Жоспар: Тұлға психологиясы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі. Тұлғаның мотивациялық-қажеттіліктік саласы. Мотивтерді тану мәселесі, оларды тану жолдары. Мотивтер түрлері. Негізгі әдебиеттер



бет8/15
Дата12.09.2023
өлшемі419 Kb.
#180881
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
3 дәрістер жинағы
Ниязметов Санжар практика
Қосымша әдебиеттер:
1. Шульц Д., Шульц С. Қазіргі психология тарихы. 11-басылым, Астана, 2018, Рухани Жаңғыру
2. Майерс Д., Туенж Ж. Әлеуметтік психология. 12-басылым. Астана, 2018, Рухани Жаңғыру


1. Эмоциялар және эмоциялық интеллект
Эмоция — латын сөзі — еmоvега қозу, толқу — деген мағына береді. Қуаныш сезімі. И. П. Павлов, эмоция ми қыртысында болатын жасушалардың күш-қуаты. Сондықтан да эмоцияның белгілі түрде биологиялық және әлеуметтік мәні бар. Эмоция ағзаның ішкі эндокринді бездеріне байланысты болады.
Адреналин эмоцияны реттеуші фактордың бірі болып есетелінеді. Ол бауырдағы гликогеннің ыдырауына әсерін тигізеді. Адам эмоциялық жағдайда болған да, қандағы қанттардың мөлшері азайып кететінін медиктер анықтаған болатын.
Эмоция тудыратын стрестің пайда болу ағымында биологиялық танымдықтың 3 буыны болатыны белгілі болды.
1) Күйзеліс тудыратын бағалар; күйзелістің анық қатал-дылығы, онша үлкен мөлшерде болмағанымен проблема оны адамның өз өліне, біліміне және түсінігіне қарай бағалануында. Бағасына қарай ағзада физиологиялық-биохимиялық үрдістер өтіп, бірнеше пайдалы және пайдасыз өзгерістер туады.
2) Оқиғаның өзіне немесе оның бағасына деген физио-логиялық-биохимиялық, биологиялық жауабы. Адреналогиялық-биохимиялық әсер етеді.
3) Алдағы уақыттарда күйзелісті болдырмайтын, оның неше түрлі себептерін жоюға арналған іс-әрекет (мінез-құлық). Жұмсалатын биологиялық күш өлшемі оқиғаның салдары әр қашанда есепкс алынуы тиіс.
Осының нәтижесіне ағзада тізбекті күйзеліс пайда болады.
Эмоциялық интеллект – психология ғылымында қарқынды зерттеу нысанына айналған өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе бойынша мыңдаған кітаптар мен мақалалар жарыққа шығарылған, эмоциялық интеллектіні дамытуға арналған көптеген тренингтер жүргізіледі.
Эмоциялық интеллект – адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.
Эмоциялық интеллект идеясы Эдуард Торндайк, Джой Гилфорд, Ганс Айзенк сынды авторлар зерттеуге алған «әлеуметтік интеллект» ұғымынан шыққан. Когнитивті ғылымның қарқынды дамуына байланысты интеллектінің ақпараттық, «компьютер тәрізді» модельдеріне баса назар аударылып, ойлаудың аффективті жағына айтарлықтай мән беріле қоймады. Әлеуметтік интеллект ұғымы тану үрдісінің аффективті және когнитивті жақтарын байланыстырушы буын екендігі ескерілмеді. Кейін әлеуметтік интеллект саласы аясында адам танымын «есептеуші машина» емес, когнитивті-эмоциялық үрдіс ретінде қарайтын түсініктер қалыптаса бастады.
1990 жылы Питер Салоуей «эмоциялық интеллект» ұғымын алғаш анықтап, «Эмоциялық интеллект» атты мақаласын жарыққа шығарды. Питер Салоуей және оның авторласы Джон Майер эмоциялық интеллектіні «эмоцияда көрінетін тұлға көріністерін қабылдау және түсіну, интеллектуалды үрдістер негізінде эмоцияны басқару» ретінде анықтайды. Аталған ғалымдардың анықтауынша, эмоциялық интеллект төрт бөлімнен тұрады: 1) өзінің және басқа адамның эмоциясын қабылдау немесе сезіну қабілеті; 2) өз эмоциясын ақыл-ойға бағыттау; 3) эмоция көріністерін түсіну қабілеті; 4) эмоцияны басқара білу.

Қазіргі таңда эмоциялық интеллект феноменін, оның құрылымын, даму жолдарын одан әрі терең зерттеу өзекті, себебі аталған құбылыс – тұлға аралық өзара әрекеттесу үдерісінде адамдар арасында туындайтын эмоциялық үрдістер мен жай-күйлерді терең ұғыну арқылы адамдармен қарым-қатынасты оңтайландыру мүмкіндігін ашады. Сондықтан, эмоциялық интеллектіні тұлға бойында дамытуды біртұтас қоғамда психологиялық мәдениетті арттырудың маңызды факторы ретінде қарастыруға болады.
«Эмоциялық интеллект» ұғымына әртүрлі көзқарастар қалыптасқан.
Шетелдік психологияда П. Салоуей, Дж.Мэйер және Д. Карузо бойынша: «эмоциялық интеллект – әлеуметтік интеллектінің компоненті, өз сезімдері мен өзге адамдар сезімін қадағалау, оларды ажырата білу және ол ақпаратты өзінің ой, әрекеттерін басқару үшін қолдану қабілеті, эмоциялық интеллектінің дамуы тұлғаның үйлесімді, тұлғалық дамуына игі ықпалын тигізеді. Нақтырақ айтқанда, эмоциялық интеллект – эмоциялық ақпаратты өңдеу, түсіндіру (интерпретациялау) және қолданумен байланысты интеллект түрі».
Д. Гоулман (ЭИ мәселесін анағұрлым терең зерттеген ғалымдардың бірі): «эмоциялық интеллект – тұлғаға өзін-өзі сезінуге, түрткілендіруге, көңіл-күйін басқаруға, импульстік көріністерді бақылауға, фрустрациядан бекіну, күнделікті өмірде табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторлар жиынтығы; өз интеллектісін көрсету тәсілі».

Р. Бар-Он: «қоршаған орта талаптары мен әсерлеріне (қысымына) оңтайлы жауап бере алу қабілеттілігі, ортаға оңай бейімделуге ықпал ететін эмоциялық, жеке және әлеуметтік қабілеттер жиынтығы».
Д. Майерс: «эмоциялық интеллектуалды адамдар өзіндік санасының жоғары дәрежеде дамуымен ерекшеленеді. Олар өз эмоциясына дисфункционалды депрессия, мазасыздық, ашу арқылы нұқсан келтірмеуге тырысып, өмір сүреді. Олардың жанашырлық (эмпатия) көрсете білу қабілеті айналадағы адамдардың эмоциясын дұрыс түсініп, олармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді – олар достарына, әріптестеріне қалай қолдау көрсету керектігін, дау-жанжалды қалай шешу қажеттігін біледі».
Шетелдік психолог-зерттеушілер пікірінше, «эмоциялық интеллект» — өзінің және өзгелердің эмоциясын тани білу, оларды басқара алу; эмоцияны басқару мүмкіншілігі – адамдардың тұлға аралық өзара әрекеттесуіне анағұрлым тиімді бейімделуге көмектеседі.

Ресейлік психологиялық ғылымда «эмоциялық интеллект» ұғымын алғаш қолданған Г.Г.Гарсковая. Ғалым бұл ұғымды енгізу үшін екі негіздемені келтіреді: «интеллект» ұғымының біртекті, ұқсас болмауы және интеллектуалды операциялардың эмоциямен жасалуы [2].
И.Н. Андрееваның пікірінше, «эмоциялық интеллектіні дамыту – аса өзекті мәселе, себебі эмоцияның бейімделуші табиғаты индивидтің белсенді өмір сүруіне мүмкіндік жасап, тұлғаның белгілі бір ортаға бейімделу қабілетін және оның қоғаммен үйлесімді қатынасын арттырады. Эмоциялық интеллект – эмоциялық ақпаратты талдауға, өңдеуге және қолдануға интеллектуалды қабілеттердің жүйелі көрінуі болып табылады. Эмоция тұлғалық құрылымдармен, тұлғалық иденттілікпен тығыз байланысты, адамның негізгі мотивациялық жүйесін бейнелейді. Сондықтан, эмоциялық интеллектіні дамыту тұлғаның үйлесімді, тұлғалық дамуына зор ықпалын тигізеді» [3].
И.Н. Андреева «эмоциялық интеллект» ұғымының шығу тарихын зерттей отырып, өзінің зерттеу жұмыстарының бірінде А.Р. Лазарус концепциясынан келесідей қағидаларды келтіреді:
әрбір эмоциялық реакцияның айрықша тану немесе бағалау қызметі бар;
эмоциялық жауаптың белгілі бір синдромы бар, оның әрбір компоненті жалпы эмоциялық реакцияның қандай да бір күйін білдіреді.
Жоғарыда аталған концепция авторы Р. Лазарус пікірінше, эмоцияның пайда болу реті келесідей: «қабылдау – алғашқы бағалау – зерттеу белсенділігі – (бағаланатын жағдаяттағы эмоциялардың жеке маңызы) – екінші бағалау – әрекет жасауға тенденция – әсерлену, физиологиялық өзгерістер және моторлық реакцияларға тенденция көрінісі ретіндегі эмоция» [3].
Эмоциялық интеллект – өзінің және өзге адамдардың эмоциясын түсіну, сондай-ақ өзгермелі қоршаған орта және өзгермелі талаптарға эмоциялық бейімделу қабілетінен тұрады [4]. Эмоциялық интеллект деңгейі жоғары адамдар өзге адамдардың эмоциясы мен сезімдерін едәуір жақсы түсінеді, өзінің эмоциялық өрісін басқара біледі, сондықтан олардың қоғамдағы мінез-құлқы анағұрлым лайықты, икемді болып келеді әрі айналадағылармен өзара қарым-қатынаста өз мақсаттарына оңай қол жеткізеді.
Ресейлік психологияда «эмоциялық интеллект» терминіне О.К. Тихомировтың зерттеу нысанына алған «эмоциялық ойлау» ұғымын ұқсас деп санауға болады. О.К. Тихомиров эмоциялық ойлау ерекшелігін сипаттай келе, эмоциялық күйлердің міндеттерді шешу үрдісіне қатысатындығын тұжырымдаған. Ғалымның анықтауынша, ақыл-ой іс-әрекетімен барлық эмоциялық құбылыстар – аффект, эмоция, сезімдер байланысты. Эмоцияның ойлау үрдісімен өзара байланысы – барлық эмоциялық күйлердің ойлау үрдісінде басқарушы, эвристикалық қызмет атқаратынынан көрінеді. Сонымен қатар, О.К. Тихомировтың зерттеулері ақыл-ой іс-әрекетінің эмоционалды басқарылатындығын, яғни эмоциялық белсендіру – интеллектінің жемісті іс-әрекетінің шарты болып табылатындығын дәлелдейді.

М.А. Манойлова пікірінше, эмоциялық интеллект – ішкі тұлғалық және тұлға аралық бағыттылығы бар когнитивті, рефлексивті, мінез-құлықтық, коммуникативті қабілеттердің өзара байланысқан жиынтығы. Эмоциялық интеллект – адамның ішкі жай-күйінде, айналадағыларға деген эмпатиялық қатынаста, идентификацияда, эмоциялық күйлермен мінез-құлықты бақылау және рефлексиялауда, эмоциялық ақпаратты айналадағы адамдармен қарым-қатынаста қолдануда, мақсатқа жету тәсілдерін таңдауда көрінеді [5].
Эмоциялық интеллект келесі құрылымдық компоненттерден тұрады:
Өзінің эмоциясын тану. Субъектінің эмоциялық тәжірибесі үшін эмоцияны сезіну мен оны сөзбен жеткізе білу (анықтау) аса маңызды. Эмоцияларды сөзбен айтыпжеткізудің негізгі қызметтерін бөледі. Олар: тәжірибе, тұлғааралық коммуникация, эмоциялық экспрессия.
Эмоцияларды тану алекситимияға шалдыққан адамдарда қиындық тудырады. «Алекситимия» («сөзсіз сезім») терминін америкалық психиатр Сифнес енгізген. Алекситемияның маңызды белгілері мыналар болып табылады: өз сезімдерін сипаттап бере алмау; сезімдерді және дене түйсіктерін ажырата алмау; қиялдың жетімсіздігі, ебедейсіздік.
Эмоцияларды тану – эмоцияларды дұрыс қабылдап, анықтауға, сипаттауға мүмкіндік беретіндіктен, анағұрлым тиімді коммуникация, яғни қарым-қатынас орнатуға зор ықпалын тигізеді.
Эмоцияны меңгеру – өзін-өзі бақылаумен байланысты. Дұрыс эмоциялық экспрессия физикалық және психикалық денсаулықты сақтаудың маңызды факторы болып саналады. Эмоцияларды тежеу әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Онымен қоса эмоциялық экспрессияны бақылай алмау тұлға аралық қарым-қатынасты қиындатады. Сондықтан, эмоциялық экспрессияны бақылай алмау мәселесі субъектінің өзі үшін ғана емес, оның айналасындағы адамдар үшін де қолайсыз болып келеді. Сонымен қатар, эмоционалды экспрессия тұлғааралық қатынастар сапасына да ықпал етеді. Мәселен, белгілі бір жағдайларда аса ұстамдылық, шыдамдылық көрсеткен адам немқұрайлы, селқос, тәкаппар болып танылады, бұл өз кезегінде өзге адамдарда таңдану немесе жақтырмау сияқты жағымсыз қатынасты қалыптастырады.
Я. Рейковский эмоцияларды көрсету (білдіру) қиындықтарының келесі себептерін келтіреді:
адамдар қоғамда қалыптасқан эмоция көріністері түрлерін меңгермеген;
өзін-өзі бақылай алмаудан қорқумен байланысты өз сезімдерін білдіріп қоюдан немесе айналадағы адамдардың жазғыруынан күлкіге қаламын-ау деген ойдан қорқу (абыройын түсіруден немесе мазақ болудан қорқу);
туа біткен факторлар;
отбасында және өзіне жақын ортада үстемдік ететін мінез-құлық нормаларын игеру.
Эмоцияларды түсіну. И.А. Романованың анықтауынша, өзін-өзі түсінудің эмоциялық, сезімдік, эмпатиялық сипаты бар, әрі өзін-өзі тану тереңдігі эмоциялық қабілеттердің даму деңгейімен байланысты, ол өз кезегінде эмоцияларды ұғынуды қамтамасыз етеді. Эмоцияларды ұғыну – оларды санаға бекітуді меңзейді. Дегенмен, санаға кез келген эмоционалды үрдіс бекітіле бермейді немесе керісінше болуы мүмкін. Осыған байланысты, эмоцияларды ұғынуға байланысты екі құбылысты бөлуге болады:
іс-әрекет ағымына және субъективті әсерлерге ықпал ететін дербес және біріккен үрдістің көрінуі (бұл жағдайда адам әлдебір нәрсені сезініп жатқанын біледі, бұл сезім бұрынғыдан ерекшеленеді);
шын ұғыну – сөздік (белгілік) категорияларда көрінетін жеке жай-күйлері туралы білімдермен нәтижеленеді. Ұғынудың бұл екінші түрі эмоциялары басқару үрдісі, эмоцияларды алдын ала көру қабілеті негізінде жатыр.
Эмоцияларды түсіну – оларды көрсете, білдіре алу мүмкіндіктерімен байланысты. Эмоция тілін меңгеру – сол мәдениетте қалыптасқан эмоция көріністерін меңгеруді, сондай-ақ адамның өмір сүретін және жұмыс істейтін ортасындағы адамдар эмоцияларының жеке көріністерін түсінуді талап етеді. Эмоцияларды түсіну оларды білдіруден әлдеқайда күрделі.
Эмоцияларды түсіну – эмпатияның даму деңгейімен де байланысты. К. Роджерс бойынша басқа тұлғамен қарым-қатынастың эмпатиялық тәсілінің бірнеше қыры бар. Эмпатия өзгенің жеке әлеміне ену және ол әлемде өзін «өз үйіндегідей» сезіну. Эмпатия қарым-қатынастағы серіктесінің өзгермелі жан тебіреністеріне деген сезімталдықтан тұрады. Бұл дегеніміз өзгенің өмірімен уақытша өмір сүруді бейнелейді. Эмпатияға қабілеттілік, жанашырлық – жауапкершілікті, белсенділікті, жігерлікті, нәзіктікті, қайырымдылықты, кішіпейілділікті білдіреді.
Өзге адамдардың эмоцияларының жеке-дара ерекшеліктерін түсіну қиындықтарының келесідей себептерін бөлуге болады:
өзінің жеке басына ғана көңіл бөлу – өзге адамдардың эмоциялық күйін байқай алмауға және дұрыс бағаламауға әкеледі;
өзге адамдардың эмоциясымен байланысты үрейлену сезімі;
өзге адамдардың эмоцияларын түсінбеуден қандай да бір пайда табу.
Эмоциялық интеллект (EQ) – стрессті түсіру, айналадағылармен тиімді қарым-қатынас орнату, қиындықтарды жеңу және жанжалдарды бәсеңдету үшін эмоцияларды позитивті және конструктивті бағытта түсіну, анықтау, қолдану және басқару. Эмоциялық интеллект – күнделікті өмірімізге, мысалы күнделікті жүріс-тұрысымызға, өзге адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға қажет. Егер адамда эмоционалды интеллект деңгейі жоғары болса, онда ол өзінің және өзге адамдардың эмоциялық күйін тани біледі, адамдарды өзіне жақын тартып, баурап алады. Эмоцияларды түсіну – өзге адамдармен дұрыс қатынаста болуға, қызметте үлкен табыстарға қол жеткізуге және толыққанды өмір сүруге мол мүмкіндік береді.
Ғалым-зерттеушілердің анықтауынша, эмоциялық интеллектінің төрт атрибуты бар:
Өзіндік сана. Тұлға өз эмоциясын және өз ойлары мен мінез-құлқын, өзінің күшті және әлсіз тұстарын ұғына біледі, өзіне-өзі сенеді.
Өзін-өзі басқару. Тұлға өзінің импульсивті сезімдері мен мінез-құлқын бақылай алады, эмоцияны позитивті бағытта басқарып, бастамашылдық көрсете біледі, өз міндеттерін орындайды және өзгермелі жағдайларға оңай бейімделеді.
Қоғамдық сана. Адам өзгелердің эмоциясын, қажеттіліктері мен қызығуларын түсінеді, эмоциялық сигналдарды аңғара біледі, әлеуметтік қатынастарда өзін қолайлы сезінеді.
Қатынастарды басқару. Басқалармен жақсы, үйлесімді қатынастарды дамыту әрі сақтау, оларды шабыттандырып, қолдау көрсету, жанжалды басқара білу.
Сонымен эмоциялық интеллект ықпал етеді:
Жұмыстың нәтижелі болуына. Эмоциялық интеллект жұмыс орнында әлеуметтік қиындықтарға бағдарлануға, басқаларды басқаруға және оларды түрткілендіруге, жетістіктерге жетуге көмектеседі. Сондықтан эмоциялық интеллектіні кәсіби мүмкіндік ретінде қарастыруға болады.
Физикалық денсаулыққа. Егер стресс жағдайын басқара алмаса, ол қиын мәселелердің туындауына әкеледі. Стрессті қадағалап, басқара алмаудан қан қысымы көтеріліп, иммундық жүйе әлсірейді, жүрек ұстамасының тәуекелдігі артады, қартаю үрдісі тездейді.
Психикалық денсаулыққа. Басқарылмайтын стресс психикалық денсаулыққа да әсер етпей қоймайды, адам мазасыздық, депрессияға ұрымтал болып келеді. Егер адам өз эмоцияларын басқара алмаса, ұнжырғасы түсіп, көңіл-күйі де болмайды. Оның үстіне басқалармен берік қатынастар орната алмаудан адам жалғыздық күйін кешеді.
Қарым-қатынасқа. Егер адам өз эмоцияларын түсініп, оларды бақылай білсе, өзгелерге де түсіністікпен қарап, жеке өмірінде де, қызметте де үйлесімді қарым-қатынас орната алады.
Сонымен, мақаламызды қорытындылай келе, эмоциялық интеллект – бұл өзінің және өзгелердің эмоцияларын түсіну, өзінің және өзге адамдардың эмоцияларын басқара білу қабілеті, осы білімдерді белгілі бір мәселелердің туындау себебін анықтауда тиімді қолдану және оларды шешу. Адамның өмірдің қай саласында болмасын жетістіктерге кенелуі тек оның өмір тәжірибесіне, біліміне, дағды, қабілеттеріне ғана емес, сонымен қатар эмоциялық интеллект сапасына да байланысты деп тұжырымдаймыз.



2. Өзін-өзі реттеу психологиясы және ерік процестері.
Ерік — мінез-құлықты саналы өзін-өзі реттеу, субъект қажеттілік және мүмкіндік ретінде түсінетін мақсаттарға жету үшін мінез-құлық белсенділігін әдейі жұмылдыру. Бұл адамның өзін-өзі реттеу қабілеті.
Еркін -адам мінез-құлқын реттеудің әлеуметтік жанама механизмі: еркі іс-әрекеттерге түрту әлеуметтік қалыптасқан ұғымдар мен түсініктер негізінде жасалады. Ерік әрекеті болашаққа бағытталған, эмоцияларға, ағымдағы жағдайға қарағанда эмансипацияланған. И. М. Сеченов жазғандай, адам материалдық ортаның тікелей ықпалынан өз іс-әрекеттерінде аз-кем эмансипацияланады; іс-әрекеттің негізіне бір сезімдік пайымдау ғана емес, бірақ ой және моральдық сезім қойылады; бұл белгілі бір мән арқылы жартылай қатысушылардың іс-әрекеті және іс-әрекет болып табылады.
Жануарлардың мінез-құлқы өзектендірілген қажеттілікпен импульсивті түрде ынталандырылады. Адам қызметінің мақсаты оның ағымдағы қалауымен тікелей байланысты емес. Мәселен, егер жыртқыш жануар тек аштық болған жағдайда ғана аң ауласа, онда адам өнімді жинап, аштық сезбей, барлық басқа да алаңдататын тілеулерден абстрагия жасап алады. Еріктік реттеуде адам қызметі әлемді танумен, оның объективті заңдылықтарымен байланысты.
Еріктің пайда болуы бастапқыда баланың ересектермен қарым-қатынасына байланысты. Л. С. Выготский атап өткендей, алдымен ересек адам бұйрық береді ("доп ал", "шыныаяқ ал") және бала сыртқы бұйрыққа сәйкес әрекет етеді. Сөйлеуді меңгергеннен кейін бала өзіне сөйлеу командаларын бере бастайды. Сонымен бұрын адамдар арасында бөлінген функция жеке адамның ерікті мінез-құлқын өздігінен ұйымдастыру тәсілі болып табылады.Ерік-бұл әлеуметтік қалыптасқан психорегуляциялық фактор. Ерікті реттеу негізінде қызметтің объективті жағдайлары, адамның белгілі бір мінез-құлықтың қажеттілігін түсінуі жатыр. Барлық ерік-жігері саналы. Еркін актіде ағымдағы эмоциялар беріледі: адам өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады. Және бұл биліктің шарасы оның санасына да, оның психорегуляциялық қасиеттеріне де байланысты.
Ерік-жігердің маңызды көрінісі-индивидтің ерік күш-жігеріне, ұзақ ерік кернеуіне қабілеттілігі. Бірақ ерік тек эмоцияны басумен байланысты емес. Қалаған болашақ нәтиженің бейнесі эмоциялық бай. Өмір тіршілігінің саналы реттеуі ретінде ерік — жігердің өзіндік энергетикалық көзі-әлеуметтік жауапты мінез-құлық сезімі бар.Жоғары адамгершілік тұлға, әдетте, қатты ерік бар. Бірақ еркі адам адамгершілік емес. Жеке ерік қасиеттері альтруист пен өзімшілге, құқық қорғаушы адам мен қылмыскерге тән болуы мүмкін. Бірақ адамның мінез-құлқын реттейтін адамгершілік құндылықтар қаншалықты жоғары болса, оның мінез-құлқының ішкі келісімділігі соғұрлым жоғары, демек, оның ерікті өзін-өзі реттеу.Жеке тұлғаның десоциализациясы жағдайында индивидуалистік қажеттіліктер Социум қажеттілігінен алшақтайды, индивид тікелей сауығудың құрбаны болады. Мұндай мінез-құлық қайғылы болып табылады: ол адамды адамзаттан бөліп алады. Адам болу-әлеуметтік жауапты болу. Өзекті мұқтаждықтан әлеуметтік қажеттілер неғұрлым алыс болған сайын, соғұрлым оны іске асыру үшін күш-жігер қажет болады, оның мінез-құлқының мағыналық мәнмәтін құрайтын тұлғаның аса санасына енгізілген базалық әлеуметтік құндылықтар соғұрлым үлкен мәнге ие болады.Әрбір ерікті акт сыртқы және ішкі кедергілерді еңсеру бойынша ерікті күштің белгілі бір шарасымен сүйемелденеді.

Мақсатқа жетудегі қиындықтар объективті және субъективті болуы мүмкін. Кейде ерік күші объективті қиындықтарға сәйкес келмейді. Осылайша, ұялшақ адам жиналыста сөйлеген кезде үлкен күш жұмсайды, ал өзіне сенімді адамда бұл үлкен кернеумен байланысты емес. Еріктік күшке қабілеттілік жүйке процестерінің күштеріне, қозғалғыштығына және тепе-теңдігіне байланысты болады. Бірақ, негізінен бұл қабілет адамның өзінің мінез-құлқын объективті қажеттілікке бағыну дағдыларының қалыптасуына байланысты.
Әлеуметтенген тұлға өзінің ықтимал мінез-құлқын бағалауды болжайды және эмоциялық бастан кешіреді. Бұл оның мінез-құлқына әсер етеді. Индивидтің алдын ала тазалайтын және бағалау қызметінің жеткіліксіз дамығандығы — оның бейімсіз (ортаға бейімделмеген) мінез-құлық факторларының бірі.

 Әлеуметтік маңызды нәтижелерге әкелетін субъектінің ерікті белсенділігі әрекет деп аталады. Адам өзінің іс-әрекетіне, тіпті оның ниетінен тыс шығатын КО-ға жауап береді. (Осыдан юриспруденцияда кінәнің екі түрі бар-ойлау және абайсыздық.)
Іс-әрекеттің еркін реттелуі-психикалық күй динамикасы. Бір адамдарда белгілі бір психикалық жағдайлар тұрақты, ал басқа адамдарда — аз тұрақты. Осылайша, бастамашылдық пен табандылықтың тұрақты жағдайы табандылықтың аз тұрақты жағдайымен үйлесуі мүмкін. Барлық ерік-күй жеке тұлғаның тиісті ерік қасиеттерімен өзара байланысты. Жеке ерікті жағдайларда болудың ұзақ тәжірибесі жеке тұлғаның тиісті қасиеттерінің қалыптасуына әкеледі, содан кейін өздері ерік жағдайына әсер етеді.
Сонымен, адамның мінез-құлқы инстинктивтік импульстермен анықталмайды, ал тұлғаның санасымен, оның құндылықтық бағыттылығымен айқындалады. Индивидтің ерік-жігері оның барлық психологиялық процестерін жүйелі түрде ұйымдастырады. Әлеуметтік негізделген психикалық ерік ретінде әлеуметтік практикада, еңбек қызметінде, адамдармен өзара іс-қимылда, тұлғаның әлеуметтік маңызы бар мінез-құлқын жүйелі әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасады. Ерік қалыптастыру-сыртқы әлеуметтік бақылаудың тұлғаның ішкі өзін-өзі бақылауына ауысуы.

Адамның қызметі іс-әрекет жүйесімен жүзеге асырылады. Іс — әрекет-қызметтің құрылымдық бірлігі. Перцептивті, ақыл-ой, мнемиялық және практикалық әрекеттер ерекшеленеді. Әрбір іс-қимылда бағдарлы, орындаушылық және бақылау бөліктерін бөліп көрсетуге болады. Іс-әрекет ерікті, әдейі, психикалық жанама акт болып табылады. Әрбір іс-әрекет алдында субъект өзі қалыптастырған психикалық іс-әрекет пен болашақ нәтиже-Мақсат өзінің мотивациялық жай-күйіне сәйкес келетінін алдын ала шешеді.; іс-әрекет субъект үшін жеке мағынаға ие болады, субъектіде мақсатты орнату қалыптасады.
Қызметтің мақсаты іс — қимылдардың сипаты мен реттілігін, ал іс-қимылдардың нақты шарттары-операциялардың сипаты мен реттілігін айқындайды. Операция-құрылымдық әрекет бірлігі. Күрделі қызметте жекелеген әрекеттер операциялардың рөлін атқарады. Қызметтің нақты шарттары жекелеген әрекеттерді жүзеге асыру тәсілдерін, құралдар мен әрекет құралдарын таңдауды анықтайды.
Қандай да бір қызметке кірісе отырып, адам алдын ала оның жағдайында бағдарланады, іс-қимыл жоспарын әзірлеу мақсатында жағдайды тексереді. Бұл ретте жағдай элементтері арасында қатынастар белгіленеді, олардың мәні, мақсатқа қол жеткізу үшін олардың комбинациясы мүмкіндіктері айқындалады.
Индивидтің мақсаты, оған қол жеткізу тәртібі және осы үшін қажетті құралдар туралы түсініктері жүйесі қызметтің бағдарлы негізі деп аталады. Адам қызметінің тиімділігі оның бағдарлы негізінің мазмұнына байланысты. Қызметтің табысы индивидты оқыту кезінде арнайы қалыптасатын толық бағдарлы негізмен ғана қамтамасыз етіледі.
Іс — әрекетті орындаудың субъекті игерген тәсілі, онда бар білімдер мен дағдылардың жиынтығына негізделген.Іскерліктер әдеттегі және өзгерген жағдайларда да іске асырылады.
Дағдысы-бірнеше рет қайталану нәтижесінде қалыптасқан және оның саналы бақылауымен (қысқаруымен) ерекшеленетін жекелеген әрекеттерді, операцияларды жасаудың стереотиптелген тәсілі.
Дағдылар әр түрлі жалпылама дәрежесімен — белгілі бір жағдайларды қамту кеңдігімен, икемділігімен, жылдам іске асыруға дайындығымен сипатталады. Дағды деңгейіндегі әрекет оның кейбір регуляциялық компоненттерінің бүктеу (алып тастау) арқылы ерекшеленеді. Мұнда қажеттіліктер, себептері мен мақсаттары біріктірілді, ал орындау тәсілдері стереотиптелген. Солай. хаттың дағдысы оны қалай жасау керектігін ойлауды талап етпейді. Көптеген іс-әрекеттер машық ретінде бекітіліп, автоматтандырылған актілер қорына ауысып, адамның саналы іс-әрекеті түсіріліп, күрделі міндеттерді шешуге бағытталуы мүмкін.
  Ерік-жігерді анықтау және ерік-жігер критерийлері.
Ерік-қажет болған жағдайда ағза мен табиғи қызмет субъектісінің қажеттіліктеріне, сондай-ақ әлеуметтік пайда қажеттіліктеріне қарсы әрекет ете отырып, жеке тұлғаның өз құндылықтарын қорғау құралы/тетігі.
Ерік-сананың жағы, оның белсенді және реттеуші басы, күш-жігерді құруға және оны қажет болғандай ұзақ ұстауға арналған. Еркі адамды бағыттайды немесе тежейді, сондай-ақ бар міндеттер мен талаптарды негізге ала отырып, психикалық қызметті ұйымдастырады. Мақсат таңдау, шешім қабылдау кезінде, әрекетті жүзеге асыру кезінде, кедергілерден өту кезінде ерік қажет. Еркі адамның өз күшіне деген сенімі ретінде, адамның өзі орынды деп санайтын іс-әрекетті жасауға бел буу сияқты көрінеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет