Дем алғанда, дем шығарғанда кеңірдек тұсында естілетін қаттылау және жоғары тыныс шулары.
Кеңірдектегі дауыс байламаларында дауыс саңлауы арқылы дем алып, дем шығарғанда ауа өткеннен пайда болған тербелістер нәтижесінде қалыптасады.
Везикулярлы тыныстан айырмашылығы дем алу мен дем шығару арасында үзіледі, тыныстың дем шығару фазасы ұзақтау, қаттылау және сипаты жағынан ұзақ «х» дыбысына ұқсас.
Қалыпты жағдайда дені сау адамның қалқанша безі тұсында кеңірдек үстінен естіледі.
Кеуде жұқа болса, трахея бифуркациясы тұсында естілуі мүмкін: алда – төс басына дейін, арқада - IV кеуде омыртқасы тұсында.
Дені сау адамда бронхиальды тыныс аталған жерлерден басқа жерде естілмейді, себебі ауаға толған өкпе тіні арқылы тарамайды.
Бронхиальды тыныс өкпе үстінде үш жағдайда тек патологияға байланысты естіледі:
Өкпе тіні тығыздалған аймақ (крупозды пневмония) тұсында;
Жаңғырық беретін қуыс тұсында (бронхпен байланысы бар өкпе абсцессі) – амфоралы тыныс;
Амфоралы тыныс бос шөлмек қалбыры аузына үрлегендегі дыбысқа ұқсас.