Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп. Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз береке, бірлік ала келді



бет2/6
Дата08.02.2022
өлшемі16,37 Kb.
#120357
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
алтын күз
алтын күз, алтын күз, 1514966075
Би «Бұлттар мен күн»  (Күн: Ш. Нұрай Бұлт: Болат, Димаш, Сүндет, Ерасыл)
Ән: «Кап-кап тамшылар»
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді балаларымыздың тақпағына берейік.
Тақпақтар: Айда: Әлтайыр: Сау-сау етіп жапырақ Гүл жайнаған даланың Сабағынан үзілді Жапырағы солыпты Қоңыр тартып атырап Таңырқадым қарадым Көкке құстар тізілді Танымастай болыпты Нұрай: Арсен: Алтын, сары, қызыл, көк Сары теңге жапырақ Алуан-алуан жапырақ Бояған ба көл бетін Күзгі бақта күлімдеп Тоңазыпты топырақ Көз тартады атырап Ызғарлы екен желде тым Қуаныш: Алуа: Жеміс-жидек пісті Жүзім, алма жинаймыз Қамбаға астық түсті Алтын мақта тереміз Қызу жұмыс басталып Үлкендерді сыйлаймыз Жинап алды жан салып Көмектесе береміз Інжу: Алинұр: Берекесін сыйлауға Өнім үйіп тастадық Өлкемізге күз келді Оқуды да бастадық Жемістерін жинауға Берекелі алтын күз Шақырады біздерді Ашық болсын аспаның
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Би: «Гүлдер мен аралар» (Айзере-Қасым, Тамирис-Мухаммед, Сезім –Асылан, Умида-Әділет, Әлтайыр-Шынар, Ю. Нұрай-Алинұр)
Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонақты ортаға шақырам.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: -Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы! Бүгін бізде мереке, алтын күзді тойлап жатқан едік. Төрлетіңіз! Біздің балапандарымыздың өнерін тамашалаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет