiн реттеу қасиеттерiнiң жиынтығы. Бұл ішкі құрылымның блогы барлық өзге блоктарды күйге келтiредi және оларды бақылайды [9].
Автордың ойынша, тұлғаның барлық блоктары бір-бірімен тығыз байланысты және жүйелік, жалпы қасиеттерді құрайды.
Рубинштейн С.Л. пайымдауынша тұлға құрылымына келесі ішкі құрылымдар жатады:
- бағытталу - қажеттiлiктер, қызығушылықтар, мұраттар, сенiмдер, қызметтің, құлықтың, дүние танымның басым уәждемелерінде көрінеді;
- бiлiм, икемділік, дағды – өмiр сүру және танымдық қызмет ету процесiнде алынады;
- темперамент, мiнез және қабiлеттiлiктiң даралық-психологиялық ерекшелiктері;
Психологияда көрсетілген тұлға құрылымының әртүрлілігіне қарамастан, барлық тәсілдемелерде жетекші сипаттама ретінде оның бағытталуы көрсетіледі. Бағытталуы тұлғаның жүйе құраушы қасиеті ретінде көрінеді, оның психологиялық құрылуын анықтайды. Сонымен қатар бағытталу, тұлғаның қызметін бағыттайтын тұрақты уәждемелердің және салыстырмалы нақтыға тәуелсіз жағдайлар жиынтығы болып келеді. Бағытталу үнемі әлеуметтік шартталған және тәрбие әсерінен қалыптасады. Оған қоса, бағытталу, тұлғаның қасиеттері болып келетін ережелер. Бағытталу бірнеше байланысқан иерархиялық түрлерді қамтиды: ынта, ниет, ұмтылыс, қызығушылық, бейімділік, мұрат, дүниетаным, сенім. Тұлға бағытталуының барлық түрлері оның қызметінің уәждемелері болып табылады.
Тұлғаның көптеген теорияларында, тұлға әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретнде өзінің негізгі көрсетілімдерінде өмірлік тұрақты тұзілім болып келеді деген тұжырым айтылады. Тұлға тұрақтылығы оның іс-әрекетінің ретін және алдын-ала белгілі болып келетін оның тәртібін сипаттайды, оның қылықтарына заңдылық сипатын береді. Өз тұлғасының және өзге адам тұлғасының тұрақтылығын сезіну – адамның ішкі саулығының және қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуының маңызды шарты. Адамдармен қарым-қатынасқа тән қайсыбір көріністерде тұлға тұрақты болмаса, адамдардың бір-бірімен қатынасуы, өзара түсіністікке ие болуы қиын болар еді. Себебі, олар әрдайым адамға қайта бейімделуі тура келер еді, және оның тәртібін болжай алмас еді.
XX ғасыр барысында әлемдiк психологиялық ғылымда негiзгi бағыттар құрастырылды, оның негізінде аса мәнді және мәлім тұлға теориялары жасалды.
Психоаналитикалық бағыттың негiзін Зигмунд Фрейд қалады . Ол адамның құлқында толығымен оның сексуалды және агрессивтi уәждемелері басым деп тұжырымдады. Тұлғаның ішкі дүниесі толығымен субъективті. Адам өзінің ішкі дүниесінің қамалында. Басқаша айтқанда, адам белсенділігі инстинкті түрткілерге, ең бастысы жыныстық инстинкт пен өз-өзін сақтау инстинктіне тәуелді. Алайда қоғамда инстинктер өзін еркін көрсете алмайды, мысалы, жануарлар әлемінде сияқты, себебі қоғам адамға көптеген шектеулер қояды, инстинктер «цензураға» ұшырайды және осы адамға оларды тоқтатып, тежеуге мәжбүр етеді. Осылайша, З.Фрейд ойынша, инстинкті құмарлықтар тұлғаның саналы өмірінде рұқсат етілмейді және ысырылып шығарылады, осылайша олар бейсана аясына өтеді, бірақ жоғалмайды. Олар өзінің энергетикалық потенциалын, өз белсенділігін сақтайды және адамзат мәдениетінің әртүрінде және адамзат қызметінің өміндерінде көрініс таба отырып, бейсана аясынан адам тәртібін басқарады. Бейсана аясында бола отырып, инстинктивті құмарлықтар, өзінің пайда болуына байланысты сәйкес кешендерге бірігеді, олар З.Фрейд ойынша тұлға белсенділігінің шынайы көзі болып табылады. Сондықтан ішкі дау-жанжалдан шығу үшін бейсана «кешендерді» анықтап, оларды саналы қабылдау өте маңызды.
З. Фрейдке сәйкес, психикалық өмiр үш деңгейде өтеді: саналы, астарсана, бейсана. Сана деңгейi уақыттың нақ осы сәтінде сезетін сезiмдер және уайымдардан тұрады. Сана мида сақталған барлық ақпараттың аз ғана пайызын қамтиды, және нақты бір ақпарат уақыттың қысқа мерзімінде ғана түсінікті болады, ал содан соң тез арада астарсана немесе бейсана деңгейіне түседі, ол адамның көңілі басқа дабылдарға ауысуына байланысты болады. Астарсана деңгейiн кейде «қол жетімді ес» деп атайды, нақ осы сәтте түсініксіз болып тұрған, алайда санаға кездейсоқ немесе аз ғана күш жұмсау нәтижесінде қайтып келуі мүмкін барлық тәжірибені қамтиды. Адамзат психикасының аса терең және мағыналы облысы - бұл бейсана. Ол басылады және бейсана облысына ығыстырылған, санаға өте қауіпті болып келетін инстинктер, эмоциялар мен естеліктер сақталатын орын, алайда дәл осы санаға салынбаған материал, адам түсінбесе де, оның күнделікті қозғалысын анықтайды. Бейсана уайымдар адам санасына толығымен қолжетімсіз, бірақ ауқымды дәрежеде адамдардың іс-әрекетін анықтайды. Клиникалық бақылаулар З. Фрейдке психологиялық тұжырымдаманы айқындауға мүмкіндік берді, ол бойынша психика, адамның тұлғасы үш құрылымдардан тұрады. ОЛ (ид) - биологиялық туа біткен инстиктивті құмарлықтардың бейсана, қайнап тұрған қазаны. «Либидо» сексуалды күш-қуатымен қаныққан. Ләззат алу қағидасына бағынады, яғни ләззат және бақыт адам өмiрінде басты мақсаттар болып табылады. МЕН (эго) - «ОЛ»-мен жанжал күйiнде болатын сана, сексуалды құмарлықты басады, шындық қағидасына бағынады. АСА-МЕН (жоғарғы сана) - моральдық стандарттар тасымалдаушысы, тұлғаның бұл бөлiгi сын, цензура, ар-ұят рөлiн орындайды. «АСА МЕН" инстинкттердi «МЕН»-ге жiбермейді, сонда бұл инстинктттер қуаты қылықтың белгілі бір– түс көру, описки, тіл қату, сөз шалысу, әзіл, каламбурлар түрлерінде қоғам мен адамға тән) қызмет түрлеріне (шығармашылық пен өнер өзгереді (сублимацияланады). Егер «либидо» қуаты шығар жол таппаса, онда адамда әр түрлi психикалық аурулар, невроздар, есірік, жабырқау дами бастайды. «МЕН» және «ОЛ» арасында дау-жанжалдан құтқару үшін, психологиялық қорғау құралдары қолданылады: ығыстыру, жоққа шығару және т.б. Қорғаныш қылығы, адамға әзірге шеше алмайтын мәселелерден қорғауына мүмкіндік береді, қауіпті жағдайлар (жақын адамнан айырылу, өзін сүюден айырылу) үрейінен арылуға мүмкіндік береді, «қауіпті шындықтан» кетуге, кейде бұл қауіпті өзгертуге мүмкіндік береді.
Мысалы, қорғаушы тетiктердiң бiрi - ығыстыру. Ығыстыру бұл санадан бейсана психикасы облысына кез-келген жағдайда жағымсыз немесе рұқсат етiлмеген ниеттер, ойлар, сезiмдер, уайымдарды ерiксiз жою. Ойды ығыстыру өз белсенділігін жоғалтпайды және оның санаға өтіп кетуін алдын алу үшін психикалық қуат шығыны қажет, нәтижесінде іс-әрекет пен денсаулықты ұстап тұру үшін қуат жетіспейді, бұл өз кезегінде психогенді дене ауруларының көзі болып табылады (бас ауруы, артрит, ойық жара, астма, гипертония, жүрек аурулары және т.б.). Жоққа шығару – қиялға берілу, «жалған» ретінде кез-келген оқиғаны қабылдамау. Адам өз пікірлерінде қарама-қайшылықтарды байқамайды және логикаға немқұрайлықарайды, бұл жалған, мұндай болу мүмкін емес деп тұжырымдай бастайды. Барлық адамдар белгілі бір дәрежеде қорғаушы тетіктерді қолданады, және бұл, егер адам оларға қатты сенсе, қажеттіліктер, қорқыныш, ұмтылыстар бейнесін бұрмаласа, қажетсіз болады. Барлық қорғаушы тетіктер бейсана деңгейде жұмыс істейді және сондықтан өз-өзін алдау құралы болып келеді, адам үшін үрейді аса қауіпсіз ету үшін шындықты бұрмалайды, жоққа шығарады.
З. Фрейд тұлғаның негiзгi құрылымдарының қалыптастыруда балалық шақ шешушi рөл атқаратынын көрсеттi. Ол адам дамуының барлық сатыларын адам ағзасының әртүрлі аймақтарына сексуалды күш-қуаттың (либидо) түрлену және ауысу сатыларына әкеледі.
Ендеше, З. Фрейд пайымдауынша, адам белсенділігі бұл биологиялық табиғи күш. Ол жануар инстинкттеріне ұқсас, яғни бейсана. Қоғамның қызметі құмарлықты шектеу және «цензуралау». Тұлға, негізінен, биологиялық тірі ағза болып табылады.
Классикалық психоанализ теориясына швейцария зерттеушiсi Карл Юнгтың тұлғаның аналитикалық теориясы жақын. К. Юнг тұлға дамуының басты көзі туа біткен психологиялық факторлар деп санады. Адам ата-аналарынан мұра бойынша дайын алғашқы идеялар - «архетиптер» алады. Мысалы, барлық халыққа тән құдайдың, жақсылықтың, зұлымдықтың идеялары бар. Архетиптер ми құрылымымен бірге мұра бойынша беріледі және олар психологиялық аспектілер болып табылады. Архетиптер бiр жағынан, белгілі бір түрдің мiнез-құлығына бейiмділігін, ал екінші жағынан - кез келген дәріде «дәуiрдiң рухын» бейнелей отырып, аңыздарда, ертегiлерде, өнерде көрінетін адамзаттың ұжымдық идеяларын, кейіптерін, теорияларын шарттайды. Юнг, архетиптер түстерде, қиалдарда бейнеледі, сонымен қатар, өнерде, әдебиетте, архитектура мен дінде қолданылатын символдар түрінде кездеседі деп ойлады. Юнг бойынша, әрбір адамның өмір сүру мәні – туа біткен архетиптерді нақты мазмұнмен толтыру.
К Юнг тұлға құрылымын үш компоненттерден тұрады деп қарастырды: сана - эго- МЕН; даралық бейсана - ОЛ; психикалық алғашқы бейнелер немесе архетиптерден тұратын ұжымдық бейсана. Даралық сана – өзін түсіну негізі болып келетін және өзіміздің сана қызметімізді реттей отырып, өзімізді түсінуге көмектесетін ойлар мен сезімдерді, естеліктер мен түйсіктерді қамтитын құрылым. Даралық бейсана – «комплекстер» немесе санадан ығыстырылған эмоционалды зарядталған ойлар мен сезімдер, сонымен қатар туа біткен биологиялық инстинкттер мен түрткілер жиыны. Юнг ойынша, «кешендер (комплекстер)» дау-жанжал, шок, таң қалу, епсіздік салдары немесе себебі болып табылады. Олар, біз арыла алмайтын естеліктерді, ниеттерді, қауіп-қатерді, міндеттерді, ойларды қамтиды және сондықтан олар үнемі кедергі жасайды және біздің саналы өмірімізге араласып, зиян келтіреді. Кешендер кез-келген симптомдар түрінде көрінеді (психикалық және қылықты ерекшеліктер мен бұзылулар, дене ауруы т.б.).
Мысалы, «билiк кешені», бұл кезде адам өзінің барлық психикалық қуатын қызметке салады, ол билікке ұмтылысымен тікелей немесе жанама байланысты. Ұжымдық бейсана - психиканың терең деңгейi, мұнда мұрагерлік жолмен алынған архетиптер түрінде көрсетiлген, адамзаттың барлық мәдени-тарихи тәжірибесі жиналған. Мысалы, көрген түстерінде, аңыз және фольклор сюжеттерімен ұқсастық болады, алайда адам саналы түрде бұл аңыздар мен идеяларды білмеуі мүмкін. Юнг, ұжымдық бейсананы екі жолмен зерттеуге болады деп ойлады: аңызды зерттеу арқылы немесе адам психикасын талдау арқылы. Адам өмiрiнде қарапайым және қайталанатын шындық күшті архетип құрады - «Ана», «Әке», «Әйел» архетиптері және т.ба. «Ана» архетипі - бұл бұрынғы барлық аналардың жалпыланған бейнесі, құдiреттi алғашқы бейне, ол жеке және саналы өмір сүру барысында адамның анаға, әйелге қатынасын суреттейді. Әке архетипi - ол да бұрынғы барлық әкелердің жалпыланған бейнесі. Ол адамның еркекке, заңға, мемлекетке, ақыл-ойына қатынасын анықтайды. Еркектерде әйелдiң архетипі көрінеді - Анимдер, әйелдерде еркектiң архетипi - Анимус. Әйелдiң - «Анима» архетипi – мыңжылдар бойы еркек өзінде ұстаған әйелдiң сезімтал бейнесі. Еркектiң - Анимус архетипi - бұл ертеден әйел адам таныған еркектiң бейнесі.
Юнг пайымдауынша, архетип белгілі бір объектке кескінделмейінше, архетип адаммен ұқсас болып қалады және оның еркінен тыс көрінеді. Мысалы, ер адамда Анима архетипі өз бетімен кеткен эмоциялар түрінде көрінеді. Әйел адамда Анимус архетипі төзімділікпен көрінеді, олардың дауласып, өз пікірінде тұруға түрткі болады. Бұл архетиптер, әйелдер мен еркектер ағзасында ер адам мен әйел адам гормондары түзілетін биологиялық айғаққа негізделеді.
Юнг алғаш рет екі психологиялық түрді немесе тұлғаның ориентациясын бөліп көрсетуді ұсынды: экстра нұсқа және интра нұсқа. Әр адамда екi түр кездеседі, бiрақ олардың бірі үстем болып табылады. Экстра нұсқа – сыртқа, сыртқы әлемге, өзге адамдарға бағытталу. Интра нұсқа - өзiне, өзінің ішкі дүниесіне бағытталу.
«Өзіндік тұлғасын табу» тұлғаның әртүрлі компоненттерінің бірлікке ұмтылу нәтижесі болып табылады. «Өзіндік тұлғасы» архетипі тұлғаның орталығы болады және тұлға құрамына кiретін көптеген қарама-қарсы қасиеттерді теңестіредi. Тұлғаның дамуы, немесе индивидуациялану, Юнг бойынша - бұл көптеген тұлға ішілік функциялар мен тенденциялардың ықпалдасу интеграция процесi. Индивидуациялану процесiн жүзеге асырудың соңында Өзіндік тұлға архетипін тұлға орталығына шығару көзделеді. Индивидуациялану процесiнде, Юнг бойынша, өзін жүзеге асыруы мүмкін, бiрақ өкiнiшке орай, ол барлық адамға қолжетімді емес, тек жоғары білімі бар және адамгершілігі жоғары адамдарға.
Демек, Юнг пайымдауынша, ақырғы өмiрлiк мақсат - бұл «МЕН»-ді толық жүзеге асыру, яғни бiртұтас, қайталанбас және бүтiн адамның қалыптасуы. Тұлға - бұл туа біткен және жүзеге асырылған архетиптердiң жиынтығы, ал тұлға құрылымы архетиптердiң жеке қасиеттерi қатынасының даралық ерекшелiгі ретінде анықталады.
XX ғасырдың ортасында гуманистiк психология қалыптасты, ол адамды бастапқыда жақсы, туа біткен потенциалды рухани қажеттіліктері мен қасиеттері бар ретінде қарастырады, алайда бұл қажеттіліктер өмірдің жағымсыз шарттарымен уақытша оқшауланған және адамның шынайы қылығында көрінбеуі мүмкін. Гуманистiк психологияға тән белгi, адамды бірегей тұтас, әлемге ашық және өзін жетілдіруге қабілеті бар ретінде қарастыру болып табылады. Гуманистiк психология тұлғалық дамудың шыңына жеткен дені сау, үйлесімді тұлғаларды зерттейдi. Мұндай тұлғалар жалпы адамдар санының тек 1-4% ғана құрайды, ал қалғаны дамудың қайсыбір сатысында болады.
Уәждемелер облысында жетекші зерттеушілердің бірі А Маслоу қажеттiлiктер иерархиясын жасады. Ол, қажеттiлiктердiң бес деңгейi бар деп санады. Физиологиялық (тамақ ішу, ұйықтау қажеттiлiгі), қауiпсiздік қажеттiлiгі (пәтер, жұмыс, материалдық сенiмдiлiк қажеттiлiгі), әлеуметтік қажеттiлiктер (қарым-қатынас, адамдар түсінісу, отбасы құру), құрметтеу қажеттілігі, өз артықшылығын түсіну (құрмет, әлеуметтiк жетiстiк, мәртебе), өзін жетілдіру қажеттілігі (әлемде өз орнын табу, шығармашылық, сұлулық қажеттiлiгі).
А. Маслоу уәждеменің үдемелі даму заңын тұжырымдады, оған сәйкес адам уәждемесі үдемелі дамиды, яғни егер төменгi деңгей қажеттiлiктері қанағаттандырылса, аса жоғары деңгейге қозғалу жүреді. Мысалы, егер адам аш болса және оның баспанасы жоқ болса, онда оған жанұя құру және өзін құрметтеу немесе шығармашылықпен шұғылдану қиын болады. Төменгi қажеттiлiктер қанағаттандырылған сәттен бастап олар қажеттiлiк болмайды, яғни уәждемелеуші кұш жоғалады. Уәждеме деңгейi жоғары болған сайын, сәйкес қажеттіліктердің өмірлік мәні азаяды: олардың жүзеге асырылуын соншалықты ұзақ тежеуге болады. А. Маслоу ойынша, көптеген адамдарға «тiршiлiк ету невроздары» тән болады. Егер адам өз өмiрiнің мәнін түсiнуге, өзін, өзінің қабілеттерін толық жүзеге асыруға тырысса, ол біртіндеп тұлғалық өзіндік дамудың жоғарғы сатысына өтеді. Өздігінен жүзеге асырылатын тұлғалар өмірден қашпай, қорықпай, оны сол күйінде қабылдауға қабілетті болады. Олар өмір мен сәтсіздіктерге қатысты конструкциялық тәсілдеме қолданады, адамдарды, сынамай, оларды сөкпей, сол қалпында қабылдауға қабiлеттi. Оларға өзін сыйлау, өзінің адамгершілігі және құрметтеу сезімі тән. Олар өзін жетiлдiруге, өз мінезін жақсартуға ұмтылады. Мұндай адамдар жаңа тәжiрибе алуға дайын.
Гуманистер есептеуінше, адамда өзін құрметтеу қажеттiлiгі болғандықтан және ол адамдардың өзіне деген оң ықыласына бөленгісі келетіндіктен, адам кейде өзінің шынайы ойлары мен сезімдерін, ниеттерін жасырады, оның орнына қоршаған адамдар мақұлдайтын әрекеттер жасайды. Нәтижесінде адам өзгере бастайды, адамның ниеттері мен сыртқы қылықтарының арасында іштей келіспеушілік туындайды, тұлғаның бір бөлігі басылады, тығылады және ол алаңдаушылық, невроз тудырады. Сондықтан, адам тұлғасының іске қосылуы мен даму тенденциясына кедергі жасамаудың жалғыз тәсiлі - бұл сөзсiз оң iлтипат білдіру, яғни адамды сынсыз жақсы көредi және қабылдайды. Әрине, сөзсiз оң iлтипат қате немесе әлеуметке қарсы әрекеттер ұстануды бiлдiрмейдi. Қателіктерді көрсету керек, бiрақ адам бұл кезде өзіне деген позитивтi қатынасты сезіну керек. Сонда ғана адам өзiне оң қатынасты қалыптастырады.
Гуманистердің пайымдауынша, көптеген адамдардың өз-өзіне көңілі толмайды, өздерін қабылдай алмайды және сәйкесінше өзгелерді де қабылдай алмайды, өз өміріне наразы және барлық қоршаған адамдарға көңілі толмайды. Өз – өзін сүймеу басқаларға деген өшпенділікпен қатар жүреді. Өз – өзін қабылдау адамның толыққанды жұмыс істеуі үшін маңызды шарт болып табылады. Психикалық дені сау және «толыққанды жұмыс істеген» адам – бұл өзінің қабілеттіліктері мен дарындылығын пайдалана білетін, өзінің потенциалын көтеретін және басқа адамдармен жемісті жұмыс жасай отырып, өзін және өзінің уайымдар аясын толық танып білуге талпынады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет