Жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс



бет2/4
Дата19.05.2022
өлшемі25,67 Kb.
#143926
1   2   3   4
Байланысты:
жүрек қан там
эссе жазуға көмекКІТАП, Курс лекций .История Казахстана, Семинарские занятия. История Казахстана-6, 3-апта үй жұмысы
Миокард инфарктысы – жүрек бұлшық етінің некрозға ұшыраған аймағы, миокардтағы қан айналымының жедел бұзылуынан пайда болады.
Ұстама ауырсыну симптомы – кеуде қуысының артқы жағында немесе одан солға қарай өте төзгісіз, шаншып ауыру пайда болады, ауырсыну сол жақ жауырынға немесе екі жауырынға, арқаға, сол қолға немесе екі қолға беріледі. Көбінесе ауырсыну пациенттің өлімнен қорқып үрейленуімен қоса жүреді. Миокард инфарктісінде ауырсыну симптомы бірнеше ондаған минуттан бірнеше тәулікке созылуы мүмкін. Қайталап нитроглицеринді пациентке беру нәтиже бермейді. Миокард инфарктісінің жедел кезеңінде тез арада ауырсыну симптомын басу қажет болады. Ол үшін промедол, омнопон немесе морфинді тері астына 0,1% атропин ерітіндісінің 0,5 мл – мен қоса енгізу керек. Дәрігер келгенше жүрек тұсына қыша қағазын, пациенттің аяғына және қолдарына жылытқыш қою қажет. Егер дәрігер кешірек келетіндей болса, ауырсыну симптомын басу үшін бұлшық етке 2 мл 50% аналгин ерітіндісін енгізу керек.
Демікпе –көмірқышқыл газының көп мөлшерде жиналуынан тыныс алу орталығының тітіркенуінен болады. Қанның оттегімен аз мөлшерде қанығуынан және көмір қышқыл газдың көбеюінен кіші қан айналым шеңберінің көк тамырында қанның тұрып қалуы байқалады. Өкпе тмырларында шамадан тыс қанның болуынан жүректің сол жақ жүрекшксінің жетіспеушілігі немесе митралды стеноз (сол жақ жүрекше – қарынша байланысының тарылуы) пайда болып, демікпе ұстамасы мазалайды. Бұл жүрек демікпесі тез арада шұғыл көмек көрсетуді қажет етеді.
Тұншығу ұстамасы – көбінесе түнгі уақытта мазалайды. Демді ішке алудың, демді сыртқа шығарудың қиындауымен сипатталып, науқас жағдайының тез арада нашарлауына әкеліп соқтырады. Ұстама кезінде пациент төсектен аяғын салбыратып отырады, мәжбүрлік қалыпта болады. Пациенттің терісінің түсі көкшілденеді, тер басады. Тыныс алу жиілігі бір минутта 30-40 ретке дейін жиілейді. Бастапқы кезде құрғақ, соңынан алқызыл түкірікті қақырықпен жөтел пайда болады. Бұл өкпе ісігінің пайда болғанын көрсетеді. Пульс жиі, кернеуі жоғары, ритмі ретсіз болады. Медбике пациенттің отыру жағдайына көмектеседі, пациентке оттегі беріп, дәрігердің тез арада келуін қамтамасыз етеді. Дәрігердің нұсқауымен тері астына морфин немесе омнопон, көк тамырға жайлап натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде немесе глюкозада 20 мл строфантин немесе коргликон енгізеді. Осы шприцпен көк тамырға фуросемид (лазикс) енгізеді. Осы препараттарды көк тамырға эуфиллинмен қоса енгізу жақсы нәтиже береді. Жеңілдеу жағдайда аяқ қолға түтікті жгут қоюға болады, бұл жағдайда медбике жгут тек көк тамырды ғана қысуын қадағалауы тиіс, ал артерияларда пульстің соғуын ескеруі қажет. Жгутты барлық көктамырлардан бірден алуға болмайды.
Ісіктер – жүрек қан – тамырлар ауруларында жүректің оң жақ жүрекшесінің жетіспеушілігінде пайда болады. Үлкен қан айналым шеңберінде қанның шамадан тыс көптігі байқалады. Пациенттің бауыры үлкейеді, тері асты ісіктері пайда болады, қуыстарда су жиналады. /плевра, құрсақ қуысы/ Ісіктің пайда болуымен судың ағзадан шығуының кешігуі сәйкес келеді. Зәрдің сыртқа шығуы азаяды./олигурия/ Ісігі бар науқастар жартылай төсек режимінде болады. Медбике пациенттің суды қабылдауы мен сыртқа шығаруын қадағалайды. Күнделікті диурезді есептеп, ауру тарихына мәліметті түсіреді. Ісінген терінің қоректенуі бұзылады, осының әсерінен оның қорғаныштық қасиеті төмендейді. Тері қабатының тұтастығының бұзылуы ағзаға инфекция енудің көзі болып табылады. Пациентке күтім жасауда мұны ескеру қажет. Пациенттің төсеніші ыңғайлы болуы тиіс, төсеніште тамақ қалдықтары, қиқымдары, төсек қыртыстары болмауы шарт. Керісінше жағдайда ойылулар пайда болады. Ол үшін пациентті төсекте жиі ауыстырып, жамбас пен шынтақ астына үрленген резеңке айналма қою қажет. Ісік болған жағдайда төсекке тиетін жерлеріне камфорлы спирт жағу немесе тальк ұнтағын пайдалану қажет. Гигиеналық ванна немесе душ дәрігердің нұсқауымен ғана іске асырылады. Пациенттің плевра қуысындағы немесе іш қуысындағы суды алу үшін көбінесе пункция жасалады. Жүрек жетіспеушілігі кезінде іш қуысы мүшелерінде қозғалыстың нашарлауы болуы мүмкін. Ол әр түрлі диспепсиялық симптомдардың пайда болуына әкеледі – тәбеттің нашарлауы, лоқсу, іштің жоғарғы бөлігінің қысылуы, қаталау. Медбике пациенттің физиологиялық сыртқа шығаруларына көңіл бөлуі тиіс. Дәрігердің нұсқауымен медбике пациентке сыртқа шығаруды жақсартатын таблеткалар береді, тазалау клизмасын жасайды. Әдетте уақытылы жасалған ішекті тазалау процедуралары пациент жағдайының жақсаруына көмектеседі. Жүрек қан – тамырлар жүйесі ауруларына жасалатын күтім барынша жүрек жұмысының жақсаруына бағытталуы тиіс. Пациентке психологиялық тыныштық болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл әсіресе стенокардия ауруы бар пациенттерге өте қажет болады. Себебі кез келген көңіл күйдің толқуы бұл пациенттердің ағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет