Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, аты аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған «Сәкен оқулары» атты байқауына қош келдіңіздер! Жүргізуші



Дата20.05.2024
өлшемі16,58 Kb.
#202633
Байланысты:
С.Сейфуллин оқулары сценарий
Абдуллаева Айнагул А., Абдуллаева А.ашық сабақ өңдеуі

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар! Ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, аты аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған «Сәкен оқулары» атты байқауына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Сәкен лирикасының өзіндік сыр-сипаты алуан түрлі. Туған жерге сүйіспеншілік, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш сазы, мезгіл суреттері, аң-кұсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі — ақын лирикасының басты тақырыптары.
Жүргізуші:
Ал, құрметті халайық! Бүгінгі «Сәкен оқулары» байқауымызды бастамай тұрып, әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.
2.
3.
4.
5.
«Сәкен оқулары» байқауына қатысқан әр үміткеріміз үш кезеңнен өту керек, бұл — өз таңдауы бойынша Сәкен өлеңін жатқа айту; 2 кезеңі — Сәкенге арнау оқу және 3 кезеңі — Сәкеннің бір әнін орындау.
Жүргізуші:
Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын орындауға үміткерімізді шақырамыз
Әр қатысушы әр сайысқа өз кезегімен шығады
Жүргізуші:
Ұлы есімдер қайтсе де жаңғырады
Ұлылардың селдейді жаңбыр әні
Салауатты әлемің Сәкен аға,
Жарқылдатып сезімді жандырады.
Сұлу бейнең, семсер сөз, жыр өрнегің,
Дара дарын – кеңдігі табиғаттың
Сәкен – сұңқар
Ол – сән
Сәкен – аңыз
Ел мен жердің мақтаны – Сәкен ақын
Құрметті, халайық! Барлық үміткерлерімізді көріп, тыңдап болдық. Енді байқаудың әділ қорытындысын шығаруға әділқазылар алқасын шығарып салай
Әділқазылар алқасының шешімі шығып, сахнаға көтерілуі
Жеңімпаздарды марапаттау
Жүргізуші:
Мұндай ұлды Арқадай дала туған
Мұндай ұлды Жамалдай ана туған.
Ақын Сәкен,
Ер сәкен
Сұлу Сәкен
Дара көрік, бірегей дара тұлғаң.
Құрметті қонақтар! Осымен «Сәкен оқулары» атты байқауымыз өз мәресіне жетті. Сәкен – туған халқының ер ақыны, далада туған революция дауылпазы. Сәкеннің қалдырған мұрасы ешқашан да өшпейді.
Жүргізуші:
Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!


https://sputnik.kz/20240102/2024-zhyly-toylanatyn-mereytoylar-men-atauly-datalar-40876463.html

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет